‪#‎жақсықыз‬‬‬‬ - жігітіңді бір түнге бере тұрш! #6

Блог - klara_yermagambetova: ‪#‎жақсықыз‬‬‬‬  - жігітіңді бір түнге бере тұрш! #6
Есіме түсіп кетті. Былтыр ма еді, бір құрбым өзінің «судай жаңа» жігітімен таныстырды.
Басында екеуіміз ғана шай ішіп, аман-саулық білісіп отырған едік. Бір-екі сағаттан соң, ол құрбымды алып кетуге келді. Біздің болса, әңгімеміз таусылар емес. Жігіттің түсінігі бар екен. Өзінше болып, жынданып, мінез көрсетпеді. Отырды. Таныстық. Әңгімелестік. Кейін, жігіт қолын жууға ма, темекі шегуге ме, есімде жоқ, дастархан басынан тұрып кетті. Ол кетісімен құрбым "Қалай саған?", «Жақсы жігіт па, норм ба?» деп "қызық-қызық" сұрақтар қойды. Негізі құрбым өте ‪#‎жақсықыз‬‬‬‬. Адамды да өзі тани алатын сияқты еді. Менің пікірімнің ол жерде қажеті қанша, сөздің шыны керек, түсінбедім. Ер адам кір жуғыш машинка болса, мейлі. Иә, осы марка жаман не жақсы деп турасынан айта қоятын. Ол — адам ғой)))) Танысып отырғанымыз осы жаңа. Әрине адамды бес минут ішінде білуге болады дер, білгіштер. Бірақ бірінші қарағанда адекватты, жап-жақсы жігіт. Қалай болғанда да, мен онымен жарты сағат әңгімелесіп, оның норм әлде норм емес екендігін айта алмас едім. Және менің пікірімдегі «норм», басқа үшін «норм» болады ма?
Құрбыма қарап отырып: «Жігітіңді бір түнге бере тұрш!» дедім. Ол аң-таң. «Не үшін?» Құдайым-ау, жігітпен бір түн бойы бірге не үшін болатынымды дәкөөөй қызға түсіндіріп отырғаным… Турасын айттым. Барлық жағынан сынауым қажет емес пе ?Құрбым сасып қалды. Бірақ әзілімнен гөрі зілім өтті.
Біздің #жақсықыз — дардың логикасы қызық. Кейде жігітті өздерінің талғамына сай емес, қоғамның, құрбыларының, қызметтес достарының, одан қалды көрші-қолаң, тағы басқалардың талғамымен таңдайды. Өз пікірі жоқ деуден аулықпын. Бірақ істеріне қарасаң, солай.
Жігіт — шопыр. Мамааа, шопыр жігітті достарыма қалай таныстырамын, ұят. Жігіттің үйі жоқ. Мамааа, құрбыларымнан ұят. Жігіт — күзетші. Әріптестеріммен бірге баратын отырыста, оның күзетші екендігін, мамааа, қалай айтамын? Жігіттің машинасы жоқ. Мамааа, ұят. Ұят! Кімнен? Сен өзі кімді жақсы көріп жүрсің? Әлде нені? Жігітті ме? Әлде оның әлеуметтік жағдайын, қызметін, қалтасын? Сен бүгін таныс, ертең маңайынан табылмайтын біреулердің ойымен сүйіп, солардың талғамымен отбасы құрмақпысың?
Сүйген адамдар сүйіктілеріне шаң жуытпайды. Керісінше, біреу келіп, "қойш, жігітң күзетші ме?" деп сұрап қалса, «иә, күзетші. За то өте иманды, мейірімді, адал, тапқанын тиынына дейін үйге әкелетін керемет жан!» деп неге мақтамасқа, Біз болсақ, ұялып қуыстана түсеміз. Ешкім сұрамай жатып. Бұлай ешкім сұрамайды да. Бірақ өзіміз соған алдын ала уайымдап, алдын ала біреулерден ұялып тұрамыз. Кешір, бірақ нефтяной магнат, миллиардер саған кезіге қалса да, дәл осы қарапайым жігіттей сені сүйіп, алақанына салып, аялай алар ма екен?! Барымызды бағалайық, қыздар. Атақтың емес, адамның қадірін білейік!

15.03.2016
Әрі қарай

‪#‎жақсықыз‬‬‬‬ - темекі шекпе! #5

Блог - klara_yermagambetova: ‪#‎жақсықыз‬‬‬‬  - темекі шекпе! #5
Бір шайханада шай ішіп отырғанбыз. Досыммен бірге далаға шығып кеткен құрбым дастархан басына қайтып оралғанда, одан темекі иісі бұрқ ете түсті. Үстел үстінде жігіттердің көзінше сұрағаным дұрыс болмас деп, кейін сұраймын ғой. Сөйтсе ол анда -санда темекі тартады екен. Біреуді сөгуге қақым жоқ. Және де ол әркімнің өзінің шаруасы, өз денсаулығы.
Алайда, қыздар! Ешбір жігіт шылым шегетін қызды ұнатпайды!!! Мейлі, сен он жерден жаны сұлу, жүрегі кең, көңілі адал ‪#‎жақсықыз‬‬‬‬ бол! Мейлі!!! Бірақ темекі тістеген саған ол — енді ешқашан да жуымайды. (жақындайтын кездер болып жатад, бірақ ол мүлдем басқа әңгіме, мүлдем басқа қажеттілікпен дегендей ғой) Сөйтіп сен бір шансыңды, өкінішке орай, профукала!!!
Жасыр, одан асылы таста! Саған жақсы жігіттің қашан кезігетінін қайдан білесің? Сол курилкадан шығып келе жатқанда ұшырасып қалса ше? Жігіт керек пе, кез-келген уақытта, кез-келген жерде өзіңді дұрыс ұстап, соған дайын бол! Жақсы кеш тілеймін! Темекі шекпе! Тағы да айтам, шекпе!

12.03.2016
Әрі қарай

Жедел жәрдем жұмысы жақсартылады

Сәуірдің 4 күні Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен елорда әкімдігінің аппарат отырысы өтті. Бұл жолы отырыста талқыланған өзекті мәселе қалалық денсаулық сақтау жүйесі жұмысындағы кемшіліктер болды.

Биыл қала әкімінің халықпен есеп беру кездесуінде Денсаулық сақтау басқармасына жедел жәрдем бригадасының шақырулар бойынша жету уақытын 10 минутқа дейін азайту міндеті қойылған болатын. Жедел медициналық жәрдем қызметін модернизациялау жөніндегі кешенді жоспар аясында елорда әкімдігі барлық қолайлы жағдайды жасағанына қарамастан «жедел жәрдем» жұмысында кемшіліктер бар. Жедел жәрдем қызметіне қатысты шағымдар әкімдікке әлі де болса, түсіп жатыр. Қала тұрғындарының айтуынша, жедел көмекті күтуге көп уақыт кетеді.

Астана жаңалықтары: Жедел жәрдем жұмысы жақсартылады

Астана қаласының әкімі Ә.Жақсыбековтың тапсырмасымен Жедел медициналық жәрдем станциясының қызметіне талдау жүргзілді, соның аясында қызметкерлер бригадалармен бірге шақыруларға барды. Бірлескен жұмыс нәтижесінде бірнеше себептер анықталып, ұсыныстар жасалды. Атап айтқанда операторлардың ақпаратты кеш беруі мен кезекші ауруханаларда азаматтарды қабылдаудың сапасыз ұйымдастырылуы бойынша ескертулер жасалды. Бұдан басқа, жедел жәрдемнің шақырулар бойынша кеш баруының объективті себептері де бар, мысалы жолдардағы кептелістер, «Bus Lane» бақыланбайтын жолақтары, тұрғын үйлер аумағында заңсыз орнатылған шлагбаумдар. Осыған байланысты, сәулет, тұрғын үй инспекциясы басқармаларына, аудан әкімдіктері мен жергілікті полиция қызметіне де нақты тапсырмалар берілді.

Проблемаларды айтып өткенімен, осы денсаулық саласы жүйесіндегі жетістіктер де назардан тыс қалмады. Экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Елордада жаңа нысандар бой көтеріп, материалдық-техникалық база жақсартылуда, денсаулық сақтау саласы жүйесі мамандарының біліктілігін арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Сонымен қатар, Жедел медициналық жәрдем қызметін модернизациялау жөніндегі кешенді жоспар аясында жедел жәрдем мамандарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша қосымша шаралар қарастырылған.

Астана қаласының әкімі мәселелерді жасырмай, шешу қажет екенін атап өтіп, бұл саланы үнемі назарда ұстайтынын айтты. Оның ойынша осы жұмыстардың нәтижесін бағалайтын халық болуы тиіс. Денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды талқылаған соң, өзінің орынбасары Ермек Аманшаевқа барлық ауруханалар мен емханалар бойынша мұқият талдау жүргізуді және Жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысын бақылауға алуды тапсырды.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kzдеректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Геннадий Головкин

Головкин Геннадий Геннадийұлы (1982, 8 сәуір Қарағандыда туған) — Қазақстан боксшысы. 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 7 рет Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы: жастар арасындағы әлем чемпионы (Мажарстан, Будапешт, 2000 ж.); ҚР I спартакиадасының чемпионы (2001 ж.); Шығыс Азия ойындарының чемпионы (Жапония, Осака, 2001 ж.); Азия ойындарының чемпионы (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002 ж.); жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж.); «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады) және IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады). 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокс орташа салмағы тарихында ноукат үлесі бойынша бірінші орында тұр.

Блог - arai_tleulinova: Геннадий Головкин
Блог - arai_tleulinova: Геннадий Головкин

Мен елімді сүйемін!

Бізге өз тәуелсіздігіміз қымбат. Неге дейсіз ғой? Ол бізге қымбат- ата- бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат- сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны үшін! Ол бізге қымбат- елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат- ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз- қаз тұрғызып «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! Ол бізге қымбат- «Отан» деп жүрегімізді қақтырғаны үшін! «Елім» деп елеңдетіп, «жерім» деп желпінтіп, барша алпыс екі тамырымызды игізіп, ата жұртын сүйдіргені үшін! Мен елімді сүйемін!
Блог - arai_tleulinova: Мен елімді сүйемін!
Әрі қарай

«Мерейлі отбасы» конкурсына қатысыңыздар

Отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты, отбасыларды дәріптеу және кеңінен насихаттауға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына еңбек, спорт, шығармашылық, интеллектуалдық және ғылым салаларында жоғары жетістіктерге қол жеткізген отбасылар қатыса алады. ШБұл республикалық шара болып табылады. Байқау 3 кезеңнен тұрады: аудандық (қалалық), облыстық, республикалық.

Жергілікті атқарушы органдар өңірлік деңгейдегі ұлттық конкурстың жеңімпаздарын айқындау бойынша өңірлік, аудандық (қалалық) комиссиялар құрады.

Астана жаңалықтары: «Мерейлі отбасы» конкурсына қатысыңыздар
Қалалық комиссия аудандық комиссиялардан материалдарды алған кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде екі үздік отбасын іріктеуді жүргізеді, және облыстық конкурстың жеңімпаздары айқындалғаннан кейін құжаттарды ұлттық комиссияға жібереді.

Конкурсқа қатысуға өтінім (төменде тіркелген құжаттан жүктеуге болады) аудандық комиссияға мынадай құжаттармен бірге беріледі: ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері; асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме; неке қию туралы куәліктің көшірмесі; ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі; балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері; балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер; ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының); отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

Айта кетейік, өңірлік және аудандық комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы; отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер; отбасының рухани-адамгершілік кұндылықтары; балаларының жетістіктері; ата-аналарының үлгі тұтарлықтай жетістіктері сияқты критерийлерді басшылыққа алады.

Жеңімпаздарды іріктеуге смс-хабарламалар арқылы елдің барлық тұрғындары белсенді түрде қатысады. Көрермендердің басым көпшілігі дауыс берген отбасыға «Мерейлі отбасы» лауреаты атағы, диплом мен ерекшелік белгісі (мүсінше) беріледі.

Еске салайық, конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша аудандық әкімдіктердің ішкі саясат бөлімдері мен Астана қаласының Ішкі саясат басқармасында 2016 жылғы сәуірдің 1-нен 30-на дейін қабылданады.

Толық ақпаратты 55-67-08, 55-67-01 телефондары арқылы алуға болады. Байқауға қатысу туралы өтінімді Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына astana.gov.kz өтіп жүктей аласыздар.
Әрі қарай

Жалпықалалық сенбілікке дайындық жүруде

Естеріңізде болса, 23 сәуір жалпықалалық сенбілікке күні болып белгіленген. Бұл шараға қаланың барлық коммуналды қызметтері қатысады. Қазіргі кезде аудандарда ағаштар мен көшеттер отырғызатын орындар әзірленіп, гүлзарларды, көшелер мен гүлбақтарды тазалау, топырақ пен құм шығару жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қаланы санитарлық тазарту және жерлерді гүл отырғызуға дайындау жұмыстары қолға алынды. Аудандарда барлық учаскелерде жұмыс істеу кестелері жасалып, жауапты тұлғалар анықталды.

Астана жаңалықтары: Жалпықалалық сенбілікке дайындық жүруде

— Сенбілікке дайындық қызу жүргізіліп жатыр. 2200-ге жуық ірі ағаш, соның ішінде, қарағай, шырша, қайың отырғызылады. Бұдан басқа, үш ауданда 13 900 көшет егіледі. Атап айтқанда, терек, тал, мойыл, шегіршін, шетен және долана. Биыл бір күнде 16 мың ағаш отырғызылады, — деді «Астана — Зеленстрой» АҚ төрағасының орынбасары Бибігүл Бектемісова.

Елордада Орынбор көшесінде және «Арай» паркінде, Ақыртас, Ғабдуллин, Уәлиханов көшелерінде, Тілендиев даңғылында және т.б. жаппай ағаш отырғызылады. Көгалдандыру объектілерінде тиісті орындар дайындалып, көшеттер қойылады, инерттік материал (құнарлы жер, топырақ, қара топырақ) қажетті мөлшерде әкелінеді.
Астана жаңалықтары: Жалпықалалық сенбілікке дайындық жүруде
Айта кетейік, биыл қаланы жинау мен көгалдандыру жұмыстарында шағын механикаландырылған машиналар пайдаланылатын болады. Оның басты басымдықтарының бірі ықшамдылық пен салмағының жеңіл болуы, бұл кеспе тастар мен жолдың жиектерін байқап тазалауға мүмкіндік береді.

Астана жаңалықтары: Жалпықалалық сенбілікке дайындық жүруде
Мұнымен қоса, биыл бір жылдық гүлдер аз отырғызылады. Олардың орнына елордада көп жылдық гүлдер, соның ішінде раушангүлдер мен қызғалдақтар егіледі.

Жалпы ауданы 7 мың шаршы метрді құрайтын жерге 25 мың бірлік француз раушангүлі отырғызылмақ. 2016 жылы жалпы ауданы 162 288 шаршы метрлік жерге гүл өсіріледі.

Қала әкімдігі тұрғындарды елорданы абаттандыру мен көгалдандыруға өз үлесін қосып, алдағы сенбілікке қатысуға шақырады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Жақында қоғамдық көлікте электрондық төлем жасау жүйесі қосылады

Астана қаласының коғамдық көліктерінде мамыр айында қэлектрондық төлем жасау жүйесі қолданысқа енгізіледі деп хабарлайлы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz.

Елорда әкімдігі ғимаратында өткен Қоғамдық кеңес отырысында Жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері қалалық қоғамдық көліктерде электрондық төлем жасау жүйесі (ЭТЖЖ) карталарын қолданысқа енгізу туралы баяндады. Аталған жобаны мамыр айында іске қосу көзделген.
Астана жаңалықтары: Жақында қоғамдық көлікте электрондық төлем жасау жүйесі қосылады
— Біз азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін арнайы мәліметтер базасын жасап, карталарды дербестендірдік. Олар автобустармен тегін жол жүреді. Бұл ретте валидация жасауға, яғни автобуста картаны пайдалануға міндетті. Оқушыларға да дербес карталар беріледі, оны жазғы демалыс кезінде 30-шы тамызға дейін қолдануға болады, — деді «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Ардан.

Карталарды арнайы белгіленген орындарда және жүргізушілерден сатып алуға болады. Егер жолаушының картасы болмаса, ол жолақыны жүргізушінің жанындағы терминалмен электронды карта арқылы немесе қолма-қол ақшамен төлейді. Автобус жүргізушісінің және әрбір есіктің жанына валидатор орнатылады.

ЭТЖЖ жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға мүмкіндік береді және осы саланың айқындылығын қамтамасыз етеді.
Әрі қарай