Астанада жаңа көтерме-бөлшек сауда базары ашылды

Бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев жаңа «Алай базары»көтерме-бөлшек сауда базарының ашылуына қатысты.

Сауда павильонындағы өнімдердің түр-түрін өндірушілер делдалдарсыз өткізеді.

«Алай базары» Алаш тасжолында орналасқан. Жалпы ауданы 85 га жерде бірнеше зал орналасқан, мұнда ет пен ет өнімдерін, сүт өнімдерін, көкөністер мен жемістер, тұрмыстық тауарлар, ойыншықтар және т.б. төмен бағамен сатып алуға болады.

— Біз Қазақстан Республикасының аумағындағы тауар өндірушілердің бәрін шығарамыз. Бірінші кезекте, Солтүстік Қазақстанның фирмалық дүкендерін шақырамыз, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарымен ынтымақтастық орнатамыз, — дейді «Алай базарының» директоры Айгүл Отарғалиева.

Сауда павильоны аумағында 500 астам шағын бизнес субъектісі сауда жасайды, базарға көлікпен де, автобуспен де жетуге болады. Тұрақ 2 мың көлікке арналған, ал қоғамдық көлік аялдамасы базарға жақын орналасқан.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11314
Әрі қарай

Ерболат Дәленов: «Адамның басты байлығы - денсаулық»

Астана қаласының Ардагерлер кеңесінде күні бүгінге дейін елорданың, жалпы еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан талантты да белсенді жандар аз емес. Аталған кеңес Президиуымы мүшелерінің бірі медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, «Астана» медициналық университетінің профилактикалық медицина және тамақтану кафедрасының меңгерушісі Ерболат Дәленов бүкіл өмірін медицинаға, салауатты өмір салтын насихаттауға, денсаулықты сақтау мен нығайтуға арнаған. Бүгінде ол өз тәжірибесін жастарға үйретіп, еңбектер мен оқу құралдарын жазып жүр.

Ерболат Дәленов 1969 жылы «Астана» медицина университетін тәмамдаған, ол осы ЖОО-ның алғашқы түлектерінің бірі.

— Мен математиканы ұнататынмын, инженер болғым келетін. Бірақ алтыншы сыныпта оқып жүргенде күн өтіп, көзім көрмей қалды. Сабақ үстінде отырғанда көзім қарауытып кетті. Бәрі күлді, мені алдап жатыр деп ойлады. Сонда көру орталығына қан бармай қалған екен. Ол туралы кейін білдім. Мені түрлі қалаларға апарды. 7-8 ай өткен соң инъекция салды, көзім ашылды – бұл үлкен бақыт, қуаныш. Содан кейін медициналық университетке оқуға түстім, менің өмірім тұтастай осы білім ордасымен байланысты. Адамның басты байлығы – денсаулық деп зор сеніммен айта аламын. Қазіргі кезде кафедрада салауатты өмір салтының білім, ғылыми, әлеуметтік негізін әзірлеп жатырмыз, — деді Ерболат Дәленов.

Ол алдымен 10-15 жылдай аурудың туындауының себептерін зерттеумен айналысты. Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде «Патологиялық процестердің жалпы механизмдері» деп аталатын 2 томдық оқу құралы жарық көрді. Аурудың барлық симптомдары мен белгілері көрсетілген еңбек ТМД-да кеңінен таралды.

— Содан кейін денсаулық механизмдерін нашар білеміз деген қорытындыға келдім. Әріптестеріммен бірге Қазақстан халқының денсаулығын зерттей бастадық. Алматыда салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі Ұлттық орталық құрылды, мен оған ғылыми сүйемелдеу жүргіздім. Академик Шарманов, академик Тель, профессор Ақановпен бірге Қазақстандағы профилактикалық медицина идеологиясымен айналыстық, — дейді профессор.

Мәскеуде академик Тельмен бірге жазған «Денсаулық энциклопедиясы» басылып жатыр. Онда адам дүниеге келгеннен жүз жасқа дейінгі кезеңдегі барлық процесстер қамтылған.

Негізінен, кейіпкеріміз бар күш-жігерін салауатты өмір салтын насихаттауға, тұтастай денсаулықты, сауығу механизмдерін сақтауға және нығайтуға бағыттайды.

Ерболат Дәленов 47 жуық кітап жазған, 540 артық ғылыми мақаланың авторы, соның ішінде 49-ы АҚШ-та жарық көрген. Сондай-ақ, Нью-Йорк Ұлттық ғылыми кітапханасының мүшесі. Еліміздің барлық облыстарында профессордың шәкірттері еңбек етеді, ол 50 жуық магистр, кандидат, ғылым докторын, PhD оқытып шығарды.

Профессор 70 жасында өз денсаулығына мұқият қарайды, Астана қаласының Ардагерлер кеңесі мүшелерінің де денсаулықтарына қамқор болып жүреді.

— Таңертең кесте бойынша жаттығу жасаймын, содан кейін спорттық жүріс, қазір жүгірмеймін, денеге аз ғана салмақ түсіремін. Сондай-ақ күніне бес рет тамақтанамын, — дейді Е.Дәленов. – Ең бастысы өз ағзаңды сезу, тамақтануда да, денеге салмақ салуда да ұстамдылық қажет. Қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырымызда мейірімділік те таныта білу керек. Ешкімге өкпелеп, ренжудің қажеті жоқ, бұдан ағзамыз қатты зардап шегеді.

Халықаралық Қарттар күні қарсаңында Ерболат Дәленов барлық егде жастағы азаматтарды, соғыс және еңбек ардагерлерін құттықтап, өз тілегін білдірді:

«Олар еңселерін түсірмей, әрқашан да жастарға үлгі болып жүреді. Баршаңызға денсаулық пен табыс тілеймін. Біздің көпұлтты еліміздің дамуы мен қалыптасуына үлес қосуды тоқтатпаңыздар».

astana.gov.kz/kk/modules/material/11312
Әрі қарай

1 қазанда Астанада жылыту маусымы басталады

Елорданың баспасөз орталығында қаланың 2016-2017 жж жылыту маусымына дайындығы бойынша брифинг өтті. Ертең, 1 қазанда қаланың әлеуметтік нысандарына жылу беріледі. Барлық тұтынушыларға жылу тұтынатын құралдардың дайындығын қамтамасыз ету, жылыту жүйелерін шаю және жылыту маусымының алдында міндетті түрде тазалау бойынша техникалық талаптар берілді.

— Барлық білім, денсаулық сақтау және мәдениет нысандары толық дайын, «Астана-Теплотранзит» АҚ жылуды қосу туралы өтініш берілді. Қазіргі кезде көппәтерлі тұрғын үй қоры 2250 үйді құрайды, 30 қыркүйектегі жағдай бойынша жылыту маусымына дайындық жұмыстары толық аяқталды. Тұрғын үйлер бойынша ПИК дайындық құжаттары болған жағдайда «Астана-Теплотранзит» АҚ өтінім береді, содан кейін жылу қосылады. Бұл ретте бес күн бойы ауа температурасы +10 болуы керек, — деді қалалық Энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев.

Айта кетейік, жылыту маусымында орташа тариф 2589 теңгені құрайды.

Энергия көздері, инженерлік желілер және тіршілікті қамтамасыз ету нысандары да алдағы жылыту маусымына толық дайын.

2016-2017 жж. жылыту маусымына дайындық кезінде «Астана-Энергия» АҚ негізгі және қосалқы жабдықтарын жөндеу бекітілген кестелерге сәйкес жүргізілді.

Қазіргі кезде ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 жылыту маусымына 100% дайын, аудандық қазандықтар да жылыту маусымын бастауға әзір.

«Астана-Энергия» АҚ отын қорына тоқталсақ: көмір – 241 392 т., мазут – 7 783 т.

2016-2017 жж, жылыту маусымы басталғанша станцияларда отынның нормативтік 20 тәуліктік қоры жасалады, ЖЭО-1 бойынша – 36 140 т., ЖЭО-2 бойынша– 185 420 т.

Сонымен қатар 2016 жылы әр айда көмір жеткізу кестесі бекітілді. Аудандық қазандықтарда қажетті 19 000 т. көмір қорының 16 000 т. бар. Көмір кестеге сәйкес қазан айынан бастап жеткізіледі.

«Астана-Теплотранзит» АҚ жылыту маусымына 100% дайын. «Астана-Теплотранзит» АҚ күрделі жөндеу бағдарламасы бойынша 1,150 км магистральді желіге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 1,432 км тарату желісіне күрделі жөндеу жүргізілді, 100% орындалды. 3 698м2 құбырдың жылу оқшаулауы қайта жөнделді. 2016-2017жж арналған Астана қ. жылумен жабдықтау жүйесі жұмысының режимдік картасы әзірленіп, келісілді.

«Астана-РЭК» АҚ жылыту маусымына 100% дайын. Үстіміздегі жылдың сәуір айынан қыркүйек айына дейін «Астана-РЭК» АҚ күрделі жөндеу бағдарламасы бойынша бірнеше ӘЖ күрделі жөндеу жұмыстары орындалды. «Астана-РЭК» АҚ қызмет көрсетілетін электр желілерінің жалпы ұзындығы 3 631 км құрайды. Шағын станциялар саны – 1 134 бірлік.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11310
Әрі қарай

Елордалық спортшылар спорттық марафон өткізді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Құтқарушылар күніне орайластырылған «Қауіпсіздік әр үйге» спорттық марафонына 30 астам адам қатысты.

Олардың бәрі де тәуелсіз еліміздің төл құрдастары. Шара Астаналық саябақта суда құтқару станциясының жанында өтті. Ерлер 5 км қашықтыққа, ал әйелдер 3 км жүгіреді. Сондай-ақ, шара барысында өрт сөндіру техникасының көрмесі ұйымдастырылды.

-Бүгін күн салқын, сонда да марафонды көтеріңкі көңіл күймен өткіздік. Шараға еріктілер мен «Жас құтқарушы» клубынан балалар да тартылды. Олар елорда тұрғындарына төтенше жағдайлар туралы жаднамалар таратты. Жалпы акция ТЖ саласында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге, күнделікті өмірде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігін азаматтарға түсіндіруге бағытталған, — деді Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығының м.а. Мейрамбек Қайсанов.

Сонымен қатар, акция аясында сүңгуір –құтқарушылар судан құтқаруды іс-жүзінде көрсетті.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11309
Әрі қарай

Елордада «Жыл мұғалімі - 2016» конкурсының жеңімпазы марапатталды

Бүгін Мұғалімдер күніне арналған салтанатты шара барысында «Жыл мұғалімі — 2016» қалалық конкурсының жеңімпазы марапатталды. Аталған байқауда дарынды балаларға арналған №9 мектептің биология пәнінің мұғалімі Ләзім Қасымова үздік атанды.

Шара барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев үздік педагогты және жиналған қауымды құттықтап, сөз сөйледі.

— Мұғалім болу әркімнің қолынан келе бермейді, бұл қызметте қуаныш та, қиындықтар да болады, сіз осы кәсіпке өміріңізді арнап, болашақ ұрпақты тәрбиелеп, оқытып келесіз. Жылдан жылға түлектеріміз, мектеп оқушылары жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Осы үшін зор алғысымды білдіремін, мерекелеріңізбен, — деді Ермек Аманшаев.

Елорда басшысының орынбасары көп жыл еңбек еткен мұғалімдер мен жас мамандарға өз қолынан қызметтік пәтердің кілтін табыстады.

— Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен жыл соңына дейін әкімдік осы дәстүрді жалғастыратын болады. Меніңше, жыл аяқталғанша Тәуелсіздік күні қарсаңында баспаналы болатын мұғалімдер мен оқытушылар саны он есеге артады, — деді Ермек Аманшаев.

Салтанатты шара барысында түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды.

Үстіміздегі жылы №26 «Үміт» балабақшасы үздік деп танылды. Мектептер арасында Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі топ жарды.

«Қосымша білім беретін үздік ұйым» номинациясында М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы көш бастады. Көлік және коммуникация колледжі үздік техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым атанды.

Мамандандырылған ұйымдардың ішінде №3 Психологиялық-медициналық- педагогикалық консультация үздік болды, ал №17 мектеп-гимназия инновациялық мектеп атанды.

Мұнымен қоса, №66 мектеп-лицейдің бастауыш сынып оқытушысы Майя Жұбанышқалиева мен орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі Қанипа Сәбитоваға «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі табысталды.

«12 жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі орталығы» МКҚК директоры Бақыт Қадырова, №6 мектеп-гимназиясының математика мұғалімі Татьяна Анисифирова, №36 ОМ география мұғалімі Лилия Быстрова, №15 мектеп-лицейдің француз тілінің мүғалімі Наталья Пашкова, Энергетика және байланыс колледжінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлия Закирова ҚР Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық наградаларымен, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.
Әрі қарай

Ведомствоаралық комиссия проблемалық нысандарды салу мәселелерін талқылады

Елорда әкімдігінде Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

«Оберег» ТК құрылысы бойынша нысандағы жұмыстардың баяу жүргізіліп жатқандығытуралы Сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілінің өтінішін назарға алды. Комиссия инвесторлардың бастамашылар тобының өкілдерінің отырысқа келмегенін атап өтті, келесі есеп ү.ж. 7 қазанында тыңдалады.

«Тұмар» ТК нысаны бойынша салушының өкілі А. Закариннің «Астана РЭК» АҚ сәйкестік туралы декларацияға қол қою туралы өтініші назарға алынды. Салушы «Астана-Теплотранзит» АҚ ескертулерін жоймағаны және жер мәселесі шешілмегені де айтылды.

Комиссия мүшелері «Айсанам» ЖШС директоры М. Омаровтың паркингте және 7 кіреберісте әрлеу жұмыстарын аяқтау туралы өтінішін назарға алды. Коммуналдық қызметтермен сәйкестік декларациясына қол қою бойынша жұмыстарды тездетіп, нысанды пайдалануға беруге кеңес берілді.

«Ақ шаңырақ» ТК құрылысын аяқтау мәселесі бойынша «Прайс Астана» ЖШС директорының құрылысты аяқтауға арналған 20 млн теңгенің түскендігі туралы өтініші назарға алынды, аталған мәселе ү.ж. 7 қазанында «Прайс Астана» ЖШС құрылтайшысын шақыра отырып, комиссияның қарауына енгізіледі.

«Жағалау-3» ТК бойынша 30 қазанға дейін №5 блок-секцияның, қараша айында №6, 7 блок-секцияларының пайалануға берілетіні белгілі болды. №30 блок-секцияның №3 кіреберісінде сантехникалық жұмыстары жүргізіліп, есептеуіш құралдар орнатылып жатыр. 28, 29 блок-секциялар желтоқсан айында тапсырылады. №37 блок-секцияға 8 инвестор (пайшы) табылды, оны 2017 жылдың сәуір айында пайдалануға беру көзделген.

«Шығыс» ТК қатысты 1А және 1В топтары бойынша сыртқы инженерлік желілерді салу мен қасбеттік жүмыстар жүргізіліп жатыр, 1В тобы ү.ж. 30 желтоқсанында тапсырылады.

Автомобил жолдары басқармасының өкілінің инженерлік желілер мен жолдар салуға мердігерлік келісім жасау туралы өтініші назарға алынды.

Айта кетейік, пайшы инвесторлардың бастамашылар тобына мәселелерді келісім бойынша тараптың міндеттемелерін тиісінше орындау туралы тиісті талаптармен азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде шешу туралы түсіндірілді.

Комиссия МСҚБ және автомобиль жолдары басқармаларына С.В.Котляровпен бірге ВАК-тың келесі отырысына ақпаратты ұсына отырып, магистральды инженерлік желілерді салу кестесін анықтау үшін «Шығыс» ТК пайдалануға берудің кезегін белгілеуге кеңес берілді.

«Квартира НС» ЖШС нысандары бойынша «Араби-1» ТК инвесторларының өкілінен ТҚК 20 инвестордың қосылғаны туралы өтініші назарға алынды. Сот шешіміне сәйкес «Араби-1» ТК объектісінің жер учаскесі тұрғын үй құрылыс кооперативіне берілді. «МАИР-7» ЖШС өкілдерінің шақыруымен пайшылардың жалпы жиналысы 1 қазанда өтеді. «Астана-РЭК» АҚ өкілінің 20 қазанда өрт сөндіру бөлімінің трансформаторлық шағын станциясын іске қосқаннан кейін «Араби-1» ТК электр қуатымен жабдықтау туралы мәселені шешу туралы өтініші назарға алынды. «Араби-2» ТК инвесторларының өкілінің айтуынша, «МАИР-7» ЖШС ынтымақтастық туралы келісімді қарауға ұсынбайды. Комиссия мүшелері Астана қаласы үлескерлерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Н.Чурсинаға Астана қалалық прокуратурасының қарауына енгізу үшін «Араби-2» жер учаскесі мен нысанын ТҚК беру туралы талап-арыз дайындауға көмектесу ұсынылды. Сәулет және қала құрылысы басқармасына «Самал» ТК қабаттарының санын арттыру мүмкіндігін қарау ұсынылды. Бұл мәселе ВАК-тың келесі отырысында «МАИР-7» ЖШС басшысының қатысуымен қаралады.

Салушының (Мұқашева Дәметкен) өкілі А. Сүлейменовтың төлем жасалғандығын растайтын құжаттар мен келісімдер болған жағдайда тұрғын үй бөлігіне қаржы салған инвесторларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге дайын екендіктері туралы өтініші назарға алынды. «Алға Тоқболат» ЖШС инвесторларының бастамашылар тобының өкілдері (үлескерлер) 122 инвестордың растау құжаты (74 тұрғын жай және 48 кеңсе) бар екендігін жеткізді.

Комиссия А. Сүлейменовке бүкіл нысанның құрылысына ақшалай қаржы салған барлық инвесторларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұсынды. Комиссия мүшелері ТҚК мүшелерінің 50% болған жағдайда ТҚК нысанды беру туралы түсіндірді.

«ТамызИнвестГрупп» АҚ нысандары бойынша «Дар» ТҚК өкілінің ТҚК 147 мүшенің енгендігі туралы өтініші назарға алынды. «Территория комфорта — 2» тұрғын үй кешенінінің ТҚК өкілі Парчиева З. 150 мүшенің ТҚК енгендігін хабарлады. Комиссия мүшелері «Орбита» ТК өкіліне нысанды өз бетінше анықтау және пайдалануға беру үшін ТҚК құру қажеттілігін түсіндірді.

Жер қатынастары басқармасына «Алтын Раид» ТК инвесторларының бастамашылар тобына жер комиссиясының хаттамасынан үзінді әкелу, МСҚБ басқармасына – белгіленген тәртіпте «Алтын Раид» ТК коммерциялық орынжайларының қызметін тоқтатып қою бойынша шаралар қабылдау ұсынылды. ВАК-тың келесі отырысына сәулет және қала құрылысы мен жер қатынастары басқармалары кезекші жоспар аясында «Территория комфорта — 2» ТК бойынша жер учаскелерінің меншік иелері туралы ақпаратты ұсыну керек;

З. Парчиевке трансформаторлық шағын станцияға қосылу туралы ақпарат алу үшін «Астана РЭК» АҚ жүгіну керек. «Право на жилье» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.А. Бөлегеноваға «Алматы» ауданының әкімдігімен бірге «Орбита» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен құрылысты аяқтау және нысанды пайдалануға беру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

«Номад Строй ЭК» ЖШС нысандары бойынша (Логвинов А.С.) салушының «Есіл-2» ТК, «Фьючи Хом» ТК нысандары бойынша жер учаскелерін ТҚК атына қайта рәсімдеу және «Есіл-2» ТК пайдалануға беру туралы ВАК ұсыныстарын орындамағаны атап өтілді. Логвиновтың А.С. «Астана-финанс-холдинг» микроқаржылық ұйымы» ЖШС ү.ж. 28 қыркүйегіне дейін қаржы алу жөніндегі мәселелерді шешу туралы өтініші назарға алынды.

«Прага Үйі» ТҚК төрайымы Дәрібекова М.Ж. «Прага» ТК («Селигер-К» ЖШС) 21 инвесторы жәбірленуші деп танылғандығы туралы, сондай-ақ, 16 мүшенің ТҚК енгенін жеткізді.

ВАК мүшелері «Прага» бастамашылар тобына құрылысты аяқтау және инвесторды тарту мәселелері бойынша ТҚК мүшелерінің жалпы шешім қабылдағаны түсіндірілді.

ВАК отырысына «КазМунайСтрой КЗ» ЖШС басшылары қатыспағандығы атап өтілді. «Созвездие» ТК инвесторы Копабаева К. «КазМунайСтрой КЗ» ЖШС осы тұрғын үй кешенінде үш бөлмелі пәтер сатып алу және 21 351 583 теңге көлемінде ақша төлеу туралы келісім жасалғандығы туралы хабарлады. Сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілі аталған жер учаскесінде қонақ үйдің құрылысын жүргізу жоспарланғанын жеткізді.

ВАК К. Копабаеваға алаяқтық фактісі бойынша Ішкі істер департаментіне жүгінуге кеңес берді.

«Доступный капитал» ТҚК құрылтайшысы А.Е. Жұмабайдың «Керуен» ТК құрылысын тоқтатып қою және рұқсат құжаттарын қайта рәсімдеуді бастау туралы өтініші назарға алынды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11297
Әрі қарай

Адам капиталы. Білім беру жүйесінің жаңаша бағыттары.

Қазақстанның қуатты мемлекет болып қалыптасуының негізі -білім беру жүйесі. Білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет -білім сапасын арттыру деп білемін.
Осы орайда елбасы Н.Ә.Назарбаев :<<Блашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін білім>>eкенін айта келіп, ол үшін <<Бізге экономикалық және жаңа форматқа сай білім жүйесі қажет>>,- деп білім беру жүйесін жетілдіруді алға қойған болатын.Меніңше білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, сонымен қатар, оларды қолдану, сауаттылығын, құзіреттілігін қалыптастырады. Бұл құндылықтар қазіргі тәрбие жұмыстарының негізі болуы керек.
Дәстүрлі білім беруді артта қалдырып, біршама уақыттан бері Қазақстанда оқу процесінде жүзеге асырылып жатқан <<Кембридж >> тәсілі де өте пайдалы, әрі нәтижиелі деп білемін.Ондағы топтық жұмыстар, көрнекіліктермен жұмыс, жаңа технологиялар мен сан түрлі тәсілдер тәрбиеленушінің толыққанды, жан жақты білім алып,өзін жетілдіруге үлкен үлес қосары хақ.Мұнда тәрбиеленушілер толық қамтылып, әрбірінің пікірі ескеріледі.Техниканы (компьютер) тиімді пайдалану тәсілін де меңгеруге жәрдемдесетін білім жүйесіндегі бұл бағдарлама, жастардың білімі мен біліктіліктерін арттырып, шеберліліктерін жетілдіреді деген ойдамын.
Әрі қарай

Жастар саясаты жүзеге асырылуы

Мен белсенді жастардың бірімін.<<Мәңгілік елді>> мәңгілік етер ол-жастар деп білемін.Йа, елімізде жастар үшін сан түрлі жағдай жасалып, мүмкіндіктер берілуде. Тегін білім, түрлі шәкіртақылар, қол жетімді баспана мен тұрғылыұты жұмыс. Жазсаң да, айтсаң да жетерліктей. Қарапайым студент болғандықтан жастар жайында, аз кем білгенім мен түйгенім бар.Көп ойландым… Елімізде көп жағдайлар қарастырылған, іске асып та жатыр. Алайда, неге көңілі толмайтын жастар мен ата аналар бар?
Болашақ ұстазбын.Менің мамандығымда оқитын кей жастар бірі қой аузынан шөп алмас момын болса, кей бірі аңқау,<< сен тимең мен тименің>> кейіпі.Тағы бірі, білмесе де білгіштік сыңай танытады. Сауатты, көзі ашық, өзін де, өзгені де жетелеп жүрген жүздеген білімді, белсенді жастарымыз да жетерлік! Тек, ештеңеден хабары жоқ және білгісі де келмейтін, білмесе де білдім, толдым дейтін жастардың, міне осы дәл біздер үшін, жасалып жатқан сан түрлі жеңілдіктер мен жағдайлар жайлы толық білмеуі, атап өткен көңіл толмаушылыққа ікеледі-ау…
Қарапайым ғана мысал, ақылы бөлімде оқитындықтан қаржы жағынан қиындықтар болатындығы анық. Йа, <<неге бізге былай істемейді, солай істемейд>>дегендей сөздерді өзім сынды жастардан көп естимін.Алайда, республикада, әр өңірлерде біздер үшін жарияланған түрлі конкурстар бар емеспе.Қажетті құжаттарды өткізсең болғаны.Бар болғаны әлеуметтік желіні тиімді пайдаланып, қажетті ақпараттардан хабардар болу. Мемлекетте жастар үшін өте көп мүмкіндіктер жасалған. Жастар саясатының да жүзеге асырылуы өз деңгейінде деп білемін.Тек бар болғаны барды бағалап, тиімді пайдалану!
Әрі қарай

Жоғары оқу орнында ғылыммен айналысамын десеңіз

Университет-қызметі Іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің барлық деңгейінде ғылымның, теxника және мәдениеттің табиғи-ғылыми, гуманитарлық және басқа бағыттарын кең көлемде оқыту арқылы білімнің,ғылымның және мәдениеттің дамуына бағытталған жоғары оқу орыны. Университет,xалық арасында мәдени-ағартушылық қызмет атқаратын және ғылыми білімді таратуға мүмкіндік туғызатын, білім,ғылым және мәдениетті дамытудың жетекші орталығы болып табылады.

https://instagram.com/p/BK8oaXBjwjD/
Әрі қарай

Қарапайым кәсіп нәсіп бола ма?!

Қазақстандағы кәсіпкерлік бүгінде жаппай деңгейге көтеріліп отыр. Мұны 2001 — 2009 жж. аралығында заңды тұлғалардың шағын және орта бизнестің ұйымдық-құқықтық құрылымындағы үлесінің 1,8 есеге дейін қысқарғаны, ал жеке кәсіпкерлер үлесінің 1,4 есеге өскені жөніндегі мәліметтер растайды. Ал шағын және орта бизнес субъектілері шығаратын өнім көлемі 4 есе дерлік өскен. Сонымен қатар, кәсіпкердің беделі мен бет-бейнесі де бұқара халық арасында түбегейлі өзгерген. Көпшілік санасында «кәсіпкер дегеніміз – бұл алып-сатар», «бизнес әділ болмайды» деген сияқты стереотип жойылып барады.
Кәсіпкерлік қазақстандық қоғамның әлеуметтік өмірімен тығыз ұштасып кеткені көрініп тұр. Бұл дегеніміз, қазақстандық шағын бизнестің әлеуметтік-демографиялық портретінен — халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымының да көрінісін айқындауға болатынын білдіреді.
Дегенмен шағын қалалардағы және ауылдардағы кәсіпкерлер жергілікті шенеуніктердің қысымын, «белден басу» әрекеттерін әлі де болса көріп келеді. Осы тұста, өз бизнесін тоқтатуға мәжбүр болған немесе кәсібін доғаруға бет бұрған кәсіпкерлер санаты арта түскен. Мұндай жайттардың басты себебі, бәсекелес орта және бизнестің ішкі даму факторлары болып отыр.
Бүгінде қазақстандық бизнес қоғамның барынша белсенді және серпінді бөлігін өз қатарына шоғырландырып отыр.
Кәсібің қарапайым болса да ілгері басса- нәсібің болары анық!
Әрі қарай