Астанада қоғамдық кітап шкафтары пайда болады

Астана жаңалықтары: Астанада қоғамдық кітап шкафтары пайда болады

«Болашақ» қауымдастығы әріптестерімен бірлесіп «Bolashak Books» ауқымды жобасын іске қосады. Аталмыш жоба пайдаланушылардың кең ортасы үшін қоғамдық кітап шкафтары желісін құрудан тұрады.

Қоғамдық кітап шкафтары немесе бук кроссинг дүние жүзінде кеңінен танымал. Шкафтың міндеті әр адамның өз кітабын қалдырып, басқаның кітабын оқуға алудан тұрады.

Астана тұрғындары мен қонақтары жоба бөлігі бола алады және пайдалы іске бағытталатын өз кітаптарын ұсынып, оқу мәдениетін дамытуға өз үлесін енгізе алады.

Кітаптарды Д.Қонаев көшесі 12/1, 412-каб. мекен-жайы бойынша «Болашақ» Қауымдастығының кеңсесіне әкелуге және ол үшін жағымды сыйлық алуға болады.

— Bolashak Books жобасы қазақстандықтар арасында оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Қоғамдық кітап шкафтары арқылы әр тілек білдіруші ұнаған кітапты алып оқуына және оқып болған соң кері қайтаруына болады. Қазіргі уақытта біз кітап қорын қалыптастырудамыз. Барлық бей-жай емес адамдарды сүйікті әдебиетпен бөлісуге шақырамыз, -деді «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің мүшесі
Әрі қарай

«БАҚ қоғамдағы құқықбұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

Блог - asaubota: «БАҚ қоғамдағы құқықбұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

2017 жылдың 20 қыркүйегінде сағат 10:00-де Ұлттық Интернет Ассоциациясы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрілігінің қолдауымен және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грант арқылы қаржыландыруымен, сондай-ақ,«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ақпараттық қолдауымен «БАҚ қоғамдағы құқықбұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырады. Дөңгелек үстелдің мақсаты–үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері және блогерлер үшін Қазақстанда ашықтық пен есеп берушіліктің тиімді құралдары,қоғамдық бақылау және ақпаратқа қолжетімділік және басқадай азаматтық қоғам саласындағы өзекті мәселелерді талқылау. Осы мәселелер қазір Интернет кеңістігі арқылы қалай шешімін таба алуда немесе қандай проблемаларға тап келіп жатқандығы зерделеніп, ойлар айтылады.
Шараға қоғамдық ұйымдар өкілдері, журналистер мен танымал блогерлер қатысады. Дөңгелек үстел барысында қоғамдық бақылау және ақпаратқа қолжетімділік құралдарын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын-алу мәселелерін медиа кеңістікте көтеру жайы қарастырылады. Сондай-ақ құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған іс-шаралар арқылы халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған ақпаратты қоғамға жеткізу жолдары анықталады.
Дөңгелек үстел нәтижесі бойынша, азаматтық қоғам саласындағы өзекті мәселелерді қозғайтын ақпараттық материалдарды интернет кеңістікте, әлеуметтік желілерде және блогтарда жариялаудың тиімді жолдары анықталады. Сонымен қатар осы тақырып бойынша журналистер мен блогерлер арасында арнайы конкурс жарияланады.
Өтетін орны: Астана қаласы, «Егемен Қазақстан» газеті» көшесі, 5/13, 5-қабат, конференцзал
Өтетін күні мен уақыты: 2017 жылғы 20 қыркүйек, сағат 10:00
Байланыс: +7 707 952 40 64
info@uia.kz
Әрі қарай

Астанада тегін аудиогидтерді 12 мыңңан астам туристер пайдаланды

Астана жаңалықтары: Астанада тегін аудиогидтерді 12 мыңңан астам туристер пайдаланды

Осы жазда қаланың көрікті жерлерін әйгілеуге бағытталған әлеуметтік жоба он үш елдің қонақтарымен талап етілді, деп «Астана Конвенш Бюро» ЖШ бас менеджері Айнур Жанабилова астана әкімшілігінің медио-орталығының тілшісіне хабарлады. Аудиогидтерді барлығы 12 мың турист пайдаланды.

Жаяу серуендеумен әуестенетіндер аудиогид көмегімен астананың қызықты және танымал орындары туралы ақпарат ала алды. Қызметті пайдалану үшін арнайы дүкенде кепіл ретінде бес мың теңге қалдырып, арнайы құрылғыны алуға болды. Экскурсия біткен соң жабдықты әкелгеннен кейін туристке кепіл қайтарылды.

ЭКСПО көрмесін өткізу уақытында қала қонақтарына аудиогидпен Жағалау – Орталық саябақ және Нұр Жол желекжолы сияқты екі маршрутты таңдау ұсынылды.

«Қаланың көрікті жерлері туралы ақпарат тарихшылар және этнографтар сияқты кәсіби мамандармен әзірленді», — деп түсіндіріп өтті А.Жанабилова.

ЭКСПО көрмесін өткізуге байланысты аудиогидтегі ақпаратты қазақ, ағылшын, орыс, ағылшын, қытай, неміс, түрік сияқты алты тілде тыңдау мүмкін болды.

Қазіргі уақытта астаналық аудиогидтер izi.TRAVEL ғаламдық ғаламтор платформасында қолжетімді.

«Кез келген тілек білдіруші өзінің мобильді телефонынан осы қосымшаны тегін жүктеп, Астана қаласының көрікті жерлері туралы ақпаратты тыңдай алады. Осы қызметті қалай пайдалану туралы welcometoastana.kz сайтынан, әуежай ғимараттарында, теміржол вокзалдарында, ойын сауық-сауда орталықтарында орналасқан ақпараттық киоскілерден білуге болады», — деп түйіндеді А.Жанабилова.
Әрі қарай

«Astana Marathon-2017» жеңімпаздары анықталды



42,2 шақырым қашықтықты алғаш болып Кения спортшылары бағындырды, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Бірінші болып мәре сызығын кескен кениялық Саймон Кипругут Кируйға 850 мың теңге мен әлемнің кез келген нүктесіне баруға әуе билеті табысталды. Ол 42,2 шақырымды жүгіріп өтті. Екінші орын да Оңтүстік Африка мемлекетінің өкілі(200 мың теңге) Генри Кипсангуға бұйырды. Қазақстандық Алмат Имашев үшінші болып жетіп, (100 мың теңге) жүлдені қанағат тұтты. Әйелдер арасында бірінші орыннан Гүлжанат Жанатбек көрінді, екінші және үшінші орындар Ақмарал Мейірман мен Мария Кирееваның еншісінде.

Бүгін елордада Мәңгілік ел даңғылында ЭКСПО-2017-ге қарама-қарсы жерде Astana Marathon-2017 өтті. Жарысқа қатысуға 19 мемлекеттен 4,5 мың адам өтініш білдірген. Спортшылар 42,2 шақырым, 21,1 және 10 шақырымға жүгірді. Сонымен қатар марафон аясында скандинавиялық жүруден сайыс өткізілді.
Әрі қарай

Astana Marathon 2017 қалай өтті?

Астана жаңалықтары: Astana Marathon 2017 қалай өтті?

Бүгін Астанада «Astana Marathon 2017» қайырымдылық марафоны аяқталды. Биыл елорда көшелерімен жүгіріп өтуге әлемнің 19 мемлекетінен 4,5 мың адам ниет танытқан. Марафон қалай өтті? Қатысушылардың көңіл-күйлері қандай болғаны Астана әкімдігінің медиа орталық тілшілерінің репортажында.
Астана жаңалықтары: Astana Marathon 2017 қалай өтті?
ЭКСПО алдындағы алаңға марафонға қатысушылар таңмен таласа жиналды. Осы жолы 4,5 мың адам қатысады деп күтілді. Спортшылар үш қашықтық бойынша сынға түсті: 42,2 км, 21,1 және 10 шақырымға жүгірді. Жарыс алдында біреулер денелерін шынықтырып жатса, енді бірі сэлфи жасап әлек болды.
Астана жаңалықтары: Astana Marathon 2017 қалай өтті?
Ұйымдастырушылардың сөзінше, ең жас қатысушы – 16 жаста, ал жасы үлкен қатысушы – 80-гі қария болды. 13 жастағы астаналық Салтанат Түйтебаев мұндай шараларға жиі қатысып тұрады. Тіпті еуропалық марафондарда жеңіске жеткен. Оның бүгінгі мақсаты – өзінің нәтижесін барынша жақсарту. Кезекті атақты ол Испанияның Малагасында алуға тырысады. Тәжірибелі желаяқ елімізде осындай марафондардың өтіп жатқаны қуантатынын айтады. – Қараңыздаршы, қанша адам жиналды! Бұл тамаша! Әлі есемді алғашқы марафон 3 жыл бұрын өтіп, оған бар-жоғы 700 адам қатысқан болатын. Мен жүгірулерге белсенді қатысып тұрамын. Жылдан-жылға қатысушылар саны көбейіп келе жатқаны қуантады», — дейді қария.
Астана жаңалықтары: Astana Marathon 2017 қалай өтті?
Ең ұзақ қашықтық – 42 шақырымға жүгіру таңертең 7:00-де басталды. Алғаш рет биыл марафонға кениялық белгілі желаяқтар Саймони Кипругут Кируй және Генри Кипсанг қатысты. Бұл марафонның сапасы мен мәртебесін асқақтатуға мүмкіндік берді, дейді ұйымдастырушылар. Оңтүстік африкалық жүгірушілер қашықтықтарды бірінші болып бағындырды.
Астана жаңалықтары: Astana Marathon 2017 қалай өтті?
42 шақырым қашықтыққа жүлде қоры – 800 мың теңге және әлемнің кез-келген жеріне әуе билеті берілді. Жалпы көптеген марафоншылар бастысы — жеңіс емес, қатысу, ұмытылмас сезім, дейді. Олар сол үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келгені ақиқат.
Астана жаңалықтары: Astana Marathon 2017 қалай өтті?
Әрі қарай

Жалпықалалық сенбілікте 9571 көшет отырғызылды



Бүгін Астанада жалпықалалық сенбілікке 109 мыңнан астам тұрғын, 5729 мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты.

Өткізілген айлық аясында 3,7 млн шаршы метр аумақта саябақтар мен гүлзарлар жиналды, 9571 көшеттер отырғызылды. Атап айтар болсақ, қызыл тал, татар үйеңкісі, қайың, қарағай, емен, терек, шетен ағаштары егілді.

«Алматы» ауданында — 3 724 ағаш,- «Есіл» ауданында- 3 170 ағаш,- «Сарыарқа» аудында- 628 тал, құрылыс басқармасы нысандарында 2 049 ағаш отырғызылды.

Естеріңізге саламыз, айлық барысында 18 452 ағаш отырғызу жоспарланған болатын. Жалпықалалық сенбілік күнінде 9571 көшет егілді, ал 8881 данасы айлықтың соңына дейін отырғызылады.

Бұдан бөлек, өзендердің арнасын тазарту мақсатында еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінде экологиялық акциялар өткізілді.

Сенбілік барысында 445,24 тонна қалдық жиналып, полигонға шығарылды, 153 рейс жасалды.

Өзендердің арнасына санитарлық тазалау жүргізу мақсатында табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Есіл өзенінде (Газмашаппаратура ауданында), Ақбұлақ өзенінде (Еуразиялық университет корпусынан ЖЭО-2 дейін) экологиялық акция өткізілді. Шараға С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 100-ден астам студенттері мен қалалық бөлімшелердің әскери қызметкерлері белсенді қатысты.

Шағын және орта бизнес қызметкерлерімен кіреберіс аумақтар мен өздеріне тиесілі жерлер жинастырылды. Коммуналдық қызметтермен және мердігер ұйымдармен ішкікварталдарды абаттандыру жүргізілді.

Айта кету керек, сенбілікке ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министр кеңсесінің, ҚР Парламент Сенаты мен Мәжіліс аппаратының, ҚР Жоғары сотының, «Нұр Отан» ХДП, министрліктер, агенттіктер мен Астана қаласы мәслиxатының ұжымдары, елордалық әкім аппаратының, орталық атқарушы органдардың, ардагерлер кеңесінің, кәсіподақ кеңесінің және қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері экологиялық акцияға белсенді қатысты.
Әрі қарай

Астана қаласының әкімі «Астана – таза қала!» жалпықалалық сенбілікке қатысты

Астана жаңалықтары: Астана қаласының әкімі «Астана – таза қала!» жалпықалалық сенбілікке қатысты

2017 жылдың 4 қыркүйектен 4 қазанға дейінгі мерзімде Астана қаласының аумағында «Астана – Таза қала!» атты абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық сенбілік өткізіледі.

Осы экологиялық айлық шеңберінде келесі жоспарлауда: қала ауданын санитарлық тазалау; көше бойы, жаяу жол және үй аралық ауданды жинау; ағаш отырғызу; нөсер торлары және арық жүйелерінің құбырларын тазалау; гүлзар және гүлбақшаларда, бақ пен саябақтарда жасыл желектерді күтіп ұстау агротехникалық мерзімдік іс-шаралар жұмыстарын жүргізу; заңсыз жерлерде орналасқан қоқыстар аумағын жинау.

Бүгін жалпықалалық сенбілікте 89 000 мың адам жұмылдырылатын болады, 1000 кәсіпорын мен ұйымдар, 49 жоғары оқу орындары мен ортакәсіптік оқу мекемелері, 184 орта мектептер мен жалпы білім беретін мекеме, 73 денсаулық сақтау мекемесі, 166 мемлекеттік мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар, 560 бірлік техника. Сенбілікке қатысушыларды қоқысты жинауға арнайы (күрек, тырнауыш) жабдықтармен, қолғаппен және қаппен қамтамасыз етіледі.

Жалпықалалық сенбілікке қалалық және республикалық мекемелердің қатысуымен 18 452 көлемде жаппай ағаш отырғызу іс-шаралары ұйымдастырылатын болады, оның ішінде 9 945 ірі көшетті ағаштар («кесек тамырлы» — 4865 дана, жалаңаштамырлы – 5000 дана), қалалық Басқармалар өзінің объектілерінің аумағында 8 507 ағаштар отырғызу жоспарланған.

Жалпықалалық сенбілікке қала әкімі Әсет Исекешев қатысты, ол Сарыарқа ауданының Қосшығұлов көшесі бойынша нөмірі 1-ші учаскеге барды.

Сондай-ақ бұл жерге Риодағы олимпиаданың күміс жүлдегері Гюзель Манюрова және «16 кыз» фильмінің продюсері Айдархан Әділбаев келді.

Бұдан басқа, Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзенінің арнасын қоқыстар және тұрмыстық қалдықтардын студенттердің, ерікті қатысушылар, әскери қызметкерлердің жұмылдыруымен жинау жұмыстары экологиялық айлық акция өткізу жоспарлануда.

Жалпықалалық сенбіліктің басты мақсаты қоғамның назарын астана қаласының көшелерін таза ұстау және экологиялық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Көшелерді және аулаларды абаттандыруын жақсартуға өз үлесін қосуға, барлық қалаушы тұрғындар және қала ұйымдартырушылары қатыса алады.
Әрі қарай

Латын әліпбиіне көшу – өмірдің қажеттігі

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологияның, ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Бұл – уақыт күттірмейтін жұмыс, сондықтан біз дайындықты бастап кетуіміз керек» — деп көрсеткен болатын.
Латын әліпбиіне көшу – өмірдің қажеттігі, латынға көшу арқылы Қазақстанның түркі халықтарымен, шет елдік қандастарымызбен байланыс нығаяды. Халқымыздың өсіп-өркендеуіне, еліміздің жан-жақты дамуына ықпал етеді, бәсекелестік қабілетіміз арта түседі.
Бүгінде жастарымыз ағылшын тілін жақсы меңгергендігінің куәсі болып отырмыз, сонымен бірге латын әрпінде жазылған кейбір тауарларды күнделікті өмірде қолданып жүрміз, сондықтан латын әліпбиін қолдану бізге қиынға түспейді деп ойлаймын.
Ұлттық салт-дәстүрімізді, тілімізді, әдебиетімізді ұлттық рухымызды мәңгі сақтап қала аламыз. Сондықтан мен латын әліпбиіне көшкен дұрыс деп ойлаймын.

Зауре Арапқызы Клышбаева – Астана қаласы әкімдігі «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК директоры э.ғ.к.
Әрі қарай

"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 2017 жылғы 16 қыркүйектегі шығарылымындағы сұрақтар

«Ой-Зерек» радиобағдарламасының 2017 жылғы 16 қыркүйектегі шығарылымында 2-айналымның кезекті ойыны өтті. Қонаққа келген «Жаңа астаналықтар» командасы (Айдана Сегізбаева, Жәнібек Әмірхамзин, жаңа құрамда — Абылай Дусеков, Әсет Оразов) ойынды 5:6 есебімен аяқтады.

Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 2017 жылғы 16 қыркүйектегі шығарылымындағы сұрақтар
Ойында мынадай сауалдар қойылған болатын:

1. «Король Артурдағы» шайқастардың бірінде түсірілетін соғыс эпизодтарының тығыз болғаны соншалық, ИКСке дулыға кигізіп, қалқан ұстаған отрядпен қоршауға тура келді. ИКСті бір сөзбен атаңыз.

2. Бірде бір үш жасар қыз ОНЫ суықтан дірілдеп тұр деп ойлайды. Ал Мәскеуде өткен ғасырдың басында пайда болған ОЛАРдың алғашқыларының бірі алғашқы «Эскимо» деп аталды. Қазақстанда соңғы жылдары ОНЫң ескілеріне сұраныс артып кеткені де бар. ОЛ не?

3. Блиц:
3а. Үшінші буынның мобильді интернетін желідегі бірнеше қолданушы белгілі спортшының атымен байланыстырады. Спортшыны атаңыз.
3ә. «Шетелге сапарым болса да, Головкиннің жекпе-жегін көремін». ©
17 қыркүйек күні ол кісі жабық ғимараттардағы жекпе-жек өнері бойынша V Азия ойындарына барады екен. Цитата авторын атаңыз.
3б. Жекпе-жек төрешілерінің есімдері аталған соң, Головкиннің промоутері Том Леффлер былай дейді: «Геннадий өзімен бірге тағы екі жеке төрешісін ала келмекші». Промоутердің меңзегенін атаңыз.

4. Жүсіп Баласағұни ОНЫ елшінің қылышы деп атаған. Бұл зат есімді етістік түрінде ұқсақ, неге олай аталғанын түсінуге болады. Ол не?

5. «Экстрасенстер» фильмінде іс жүргізуге келген полиция қызметкерлерінің бірі экстрасенс, доктор Кларенсиге: «Одис келді. Сенен кейінгі ең жақсы қызметкеріміз» дейді. Сонан соң бәрі Одистің артынан жүреді. Сұрақ: Одистің басқа қызметкерлерден ерекшілігін атаңыз.

6. Дүниеде бір жәндік бар үйретілген,
Мойнында жібекарқан сүйретілген.
Алдыңа тапқыш болсаңсала айтайын,
Қолға алсаңкөп жұмысты сол бітірген.
Қазақ жұмбағын шешіңіз.
Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 2017 жылғы 16 қыркүйектегі шығарылымындағы сұрақтар
7. Балтинвестбанктің жарнамалық плакаттарының бірінде аквариумды түгел алып жатқан балықтың суреті бейнеленген. Бұл плакаттың не жарнамалайтынын түп-түбірі грек тілінен шыққан сөзбен атаңыз.

8. 2012 жылы еуропалық астаналардың бірінде белгілі спортшыға көзі тірі кезіндегі ескерткіш орнатылды. Ол ескерткіш жасалған материал, бұйым, құрал – көптеген құрылыс материалдары дүкендерінде сатылады. Спортшыны немесе бұйымды бір сөзбен атаңыз.

9. Түс жору кітабына сәйкес, егер сіз ОНЫ түсіңізде оқып, зерттеп отырсаңыз, онда өңіңізде өзіңізге және өз күшіңізге деген сенімділік жетіспейді, сондықтан сіз айналаңыздағылардан қолдау іздейсіз деген сөз. ОНЫ атаңыз.

10. Медынь қаласына кіреберісте орнатылған монументте қаланың негізі қаланған жыл жазылған, және жылдың әр цифрі геометриялық фигурамен қоршалған. Қандай фигура?

11. 2011 жылы Керекинфо блог-тұғырнамасында техносиндром никті блогер (Ерлан Оспан) ғылыми, неологизм сөздерді блогтұғырнама шеңберінде талқылай отырып, аударуды ұсынады. Осы қауымдастық ашылады, және қауымдастыққа, жобаға танымал шетелдік фильмнің атауын қояды. Ол фильмді бір сөзбен тауып көріңіз.

Ойынның фейсбуктегі трансляциясы бар. Негізі, инстаграмда да ойын уақытында эфир болады.
Эфир аудиожазбасын ресми сайттан тыңдауға болады.
Әрі қарай

Веложол: Орбитадан ҚазҰУ-ға дейін (+видео)

Алматы велосипедизацияға шындап кірісіп жатыр. Бірнеше жыл бұрын алдымен Абай даңғылында, кейін Тимирязев көшесінің бір бөлігіне веложол салынған еді. Биыл веложолақ түскен көшелер көбейді.

Соңғы салынған веложолдардың бірі Орбита ықшамауданы жақтан бастау алады. Әлгі атышулы трамвайдың жолы. Трамвай жабылған соң соның орнына веложол салуға шешім қабылданыпты. Биыл жазда басталған құрылыстың бір бөлігі аяқталды. Жалпы бұл веломагистраль Орбитаны Көкбазармен жалғауы керек. Қазір Орбитадан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алдына дейін велосипедпен тоқтамастан жетуге болады.
Блог - patick: Веложол: Орбитадан ҚазҰУ-ға дейін (+видео)Бағыты: Саин (Торайғыровтан төмен) — Торайғыров — Каблуков — Өтепов — Атакент паркі — Тимирязев — ҚазҰУ аялдамасы. Болашақта жол одан әрі созылып, Байтұрсыновқа барып тіреледі. Ал Байтұрсыновтан Абайға дейін жол жасалып қойды.
Орбита ы/а (Торайғыров көшесі):Торайғыров, Каблуков көшесінде веложол бұрынғы трамвайдың линиясының үстіне салынды. Теміржол монтаждалған да жоқ, үстіне асфальт құйып тастады.
Торайғыровтан Каблуковқа өтетін тұс:Каблуковтан Өтеповқа бұрылатын тұс:Өтеповтың бойында жағдай сәл басқаша — бұрынғы трамвай жолы монтаждалды да, үстіне асфальт төсеп, машиналарды жіберді. Ал машинадан босаған жол жиегі велосипедшілерге берілді.
Өтепов көшесі: Велосипед жолы Өтепов бойымен келе жатады да, Жароковты қиып өтіп, Атакент паркіне кіріп кетеді. Парктің ішімен кесіп өтіп, Тимирязевтің бойындағы ҚазМұнайГаз жанармай бекетінің қасынан бір-ақ шығады. Бұрынғы «Студент» деген сауда орталығына кіріп-шығатын қақпа. Қазір ол ғимарат бұзылып, орнына «Атакент молл» деген сауда үйі ашылды.

«Атакент молл» С/Ү, веложол осы жерден үзіледі. Бірнеше метрден кейін екі-үш жыл бұрын салынған Тимирязев бойындағы веложол жалғасады:
Бір қуантқаны — жаңа велотрассаның бойына велосипед жалға алу нүктелері қойылды. Нүктелер санын білмеймін, бірақ жеткілікті. Жол бойында жиі кездеседі.
Блог - patick: Веложол: Орбитадан ҚазҰУ-ға дейін (+видео)

Енді аздаған статистика:
Орбита — ҚазҰУ бағытындағы веложолдың ұзындығы — 7 км
Орташа жылдамдық — 19-20 км/сағат
Арақашықтыққа кететін уақыт — 20-21 минут

Трассаның сапасына келсек — екіұдай пікірдемін. Торайғыров, Каблуков бойы вибрация туғызады. Жолы шоқалақ дей алмаймын, бірақ тегіс емес. Өтеповтың бойы жақсы. Әрі қарай Атакент паркінің іші де әртүрлі — кейбір учаскесі теп-тегіс, кейбір жерлері кедір-бұдырлы. Сосын бұрынырақ салынған Тимирязев бойындағы жол да аса тегіс емес. Дірілді велосипедке орнатылған камераның селкілінен байқауға болады.

Әрине жоқтан жақсы ғой. Шіли сынауға да болмас. Бұрын автомобиль жолымен де жүрдік қой. Қазір бөлек жолмен жүреміз, демек қауіпсіздік деңгейі де артты. Сондықтан жолдың салыну фактісінің өзіне майлы плюсті беруге болады. Тек осы жобамен айналысып жатқан компаниялар «Еуропалық стандартқа сәйкес» деп БАҚ беттерінде мақтана бермесе екен деймін. Иә, жол бар, бірақ еуропалық деңгейге әлі алыстау секілді.

Дейін/кейін форматы үшін алынған фотосуреттердің «дейіні» Яндекс-картадан, «кейіні» өзімдікі :)

Видеонұсқа:
Әрі қарай