"Күнің бір айлыққа қарап қалсын"

Блог - BalgynBalgyn: Күнің бір айлыққа қарап қалсын

Сипаттамаса да өзіңізге аян еврей деген ұлттың ең жаман қарғысы осы дейді. «Білме, білгеннің тілін алма»,-деген біздің қазақтың «соңғы нүктедегі» лағнет сөзі болса, жебрейдікі — тақырыпта.

Блог - BalgynBalgyn: Күнің бір айлыққа қарап қалсын
Әлем мойындаған қаржыгерлердің (өзім оқыған Киосаки, Шефер, Трейсидің сөзіне жүгініп отырмын) бәрі «бірнеше табыс көзі болу керек»,-деп қайталай беретіндей де бар. Трейси демекші, Трейси бірнеше ай бұрын Алматыда ақылы тренинг өткізді. Мұхит асып келгенде билет құны аз ақша болмағанын білеміз. Әрине, аты жер жаһады жаулаған алыптың берері көп.
Блог - BalgynBalgyn: Күнің бір айлыққа қарап қалсынҚазақта да Трейси пайда болды. Қателеспесем, 3 жылдан бері сапалы қазақ "өндірем" деп шырылдап жүр. Ахметбек Нұрсиланы айтам да. Қазақ үшін Брайннан артықшылығы бар. Қолға таяқ ұстатқандай, кәсіп көзін өзі тауып беріп жүргенін интернеттен көп болды оқығаныма. Құмар деген жігіт біздің филология факльтетін бітірген болатын, сол кісінің бастамасымен 5 айда 9 миллион теңге таптым деп жүр. Керемет қой.

8-)8-)8-)8-) Өмірлік қағидамның беки түсуіне септігін тигізер ой түйіп қайтармын. Тәуекел деп Ахметбек Нұрсиланың 3 қарашада өткізетін тренингіне қанатымды қомдап қойып отырмын. Алақанға шырт түкіріп, ысқылап, күн санап жүргенде 1 қараша болып қойыпты. Алматыда жүрген достарымның барлығын шақырдым. Оқысаңыз, сіз де жүріңіз. Трейси сияқты ақша сұрамайды, тегін.
Осы бейсенбіде кешкі сағат 7-де Спорт және туризм академиясына (Абай/Байтұрсынов) келсеңіз, күтіп алам! :):):):):):)
Әрі қарай

Тәуелсіздік жетістіктері

Қазан айының соңғы күнінде Әлмұратов Бақыт ағайыммен сұхбаттасқан едім.Сұхбат «Тәуелсіздікке 25жыл»тақырыбы аясында көрініс тапты: -Аға, 25жыл ішінде орын алған өзгерістердің айтулы, елеулісі деп нендей өзгерісті айтар едіңіз? -Меніңше ең елеулі ол ұлттық сананың оянып,ұлғайғаны.Жалпы қазір кемшік іздеушілер көп.Айтқым келгені өзге елдермен ел жағдайын салыстырар болсақ, әлдеқайда көш ілгері келе жатқанымызды аңғарар едік Қарапайым Халыққа қызмет көрсету орталығы сынды дүниені алайық.Бізде барлығы дайын, бар…Енді алпауыт Ресейді қараңыз, онда мұндай сынды қызмет көрсету орталықтары жұмыс жасамайды екен.(Ағам өзге де бірнеше шет елдерді мысалға келтіре және біршама жетістіктерді айта кетті) -Өзіңіз атап өткен жетістіктер аясында жастардың үлесі қаншалықты деп ойлайсыз? -Әрине, жастар үлесі өте зор! Жастар- алға сүйреуші күш! Осы бір тұста айта кетейін, жастар арасында сауалнама жүргізгенде «Сізді саясат қаншалықты қызықтырады?»деген сауалға 52,8%-қызықтырады десе,12%-ы жауап беруге қиналып,қалған пайызы қызықпайтындықтарын білдірген екен.»Қай сала маңызды»сауалына:14%--ы бизнес, кәсіпкерлік,21%-ы мансап,қызметте жоғары өрлеу десе, 10,9%-ы саясат,қоғамдық жұмыс, волонтёрлық деп, 9,4%-ы білім беру жүйесі, спорт деп ой білдірген.Алайда ең алаңдатарлық жауап небәрі 2,8%-ы ғана отбасы деп жауап берген екен.Қазір қоғамның 30%-ын жастар құрайды.-деп өз ойын білдірді. -Қазіргі таңда өзіңіз білім саласында жұмыс атқарып жүрсіз аға.Осы орайда білім саласында орын алған өзгерістер жайлы қандай ой айтар едіңіз? -Бізге реформадан көрі модернизациялау жүргізу керек секілді.Енді барша өзгерістерге келісемін деп айта алмас едім.Мысалға ,12жылдық беру сынды дүниелер дұрыс-ақ, алайда,1сыныптан бастап жаппай ағылшын тілін оқыту дегенге қарсымын.Бала 5-сыныптан бастап ағылшын тілін меңгерсе де кеш қалмайды.Үш тұғырлы тіл өте керемет дүние бірақ меніңше, бала қай тілде білім алу керектігін өзі таңдаса…(Осы тұста ағамыз орын алатын біршама қиыншылықтарды айта өтті). Мысалға, Түркияны алсақ. Бұл мемлекет жаппай ағылшын оқытқызбайақ ,өз тілдерінде білім беріп,қазіргі таңда дамыған 20елдің қатарында!(17орында),-деп өз сөзін аяқтады.
#Тәуелсіздікке25жыл
Әрі қарай

Модаға айналған қара резинка

ХХІ ғасырдың модасына айналған «Чокер» жайлы тақырыпты қозғасам, қалай қарайсыздар? Жалпы, чокер дегеніміз не? Уикипедия браттын айтуынша: Чокер — тамақты жауып тұратын алқа. Алғаш рет б.з.б. ІІ ғасырда пайда болды. Сол кезде оны Майя тайпасы мен үндістер қолданатын. Одан кейін гректер мен римдіктердің келіншектері тақты. Сәндік үшін емес белгілі бір тайпаның мүшесі немесе мойынды қорғау мақсатта ғана. Блог - DinaAbdigalieva: Модаға айналған қара резинка
ХVI ғасырда Испанияда чокерді түнгі көбелектер тағатын. Яғни, қара түсті, резинкалардан өрілгендерін ермек қылған. Сол кезде «бұрыс» жолға түскен қыздар қаптап кеткен. Ер адамдарға да бірден қандай бойжеткенмен сөйлесіп тұрғаны белгілі болды. Ал, Англияда жағдай мүлдем басқаша еді. Себебі, лауазымды әйелдер мойындарын ұзарту мақсатында моншақтардан жасалған чокерлерге құмарлығы артты. Сөйтіп, сөйтіп трентке енді. Жалпы, «ерекше» алқаның шығу тарихы осылай.
Бүгінде талай қыздарымыз модадан қалыс қалмай, әп-әдемі боп жүр ғой.)(( Жарасатына бар, жараспайтыны да бар.Бірақ қалай дегенменде әр нәрсенің шығу тарихын білген жөн.
Әрі қарай

Астанада Алматы қаласының Мәдениет күндері өтеді

Астанада қарашаның 4-6 аралығында оңтүстік астананың Мәдениет күндері өтеді. 5 қарашада «Алматы — Тәуелсіздіктің алтын бесігі» мультимедиялық көрмесі және қала тарихы мұражайының қорынан экспонаттар ұсынылатын фотокөрме ашылады.

Көрме экспозициясы Жетісу мен Алматының сол уақыттан бүгінгі күнге дейінгі кезеңі бейнеленген бірегей тарихи фотосуреттерден құралған. Сондай-ақ, келушілерге қала ішімен 3D-тур ұсынылады, онда мегаполистің ең танымал мәдени нысандары енгізілген. Көрме 2016 жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады.

5 және 6 қарашада Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында «Алтын Адам» эпикалық спектаклі және мерекелік «Куклы шоу» спектаклі қойылады. Шараны ұйымдастырушы — Алматы қ. Мәдениет және мұрағаттар басқармасының Мемлекеттік қуыршақ театры. Сондай-ақ, театр фойесінде екі күн бойы қуыршақтар көрмесі өтетін болады.

5 қарашада сағат 15.00-де Ұлттық кітапханада жас ақындар Ғалым Жайлыбай, Маралтай Ыбыраев, Қасымхан Бегманов, Жанарбек Әшімжанов елорда жастарымен кездеседі.

Шаралар бағдарламасы 5 қарашада 18:00-де Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алматы — Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты гала-концертпен аяқталады. Концерттік бағдарламада Алматы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі және Қазақстан эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетеді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11561
Әрі қарай

Астанадан еліміздің өңірлеріне «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы жолға шығады

2016 жылғы 1 қарашада Астана қаласының теміржол вокзалында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» республикалық акциясы бастау алады.

Акция аясында түрлі мәдени және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылып, медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмектер көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім және тағы басқа салалар бойынша консультациялық кеңестер беріледі.

Акция 14 желтоқсанда аяқталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, пойыз 35 елді мекенге тоқтайды.
astana.gov.kz/kk/modules/material/11567
Әрі қарай

Жастар көзқарасыңыз мәдениетпен ұштасуы.

Жастар көзқарасыңыз мәдениетпен ұштасуы. Әрине бір жақты қарауға келмес үлкен мәселе… Жастар проблемасы қашанда қоғамның өзекті мәселелерінің негізі болып табылған. Әр заманда жастардың өзіндік жеке талғамы мен таңдары болды.Өзекті өртер жастар да баршылық, алайда, аға буын үмітін ақтап аяқ басып келе жатқан жастардың әлі жоғала қоймағандығын айтқым келеді!Ұлт дәстүрін, мәдениетін бойға жиып, мәңгілік елдің жарқын болашағы үшін сапалы білім алып жатқан бүгінгінің жастарының көзқарасы мәдениетпен әлбетте ұштасып жатыр! Біз жастар өткенді, бүгін мен ертеңді жалғар көпір іспеттеспіз…Көпір бұзылса көпірдегі тіршілік иесінің баршасы құритындығы анық.Біздер бүгінгінің жаңалығын ескеріп,өткенді есте сақтаймыз дегім келеді!
Әрі қарай

Жастар ұйымдарының кемшіл тұстары...

Жастар ұйымдарының кемшіл тұстары… Мен де көп жастар секілді дәл осы жастар ұйымдарының қатарында қоғамдық жұмыстарға араласып, үлес қосып, белсенділік өмірге аяқ бастым.Оқу орнында сол ұйымның «Көшбасшысы»(төрайым, лидер) лауазымына дейін көтеріліп біршама жұмыстарды атқардық… Бұл пікірдің әлеуметтік желіде жариялануы біршама таныстар арасында наразылық туғызары анық.Бірі «Шыққан жеріңді ұмытпа», енді бірі «Су ішкен құдығыңа түкірме» деген сынды ой білдірулері ықтимал.Бірақ, мен тек осал тұсымызды түзесек деп ойлаймын.Бір өкініштісі жастар ұйымдарының көпшілігі (баршасы емес) қазірде тек өз істеріне салғырт қарайтын сықылды… Баршамызға белгілі әр ұйымның өз мақсат-міндеттері, атқарар жұмыстары болады емеспе, бірақ, қазір олар тек мәнсіз-мағынасын іс-шаралар өткізіп, жылдық есептерін толтырып жатқан сияқты… Оның өзі сапалы жасалып жатыр-ау деп айта алмас едім…
Әрі қарай

Психолог көмегіне жүгіну керек пе?!

Психолог көмегіне жүгіну керек пе?!

Жалпы, біз- қазақ халқы шет елдер секілді психологтың көмегін көп қажетсінбейміз, оған көп жүгіне де бермейміз. Дегенмен де, қызығы мен шыжығы мол бұл өмірде бәріміздің де иығымызда арқалаған көзге көрінбес тіршілік қабы бар. Ішкі алай дүлей мен жан тебіренісі тағы бар. Оны сыртқа шығара бермейтініміз де өтірік емес. Оның салдары күйзеліске алып келіп соқтыруы да ғажап емес. Сол себепті де психолог әр адамға керек. Жан сырын ақтарып, шер тарқатып, рухани көмек беретін психолог қажет. Бір өкініштісі, біздің қоғамда психология саласы жолға қойылмаған. Психология- ол бір бизнес іспеттес болып кеткендей. Бір- бірімізден жылулығымызды аямай, бір- бірімізді түсіне білсек- әр адам "өзінше" бақытты болар ма еді?!
Әрі қарай

Елназ Нұрсейітова Астананың ең сұлу аруы атанды

Астана жаңалықтары: Елназ Нұрсейітова Астананың ең сұлу аруы атанды

18 жасар Елназ Нұрсейітова 1 000 000 теңге жүлдеге және «Қазақстан аруы-2016» Ұлттық байқауына қатысу құқығына ие болды.

«Астана аруы — 2016» атану үшін финалған шыққан 17-23 жас аралығындағы 20 бойжеткен сайысқа түсті.

Нұрлы көзқарас, маржан күлкі, жарқын келбет — финалға шыққан әрбір арудың сұлулығы ерекше. Олардың табиғи сұлулығына харизмалық қасиет, кербездік, ақыл және дарынды қосыңыз. Бойжеткендер сахнаға сақ патшайымы, қазіргі заман бикеші және кербез ару бейнесінде шығып, осы қасиеттердің барлығын көрсете білді.

«Сұлу бойжеткендер көбейіп келеді. Олар сыртқы сұлулық туралы ғана емес, рухани даму туралы да ойлайды, музыкамен, хореографиямен айналысып, тіл меңгереді, сол себепті жыл сайын ең сұлу аруды таңдау қиындап барады» — дейді сұлулық байқауының директоры, қазылар алқасының мүшесі Ольга Радеш. Осыған байланысты құрамында эстрада жұлдызы Әли Оқапов, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев болған қазылар алқасы бірден шешім шығара алмады.

Төрешілер ұзақ уақыт кеңескен соң, байқаудың Үшінші вице-ару атағына Есімова Бибінұрды лайық деп тапты. Екінші Вице-ару — Екатерина Подгородецкая, бірінші вице-ару Жорабекова Бегайым атанды, ал байқаудың Гран-при жүлдесін Елназ Нұрсейітова иеленді, енді ол «Қазақстан аруы — 2016» Ұлттық байқауында елорда намысын қорғайды.
astana.gov.kz/kk/modules/material/11540
Әрі қарай