Астанада Алматы облысының күндері өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада Алматы облысының күндері өтеді
9-11 қыркүйекте «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында Астанаға Алматы облысының делегациясы келеді. Бұл күндері облыстық тауар өндірушілердің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі, кітап пен сәндік-қолданбалы өнер көрмелері, өңір әртістерінің қатысуымен мерекелік концерттер өтеді, спектакльдер қойылады.

Жәрмеңкеде елорда тұрғындарына жалпы көлемі 340 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерінің 38-ден астам түрі ұсынылады. Оның ішінде, ет және ет өнімдері, балық, көкөніс, жеміс-жидек, сүт өнімдері, жұмыртқа, бакалея өнімдері және т.б.

Жәрмеңке 10-11 қыркүйекте Оқушылар сарайының жанындағы алаңда өтеді. Тауарлар қаладағы бөлшек сауда бағаларынан 15-20 пайызға төмен сатылады.

Бұдан басқа, Алматы облысының өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына мәдени бағдарламаларын ұсынады.

9 қыркүйекте ҚР Ұлттық музейінде сағат 10-нан 18-ге дейін Алматы облысының ақындары мен жазушыларының «Жерұйық мекен – Жетісу» атты кітап көрмесі, сондай-ақ, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен музей экспонаттарының, «Алтын адам мекені» көркемсурет галереясы суретшілерінің көрмесі өтеді. Осы күні қала тұрғындары мен қонақтары сағат 18:30 «Жастар» театрында «Керей – Жәнібек» спектаклін тамашалайды.

10 қыркүйекте сағат 17-ден 18-ге дейін Конгресс-холл фойесінде «Талдықорған – кеше, бүгін, ертең» көрмесі көпшілік назарына ұсынылады. Мұнда Талдықорғанның дамуының фототарихымен, қаланың көрікті жерлерімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының көрмесімен, сондай-ақ Алматы облысында шығарылатын өнімдермен танысуға болады. Сағат 18:30 Конгресс-холл сахнасында Алматы облысы шығармашылық ұжымдарының «Жетісу — жұмақ мекенім» атты гала-концерті өтеді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11287
Әрі қарай

5-25 қыркүйек аралығында Абай даңғылы жартылай жабылады

5-25 қыркүйек аралығында Абай даңғылының Уәлиханов көшесінен Бейсекбаев көшесіне дейінгі және Жұбанов көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жол жартылай жабылады.

Астана жаңалықтары: 5-25 қыркүйек аралығында Абай даңғылы жартылай жабылады
Жүргізушілер жол бағдарларын алдын ала жоспарлауы керек.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11265
Әрі қарай

Елордалық медицина қызметкерлері ҚР Тәуелсіздік күніне орайластырылған акциялар өткізеді

Астана жаңалықтары: Елордалық медицина қызметкерлері ҚР Тәуелсіздік күніне орайластырылған акциялар өткізеді
Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы халықты сауықтыру және аурулардың алдын алу бойынша «25 ізгі іс» ауқымды акциясының басталғаны туралы хабарлайды. Қаланың шалғай жатқан аудандарында, ірі кәсіпорындарында және базарларда жалпы практика, акушер-гинеколог, хирург, офтальмолог, отоларинголог дәрігерлерінің, УДЗ мамандарының, онкологтардың қабылдаулары ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, қалалық емханаларда зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған Ашық есік күні өткізіледі. Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде аурулардың алдын алу және анықтау үшін тар шеңберлі мамандардың көшпелі консультациялары ұсынылады.

Жол-көлік оқиғаларында жарақат алудың алдын алу үшін қыркүйектің 1-і мен 10 аралығында Астана қаласының мектептерінде «Назар аударыңыз – бағдаршам» акциясы өткізіледі.

2016 жылдың 11 қыркүйегінде «Отбасы – біздің ортақ әлеміміз, біздің тыныштығымыз, біздің болашағымыз!» ұранымен Ұлттық отбасы күніне арналған шара өткзіледі. Оған 500-ден астам адам қатыспақ. Акцияның мақсаты – отбасын жоспарлау, репродуктивті денсаулықты қорғау және дені сау бала тууға қатысты жауапкершілікті қалыптастыру. Осы күні үш перинаталды орталықта жаңа туған сәбилерге естелік сыйлықтар табысталады.

Балабақшаларда мектепке дейінгі балаларға арналған тіс жегі профилактикасы бойынша 2 мың баланы қамтитын ойын түріндегі тренинг өткізілмек.

Толық ақпаратты 55-68-28, 76-83-12 телефондары бойынша алуға болады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11276
Әрі қарай

Астанада Қазақстан өңірлерінің тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық өнімдерінің апта сайынғы жәрмеңкелері өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада Қазақстан өңірлерінің тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық өнімдерінің апта сайынғы жәрмеңкелері өтеді
Астанада Қазақстан өңірлері тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық өнімдерінің апта сайынғы жәрмеңкелері басталады. Алдағы демалыста (3-4 қыркүйекте) Қызылорда облысы тауар өндірушілері елорда тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін ұсынады. Жәрмеңке Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының тұрағында өтеді.

Жәрмеңкеге келушілерге 400 тоннаға жуық 50-ден астам өнім түрі ұсынылады. Атап айтқанда, балық, көкөністер, жемістер, сүт өнімдері, кондитерлік және шұжық өнімдері және т.б. Жәрмеңкедегі бағалар базардағыдан 15–20 % төмен болады.

Қызылорда облысынан кейін жәрмеңкелер эстафетасын Алматы облысы жалғастырады. Сауда-саттық демалыс күндері Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының тұрағында (Қызылорда облысы 3-4 қыркүйек, Алматы облысы 10-11 қыркүйек, БҚО 17- 18 қыркүйек, Жамбыл облысы 24- 25 қыркүйек, Ақтөбе облысы 1-2 қазан, Қарағанды облысы 8-9 қазан, Қостанай облысы 15-16 қазан және Солтүстік Қазақстан облысы 22-23 қазан), сондай-ақ, «Хан Шатыр» СОО тұрақ аумағында (Атырау облысы 17-18 қыркүйек, Павлодар облысы 24-25 қыркүйек, Маңғыстау облысы 1-2 қазан, ШҚО 8- 9 қазан, ОҚО 15- 16 қазан, Ақмола облысы 29-30 қазан) қазан айының соңына дейін өткізіледі.

«Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» акциясы

«Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің ерекше
қамқорлығында болуы керек. Нақ сол саламатты
өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады».

Н.А. Назарбаев

Астана жаңалықтары: «Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» акциясы
Астана қаласының әкімдігі 2016 жылғы 15 тамыздан бастап «Спорттық Астана, сау Астана!» атты бірегей акциясын өткізеді. Мақсаты– астаналықтарды спортқа баулу. Мемлекет басшысы, – «Саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті» болып саналатынын атап өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары аясында маңызды міндет қойылды – 2020 жылға қарай халықтың 30% дене шынықтыру мен спортқа тарту. Осыған байланысты бір ай бойы елордалық спорт алаңдары мен саябақтарында түрлі бұқаралық спорттық жарыстар ұйымдастырылды, оған мыңдаған қала тұрғыны қатысты. Акцияның ұраны: «Емделген емес, ауырмаған адам сау болады».

Акцияның негізгі міндеті

Дені сау жас ұрпақты тәрбиелеу, балаларды, жастарды және қарияларды, яғни барлық жастағы азаматтарды спортқа тарту осы акцияның басты міндеті болып табылады. Сол себепті елордада бұқаралық спортты дамытуға жағдайлар жасалады.

«Көңілді старттар»

Акция 15 тамызда басталып, 15 қыркүйекке дейін өтеді. Осы уақыттың ішінде елордалық спорт алаңдарында қызықты спорттық жарыстар ұйымдастырылады, оған ниет білдіргендердің бәрі де қатыса алады. Мысалы, әр демалыс сайын Астананың 9 паркінде сағат 18.00-20.00 аралығында зілтемір, гір көтеруден жарыстар, стритбол, шахматтан сайыстар, арқан тарту ұлттық ойыны, сондай-ақ, отбасыға арналған «Көңілді старттар» өткзілді.

Жарыстарға 5-6 жастағы балалар, ата-аналар және ата-әжелер қатысты. Күн сайын 4500 жуық адам өнер көрсетті. Қатысушылар естелік сыйлықтармен және жүлделермен марапатталды.

«Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» акциясы аясында «Есіл», «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының өндірістік ұжымдары шағын футболдан жарыста өзара шеберлік байқасты.

Аула клубтарының арасында өткен «Көңілді старттарда» қала тұрғындары тұтастай отбасыларымен қатысты.

Велоспорт кеңінен танымал болып келеді

Елордада велоспорт кеңінен танымал екендігін ескере келе, екі бұқаралық жарыс ұйымдастырылды: «Ардагерлер мен әуесқойлар арасында велоспорттан Қазақстан кубогының II кезеңі» және маунтинбайк жарысы.

Қазақстан кубогына астаналықтардан басқа, алматылықтар, қарағандылықтар мен еліміздің өзге өңірлерінің де тұрғындары қатысты. Айта кетейік, жарыста 65 жас және одан жоғары санат та болды. Қатысушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр даңғылдары жартылай жабылды, жол полициясының қызметкерлері еріп жүрді.

Маунтинбайк жарысында 10-65 жастағы елорда тұрғындары қатысты. Қатысушыларға қойылған жалғыз талап — шлем мен байктың болуы.

Астаналық спортшылардың арасында байдаркамен ескек есу, стендтік ату, шахмат, тоғызқұмалақ, хоккей және футбол, кроссфит, жүрдек мәнерлеп жүргізу және т.б. спорт түрлерінен чемпионаттар өткізілді.

Акция аясында ірі спорт кешендерінде Ашық есік күндері өткізілді. Кез келген адам «Дәулет» СК Ұлттық теннис орталығында заманауи кортта тегін теннис ойнау мүмкіндігіне ие болды.

«Астана Марафон – 2016»

4 қыркүйекте өтетін «Астана Марафон — 2016» халықаралық қайырымдылық шарасы акция аясындағы ерекше оқиға болады, оған 5000 астам адам қатысады деп күтілуде.

Қайырымдылық марафонға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Ә.Р. Жақсыбеков, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары қатысады. Осылайша мемлекеттік қайраткерлер ұлт саулығы, қазақстандықтардың салауатты өмір салтын ұстануы мемлекетіміздің басым міндеті болып табылатынын дәлелдемек.

Марафонға Qazaq Banki, ERG, KazTechInnovations, Astana Marriott Hotel, KPMG «Самұрық-Қазына» және BI-Group сынды компаниялар, сондай-ақ, таяу және қиыр шетелден 23 мемлекеттен атлеттер, елшіліктер мен халықаралық компаниялардың қызметкерлері қатысады.

Атап айтқанда, Ұлыбритания, Малайзия, Польша, Чехия, Италия, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Австралия, Германия, Иран, Ресей, Ирландия, Бельгия, Эстония, Бразилия, Өзбекстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Венесуэла, Түркия, Грекия, Жапония елдерінің өкілдері марафонда бағын сынайды.

Елордада Марафонды өткізуге байланысты сағат 7:30-14:00 аралығында орталық көшелерде қозғалыс тоқтатылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына уақыт үнемдеп, жолдарда дау туғызбас үшін өз бағдарларын алдын ала жоспарлаулары керек. Астана қаласының әкімдігі уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұрайды.

Жарыстар, турнирлер, чемпионаттар

4 қыркүйекте Марафоннан басқа, Астанада 15-тен артық жалпықалалық спорттық шара өткізу жоспарланған. Оған 7000 жуық елорда тұрғыны мен қонағы қатысады деп күтілуде.

Мысалы, «Жерұйық», «Астаналық», «Астана Триатлон» саябақтарында асық ату, арқан тарту жарыстары, сонымен қатар веложарыс өткізіледі. Жарыстар 4 қыркүйекте сағат 10.00 басталады, оған ниет білдіргеннің бәрі қатыса алады.

Жақын аймақтардың және елордалық спортшылардың арасында үстел теннисінен, шахматтан, шағын футболдан, жеңіл атлетикадан, су полосынан жәнеат спортынан турнирлер ұйымдастырылады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

4 қыркүйекте «Барыс» спорт кешенінде елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған Ашық есік күні өтеді. Шара аясында кез келген адам мұз айдынына шығып, «Барыс» ХК жетекші бапкерлерінің шеберлік сыныптарына қатыса алады.

2016 жылғы 5-15 қыркүйек аралығында акция аясында 2000 артық адам қатысатын 10 шара өткізу жоспарланған.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 10 қыркүйекте

№ 71 ОМ «Есіл» ауданының мектеп мұғалімдерінің арасында волейболдан турнир өтеді.

11 қыркүйекте «Астана Триатлон» саябағында «Отбасылық Дуатлон» өтеді. Ата-аналар мен балалар осы жарысқа бірге қатысып, салауатты өмір салтының қажеттілігін көрсетпек.

Акция аясында велоспорттан Қазақстан Республикасының Чемпионаты (4 күндік топтық жарыс), Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан, таеквондодан «Корея елшілігінің кубогы» республикалық турнирі өтеді.

2016 жылғы 7-10 қыркүйек аралығында «Қазанат» ипподромы аумағында «Астана жұлдызы» спорттық жарысында бас жүлде үшін таласады. Аталған жобаның негізгі міндеті – өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлеріне, салт-дәстүрімізге, мәдениет пен тұрмысқа баулу. «Астана жұлдызы» көкпар, қыз қуу, бәйге, аударыспақ, теңге алу және т.б. ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағытталған. Жобаға еліміздің үздік спортшылары қатысады.

11 қыркүйекте Қабанбай батыр ауылында ат спортына әуес жандар 51 шақырымдық аламан бәйгеде «Алтын Тұлпар» атағы сарапқа салады. Жарыс «Қазспорт» және «Қазақстан» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Жалпы, «Спорттық Астана, сау Астана!» акциясы аясында түрлі сипаттағы 50 шара өткізілмек, оған 50 мыңнан астам адам қатысады.

Барлық астаналықтарды отбасыларымен бірге спортпен шұғылдануға шақырамыз. Бұл үшін барлық аудандарда және әр аулада қолайлы жағдайлар жасалатын болады. Зиянды әдеттерден бас тартып, темекі шегуді тастауға және спирттік ішімдіктер ішпеуге шақырамыз. Уақытты теледидар алдында босқа өткізгенше, бүкіл отбасыңызбен бірге бұқаралық спорттық шараларға қатысыңыздар, таза ауа жұтып, бойға қуат жинап, сергіп қайтыңыздар.

Салауатты өмір салтының сіздің жетістіктеріңіз бен отбасыңыздың ауқаттылығының артуының 90% кепілі болып табылады.

"Жан жылуы" бағдарламасы

Блог - arailym_zhalauly: Жан жылуы бағдарламасы
Бағдарламаның негізгі мақсаты: еліміздегі әлеуметтік жағдайы тым ауыр немесе аз қамтылған отбасылар, көп балалы жалғызбасты аналар, қолынан іс келетін мүмкіндігі шектеулі жандардың жан айғайын қалың көпшілікке жеткізе отырып, қиыншылықтан шығар жолды бірге іздестіру.
Олардың өз істерін жандандыруға, қажеттіліктеріне қол жеткізуге мүмкіндіктер туғызу. Сол арқылы көрермен қауымды, соның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған өскелең жас ұрпақты бауырмалдыққа, кеңпейілділікке, жомарттыққа баулу.
Халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ел болып атсалысуға шақыру.
Әрі қарай

Жас кәсіпкерлер Астанада тағылымдамалардан өтті

Астана жаңалықтары: Жас кәсіпкерлер Астанада тағылымдамалардан өтті
28 маусым мен 2 шілде арасында Астана қаласында «Аймақаралық бизнес-тағылымдамалар» жобасы іске асырылған болатын. Жобаға еліміздің 14 аймағы мен Алматы және Астана қаласынан 30 жас кәсіпкер қатысты.
Астана жаңалықтары: Жас кәсіпкерлер Астанада тағылымдамалардан өтті
Бүгінгі таңда Қазақстанда жас кәсіпкерлерге үлкен назар аударылуда. Себебі, жастар инновацияшыл, тәуекелшіл, демек, бизнеске деген құлшынысы өте жоғары. Сондықтан болар, Қазақстан ғылым және білім министрлігі тапсырысы бойынша Қазақстан жастарының Конгресі еліміздің 30 жас кәсіпкерін елордамыздың орта және шағын бизнес ұйымдарынан тағылымдама өтуге мүмкіндік берді. Бес күнге созылған тағылымдамалар барысында «Аrta software», «Жасыл Экономика», «Коворкинг Мультиспэйс» сынды бизнес ұйымдарының жұмысымен танысып, бизнес процесстерді оптимизациялау бойынша кеңестерді алды.
Астана жаңалықтары: Жас кәсіпкерлер Астанада тағылымдамалардан өтті
Тағылымдалар аясында Асель Кожакова, «Geneva Business School» Қазақстандағы мектебінің директоры Алина Абдрахманова, жас кәсіпкер Эрик Сагиевтің талімгерлік сабақтарынан өтті.
Әрі қарай

Геннадий Головкин мен Келл Брук жекпе-жегін «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналарынан 10 қыркүйек күні көре аласыздар

Блог - arailym_zhalauly: Геннадий Головкин мен Келл Брук жекпе-жегін «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналарынан 10 қыркүйек күні көре аласыздар
Қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтіп отырған Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы кездесуін қыркүйектің 10 күні «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsport.kz. сайттары арқылы жекпе-жектің онлайн-көрсетілімі жүргізіледі.

Лондонда орналасқан Еуропаның ең үлкен алаңдарының бірі – 20-мың адамдық «О2» спорт кешенінде орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы Әлем чемпионы британдық Келл Брукпен жұдырық түйістірмек.

Танымал отандық кәсіпқой боксшымыз Геннадий Головкиннің айқастарын «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көрсету игі дәстүрге айналғанын атап өткіміз келеді. Мәселен, биылғы сәуірде қазақстандық көрермендер Геннадий Головкиннің Доменик Уэйдке қарсы бокс кездесуін тікелей эфирден көрсе, өткен жылғы Давид Лемьемен қолғап түйістіруін 3,5 миллионнан астам қазақстандық тамашалап, 1 миллионнан астам жанкүйер телеарналар сайттары арқылы көрген болатын.

34-жасарлық Головкин үшін бұл 36-шы кездесу және ол шаршы алаңға чемпион ретінде 17-ші рет шығады. Жерлесіміз 35 рет өткізген жекпе-жегінің барлығында ол ұтысқа ие болған (оның ішінде 32-і нокаутпен). Ал, оның қарсыласы 30-жасарлық Брук те еш жеңілмеген, 36 кездесуді таза жеңіспен аяқтаған (оның ішінде 25-і нокаутпен).
Әрі қарай

Шырайлы Шымкент тарихы 15 суретте.

Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала б.з.д. II ғасырда салынған. Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан.

Мен бұл постымда көне қаланың ескі суреттерін жаңа суреттерімен бірге көрсетпекшімін.

Бұрынғы 1985-терде түсірілген суретінде облыстық партия комитетінің ғимараты көрсетілген болса, қазіргі таңда бұл ғимаратта шырайлы Шымқала мэрі Ғабидолла Рахматоллаұлы отырады.


Енді суреттерді түсірілу тарихы бойынша көрсетсек. Келесі сурет 1965 жылдары түсірілген.

Өзім Қаратау тәжі — Кентау қаласында туып өстім. Шырайлы Шымқалаға алғаш мәрте 1994 жылы жарысқа қатысуға келдім. Сол саяхаттан есімде қалған 3 жер — Қажымұқан атындағы стадион, Абай паркі және «Росинка» кафесі. Бірінші суретте Росинка кафесінің 1965-терде түсірілген суреті. «Росинка» кафесі қазіргі таңда қаламыздың құрметті қонақтарын алып келетін орны — Көксарай дәмханасы.


Бір кездердегі Куйбышев алаңы қазіргі таңда Ордабасы алаңы.


Ордабасы алаңы басқа ракурстан. Суретте сол жақта тұрған қонақүйдің аты Восход еді бұрын, ал қазіргі таңда Ордабасы қонақүйі.


Аэровокзал — қазіргі таңда «Ескі аэровокзал»


Акация дүкенінің аты еш өзгермеді.


Бір кездердегі Сейфуллин кинотеатры, кейіннен Сейфуллин атындағы Халықтар достығы үйі болды. 2015 жылынан бастап ОҚО жастар ресурстық орталығының ғимараты болды.


Аты өзгермеген магазин — Гүлжан.


Гүлжан магазині басқа ракурстан. Оң жақта "Қиял әлемі" технопаркі.


Ленин атындағы алаң қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы алаң. Ал суреттегі ғимарат ол кезде Союзгипрорис деген жобалау институты болса қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы.


Шырайлы Шымқалаға пойыз арқылы келген қонақтарды теміржол вокзалынан шыға берісте қарсы алатын көрініс. Осы үйлердің астында бұрын «Балалар әлемі» атты дүкен болатын.


Шымкент қаласының алғаш құрылған жері тұрғындардың тілінде «ескі қала» деп аталатын — анау тұрған ұшақтың арт жағындағы жерде пайда болған. Ал ұшақ қазіргі таңда Абай саябағында орналасқан.


Біреу білсе де екеу білмейтін бұл фонтанның аты бұрын «Мақта» болса, "Қызғалдақ — Шымкент қаласының символы" демекші, қазіргі таңда шырайлы Шымқалаға көрік беріп тұрған "Қызғалдақ" субұрқағы.


Кинотеатр Қазақстан қазіргі таңда күрделі жөндеуде. Жөндеуден кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимараты болмақ.


Бұл сурет Қазақстан тәуелсіздік алған жылы түсірілген. Қаланың орталығындағы қазіргі Имран супермаркеті орналасқан ғимаратта ол кезде «Маяк» дүкені болған.


Осылайша 15 суретте шырайлы Шымқаланың тарихын бейнелегендей болдым. Шымкентке қонақ болып келіңіздер, көріңіздер!

P.S.: Кейбір ескі суреттердің түсірілу тарихы қате болуы мүмкін және суреттердің сапасы үшін кешірім сұраймын!
Әрі қарай