Жалпықалалық сенбілікке 80 мыңнан астам адам қатысады

Биыл алғашқы экологиялық сенбілік 23 сәуірде басталмақшы. Елорданы тазарту жұмыстарына 80 астам қала тұрғыны қатысады деп күтілуде.

Жалпықалалық сенбілікке мемлекеттік ұйымдардың, шағын және орта бизнес субъектілерінің өкілдері, студенттер мен оқушылар, ПИК өкілдері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатыспақ. Осы күні сенбіліктермен қатар, Астананың үш ауданында 1000 жуық ағаш отырғызлмақшы.
Астана жаңалықтары: Жалпықалалық сенбілікке 80 мыңнан астам адам қатысады
astana.gov.kz сайтының мәлімдеуінше сенбілікке 300 астам арнайы техника, әсіресе, жүк көліктері мен тиегіштер тартылмақ. Сонымен қатар, «Астана Зеленстрой» және мердігерлік ұйымдардың жұмысшылары саябақтарды, гүлзарларды жинап, ағаштардың бастарын кеседі, қоқыстарды жинап, шығарады. Экологиялық айлық барысында Астана қаласы аудандарының аумағын абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстары қолға алынбақ. Елордамыздың сәнін келтіріп, көркеюіне үлес қосу әрбір астаналық парызы деп ойлаймыз.
Әрі қарай

«Kazakhstan open 2016» ІІІ халықаралық турнирі басталады

8 сәуірде Тәуелсіздік сарайында Халықаралық паралимпиадалық комитеттің қамқорлығымен арбамен билеудің «Kazakhstan open 2016» үшінші халықаралық турнирі басталады. Бұл турнирге 6 мемлекеттен 100 астам биші қатысады деп жоспарлануда.

Қатысушылар классикалық еуропалық, латынамерикалық бағдарламалар, сондай-ақ, «фристайл» дисциплинасында жарысқа түседі.
Астана жаңалықтары: «Kazakhstan open 2016» ІІІ халықаралық турнирі басталады
Бишілер сайысы 8-9 сәуір күндері өтеді. Би алаңында Австрия, Грузия, Тайвань, Ресей, Қырғызстан, Гонконг және еліміздің сегіз өңірінен жиналған бишілер бағын сынайды. Ал Астана намысын 28 қатысушы қорғайтын болады.

ҚР қазіргі заманғы және спорттық би федерациясының президенті Әлия Түсіпбекованың сөзіне қарағанда, арбамен спорттық би билеу өнері кеңінен тарап келеді. «Kazakhstan open 2016» турнирі сияқты шаралар бұған өз септігін тигізеді.

– Үшінші жыл қатарынан еліміздің түкпір-түкпірінен келген арбамен билейтін бишілер елордада бас қосып отыр. Биыл дебютанттар ішінде Ақтөбе, Рудный және т.б. қалалардан келген жұптар бар. Фестиваль бағдарламасы да кеңейтілгенін айтып өткеніміз жөн. Өткен жылдан бері фристайл дисциплинасы қосылды, онда рейтинг, ұпай жинауға болады. Турнирде биылғы Азия чемпионатына жолдамалар сарапқа салынады, – деді Әлия Түсіпбекова.

Астана қаласының astana.gov.kz ресми сайтының мәлімдеуінше демалыс күндері Тәуелсіздік сарайында сегіз жастан асқан балалар арасында спорттық биден ашық ел біріншілігі өтпек. Бұл сайысқа Қазақстанның 10 өңірінен 1500 астам қатысушы келеді деп күтілуде.

Ал жексенбі күні, 10 сәуірде биден Азия олимпиадасы басталады, оған 8 мемлекеттен және еліміздің өңірлерінен 3000 астам биші қатысады.

Елордалық қатысушыларға жанкүйер ретінде қолдау көрсетіп, сезімге толы биден ләззат алғыңыз келсе, сәуірдің 8-10 күндері Тәуелсіздік сарайына келіңіздер!
Әрі қарай

Астаналық 957 отбасы баспаналы болды

«Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасы аясында Астанадағы 957 отбасы баспаналы болды деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Бұл отбасылар Астана қаласындағы апатты тұрғын үйлерді бұзу жобасына қатысқан болатын. Биылғы бірінші жартыжылдықта 805 отбасын көшіру жоспарланған. Қалған 157 үйде тұрып жатқан 2483 отбасын көшіру кестесі әзірленіп, 2017 жылдың соңына дейін жүзеге асырылмақ.

Астана жаңалықтары: Астаналық 957 отбасы баспаналы болды
2013 жылы жобаны іске асырмас бұрын елорданың тұрғын үй қорына талдау жүргізіліп, апатты деп танылған тұрғын үйлер тізімі жасалды. Оған 1940-1970 жылдары салынған 228 үй енгізіліп, 2017 жылдың соңына дейін есептелген жобаның бірінші кезеңіне жатқызылды. Осы кезең ішінде апатты үйлердің меншік иелерін көшіру үшін коммуналдық тұрғын үй қорына 3 400 пәтер тапсыру жоспарланған.

– Бүгінгі күні пилоттық жоба аясында Астана қаласы бойынша 228 үй апатты жағдайда деп танылып, жоспар бойынша 2017 жылдың аяғына дейін сүріліп, тұрғындары жаңа үйлерге көшірілуі тиіс. Өткен жылдары бүгінгі күнге дейін 70 астам үй сырылды. Мыңға жуық пәтер иесі жаңа үйлерге көшірілді. Биылғы жылы бекітілген кесте бойынша 112 үй жоспарда тұр. Сол кесте бойынша жұмыс жасалуда. Бұл өте тиімді жоба. Оның қайтарымдылығы бар. Жоба аясында 3500 жуық пәтер иелері жаңа үйлерге көшіріледі. Қалғаны коммерциялық негізде сатылады, – деді Астана қ. Тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әлихан Қуатбеков.

Абай көшесі, 79/1 мекен жайы бойынша орналасқан үйде тұратын Елена Храмова жақын арада жаңа баспанаға көшеді. Осы күндері оған жаңа пәтердің кілті табысталады. 1960 жылы салынған ескі үй бұзылып, оның орнына жаңасы салынады. Жаңа баспанасын күтіп жүрген Елена Храмова былай дейді:
– Бұл пәтерді 1988 жылы алдық. Бізге ескі үйлерді бұзу бағдарламасына қатысатынымызды және барлық құжаттарды әзірлеу керегін айтты. Өз қалтамыздағы қаржы үй алуға жетпейді. Бұрынғы үйіміз 37 шаршы метр, сондай көлемде пәтер береміз деп жатыр.

Қазіргі кезде жобаны сәтті іске асырудың нәтижесінде 247 мың шаршы метр тұрғын үйді құрайтын 31 тұрғын үй пайдалануға берілді, соның ішінен апатты үйлердің меншік иелерін көшіру үшін 1 762 пәтер коммуналдық меншік қорына тегін тапсырылды.

Роза Маханова, елорда тұрғыны:

– Біз қараша айында көшіп келдік. Пәтеріміз жылы. Таза әрленген, жақсы. Екі бөлмелі пәтерге ие болдық, жаңа пәтер бұрынғы үйден 10 шаршы метрге артық.

Астана қаласының қалыптасқан бөлігін қайта құрудың пилоттық жобасында қала әкімдігінің уәкілетті ұйымымен мемлекеттік инвестициялардың қайтарымдылығы және апатты үйлерді бұзу, қаланың «ескі» орамдарын кешенді қайта құру қағидатымен тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру қарастырылған.

Жобаның бірінші кезеңі 2017 жылдың соңына дейін жүзеге асырылмақшы, апатты жағдайдағы және ескі үйлерді бұзудың екінші кезеңі 2018 — 2020 жылдарға жоспарланған.
Әрі қарай

Жамбылға Қытайдан провинциясынан қандай жаңалық күтеміз?

Жамбыл облысы Чанцзи-Хуэй автономды округімен достық қарым-қатынасты нығайтады
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды.
Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшылары бар.
Сапар барысында жамбылдық делегация Чанцзи қаласының басшыларымен кездесіп, кәсіпорындар мен мәдени мекемелерге баруды жоспарлауда.
Мақсат– Тараз және Чанцзи қалаларының арасындағы достық байланыстарды нығайту.
Сапар аясында делегация ауыл шаруашылық аймағына, «Юнхуа» биотехнологиялық компаниясы және ауылшаруашылық базасына барады.
Сондай-ақ, «Ланьшань-Тунхэ» ірі химиялық компаниясы мен «TBEA»бас электротехникалық компанияның басқармасында болады деп күтілуде.
Мұнан соң Жамбыл облысы мен Чанцзи-Хуэй автономды округі арасындағы бауырластық байланыс орнату үшін келісімдер жасалады.
Кездесу қорытындысы бойынша, екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін, екі мемлекттердің іскер топтарының қатысуымен, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және мәдениет салалары бойынша меморандумға қол қойылды.
Соңғы күні Жамбыл облысының делегациясы Чанцзи кәсіби және техникалық институтындағы «Сиюйчунь» өндіру және сүт өнімдерін өңдеу компаниясының, Чанцзи ұлттық жоғары технологиялы өнеркәсіптік аймағының тыныс-тіршілігімен таныспақ.
Жалпы, бұл кездесуде Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық экономикалық даму, екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу ұйымдастырылады.
Айта кету керек, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, электромеханикалық өнеркәсібі, мұнай-химия, құрылыс материалдары, минералдық ресурстар мен жоғары технологиялар игеруі Чанцзидің экономикалық дамуының жетекші салаларының бірі болып табылады.
Чанцзи қаласы Чанцзи-Хуэй автономиялық округінің әкімшілік орталығы болып табылады. Осы қала — маңызды көлік торабы, ол арқылы Синьцзянның солтүстік темір жолы және Укуй магистралі өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, өңір басшысының бастамасымен өткен жылы арнайы делегация ҚХР Шаньси провинциясына барып қайтқан болатын.
Әрі қарай

31 арнадан "Жаужүрек Ертұғрыл" телехикаясын көріңіздер!

Бұл тарихи телехикая Осман империясының бастамасы туралы. Заң бойынша Осман I Гази Осман империясының негізін салушы болып есептеледі. Империяның қалыптасуы оның ұлы жеңістерінен басталған. Кази (Гази) Ертұғрыл өзі басқарған кезеңде Кіші Азияның батыс бөлігінің барлығын басып алған. Түсірілімді бастамас бұрын, кинематографистер сол заманғы тарихи оқиғаларды мұқият зерттеген. «Жаужүрек Ертұғрыл» телехикаясы ұлы қоныс аудару, жаңа жерлерді басып алу, тарихи жорықтар мен махаббат туралы.
Әрі қарай

Ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері маусымы ашылады

Астанада 22 сәуірде ауыл шаруашылық жәрмеңкелер маусымы ашылады. Биылғы жылғы алғашқы жәрмеңке «Думан» ойын-сауық орталығының алдындағы алаңда өтеді.

Бұл жәрмеңкелерді елоралықтар ұнатып үлгерді. Себебі қала тұрғындары бұл күндері нағыз табиғи, ауыл шаруашылығының өнімдерін 10-15 пайызға төмен бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңкеде негізгі азық-түлік өнімдерінің түр-түрі, атап айтқанда Ақмола мен Қарағанды облыстарынан әкелінген көкөніс, жеміс, ет, сонымен қоса қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері сатылады.

Астана жаңалықтары: Ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері маусымы ашылады
Астана қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына жол бермеу және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында жыл сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізеді. Ауыл шаруашылық жәрмеңкелері елордада күздің соңына дейін жалғасады. Толығырақ ақпаратты Астана қаласының astana.gov.kz ресми сайтынан ала аласыздар.

Астана мен Сочи арасында туристік байланыс нығайтылады

Сочи қаласы делегациясының Астанаға ресми сапары аясында қала әкімі Әділбек Жақсыбеков Сочи мэрі Анатолий Пахомовпен кездесті. Кездесу нәтижесінде Астана мен Сочи қалалары арасында туристік байланыс орнату жөнінде келісімге қол жеткізілді деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz.
Атап айтқанда Астана мен Сочи тәжірибе жинап үлгерген ауқымды халықаралық іс-шараларды дайындау және оларды өткізу саласында тәжірибе алмасуға баса назар аударылды.

«Біздің қалаларда өткізілген және өткізілетін елеулі оқиғалардың әсері болашақ ұрпақтарға да маңызды болмақ. Сондықтан осы саладағы өзара іс-қимыл екі елдің аймақаралық ынтымақтастығын нығайта түседі, қалалар арасындағы тәжірибе алмасудың практикалық пайдасы да болады»,- деді Астана әкімі Ә. Жақсыбеков.

2014 жылы XXII Қысқы Олимпиада ойындары мен «Формула-1» Ресей Гран-приін сәтті өткізген қаланың сырт келбеті өзгеріп, әлемге әйгілі болды. Сочиді Ресейдің туристік орталығы деуге әбден болады. Ал Астана 2011 жылы VII Қысқы Азия ойындарын өткізді, сонымен қатар, 18 жылдың ішінде елордада халықаралық және республикалық маңыздағы 400 астам шара, соның ішінде, ШЫҰ және ИЫҰ мерейтойлық саммиттері өткізілді. ЕҚЫҰ саммитін өткізу тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық қоғамдастық үшін елеулі оқиға болды. Түптеп келгенде бұл емлекетіміздің халықаралық қоғамдастықтағы ролін арттыра түсті.

Тараптар екі қаланың да әлемдік деңгейдегі ірі шараларды өткізуге дайындалып жатқандығын атап өтті. Астана келер жылы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізеді. Ал Сочи FIFA-2017 Конфедерация кубогының және FIFA-2018 Әлем чемпионатының матчтарын өткізді. Келіссөз барысында Сочи қаласының мэрі 2017 жылы Астанада өтетін ЭСКПО көрмесіне міндетті түрде қатысатындарын растады.
Астана жаңалықтары: Астана мен Сочи арасында туристік байланыс нығайтылады
А. Пахомов қазақстандық әріптестеріне қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, делегацияның осы сапары «екі қаланың өзара қарым-қатынас тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы болатынына» сенімін білдірді. Оның айтуынша, туризмді дамытуға өзара қолдау көрсетудегі бірінші қадам Сочи мен Астананың арасында қатынайтын чартрлік рейсті ұйымдастыру болмақ. Астана, Алматы және Сочи қалалары арасында тікелей қатынайтын авиарейстер маусым айында ашылмақшы.
Әрі қарай

«Smart Astana» мобильді қосымшасы іске қосылды

Бұгіннен бастап «Smart Astana» қосымшасы Apple Store және Play Market-те қолжетімді болып отыр. Бұл қосымша арқылы қалалық автобустардың қозғалысын онлайн режимде бақылай аласыз, жол қозғалысы ережелері айыппұлдарын тексеріп, интеллектуалдық байланыс орталығына өтініш білдіре аласыз. Сонымен қатар астаналықтардың қажетіне жарайтын басқа да мүмкіндіктер қарастырылған.

Қосымша арқылы пайдаланушылар нақты уақыт тәртібінде қоғамдық көлік қозғалысын, халықаралық және ішкі әуе рейстерінің ұшу және ұшып келу уақытын бақылайды, сондай-ақ пойыз, электричка және қалааралық автобустардың кестесімен танысады. Қалалық автокөлік әуесқойлары Жол қозғалысы ережелері айыппұлдарын тексере алады.

Астана қаласының astana.gov.kz ресми сайтының мәлімдеуінше, «Astana 109» айдары Астана қаласының Интеллектуалдық байланыс орталығына коммуналдық-тұрмыстық мәселелер бойынша өтініш білдіруге және Әкімдік көрсететін мемлекеттік қызметтер жөнінде кеңес алуға мүмкіндік береді.

«Smart tickets» айдарында 11 мәдениет нысанында өтетін іс-шараларға билетті онлайн сатып алуға болады. Жасақтаушылардың айтуынша жақында спорттық шараларға да билет сатып алу мүмкіндігі ұсынылмақ.
Астана жаңалықтары: «Smart Astana» мобильді қосымшасы іске қосылды
Бұған қоса, «Smart Astana» мектептердегі сабақтардың болмауы, тас жолдардың жабылуы мен ашылуы және қаладағы қолайсыз ауа райы туралы push-хабарламаларды лезде алу функциясымен ыңғайлы. Астаналықтар үшін ұсынылатын маңызды ақпарат тізімі бұдан әрі де толықтырыла түседі.

Сондай-ақ, қосымшаны коммуналдық және басқа да төлемдерді онлайн түрде төлеу, өз учаскелік инспекторын немесе учаскелік дәрігерін қарау ақпараттық сервисі, сондай-ақ қазақ-орыс электрондық сөздігі сияқты жаңа қызмет түрлерімен жүйелі түрде толықтырып отыру жоспарланған. Өз пікіріңізді айтып, сынап көргіңіз келсе, «Smart Astana» қосымшасын жүктеп алыңыз.
Әрі қарай

Автомобильге қатысты қысқартылған сөз: SRS

Бұрындары airbag деген жазу нені білдіреді деп сұрап жататын. Интуитивтік білімді арқасында airbag не екенін біліп алдық. Бүгінгі кезек SRS-тікі. Ұзын құлақтан естігендіктен емес «КерекИнфо бетінен оқығанымнан» десеңіз….
SRS -қосымша бағындыру/ұстау/бекіту жүйесі, автомобиль ұзынан немесе көлденнен соқтығысқанда адамның денсаулығының сақтығына жауап беретін жүйе.
Airbag бұл жүйенің құрамсы ғана. Көбінде үрделіп шығатын қапшық қана сақтандырады деседі, жоқ олай емес, жеке өзі пайдалы емес, зиянды болуы әбден мүмкін.
Біріншіден үрлеу үшін оқ дәріден алынатын газ қолданады. Әп-сәтте ондай газбен толған қапшықты жұмсақ деу қиын, әрине темір, шыны емес. Екіншіден airbag жұмыс істемес бұрын адам денесі дұрыс орналасуы қажет. Қанша уақытта автомобиль креслосына жабысып отыра аласыз егер автомобиль кілт тоқтаса? Әрине, автомобиль кілт тоқтаған сәтте ештеңе істеп үлгермейсің, өйткені инерция күшін жеңу үшін дененің бұлшық еттері қатайып үлгермейді. Сондықтан адамды креслоға қауіпсіздік белдігі автоматты түрде өте жылдам қатты тартып танып тастайды.
Сондықтан SRS -деген жүйе. Оған airbag, қауіпсіздік белдіктің тануышы, соқтығыс сезгісі және басқару модулі енеді. Автомобиль ішінде бұл жүйеге қатысты электр өткізгіштерді бірден ажыратуға болады, қорғаныс қабығының түсі сары болып келеді.
Бұл жүйе бір рет болсын іске қосылса оны толығымен алмастыру қажет.

P.S.: Қолданыста болған автомобильдің SRS жүйесінің диагностикасын жүргізу мәселесі қызықтырады.
Әрі қарай