Дін донорлықты қолдайды

Блог - BirzhanMurat: Дін донорлықты қолдайды
2016 жылдың 15 желтоқсаны күні Шымкент қаласының студент жастары Еуразиялық келісім қорының ұйымдастыруымен өткен «Донор күні» шаралар кешені аясында Хаттани мешітінің имамдарымен кездесті. Дастархан басында еркін сүқбат ретінде өткен аталмыш шараға Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері де қатысты. Жан жақты талқыланған бұл тақырыпты имамдарымыз дін тұрғысынан барынша ашықтап мәліметтер берді.

Отырыс соңы жастар тарапынан сұрақтар қойып, пікірлер мен өмірде кездестірген оқиғаларын баяндаумен аяқталды.

Іс-шараның мақсаты Қазақстандағы донорлықтың пайдасы мен оны дамыту қажеттілігіне қоғамның көзін жеткізу. Донорлық көмек көрсету ісіне халықты жұмылдыру.
Әрі қарай

Декреттегі депрессивті ой

Баламен үйде отыру мен үшін дəл қазір шексіз шектеулер, тұлғалық шектеулер. Баланы көтеріп жүру, оны бағудан ләззат алатын қыздарды мен эмоцияға тым берілгіш адамдар деп санаймын. Баламен отырсаң сен баладан басқа тақырыптарға жабықсың, интернеттің қол жетімділігі болмағанда күнім не болар еді?! 24 сағат желкеңдегі жауапкершілікті сезіну оңай емес. Көмектесетін адам, күйеу, няня дегендерде де емес мəселе, оның бəрі сыртқары факторлар. Балаға керегі ана. Бетің қарайды да отырады, қызық үйретілген күшіктер сияқты)))
Әрі қарай

Әлеуметтік технологиялар заман талабы

Блог - BirzhanMurat: Әлеуметтік технологиялар заман талабы
Әлеуметтік брендинг үрдісінің мәнін, әлеуметтік брендті қалыптастыру мен дамытудың тиімді технологияларын білу компаниялар үшін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершіліктің маңызын түсінетін және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысатын экономикалық сферадағы компаниялар үшін де өзекті болып келеді. Қазіргі таңда Қазақстан үшін күшті әлеуметтік бренд құру ұлттық деңгейде аймақтардың жағымды имиджін және халықаралық деңгейде мемлекетіміздің жағымды имиджін құру үшін де маңызды болып табылады.
Жоғарыда айтылған түсінікті толық, әрі нақты етіп жеткізу мақсатында 2 сағаттық семинар тренинг жүргізген «Кәсіпкерлерге қызмет ету орталығының» бөлім жетекшісі Жұлдызбаев Нұғман еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастарға арналған тренингтер сериясының есігін 11 қараша күні ашты.
Бастала салып сұрақтар арқылы студент жастарды бір бірімен пікір таластыртқан Н.Жұлдызбаев өз сұрақтарының шешімдерін айту арқылы дүйім жұртты өзіне қарата білді. Түрлі ойындар мен пікір алмасуларға жалғасқан бұл семинар әп-сәтте аяқталғандай болды.
Блог - BirzhanMurat: Әлеуметтік технологиялар заман талабы
Әрі қарай

Көпшілік алдында сөз сөйлеу жайлы семинар өтті

Блог - BirzhanMurat: Көпшілік алдында сөз сөйлеу жайлы семинар өтті
Жастарға сөйлеу мәдениеті, тіл өнерінің биік шыңы-шешендік өнердің мәні мен адам өміріндегі маңызы туралы 12 қарашадағы «Көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті» тақырыбындағы семинар-тренингте таныстырылып өтілді. Осы бағытта толғамды ой, түйінді пікірлермен жұмыс істеуіне мүмкіндік тудыру жайында сөз қозғалды. Материалдармен жұмыс барысында сөз саптау, сөйлеу мәдениетінің жарасымды үлгілерін танытуға дағдыландыру, пікір еркіндігі мен ойын жүйелі жеткізуге баулу көпшілік алдында сасып қалудың алдын алатындығын тренер Азиз Есжанов баса айта кетті.
Халық даналығының қайнар көзі-шешендік сөздердің тағылымын бойға сіңіріу, сөз мәдениеті, тіл мәдениетінің құдіретіне деген құрмет, тіл болашағына деген жауапкершілік сезімінің артуына ықпал ету қазақ халқының әрбір азаматы игерген, бойына сіңген мінезіне айналған.
Семинар барысында жастар көпшілік алдына шығу мәдениетінің 7- алтын ережесімен таныстырылды:
1. Топ алдында өз-өзіңді ұстауыңа, еркіндігіңе назар аудар
2. Тіл сауаттылығы(қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық, орфоэпиялық нормаларын сақтау)
3. Ой жүйесі, дәлелділігі
4.Ойды айқын да түсіндіре жеткізу
5.Сөйлеу техникасы (дауыс екпіні, ырғағы,әуезділігі)
6.Тыңдаушыны баурап алу
7.Киім кию мәдениеті, жүріс-тұрысы.
Әрі қарай

Бүгінгі жас көшбасшы - ертеңгі білікті маман

Блог - BirzhanMurat: Бүгінгі жас көшбасшы - ертеңгі білікті маман
Жастар Отанға лагерінің қатысушылары асыға күткен тақырыптағы семинар-тренингі 13 қараша күні болып өтті. Тақырып – студенттік ортадағы көшбасшылық. Семинарды жүргізген Азиз Есжанов жастарға өзі білім алып келген шет елдік студенттер ортасындағы өзін-өзі басқару ұйымдары тәжірибесімен бөлісті.
Германия еліндегі студенттік және жастар ұйымдарының біздің елдегі ұйымдардан өзгешілігін айта келген тренер, қазіргі таңда көп ерекшеліктің жоқ екендігін тілге тиек етті.
Семинарға қатысушылар 2 сағат бойы жетекшілік ету дағдыларын, өз студенттік ұйымын ұйымдастырудың негіздерін, жоба менеджментінің негіздерін үйренді, өздік жұмыстарын орындап, талқылау алаңында сөз сөйледі.
Әрі қарай

Тайм-менеджмент: уақытты тиімді басқару

Өткен күндер, жылдар

қайта келмес, ал келесі жылдың

қалай өтуі сізге байланысты.
Блог - BirzhanMurat: Тайм-менеджмент: уақытты тиімді басқару
Тайм-менеджмент — бұл өзіндік уақыт ресурстарын оперативті жоспарлау, бақылау жүргізу болып табылады. Жастар Отанға лагері аясында 12 қараша күні осы тақырыпта тағы бір семинар-тренинг өткізілді.

Өткізілген шара барысында қатысушылар қажетті ақпараттармен қанықты және де кәсіби шешім қабылдау және өзінің мақсаттарын іске асыру, мақсаттарды дұрыс қоя білуге үйренді. Олар өздерінің белсенді нейрондарын толық қосып, ойнай, үлгілер жасай, қиялға беріле отырып түрлі тапсырмаларды орындады.

Өз уақытын тиімді пайдаланатын адамдар толық қызықты өмір сүріп, өз жұмысын аз уақыт шығынымен жасайтыны туралы айта келген тренер Нұғман Жұлдызбаев тайм-менеджменттің әдістері туралы ақпарат бере кетті.
Әрі қарай

Қазақстандық құрылыс салушылар жаңа клиенттер үшін қалай күреседі?

Блог - Aikona: Қазақстандық құрылыс салушылар жаңа клиенттер үшін қалай күреседі?
Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығы желтоқсанның ортасынан бастап әдеттегідей "қысқы ұйқыға" кетеді. Белсенділік жаңа жылдың қаңтарының соңында ғана басталады. Homsters.kz сарапшылары үй салушылар өлі маусымда клиент үшін қалай күресетінін талдап көрді.
Қысқы мерекелер қарсаңында жылжымайтын мүлік нарығында тыныштық басталады. Сатушылар мен сатып алушылардың көбі желтоқсанның алғашқы апталарында-ақ мәмілелердің бәрін жасап бітіруге тырысады, сөйтіп, айдың соңында сату-сатып алу мәмілелерінің саны нөлге дейін азаяды. Бірақ баспана бағасы статистикалық ала-құлалық аралығында есепке алынады. Сондықтан клиент жинағысы келген үй салушылардың дені сан алуан акциялар мен жеңілдіктер маусымын бастайды. Homsters.kz сервисіндегі үздік тұрғын үй кешендері туралы базасын талдаған компания мамандары кең тараған ұсыныстардың екі типін ажыратып отыр.
Жеңілдіктер
Шаршы метрлер бағасына жеңілдікті, мысалы, астаналық Real Comfort пен алматылық «Әлем» және «Комфорт» тұрғын үй кешендері ұсынады.
Real Comfort тұрғын үй кешені Астанада Есілдің сол жағалауында, салынып жатқан EXPO павильондарына жақын маңда орналасқан. Болашақ тұрғындар көріктендірілген және күзетілетін аумағы бар, ауданы 43 шаршы метрден 63 шаршы метрге дейінгі пәтерлерді таңдай алады. Сегізқабатты бұл нысанды 2017 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру көзделіп отыр. Жаңа жыл алдындағы акция шеңберінде бір шаршы метрдің құны 260 мың теңгеге дейін төмендетілді.
Оңтүстік астананың Әуезов ауданында орналасқан «Әлем» тұрғын үй кешені ауданы 74 шаршы метрден 99 шаршы метрге дейінгі пәтерлерді ұсынады. Жаңа жыл қарсаңындағы акцияны есептегенде бұл үйде бір шаршы метрдің құны – 240 мың теңге. Нысанның алғашқы тұрғындары үшін тамаша бонустар жасалып отыр, мысалы, жерасты паркингін жалға алу бір жылға дейін және интернетке қосу қызметі алты айға дейін тегін болады.
Алматының Бостандық ауданындағы құрылысы аяқталған «Комфорт» тұрғын үй кешенінде шаршы метрдің бағасы акция аясында 385 мың теңгеден 365 мың теңгеге дейін төмендетіліп отыр. Көріктендірілген, күзетілетін ауласы мен жерасты паркингі бар кешеннен ауданы 53 шаршы метрден 140 шаршы метрге дейінгі пәтерлерді сатып алуға болады.
Акциялар
Шаршы метрдің бағасына тікелей байланысты емес акциялар әдетте сатып алынатын баспанаға қажет болатын керек-жараққа қатысты жасалады.
Айталық, қазақстандық ірі құрылыс салушылардың бірі пәтер сатып алушыларға тұрмыстық техника мен жаңа баспананы сәндеуге қажет болатын үй электроникасын жаңажылдық сыйлық ретінде береді. Акция бұл компанияның кез келген нысанынан баспана сатып алатындар үшін 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады, компания нысандарының қатарында Алматыдағы Royal Gardens, «Симфония» тұрғын үй кешендері мен «Алмалы» тұрғын үй ауданы, Астанадағы England, Millennium Park және «Триумфальный» тұрғын үй кешендері бар.
Келесі бір ірі құрылыс салушы пәтерлер, автокөліктер, екі адамға арналған туристік жолдамалар, тұрмыстық техника, үй электроникасы сияқты бағалы сыйлықтарға ұтыс ойнатады. Ұтысқа қатысу үшін 2017 жылдың 31 қаңтарына дейін компания нысандарының бірінен пәтер сатып алу қажет, ондай нысандардың қатарында елордадағы «Арман Қала», Park Avenue, BI City және Алматыдағы Gagarin Park, «Сезам», «Асыл Тау» кешендері бар.
Homsters.kz те өз клиенттеріне сыйлық тарту етеді. Ниеттестік туралы жаңа бағдарламаның шеңберінде Homsters.kz жаңа баспана сатып алушыларға арналған тегін кеңестер қызметін пайдаланған және осы онлайн-сервистің көмегімен жылжымайтын мүлік сатып алған адамдардың бәріне тұрмыстық техника сыйлайды. Сыйлықтарға баспана сатып алғалы жүрген достарына Homsters.kz-ке хабарласуға кеңес бергендер қол жеткізе алады. Акция шарттары туралы promo.homsters.kz/ сайтында толығырақ жазылған.
Анықтамалық ақпарат
Homsters.kz – жылжымайтын мүлік сатуға арналған халықаралық онлайн-алаң. Homsters.kz жылжымайтын мүлік объектілері туралы сенімді ақпарат негізінде екі тарапқа да тиімді мәмілелер жүргізу үшін сатушы мен сатып алушыны біріктіреді. Қазіргі уақытта онлайн-алаң белсенді сауда кезеңіндегі жаңа үйлер сатушыларының 70%-мен серіктес болып, жұмыс жүргізіп отыр, сонымен қатар бүкіл республика бойынша қайталама тұрғын үй нарығының 28 мыңнан астам объектісін қамтитын тексерілген мәліметтердің ашық базасына ие. Homsters.kz Қазақстанның жылжымайтын мүлік сегментіндегі көшбасшы үштіктің қатарына кіреді және нарықтағы өз позициясын нығайтып келеді.
Әрі қарай

Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы

2016 жылы 12 қараша күні Жастар Отанға лагері аясында, жастар арасында Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес сана-сезімді қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің тапсырысымен семинар болып өтті. Бұл іс-шарада Төле би ауданы орталық мешітінің бас имамы – Самат қажы Анарбаев көпшілік қауым алдында өз дәрісін оқыды.
Еліміздің әр аймақтарынан келген жастар семинарға тікелей түрде қатысты. Кездесу қорытындысында ашық түрде сұхбат өтті. Сұхбат барысында қазіргі таңдағы жастарды толғандырып жүрген сұрақтары талқыға салынды.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жастардың қоғамдық, конфессияаралық, мәдени және кез-келген мәселе мен түсініспеушіліктерді террористік әдістерді қолдану арқылы шешуді болдырмау, терроризмге қарсы сана-сезімді түбегейлі түрде көтеру және де мәдени құндылықтарымыз бен дәстүрлерімізді насихаттау арқылы қоғамдық санаға енетін әдіс-тәсілдерге сенімді тосқауыл қою болып табылады.
Блог - BirzhanMurat: Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы
Әрі қарай

Ел тірегі – жастар

Блог - BirzhanMurat: Ел тірегі – жастар
Тəуелсіз елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ. Еліміздің жарқын болашағы білім нəрімен сусындаған, парасат-пайымы мол, жоғары мəдениетті жастардың қолында.
2016 жылдың 10-15 қараша аралығында ОҚО Төле би ауданында орналасқан «Бəйшешек» спортты-сауықтыру орталығында жас ұрпақтың бойына адамгершілік және мәдениеттілік құзіреттіліктерін қалыптастыру, саяси білімін жандандыру, салауатты өмір салтын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігінің тапсырысымен Еуразиялық келісім қоры «Жастар Отанға» жастар лагерін өткізді. Лагерьге республиканың 14 облысынан 50-ден аса белсенді студент жастар қатысты.
Блог - BirzhanMurat: Ел тірегі – жастар
Лагерь барысында білікті мамандар семинар-тренингтер, жастардың бойындағы сенімділікті бекіте түсетін ойындар, көпшілік алдында сөйлеу, ораторлық қабілетті арттыру мақсатында пікір алмасулар және мызғымас достық орнатып, жолдастық қатынасын бекем ете түсетін спорттық ойындар ұйымдастырды. Жастар лагерінің ашылу салтанатында əр облыс жастарының басын біріктіріп, достық ортасын қалыптастыру мақсатында 6 топқа бөлді. Топтар «Forever friends», «Boom», «Red Bull», «Жұлдыздар», «Айналайын», «Ұлы дала ұландары» деген атауларды иемденді.
Лагерь аясында командалардың достығын нығайту мақсатында сауықтыру орталығының территориясында селфи ойыны өткізілді. Ойын шарты бойынша командалар жасырылған əріптерді тауып, ортақ селфи жасап, жинақталған əріптерден бір сөз құрауы тиіс. Ойын қорытындысы бойынша командалар жасырылған “отансүйгіштік” сөзі екенін анықтады.
Жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыруға, олардың денсаулығын сақтауға бағытталған командалық волейбол, ұлдар мен қыздар арасында теннис сияқты спорттық ойындар ойнатылды.
Блог - BirzhanMurat: Ел тірегі – жастар
Білім – ақыл-ойдың бастапқы түрткісі және негізгі құралы. Əрбір адам салауатты өмір сүру үшін біріншіден ақыл-ойын жетілдіру керек. Лагер барысында интелектуалдық шахмат, дойбы ойындары да ойнатылды. Жеңімпаздар командаларына жоғары ұпайлар сыйлады. “Жастар Отанға” жастар лагері білімнің ғана емес, салауатты өмірдің, қыл өтпес татулықтың ордасы болды.
Ұлт тағдыры — ұрпақ қолында. Болашаққа үлкен сеніммен қадам басу үшін өткенмен қуаттанып, жастармен қанаттану керек.
Әрі қарай