Елордада жаңа өнер галереясы ашылды
Астанада «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығы мен Форте банктің қолдауымен ForteBank Kulanshi Artspace жаңа өнер галереясы ашылды, онда әлемнің түкпір-түкпірінен белгілі суретшілердің туындылары мен инсталляцияларының көрмелері өткізіліп тұрмақ.
Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, елорданың шығармашылық зиялы қауымы мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.
Бастамашылар бұл галерея елорда өнерін жаңа деңгейге көтеріп, ағартушылық жұмыстың пәрменді құралына айналарына сенеді.
— Астана тұрғындарының атынан «Құланшы» қазіргі заманғы өнер галереясына және Форте банктің басшылығына осы жобаны іске асырғандары үшін алғыс айтамын, бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің айқын үлгісі болып табылады. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде мемлекет басшысының күш-жігерінің арқасында Қазақстан озық мемлекеттердің қатарына қосылып, әлемдік аренада танымал болды. Өркениетті әлемде қазақ жерінің байлығы мен қазақ халқының қонақжайлылығы туралы білмейтін ел жоқ. Және қазір өзімізді мәдениеті бай, шығармашылық әлеуеті зор мемлекет ретінде танытатын уақыт келді, — деп мәлім етті Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.
Галереяны іске қосу аясында қазақстандық бейнелеу өнерінің «Мәңгілік мұра» атты көрмесі ашылды. Экспозицияға Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің үздік суретшілерінің туындылары енгізілді. Авторлардың айтуынша, Орта Азия елдері мәдениетінің мұндай синтезі бүкіл әлем бойынша өнерсүйер қауым үшін таптырмас олжа, және елорда тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығары анық.
Авторлар Париждегі Лувр, Лондондағы британдық мұражай және Тейт галереясы, Мәскеудегі Третьяков галереясы және әлемнің түкпір-түкпірінен келетін миллиондаған туристер сүйіп баратын басқа да мәдени нысандар сияқты Астанадағы картина галереясы да Қазақстан өнері мен мәдениетінің символына айналатынына сенімді.
«Мәңгілік мұра» көрмесі 2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты күн сайын сағат 10:00 — 20:00 аралығында өтеді.
astana.gov.kz/kk/modules/material/11490
Әрі қарай

Кеш батып, үйге автобуспен қайтып барамыз. Қасымда құрбым бар. Бұл шамамен бір жыл бұрын болған оқиға сияқты. Мәәә, бас жоқ ұмытып тұрмын. :J Жәә, тақырыпқа оралсақ. Кешкі алтыдан кейін автобуста отырып бару деген, үлкен бір қуаныш мен үшін. Адам шаршап, аяқ-қолдары талып жатқанда, ештеңені ойламайды екен. Бірақ мәселе онда емес, жас болғандықтан әрқашан орын беруге үйреніп қалыппын. Құрбым екеуміз тырқ-тырқ күліп, ананы-мынаны айтып тұрмыз. Енді 30 минуттық уақытты өлтіру керек қой. ;) Бір кезде шашы бұп-бұйра, тартымды қазақтың қызы автобусқа мінді. Бірден алдында босап тұрған орынға жайғасты. Көзін тарс етіп жауып алып, өтірік ұйықтап қалды. Қасына кондуктор ағай келгенде, оянғандай кейіп танытып, әмиянынан бұрынғы билеттерін көрсете салды. Орта жастағы кондуктордың өзі нанып қалды. Өзім ішімнен «мына қыздың қулығы керемет екен» деп ойладым да қойдым. Біреудің ісіне араласа беру керек емес сияқты. Алайда, көрші отырған үлкен кісімен дауласқаны тым артық кетті. Әжесімен жасты тәтеймен арс-арс етіп тұрғаны, жат көздерге жағымсыз көрінеді. Тіпті, құлаққа ерсі естіледі. Енді, ақ ит пен көк ит кіріп-шығып жатқанса, кімге ұнасын. Анау қыздың өтірік "ұхтағаны" жақсы ма деп қалдым. Сонда бәріміздің құлағымыз тыныш болар ме еді. Тура осы сюжет биыл да қайталанды. Бір дежавю секілді. Осыдан кейін «Жастар тәртіпсіз. Бетімен кеткен» деген сөздер айтылмағанда қайтеді. Үлкен адамдарды да түсінуге болатындай. Жастар қызу қанды, тез-ақ оттай лапылдап шығады. Аздап, сабырлық жетіспейтіндей. Бәрін өзіміз құртамыз. Өкінішке орай, осындай жағдайлар боп тұрады.