Жамбылға Қытайдан провинциясынан қандай жаңалық күтеміз?

Жамбыл облысы Чанцзи-Хуэй автономды округімен достық қарым-қатынасты нығайтады
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды.
Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшылары бар.
Сапар барысында жамбылдық делегация Чанцзи қаласының басшыларымен кездесіп, кәсіпорындар мен мәдени мекемелерге баруды жоспарлауда.
Мақсат– Тараз және Чанцзи қалаларының арасындағы достық байланыстарды нығайту.
Сапар аясында делегация ауыл шаруашылық аймағына, «Юнхуа» биотехнологиялық компаниясы және ауылшаруашылық базасына барады.
Сондай-ақ, «Ланьшань-Тунхэ» ірі химиялық компаниясы мен «TBEA»бас электротехникалық компанияның басқармасында болады деп күтілуде.
Мұнан соң Жамбыл облысы мен Чанцзи-Хуэй автономды округі арасындағы бауырластық байланыс орнату үшін келісімдер жасалады.
Кездесу қорытындысы бойынша, екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін, екі мемлекттердің іскер топтарының қатысуымен, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және мәдениет салалары бойынша меморандумға қол қойылды.
Соңғы күні Жамбыл облысының делегациясы Чанцзи кәсіби және техникалық институтындағы «Сиюйчунь» өндіру және сүт өнімдерін өңдеу компаниясының, Чанцзи ұлттық жоғары технологиялы өнеркәсіптік аймағының тыныс-тіршілігімен таныспақ.
Жалпы, бұл кездесуде Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық экономикалық даму, екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу ұйымдастырылады.
Айта кету керек, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, электромеханикалық өнеркәсібі, мұнай-химия, құрылыс материалдары, минералдық ресурстар мен жоғары технологиялар игеруі Чанцзидің экономикалық дамуының жетекші салаларының бірі болып табылады.
Чанцзи қаласы Чанцзи-Хуэй автономиялық округінің әкімшілік орталығы болып табылады. Осы қала — маңызды көлік торабы, ол арқылы Синьцзянның солтүстік темір жолы және Укуй магистралі өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, өңір басшысының бастамасымен өткен жылы арнайы делегация ҚХР Шаньси провинциясына барып қайтқан болатын.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше