Тәліптер шабуылына ұшыраған Құндыз шаһарынан мыңдаған адам босып кетті

Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз қаласынан ондаған мың адам босып шықты. Қалада үкімет күштері мен «Талибан» қозғалысы соғысып жатыр.Блог - TalgatBukharbayev: Тәліптер шабуылына ұшыраған Құндыз шаһарынан мыңдаған адам босып кетті
БҰҰ мәліметі бойынша, содырлар қалаға шабуылдаған күн — 3 қазаннан бері Құндыз қаласынан кем дегенде 33 мың адам қашып шықты.
Кескілескен ұрыс жұрып жатқан стратегиялық маңызды қалада ауы су, азық-түлік, дәрі-дәрмек тапшы, электр қуаты жоқ. Ауғанстанның босқындар жөніндегі министрлігі Құндыздан 100 мың адам босып кетті деп отыр.
Әрі қарай

Менің әпкем

Менің Зульфира есімімді әпкем бар. Ол ХҚТУ педагогика және психология саласын тәмамдаған. Себебі ол адамдардың сөйлеген сөздерінен, түрінен қандай адам екенін айтып бере алады. Менің әпкем ақылды, әдемі, пысық, маған әрқашан қолдау көрсетеді. Мен қиналған сәтте, ауырған кезде әркез қасымнан табылды. Екеуміздің арамыз 8 жас. Оны сыйлаймын, құрметтеймін және ақылын тыңдаймын, Екеумізді көрген адам " мәссаған бір — біріннен айнымайды" деп бұрылып қараған кездер болды. Ия, сыртқы бейнеміз ұқсайды, бірақ ішкі әлеміміз екі бөлек. Қазірдің өзінде жақын адамдарымыз екеумізді шатастырады. Көп адам мен оның сіңлісі екеніме сенбей жатады. Өйткені ол менен аласа, мен одан ұзынмын. Ол маған ақылын айтады, ұрсатын жерде ұрсып алады. Менің әпкем өте жақсы адам. Сондай әпкем барына шүкіршілік айтамын. Қазір әпкем тұрмыста. Блог - AidaAryslanova: Менің әпкем
Сүйген жарымен, тәп — тәтті ұлымен бақытты ғұмыр кешуде. Әпкеме еліктеймін, әпкем сияқты болғым келеді. боламын, бүйыртса) Әпкем мен жездеме отбасы бақытын тілеймін!!!
Әрі қарай

Елордалық дәрігерлер тұмауға қарсы вакцина жасауға шақырады

Жыл сайын күн суығанда тыныс алу жолдарының вирусты инфекцияларына шалдыққан адамдар саны артады. Тұмаудан қорғанудың ең тиімді жолы екпе жасату болып табылады. Иммундау үшін ең қолайлы кезең — қазан-қараша айлары.

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі заманғы вакциналар аса тиімді, қауіпсіз және алты айдан асқан балалар мен ересектер арасында тұмаудың алдын алуға бағытталған. Иммунитетті күшейтуге 2 күннен 7-15 күнге дейін уақыт қажет және ол 6 айдан 12 айға дейін сақталады.

Вакциналау тұмауға жатпайтын басқа вирустық инфекцияға қарсы қорғауды қамтамасыз етпейді, бірақ вакцинация аурудың өте жеңіл түрде өтуіне сеп болады және оның асқынуына жол бермейді.

Тұмауға қарсы вакциналау екпенің Ұлттық күнтізбесіне жатпайды, оны ақылы екпе жасау пунктерінде салғызуға болады. Атап айтқанда, № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10 қалалық емханаларда, сондай-ақ «Интертич» ОДА (Кенесары, 1), «Медлайн» МО (Күмісбеков к-сі, 8), «Медикер» МО (Қабанбай батыр даңғ., 17), «Ореn Clinik» МО (Отырар к-сі, 8/2), «Фармаком» ҚФК ЖШС (Майлин к-сі, 15), «Интертич Астана Медициналық Ассистанс» МО (Мәскеу к-сі, 38 А), «Медикал Ассистанс групп» ЖШС (Сығанақ к-сі, 21/1), «Архимедес Қазақстан» ЖШС (Сарайшық к-сі, 5).

Айта кетейік, биыл Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына екпе жасау үшін тұмауға қарсы «Гриппол» вакцинасының 15055 мөлшері сатып алынды. Екпе Балалар үйінің, нәрестелер үйінің тәрбиеленушілеріне, Мүгедектер үйіндегі тұлғалар мен соғыс ардагерлеріне, сондай-ақ, «тәуекел топқа» жататын балаларға, екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдерге салынады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11382
Әрі қарай

Астананың жасыл белдеуінде 23 километрлік веложол салынды

Елорданың «жасыл белдеуі» аумағында ені 2 метрлік жалпы ұзындығы 23 км жаңа веложол салынды.

Бүгін Қорғалжын тасжолында орналасқан веложол ашылды. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұқаралық велошеруге елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен бокстан Риодағы Олимпиада Чемпионы Данияр Елеусінов қатысты.

— Астанада салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық шаралар жиі өткізіледі, осы жолы және жақында өткен марафон және басқа да ірі шаралар. Сол себепті елордамызды елміздегі ең спорттық қала деп атауға болады,- деп атап өтті Е. Аманшаев.

Велошеруге қатысу үшін 80-ге жуық адам жиналды. Олардың арасында олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері, «Астана Орманы» компаниясының қызметкерлері, спортшылар және велоспортпен әуестенетін қала тұрғындары бар.

Велошабандоздар Ильинка кентінен бастап Қосшы кентіне дейінгі жолды еңсерді. Жасыл белдеудің аумағында веложол салу — Астана қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу Басқармасының бастамасы. Басқарма жетекшісінің орынбасары Танысбек Арашапов атап көрсеткендей, веложолақты төсеу жұмыстары екі ай ішінде толықтай аяқталды. Пайдалану мерзімі – 10 жылға жуық.

— Отырғызылған жасыл желекті аумақты тиімді пайдалану және Астананың «Жасыл белдеуін» одан ары дамыту мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін велосипед жолы салынды. Демалушылар осы жерде демалыс күндерін өткізіп, табиғат аясына велосипедпен шығып, таза ауамен тыныстай алады. Велосипед жолының бойымен демалуға арналған 6 күрке орнатылды. Ал қыста бұл жерде шаңғы трассасы болады, — деді Танысбек Арашапов.

Алайда ол демалушыларға тазалық сақтау және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау қажеттігін еске салды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11380
Әрі қарай

Биыл 100 астам адамға әлеуметтік қолдау көрсетілді

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік қолдау көрсету бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Биыл 100 астам адамға түрлі ақшалай төлемдер төленіп, нақты қызметтер көрсетілді, соның ішінде 71361 — зейнеткер, 20265 – мүмкіндігі шектеулін жан, 7406 – көп балалы отбасы, 4197 – көп балалы ана, 3000 – тұрмысы төмен отбасы. Бұл туралы қалалық Қоғамдық кеңес отырысы барысында Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Артем Абильдинов мәлімдеді.

Үстіміздегі жылы әлеуметтік төлемдерге 4 млдр 570 млн теңге бөлінді. Қаңтар-қыркүйек айларында жергілікті бюджет есебінен мүмкіндігі шектеулі жандарға, соның ішінде балаларға, зейнеткерлерге тегін қызмет көрсету және ақшалай төлем жасау түрінде 1 млрд 997 млн теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемаларына назар аудару, мемлекет тарапынан қамқорлық көрсету мақсатында 2 қазанда ҚР Мүгедектер күні аталып өтіледі.

— Қалада мереке аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше назар аудару дәстүрі қалыптасқан. Ұйымдар мен кәсіпорындар түрлі қайырымдылық шараларын өткізеді. Жыл сайын Мүгедектер күніне орай бес мың теңге мөлшерінде бір реттік материалдық көмек көрсетіледі. 2016 жылы 19 мыңнан астам адамға аталған көмекпен қамтылды, — деді Артем Абильдинов.

Қазіргі кезде елордада 20265 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады, бұл жалпы қала халқының 2%. Жыл басынан бері 8000 астам адамға түрлі әлеуметтік қолдау көрсетілді. Қозғалыс жасауда қиындыққа тап болатын астаналықтар үшін 2010 жылдан бері инватакси қызметі жұмыс істеп келеді. Инватакси автопаркінде 18 машина бар. Айта кетейік, жыл басынан бері 1500 адам тасымалдау қызметін пайдаланған.

Сондай-ақ, қалада азаматтардың аталған санаттарына қызмет көрсететін орталықтар ашылған, деді А.Абильдинов.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11371
Әрі қарай

Әсет Исекешев қалалық Ардагерлер кеңесімен кездесті

Астана әкімі Әсет Исекешев Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есіловпен және ардагерлер ұйымының мүшелерімен кездесті.

Елордада ардагерлер мен зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі кешенді шаралар қолға алынды. Зейнеткерлер қоғамдық көлікпен тегін жүреді, Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер ай сайын жергілікті бюджет есебінен коммуналдық төлемдер мен телефон үшін абоненттік төлем жасау және т.б. үшін ақшалай түрде әлеуметтік көмек алып тұрады.

— Президент өзінің Жолдауларында мемлекеттің халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік қолдау көрсетуге қаржы аямайтынын және мойнына алған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындайтынын атап өтеді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемінің көлемі 9% артты, мүгедектік, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына қарай төленетін мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің мөлшері 7% өсті, — деді Ә. Исекешев.

Оның айтуынша, елордада ҰОС ардагерлері баспанамен қамтылды, қалалық әкімдік зейнеткерлер мен ардагерлерге қолдау көрсетуді жалғастырады.

Өз кезегінде, ардагерлер мен зейнеткерлер әкімге қала тұрғындарын мазалайтын мәселелер жайлы айтып берді. Жақын арада қалада ардагерлердің бос уақытын тиімді өткізуіне арналған шағын орталықтар ашылады. Мұқтаж азаматтарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге де баса назар аударылды. Жиналғандар дәрілік заттардың бағасының негізсіз өсуіне жол бермеудің маңызды екендігін атап өтті. Кездесу соңында қала әкімдігінің тиісті басқармаларына тапсырмалар берілді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11370
Әрі қарай

Түмен қаласында «Астана – Еуразия жүрегі» көрмесі ашылды

Түмен қаласында «Астана – Еуразия жүрегі» көрмесі ашылды. Экспозиция қаладағы, жалпы аймақтағы жарқын мәдени оқиғалардың бірі. Түмен облысының әлеуметтік-саяси тарихы мемлекеттік мұрғатында жүзден астам экспонат көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Көрменің мақсаты – деректі мәліметтер арқылы еліміздің бас қаласы туралы әңгімелеу. Кеңестік кезең қаланы телефондау мен радиофикация, көшелердің атауларын өзгерту, негізгі кәсіпорындар – «Қазақсельмаш», сорғы зауытын, Қазақ теміржол басқармасын құру туралы құжаттармен сипатталады.

1950-1960 жж. – тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңі Қазақстан астанасының тарихында ерекше орын алады. Ақмола өңіріндегі тың игеру кезеңі бойынша азаматтардың өтініштері, алғашқы тың игерушілердің фотосуреттері ұсынылған.

Көрме бөлімдерінің бірі Қазақстанның жаңа астанасына арналады. Мұнда қаланы қайта атау туралы жарлықпен, елорданы салу барысы туралы материалдармен, қаланың төлқұжатымен, бас жоспарымен, Астананың суреттерімен және т.б. танысуға болады.

Сонымен қатар, қазақ халқының қолданбалы өнер бұйымдары мен тұрмыстық заттары да көрмеге қойылды: ұлттық киімдер, белгілі шеберлердің зергерлік бұйымдары, музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз).

Қазақ халқының тұрмысы мен бай мәдениеті туралы кеңінен жеткізетін экспонаттарға Түмен тұрғындары үлкен қызығушылық танытып отыр.

Қазақстанның Түмендегі құрметті консулы Сеялхан Мақаш бір күн бұрын Астанада Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен шекара маңындағы ынтымақтастық форумы өткенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай шаралар мемлекет басшыларының ниеттерін іске асырудың белгісі болып табылады.

Шара барысында облыстық дума депутаты Юрий Конев, Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Есімхан Жантасов және Түмен облысының әлеуметтік-саяси тарихы мемлекеттік мұрғатының директоры Елена Долгушина сөз сөйледі.

Қазақстандық делегация басшысы, Астана қаласының мемлекеттік мұрағат директоры Балқия Баймағанбетова құрметті консулға шапан кигізіп, түмендіктерге қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы мәдени байланыстың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Шара аясында Астана туралы фильм көрсетілді, Түмен облысындағы қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы мен Түмен облысының әлеуметтік-саяси тарихы мемлекеттік мұрғаты арасында ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды.

Экспозиция Астана мен Түмен облысының мұрағаттарының арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім аясында Астана қаласының мемлекеттік мұрағатымен ұйымдастырылды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11361
Әрі қарай

Сыртқы жарнама орналастыру тәртібі мен шарттарына толықтырулар енгізіледі

Көпшілік тыңдау өткізу аясында қалалық мәслихат депутаттары Астанада сыртқы жарнама орналастыру тәртібі мен ережелерін сақтауға қатысты проблемалық мәселелерді көтерді. Шараға Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының, кәсіпкерлер палатасы мен бизнес қоғамдастық өкілдері қатысты. Тараптар бірқатар маңызды мәселелерді талқылап, сыртқы жарнама орналастыру саласындағы бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар жасады.

Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының хабарлауынша, рейдтік іс-шаралар барысында бұзушылықтар анықталып, кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған ведомствоның мәліметінше, бүгінде Астанада 50 жарнамалық компания қызмет етеді. Бірақ «Сыртқы жарнаманы орналастыру туралы» заң талаптарын бәрі бірдей сақтамайды. Өрескел бұзушылықтарға жол беріліп, жарнамалар елорданың сәулеттік келбетіне сай келмей отыр. Депутаттар барлық мәселелерді ескере отырып, жарнама қызметін лицензиялау ережелерін енгізуді ұсынды. Бұзушылықтар тіркелген жағдайда, компания лицензиясынан айырылмақ.

Мұнымен қоса, жарнама мәтіндерінің мазмұнына, әсіресе қазақ тіліндегі аудармасына да ерекше назар аударылады. Тілдерді дамыту басқармасына жарнаманың идеологиялық және тәрбиелік мәнін естен шығармай, мағынасы мен аударманың сапасына қатаң бақылау жүргізу тапсырылды.

Көпшілік тыңдау қорытындысы бойынша елорда шегінде болашақта еліміздің барлық өңірлерінде қолдану мүмкіндігімен бірыңғай ережелер әзірлеу ұсынылды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11350
Әрі қарай

Әсет Исекешев бірқатар инфрақұрылым нысандарының құрылысымен танысты

Астана әкімі Әсет Исекешев бірнеше инфрақұрылым нысандарының құрылысымен танысты.

Елорда әкімі «Бәйтерек» қосалқы электрстанциясының құрылысымен танысты, оны 2017 жылы қаңтарда іске қосу көзделген. Шағын станция Жаңа вокзалды, №15, 16 сорғы станцияларын және әлемдік деңгейдегі «Кәсіпқор» колледжін электр энергиясымен жабдықтайтын болады.

Әсет Исекешев ғимаратының құрылысы аяқталған №15 сорғы станциясын да аралап көрді. Мұнда сорғыларды, құбырларды, инженерлік желілерді (су құбырын, кәріз, нөсер кәрізін) монтаждау жұмыстары жүргізілді. Электр және БӨҚжА, технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесін монтаждау, ішкі әрлеу жұмыстары жалғасуда.

Сорғы станциясын 2016 жылдың 15 қазанында іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ, Астана әкімі ЖЭО-2 жаңғырту және қалпына келтіру барысымен танысты.

Сапар соңында Әсет Исекешев №9 қалалық емханаға ат басын тіреді. Емхананың жалпы ауданы 9935,1 шаршы м, мекеме заманауи емдеу-диагностикалау жабдықтарымен жабдықталған білікті мамандар қызмет ететін 11 бөлімнен тұрады. 2016 жылдан бастап емханада Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жж. арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында аурудың алдын алу мен басқаруға интеграциялық тұрғыдан қарау негізінде қоғам денсаулығын қорғау бойынша жаңа саясат қолға алынып, эндоскопиялық полипэктомия мен гистероскопиялық операциялар практикаға енгізілді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11349
Әрі қарай

Ақтөбе облысында "Жаңа дем" бағдарламасы өз бастауын алды

Блог - astananews: Ақтөбе облысында  Жаңа дем бағдарламасы өз бастауын алды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлау аясында Қазақстан жастарының конгресі «Жаңа дем» пилоттық жобасын жүзеге асырды. Аталған жоба қыркүйек айының 17 жұлдызында Ақтөбе облысында бастауын алды.
«Жаңа дем»бағдарламасы ауылдық елді мекендердің жандануына және оларға қолдау көрсетіп, жастарды көркейтуге шақыруға бағытталған. Жастар топтары Мартукск ауданындағы Веренка селосына аттанды. «Қазақстан жастарының конгресінің» Ақтөбе облысындағы белсенділері, «Жас Ұлан» аймақтық қоғамдық ұйымы, Қазақстан студенттерінің Альянсы өкілдері Нудьга Вера, Будко Александра, Божко Нина Максимовна, Прокопало Мила Константиновна атты ұстаздық еңбектің зейнеткерлерінің үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізді.
«Жас Ұлан» облыстық Кеңесінің мүшелері Веренко аулының мектеп оқушыларына тренинг жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Балалармен жеке әңгіме-дүкен құрылғанда, Ақтөбе қаласының 55-мектебінің аға тәлімгері Таирова Айшерім мектеп мұғалімдеріне білім реформалары бойынша өз үлгісінде үш тілді білудің маңыздылығы туралы мастер-класс өткізді.
Ақтөбе облысының Қазақстан студенттерінің Альянсы жетекшісі Дәурен Есалиев тұлғалық өсу туралы тренингтер мен ауыл жастары арасында team-building өткізді.
— «Жаңа дем» жобасы Қазақстанның 4 облысында өткізіледі, атап өтсек: Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы. Ақтөбе облысы бойынша 4 ауылда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, ауыл жастарына мастер-класстар, тимбилдингтер мен бизнес-тренингтер өткізіледі, — дейді Қазақстан жастарының конгресінің аудандық өкілі және «Жас Ұлан» аудандық қоғамдық ұйымының жетекшісі Диана Гафсалимова.