БІРІНШІ КҮН ЕКІНШІ КҮННЕН ӨЗГЕРЕК

Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының жекелей белдесулері аяқталды. Өкінішке орай жарыстың екінші күні алғашқы күндей болмады. Дегенмен қоржынымыз 3 қола, 1 күміс жүлделермен толықты. Азия чемпионатының қола жүлдегерлері: Әзиз Қалқаманұлы(81келі), Максим Раков(-100келі), Ержан Шынкеев(+100 келі) болды. Ал финалдық белдесуде Гүлжан Исанова(+78 келі) кореялық қарсыласына шамасы жетпеді. Осы кеште күрескен тағы бір отандасымыз Альбина Амангельдиева болса қола жүлде үшін болған белдесуде қарсыласына жол беріп, бесінші орынға табан тіреді.
Екінші жарыс күнінен кейін жапон дзюдошылары командалық есепте көш бастады. Олардың еншісінде 4 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль, екінші орында моңғол балуандары олар осы біріншілікте 4 алтын, 1 күміс және 6 қола болса, үшінші орында Қазақстан құрамасы, еншімізде 3 алтын 2 күміс және 4 қола жүлде бар. Жарыс қожайындары өзбек ағайындар болса жетінші орында, еншілерінде 3 күміс және 3 қола медаль бар,
Ертең, яғни үшінші жарыс күнінде командалық бәсекелер өтетін болады. Жерлестерімізге сәттілік!
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше