Геннадий Головкин мен Келл Брук жекпе-жегін «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналарынан 10 қыркүйек күні көре аласыздар

Блог - arailym_zhalauly: Геннадий Головкин мен Келл Брук жекпе-жегін «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналарынан 10 қыркүйек күні көре аласыздар
Қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтіп отырған Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы кездесуін қыркүйектің 10 күні «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsport.kz. сайттары арқылы жекпе-жектің онлайн-көрсетілімі жүргізіледі.

Лондонда орналасқан Еуропаның ең үлкен алаңдарының бірі – 20-мың адамдық «О2» спорт кешенінде орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы Әлем чемпионы британдық Келл Брукпен жұдырық түйістірмек.

Танымал отандық кәсіпқой боксшымыз Геннадий Головкиннің айқастарын «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көрсету игі дәстүрге айналғанын атап өткіміз келеді. Мәселен, биылғы сәуірде қазақстандық көрермендер Геннадий Головкиннің Доменик Уэйдке қарсы бокс кездесуін тікелей эфирден көрсе, өткен жылғы Давид Лемьемен қолғап түйістіруін 3,5 миллионнан астам қазақстандық тамашалап, 1 миллионнан астам жанкүйер телеарналар сайттары арқылы көрген болатын.

34-жасарлық Головкин үшін бұл 36-шы кездесу және ол шаршы алаңға чемпион ретінде 17-ші рет шығады. Жерлесіміз 35 рет өткізген жекпе-жегінің барлығында ол ұтысқа ие болған (оның ішінде 32-і нокаутпен). Ал, оның қарсыласы 30-жасарлық Брук те еш жеңілмеген, 36 кездесуді таза жеңіспен аяқтаған (оның ішінде 25-і нокаутпен).
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше