Қарапайым кәсіп нәсіп бола ма?!

Қазақстандағы кәсіпкерлік бүгінде жаппай деңгейге көтеріліп отыр. Мұны 2001 — 2009 жж. аралығында заңды тұлғалардың шағын және орта бизнестің ұйымдық-құқықтық құрылымындағы үлесінің 1,8 есеге дейін қысқарғаны, ал жеке кәсіпкерлер үлесінің 1,4 есеге өскені жөніндегі мәліметтер растайды. Ал шағын және орта бизнес субъектілері шығаратын өнім көлемі 4 есе дерлік өскен. Сонымен қатар, кәсіпкердің беделі мен бет-бейнесі де бұқара халық арасында түбегейлі өзгерген. Көпшілік санасында «кәсіпкер дегеніміз – бұл алып-сатар», «бизнес әділ болмайды» деген сияқты стереотип жойылып барады.
Кәсіпкерлік қазақстандық қоғамның әлеуметтік өмірімен тығыз ұштасып кеткені көрініп тұр. Бұл дегеніміз, қазақстандық шағын бизнестің әлеуметтік-демографиялық портретінен — халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымының да көрінісін айқындауға болатынын білдіреді.
Дегенмен шағын қалалардағы және ауылдардағы кәсіпкерлер жергілікті шенеуніктердің қысымын, «белден басу» әрекеттерін әлі де болса көріп келеді. Осы тұста, өз бизнесін тоқтатуға мәжбүр болған немесе кәсібін доғаруға бет бұрған кәсіпкерлер санаты арта түскен. Мұндай жайттардың басты себебі, бәсекелес орта және бизнестің ішкі даму факторлары болып отыр.
Бүгінде қазақстандық бизнес қоғамның барынша белсенді және серпінді бөлігін өз қатарына шоғырландырып отыр.
Кәсібің қарапайым болса да ілгері басса- нәсібің болары анық!
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше