Қоғамдық кеңес көлік мәселесін талқылады

Сәуірдің 15 күні Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы барысында көлік инфрақұрылымы мәселелері қаралды. Қоғамдық кеңес мүшелеріне жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі, ақылы автотұрақтар туралы баяндалып, қалалық жолаушылар көлігінде контактісіз карталармен электронды төлемдер жасау жүйесін пайдалану ережелері түсіндірілді.

Қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Еділ Сүлейменов жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу және пайдалану ережелерімен таныстырды. Оның сөзіне қарағанда, аталған жүйе қала тұрғындарға көліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы экономикалық және әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешуге, соның ішінде көше-жол желісінің өткізу қабілеттілігін арттыруға, апаттылықты азайтуға және т.б. септігін тигізеді. Бүгінгі таңда алты көше, яғни 42 қиылыс ITS интеллектуалды көлік жүйесімен жабдықталған. Алдағы уақытта аталған жүйені тағы да 54 қиылыста енгізу жоспарланған, — дейді Е. Сүлейменов.

«Астана LRT» ЖШС басқармасының төрағасы Талғат Ардан бұл жүйенің әр жүргізушіге қозғалыс бағытына қарамастан бағдаршамның оңтайлы режимін болжауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

— Бұл бейімделуге болатын басқару, бағдаршамдар көліктер санын жолақтар, бағыттар бойынша есептейді, көлік түрін, оның жылдамдығын анықтайды, осының барлығы тәулігіне 24 сағат бойы әрбір 3 секунд сайын синхрондалады. Бағдаршамдар нақты учаскеде белгілі бір көлік санына сигналдың оңтайлы режимін анықтайды, — деді Т. Ардан жобаны таныстыру кезінде.

Отырыс барысында көлік қоюға арналған 9 мың орны бар ақылы тұрақ енгізу жобасы әзірленіп жатқандығы туралы мәлім болды. Бірінші кезеңде 910 тұрақ орны жасалмақ, жоба үстіміздегі жылдың мамыр айының соңына дейін іске қосылмақ.

Ақылы тұрақтар «Нұрсая 1» және «Нұрсая 2» тұрғын үй кешендерінің маңындағы «Нұржол» желегінің, «Нұр Отан» партиясының бас кеңсесінің жанындағы көшелердің бойында, сондай-ақ, Ақмешіт, Түркістан көшелерінде және Қабанбай батыр даңғылының шығыс бөлігінде орналасады.

Астана жаңалықтары: Қоғамдық кеңес көлік мәселесін талқылады
— Онда ақпараттық қалқандар, электронды табло орнатылады, паркоматтар қойылады. Модеммен жабдықталған детектор асфальтқа кіріктіріледі, бұл бізге машинаның қай аймақта екендігін көруге мүмкіндік береді. 15 минуттың ішінде төлем жасау керек. Тұрақ орнының құны белгісіз, — деп түсіндірді Т. Ардан.

Отырыс барысында жобаның инвесторлардың есебінен іске асырылатыны атап өтілді.

Қоғамдық кеңес мүшелері әзірлеушілерден жобаларды жүзеге асыру кезінде, соның ішінде үйдің маңындағы аумақтарда орын алуы ықтимал барлық жағдайларды қарастыруға шақырды.

Отырысқа қатысушылар елордалық көлік инфрақұрылымы объектілерін «Астана LRT» компаниясының басқаруына беру ережелерін және кабельдік кәріз бен инженерлік инфрақұрылымды пайдалану ережелерін бекітті.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

GGG және JORDAN

Генадий Головкин әлемге әйгілі брендттердің бірі JORDAN мен алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасайтын болады.
Соңғы 30 жылда бренд ұлылықтың белгісіне айналып үлгерді. Аты әлемге мәшҺүр баскетболшы Майкл Джордан есімімен аталатын бұл бренд осы кезге дейін тек ҰБА(Ұлттық Баскетбол Ассоциациясы) (Кобе Брайант пен Леброн Джеймс) жұлдыздарымен келісім-шартқа отыратын. Алайда Гена аталған брендке қосылған үшінші боксшы.(Андре Уорд және Рой Джонс).
«Мен үшін бұл үлкен мәртебе, алдағы уақытта осы бренд арқылы көп жетістіктерге жететініме сенімдімін, 23 сәуірде Доминик Уэйдке қарсы өткізетін кездесуге JORDAN бренді ұсынған киімде шығамын» деп журналистерге мәлімдеме жасады.
Әрі қарай

БІРІНШІ КҮН ЕКІНШІ КҮННЕН ӨЗГЕРЕК

Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының жекелей белдесулері аяқталды. Өкінішке орай жарыстың екінші күні алғашқы күндей болмады. Дегенмен қоржынымыз 3 қола, 1 күміс жүлделермен толықты. Азия чемпионатының қола жүлдегерлері: Әзиз Қалқаманұлы(81келі), Максим Раков(-100келі), Ержан Шынкеев(+100 келі) болды. Ал финалдық белдесуде Гүлжан Исанова(+78 келі) кореялық қарсыласына шамасы жетпеді. Осы кеште күрескен тағы бір отандасымыз Альбина Амангельдиева болса қола жүлде үшін болған белдесуде қарсыласына жол беріп, бесінші орынға табан тіреді.
Екінші жарыс күнінен кейін жапон дзюдошылары командалық есепте көш бастады. Олардың еншісінде 4 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль, екінші орында моңғол балуандары олар осы біріншілікте 4 алтын, 1 күміс және 6 қола болса, үшінші орында Қазақстан құрамасы, еншімізде 3 алтын 2 күміс және 4 қола жүлде бар. Жарыс қожайындары өзбек ағайындар болса жетінші орында, еншілерінде 3 күміс және 3 қола медаль бар,
Ертең, яғни үшінші жарыс күнінде командалық бәсекелер өтетін болады. Жерлестерімізге сәттілік!
Әрі қарай

Қонаққа қалай шақыру алдым?

Мойынқұм ауданың әкімі өзіне қонаққа шақырды.

Мойынқұм ауданының бюджеті қазіргі уақытта 5 млрд. теңгені құрауда. Оның 1,2 млн теңгесін жастар саясатын жүзеге асыруға беріліпті. Неге?
Ауданда 30 мыңдай xалық тұрады, жер аумағы бойынша облысымыздың 42 пайыз жері Мойынқұмға тиесілі, оның 7 мыңнан астам xалқы 14-29 жас аралығындағы жастар екен. Өткен жылы іс-шараларға 500 мың теңге бөлінген екен, бұл тек іс-шараларға. Өзгерісті енгізіп, бюджетті көбейтіп астарына көлік алып бергізіп, ендігі мәселе де аудандық «Жастар ресурстық орталығының» отырған жері қандай деп әкімге сұрақ қойып едім, саспай «Нұр Отанның» екінші қабаттында газет редакциясымен бірлесе бір қабатта отыр деп жауап қайырды. Мәселе қайда отырған емес, қандай жағдайда отыр, «вот-вот» соны айтып едім әкімнің жауабы:
— басқа да ғимараттарды қарастырудамыз, бұл мәселе менім жеке бақылауымда тұр деді Бақытжан Балтабекұлы.
Менім сұрақтарымнан кейін Б.Нүркенов ауданға қонаққа шақырып «Сіз ауданға келгенде маған кіріңіз» деп ұсыныс білдіріп кетті. Әкімнің ұсынысына раxмет айтып, тосын сый жасап айтпай барам ба деп қоям. Әкімнің жақсы сөз айтыда ды «Мойынқұмның жер асты да жер үсті де — өте бай». Түсінген адамға бұл үлкен азық.

П-с: Мойынқұм аулынан Таразға шыққан кезде Тұрандық алқап бар екен. Оны әкім «Жастарға қарауға бердім, басқалардан көмек керек болса айт, көмек береміз» деп айтты да артынан «Жастар саябағын немесе демалыс орынға айналдыруға көздеп отырмыз» дейді.
Бақытжан Балтабекұлы қысылмай, сұрақтың жауаптарынан қашпай, толық ақпараттандырды. Ауданның жағдайын бес саусағындай білетінің байқатты.
Әрі қарай

"Мадам Баттерфляй" Астана Операда

Италияның Қазақстандағы мәдени жылы аясында «Астана Опера» театрының Үлкен залында итальяндық композитор Джакомо Пуччинидің ең әсерлі «Мадам Баттерфляй» операсының тұсаукесері өтті. Чио-Чио-сан (Көбелек) атты жас гейша ролін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай ойнады. Оның сүйіктісі, американдық флот лейтенанты Бенджамин Франклин Пинкертонның рөлін итальяндық опера сахнасының жұлдызы Фабио Армилиато сомдады.

Оқиға американдық лейтенантқа ғашық болып,өз дәстүрінен бас тартқан және соңында отбасы мен халқы теріс қарап кеткен он бес жасар қыз туралы. Сүйіктісінің жасаған опасыздығын білгеннен кейін ол өзіне-өзі қол салады.

Театрда бір ай бойы қойылымға дайындық жұмыстары жүргізілді. «Астана Опера» цехында жүзден астам костюм тігілді. Сондай-ақ бас киімдер, жасанды шаштар мен арнайы тігілген аяқ киімдер кейіпкерлердің бейнесін толықтырады. Айта кетейік, бұл жолы бірегей декорациялар қолданылады: мұндай өзен және мұндай табиғат бейнесі әлемнің бір де бір театрында көрініс тапқан емес.

Басты дайындықтан кейін әртістер операның тұсаукесеріне дайындалады: ән айтып, грим жағады. Басты рольді сомдайтын Жаннат Бақтай өз партиясын ойнаудағы қиындықтар туралы айтып берді.

«Бұл бір әншінің операсы, яғни бүкіл психологиялық, музыкалық, дауыс жүктемесі бір дауысқа түседі. Қойылымда бәрі де тұрақты, оңтүстік-шығыс халықтарына тән минимализм бар. Партияның қиындығы сонда жатқан сияқты. Басты кейіпкердің образы әйелдің барлық сезімін қамтиды: арманнан махаббатқа дейін, үлкен трагедия да орын алады», — дейді әртіс.

Жаннат Бақтайдың айтуынша, оның сүйіктісінің ролін итальяндық әртіс орындайтындықтан, көрермендер азия-еуропалық музыкалық сиқырлықты тамашалады.
Астана жаңалықтары: Мадам Баттерфляй Астана Операда

«Рольді қалай жеткізерімді білмеймін. Бәрі де жүректен шығады. Бәрі де жанды, табиғи. Барлығымыз да адамбыз, әртіс болғанымызға қарамастан біз де өмірімізде осындай керемет сәттерді бастан кештік», — дейді әртіс.

Театр сүйер қауым назарына салайық, 15-16 сәуірде сағат 18.00-де «Астана Опера» театрының Үлкен залында Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсының тұсаукесері өтеді.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Жолды жөндеуге байланысты көлік жолдары шектеледі

Орынбор көшесінің Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі бөлігінде асфальтбетон жабыны ауыстырылады. Осыған байланысты аталған жол учаскесінде 15-сәуірден бастап 2 мамырға дейін көлік қозғалысы уақытша шектелетін болады.

Астана жаңалықтары: Жолды жөндеуге байланысты көлік жолдары шектеледіАстана жаңалықтары: Жолды жөндеуге байланысты көлік жолдары шектеледі

Жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде жүргізушілерден жол бағдарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша дайындалды.
Әрі қарай

«Қазақстан» РТРК «Шын жүректен!» қайырымдылық телемарафонын өткізеді

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев әлеуметтік бастамаларға жан-жақты қолдаудың маңыздылығын әрбір сөзінде атап өтеді. 2015 жылы көмекке мұқтаж отбасыларының қажетті медициналық, әлеуметтік көмек алуына Елбасы 600 000 АҚШ долларын бөлді. Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен «Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық науқанын өткізу 2015 жылдан бастап қолға алынды.

2016 жылдың 1 наурызын Елбасы Алғыс айту күні деп жариялады. Осы бастаманың негізінде халқымыз бір-біріне деген ыстық лебізін білдіріп, көмекке мұқтаж жандарға жақсылық жасап, алғыс айтумен қатар өздері де алғысқа бөленді. Еліміздегі осындай игі бастамаларды басшылыққа алып, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Шын жүректен!» қайырымдылық телемарафонын өткізуді жоспарлауда. Қайырымдылық телемарафонының мақсаты – көмекке зәру жандарға қол ұшын беріп, адамдардың жақсылық жасауға деген құлшынысын арттыру, ізгілікке тәрбиелеу, қайырымдылық жасаған жомарт жандардың игі істерін көпшілікке насихаттау.

«Шын жүректен» қайырымдылық телемарафоны 28 сәуір күні тікелей эфирде көрсетіледі.Блог - Nureke01: «Қазақстан» РТРК «Шын жүректен!» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Әрі қарай

Үй жануарлары тегін вакинацияланады

Астанада үй жануарларын жоспарлы вакцинациялау жүргізілуде. Елорда тұрғындары 30 сәуірге дейін үй жануарларына аса қауіпті «құтырма» ауруына қарсы жоспарлы вакцина жасатуы қажет. Вакцинациялауды ШЖҚ «Астана Ветсервис» КМК жұмыс күндері сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері 9.00-ден 14.00-ге дейін тегін жүзеге асырады! Үй жануарларыңызға тегін екпе жасатам десеңіз, кәсіпорын мекендайы: Алаш тасжолы, 3, «Эко Полигон».

— Вакцинациялау процедурасы жыл бойы өткізіледі. Әдетте дәрігерлердің өздері үйлерді аралап, жануарларға екпе жасайды. Бірақ иттер мен мысықтардың барлығын қамту мүмкін емес. Сондықтан аталған акция сынақ түрінде ұйымдастырылды. Вакцина күшіктерге үш айдан, марғауларға екі айдан бастап салынады, — «Астана ветсервис» кәсіпорны директорының орынбасары Арыстанов Айдархан.

Астана жаңалықтары: Үй жануарлары тегін вакинацияланады
Айта кетейік, Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 447/62- V «Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидалары туралы» шешіміне сәйкес үй жануарларын вакцинациялау және тіркеу міндетті.

Толық ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша хабарласыңыз: 28-59-70, 57-03-54, 8-701-604-98-77.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан Заттыбек Көпбосынұлының концертін көріңіз.

Заттыбек Көпбосынұлы қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әнші. Жақында ғана Ұлттық арна ұсынған «Сәлем, Қазақстан» жобасы бойынша өзінің жеке концертін өткізді. Блог - Nureke01: Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан Заттыбек Көпбосынұлының концертін көріңіз.
Әрі қарай