Балалар жөндеп бітпеген ғимаратта тұрып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайловка ауылындағы бір ғимаратта орналасқан балабақша мен интернат жаңа оқу жылына дайын емес. Ал жауапты басшылар «жөндеу екі аптада бітеді» дейді.
Әрі қарай

Алматы облысындағы өрт қауіпсіздігі

Алматы облысындағы өрт қауіпсіздігі
Алматы облысының аумағында 1 095 өрт тіркелді. Ол көбіне тұрғындардың өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан туындайды.Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.
2017 жылдың 20 сәуіріне дейін қатты отынмен жанатын пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу себептері бойынша 120 өрт оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 23 адам улы газбен уланған. Жарақат алудың негізгі себептері өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалмауы деді өз сөзінде облыстық төтенше жағдай департаментінің азаматтық қорғау подполковнигі Катышева Толқын.
«Жылу беру маусымы басталар алдында пештер тексеріліп, түтіндіктері тазаланып, сылануы керек. От жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру өте қауіпті. От жағуға жанармай, жермай, дизель отыны мен басқа тез жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
Пештің үстіне киімдер мен отынды кептіруге болмайды және де үй жиһаздары, перделер жанып жатқан пештен жарты метрден кем емес ара қашықтықта орналасуы керек. От жағу маусымы басталар алдында шатырларда түтін жолдары өтетін барлық түтін мұржалары мен қабырғалар әктелуі керек», — деді Катышева Толқын.
Тұрғындар арасында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша Төтенше жағдайлар департаменті ұдайы түрде от жағу маусымының алдында қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Әрі қарай

Астана әкімі елорда үлескерлерінің мәселелерін жеке бақылауға алды

Астана жаңалықтары: Астана әкімі елорда үлескерлерінің мәселелерін жеке бақылауға алды

Бүгін таңертең Астананың проблемалы тұрғын үй кешендерінің 100-ден астам инвесторлары үлескерлік құрылыс саласындағы өзекті мәселелерін шешу мақсатында көмек сұрап Астана әкімдігіне жүгінді.

Жиналғандар ішінде бірқатар тұрғын үй кешендерінің өкілдері бар. Атап айтсақ, «Жастар 4», «Шығыс», «ОралДизайнСтроиСервис», «Магистральный 3», «Есiл ЭК», «Махаббат»,«Азбука Жилья» («Садовые кварталы», «Айсанам DeLuxe», «Комфорт DeLUXE», «Жетiжол», «Гарант», «Комсомольский», «Династия»).

Әсет Исекешев салымшылардың жанайқайын тыңдап, азаматтардан өтініш қабылдады.

Отырыс жұмысына барлық мемлекеттік органдардың, оның ішінде қала прокуратурасының, Астана қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің, ведомствоаралық комиссиясының ІІМ және бас прокуратура, сонымен қатар барлық үлескерлік құрылыс саласында қызығушылық танытқан органдардың өкілдері қатысты.

Кездесу қортындысы бойынша Астана қаласының әкімі құқық қорғау өкілетті органдарына үлескерлік құрылыстағы инвесторлар мәселелерін және аз уақыт ішінде заңнамалық және құқықтық сұрақтарды шешуді жүктеді. Бұдан бөлек, әкім үлескерлік құрылыс қатысушыларының проблемасы жеке бақылауға алынып, тұрғын үй кешендері бойынша инвесторлармен кездесу кестесі құрылатынын жеткізді. Бұл бағытта жұмыстар үзбей, шешімін тапқанша жүргізіледі, деп сендірді әкім.
Әрі қарай

Демалыс күндері Астанада екі облыстың жәрмеңкесі өтеді

Астана жаңалықтары: Демалыс күндері Астанада екі облыстың жәрмеңкесі өтеді

23-24 қыркүйек Астанада Қарғанды және Қызылорда облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Астана қаласы ауылшаруашылық басқармасының басшысы Ардақ Досанов хабарлады.

Оның сөзінше, 8 ай ішінде Астанада 50-ге жуық жәрмеңке өткен. Кейбір аймақтар бірнеше рет келген.

-Жәрмеңкелерде біз 8 млн теңгенің 25 мың тоннадан астам өнімін өткіздік. 23-24 қыркүйек Қарағанды мен Қызылорда облыстарының бірлескен жәрмеңкесін ұйымдастыру жоспарлануда. Онда 500 тонна өнім саудаланады, — деді Досанов мырза.

Естеріңізге саламыз, жәрмеңке Қ.Мұңайтпасов көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешені аумағында өтеді.

Айта кету керек, елордаға жыл басынан бері дистрибьюторлік арналар арқылы 80 мың тонна азық-түлік жеткізілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25-30%-ға көп. Мұндай шаралардың барлығы бағаны бақылауға және барлық тауар топтары бойынша өсім болған жағдайда да өнімдердің жетіспеушілігін, жылдам қымбаттауын болдырмады.

Smart Astana бағдарламасын іске асыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді

Астана жаңалықтары: Smart Astana бағдарламасын іске асыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді

Елбасының қатысуымен цифрландыру мәселелері бойынша өткен республикалық отырыстың қорытындылары бойынша Smart Astana бағдарламасын іске асыру бойынша ірі технологиялық компаниялардың өкілдерімен бірқатар келіссөздер өткізілді.

Атап айтқанда астанада келесі бағыттар бойынша технологияларды пайдалану бойынша жобаларды енгізу қарастырылды: интернет заттары (IoT), бұлт технологиялары, жасанды интеллект, жер қатынастарындағы BIM, blockchain технологиялары және үлкен деректер (Big data).

Smart Astana жобасы шеңберінде білім, денсаулық сақтау, көлік, қауіпсіздік, құрылыс және басқа салаларда әкімдіктің және қала қызметтерінің жұмысына цифрлық технологияларды енгізу сияқты 20 аса жобаларды іске асыру жүргізілетіні белгілі.

Екі жақты кездесулер барысында Астана қ. әкімі Исекешев «ақылды қалаларға» арналған шешімдердің негізгі провайдерлерінің бірі Nova Group сингапур компаниясының вице-президенті Эдди Тан мырзамен диалогы өтті. Сұхбатшылар әкімдіктің және электронды денсаулық сақтау саласының электронды қызметтерін құруға, автоматтандыруға ВІМ-технологияларын енгізу мәселелесін талқылады.

Сонымен бірге қала әкімдігімен Лаирд Коган бастаған Cagan McAfee Capital Partners компаниясының бас директорымен және ортақ құрылтайшысымен Астана қаласын дамыту және венчурлық капиталды тарту мәселелерін талқылау бойынша кездесу өткізілді.

Одан әрі Bit Fury директорлар кеңесінің төрағасы Валерия Вавилов мырзаның қатысуымен деректер сенімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған Астана қ. жер қатынастарына «blockchain» технологияларын енгізу мәселелерінің кең спектрін талқылады.

Сонымен бірге, 14 қыркүйекте астаналық әкімдік алаңында Ішкі істер қауіпсіздігінің вице-министрі Шим Бо-Кюн мырза және Корей ақпараттық технологияларды зерттеу және дамыту институтының сарапшылары бастаған Оңтүстік Корей делегациясының қатысуымен интернет заттарын (IoT) және Smart City енгізу бойынша семинар өтті.

Семинар барысында корей тарабы IoT-технологияларға негізделген Кореяның бірінші ақылды қаласы – Пусан қаласында IoT және аналитикалық платформаны енгізу бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Инновацияларды дамытуға үлкен мән бере отырып, тараптар іс-шара қорытындысы бойынша ынтымақтастық мәселелерін қарастырды. пікірлермен алмасты, іске асыруға жоспарланған бірқатар өзекті жобалармен танысты және тараптар іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының астанасын цифрландыруда стратегиялық курстқа өзінің шынайы берілгендігін растады.
Әрі қарай

Алматы облысының кәсіпкері мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін ағылшын курсын ашты

Алматы облысының кәсіпкері мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін ағылшын курсын ашты
Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды. Бүгінгі таңда балалардың жан-жақты дамуы маңызды рөл атқарып отыр. Осы мақсатта Талдықорғандық жас отбасы Мансұр мен Мадина Құрманғалиевтар Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ағылшын курсын ашып, жұмыс істеп жатыр.
Курста қазіргі таңда 10 бала оқып жүр. Олар екі шағын топқа бөлінген. Оқытушылар балалардың әрқайсысымен жеке-жеке жұмыс жасайды. Балалардың оқу үшін барлық жағдайлары жасалған. Олар тек жазбаша ғана емес берілген тапсырманы ауызша, ойын түрінде қабылдайды.
«Осы тегін курсттың арқасында балалар тек шет ел тілін үйреніп қана қоймай, сонымен қатар бір-бірімен араласып, топпен жұмыс жасауды үйренеді. Бұл балалардың болашағының зор болуына, мүмкіндіктерінің көп болуына септігін тигізеді деп ойлаймын », — деді ағылшын тілі мұғалімі Мадина Құрманғалиева.
Сабақ аптасына 2 рет 40 минуттан өтеді. Онда 2 жоғарғы білімі бар білікті мамандар сабақ береді. Ұстаздардың айтуынша жылдың соңына дейін 30 бала оқыту жоспарланып отыр. Курсқа жазылу үшін 87782863557 нөміріне хабарласуға болады
Әрі қарай

Цифрлық Астана: өзгерту үшін не жасалады

Астана жаңалықтары: Цифрлық Астана: өзгерту үшін не жасалады

Бүгінде астана әкімшілігінің медиа-орталығында «Цифрлық Астана: ағымдағы жағдай және перспективалар» тақырыбына баспасөз-конференциясы өтті.

Астаналық журналисттерге Астанада цифрландыру бағдарламасы қалай өтетіні туралы «Астана қ. Инвестиция және даму жөніндегі басқарма» ММ басшысы Алишер Абдыкадыров пен «Астана Innovations» АҚ басқармасының төрағасы Олжас Сартаев әңгімеледі.

Цифрландыру мәселелері бойынша өткен Республикалық отырыстың стратегиялық міндеттері тұрғысынан әкімшілікпен цифрлық астананың әлеуетін өсіру бойынша SmartAstana тұжырымдамасы шеңберінде жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Бекітілген тұжырымдама Ақылды қалалардың Еуропалық моделі негізінде әзірленді және оның инфрақұрылымы мен басқару әдістерін жетілдіру арқылы Астананы «ақылды қалаға» өзгертуге бағытталды.

Жобаны іске асырудың негізгі бағыттары: ақылды экономика, ақылды қоғам, ақылды басқару, ақылды өмір салты, ақылды көлік, ақылды қоршаған орта.

Бірінші жобалардың бірі 15 қыркүйекте іске қосылған «СЕРГЕК» интелектуалды видеобақылау жүйесі болды. «СЕРГЕК» бұзушылықтардың 3 түрін тіркейді: жылдамдық режимін арттыру, BusLane бөлінген автобус желілері бойынша қозғалыс және тоқта сызығын қиып өту. Алишер Абдыкадыровтың айтуынша, құқық бұзушылықтар саны бақылау камерелары іске қосылғаннан кейін әдеуір төмендеді.

— Бұл жоба ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Астана жолдарында жаяу жүргіншілерді жиі қағып кететінін бәрі біледі. Қазақстан бүгінде дүниежүзілік банк деректері бойынша жол-көлік оқиғалары есебінен 1,5% астам ЖӘӨ жоғалтады. Олардың ішінде ЖКО-да зардап шеккен адамдарға кететін шығындар, жол құрылымдарын түзету және басқалары. Жыл соңына дейін бізде барлық желілік учаскелер жабылады. Біз бірінші нәтижелерді көреміз – жолда адамдар құқық бұзушылықтарды аз жасай бастады, -деп түйіндеді спикер.

Сондай-ақ, Интернет заттарының датчиктерін қолданумен «Ақылды көше жарықтандыру» жобасы бойынша американдық CISCO (АҚШ) компаниясымен, PHILIPS(Нидерланды) және Қазақстандық LEDSolutions компаниясымен екі пилоттық жоба іске асырылды. Осы жоба ақылды жүйе көмегімен электр энергиясын 60 % дейін үнемдеуге, шамдарды ұстауға кететін пайдалану шығындарын 30% дейін төмендетуге және олардың қызмет ету мерзімін 6 айдан 15 жылға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Олжас Сартаев астана әкімшілігімен жоспарлық режимде мақсаты ПИК жұмысын автоматтандыру және кооперативтермен тұрғындардың өзара әрекет етуі болатын «е-КСК» жобасын масштабтау өткізілетіні туралы айтты. Жоба бүгінде 250 астам ПИК (қалада 436 ПИК-тен) және шамамен 1200 үйді қамтыды.

Алуан түрлі міндеттердің оңтайлы шешімін таңдау және үлкен деректерді өңдеу мақсатында Интернет заттары (IoT) платформасымен, Microsoft, IBM, CISCOжәне корейлікMobius компанияларымен 4 пилоттық жобаны іске асыру жоспарланады. Осы пилоттық жобаларды енгізу астана үшін қолайлы платформаны анықтауға және одан әрі қаланың көптеген инфрақұрылымдық міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Әрі қарай

"Астана Опера" театры IV маусымды жабады

Астана жаңалықтары: Астана Опера театры IV маусымды жабады

«Астана Операның» кезекті театр маусымы өте қызықты болып, аяқталуы ауқымды іс-шаралармен аталып өтілді. Маркетингтік зерттеу деректері бойынша, «Астана Опера» театрының IV маусымы ішінде 296 іс-шара өткізілген. Осы кезеңде театрға 120 099 көрермен келген.

Маусымды сөзсіз, тарихи деуге болады. Себебі ол Пласидо Домингоның әлемге танымал «Опералия» вокалистер байқауының өткізілуімен, Дж. Вердидің «Травиата» операсында біртуар мэтр Пласидо Домингоның өнер көрсетуімен, сонымен бірге аты аңызға айналған миландық Ла Скала театрының гастрольдерімен, 1200 музыкант қатысқан Г. Малердің №8 симфониясының ғаламат премьерасымен және ашық аспан астындағы бірқатар қойылымдармен есте қалды. Осының бәрі – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевпен бекітілген Мәдени саясат тұжырымдамасын ауқымды түрде жүзеге асырып келе жатқан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен еліміздегі ірі театрдың шығармашылық ұжымының орасан зор күш-жігерінің нәтижесі.

Қандай қойылымдар қойылды?

Осы маусымда «Астана Опера» театры үш премьера ұсынды: Алтынай Асылмұратованың қойылымындағы Л. Минкустың «Дон Кихот» балеті, Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы (қоюшы-режиссері Михаил Панджавидзе, Беларусь) және Жюль Массненің музыкасына Кеннет Макмилланның «Манон» балеті (қоюшы-балетмейстерлері – Карл Барнетт пен Патрисия Руанн, Ұлыбритания). Соңғы спектакльді сөзсіз сәттілік деуге болады, себебі хореографиялық өнердің осы бір жауһары әр театр сахнасында қойыла бермейді. «Манон» балетін қою құқығына тек қоюшылардың жоғары хореографиялық талаптарына сәйкес келетін труппалар ғана ие бола алады. «Астана Опера» К. Макмилланның жұбайы – Дебора Макмилланның, Карл Барнетт пен Патрисия Руанның үмітін ақтап, күткеннен асып түсті. Осылайша, астаналық театрдың репертуары опера және балет классикасының теңдессіз жауһарымен толықты.

Гастрольдер

«Астана Опера» балет труппасы гастрольдік маусымды Қытайдағы Гала-балет бағдарламасымен ашты. Әртістер Синьцзян өнер театрының сахнасында 2016 жылдың 25 және 26 қыркүйегі өнер көрсетті. Труппа классикалық балет мұрасының нөмірлерін орындады. 2017 жылдың 1 және 2 ақпаны әртістер Санкт-Петербургтегі Мариин театрының жаңа сахнасында «Париж Құдай Анасының соборы» хореографиялық жауһарын ұсынды. Бес мың петерборлық көрермен осынау керемет спектакльді тамашалауға келді. Шаттанған көпшілік «Астана Опера» балет труппасы әртістерінің өнер көрсетулеріне толассыз қол соғып, ыстық ықыласқа бөледі, труппа петерборлық балет сүйер қауымның марапатына ие болды.

Опера труппасы гастрольдік бағдарламамен Қарағанды облысының екі қаласында болды. 2017 жылдың 20 және 21 сәуірі операның жетекші солистері мен театрдың керемет хоры С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында, ал 22 сәуір күні – Теміртаудағы Металлургтер сарайында өнер көрсетті.

Опера труппасының солистері – Медет Шотабаев, Дина Хамзина, Сүндет Байғожин және тағы басқалары «Астана Опера» театрын шетелде танытып, Graz Opera (Австрия), Theatro Municipal (Бразилия), Ресей Үлкен театры, Ә. Науаи атындағы Мемлекеттік академиялық театр (Өзбекстан) және басқа да алдыңғы қатарлы әлемдік опера сахналарында өнерлерін паш етті.

«Астана Опера» театры өз сахнасында ресейлік қонақтарды қарсы алды: 2016 жылдың 14-15 қазанында Санкт-Петербургтегі Борис Эйфманның әйгілі академиялық балет театрының гастрольдері өтті. Тұңғыш рет «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында труппа А.С. Пушкиннің өлең түріндегі романы бойынша П.И. Чайковский мен А. Ситковецкийдің музыкасына («Автограф» рок-тобы) «Евгений Онегин» балетін ұсынды.

2016 жылдың 1 желтоқсанында Новосібір театры жаңа бірегей опералық квест үлгісінде Дж. Пуччинидің «Турандот» туындысын көрерменге ала келді.

Жеңістер

Қазақстанда ерлер би мектебі өте мықты деп бекер айтылмаған. Оған «Астана Опера» балет солистерінің халықаралық байқауларда қол жеткізген жеңістері айқын дәлел болмақ. IV маусым басында «Астана Опера» театрының солистері ІІІ Халықаралық балет әртістері байқауында (Астана, Қазақстан) жеңіске жетті. Бас жүлде балеттің жетекші солисі Бақтияр Адамжанға бұйырып, мәртебелі бірінші орынды балет солисі Серік Нақыспеков иеленді. Екінші орын балеттің жетекші солисі Еркін Рахметоллаевқа берілді, сонымен қатар ол классикалық мұраның үздік интерпретациясы үшін Петипа мұрасының қоры мен «PETIPA PRIX» Братислава Ұлттық театрының арнайы сыйының иегері атанды. 10 маусым күні Бақтияр Адамжан мен Серік Нақыспеков Валентина Козлованың Халықаралық балет әртістері байқауында, VKIBC (Нью-Йорк, АҚШ) қос жеңіске қол жеткізді. «Астана Опера» балетінің жетекші солисі Бақтияр Адамжан бұл байқаудың тарихында тұңғыш рет «Классикалық би» аталымында Бас жүлде иеленді. «Астана Опера» балетінің солисі Серік Нақыспеков мәртебелі үшінші орын (қол медаль) алды. «Астана Операның» жетекші солисі Бақтияр Адамжан әлемдегі ең беделді додалардың бірі – Мәскеудегі XIII Халықаралық балет әртістері мен хореографтарының байқауында (Ресей) Бірінші сыйлықты иеленіп, жеке дара жеңіске қол жеткізді. Сондай-ақ «Астана Опера» балетінің солисі Серік Нақыспеков те осы байқаудың дипломанты атанды.

Марапаттары

Әртістердің еңбегін бағалайды әрі құрметтейді! 2016-2017 жж. театр маусымында «Астана Опера» әртістеріне марапаттар мен сыйлықтар табыс етілді. «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратова «Парасат» орденімен марапатталды. Балет труппасының жетекші солисі Әйгерім Бекетаеваға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. Театр ұстаздары Сауия Айталиева мен Ғалия Бегалина ҚР Президенті Н. Назарбаевтың атынан Құрмет грамотасын алды.

Опера труппасының жетекші солисі Жаннат Бақтай «Парасат» орденімен марапатталды. Опера труппасының жетекші солисі Жұпар Ғабдуллина Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алса, опера труппасының солисі Евгений Чайников «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді.

Маусымныңжабылуы алдында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «ЭКСПО-2017» бағдарламасы аясында «Астана Операда» әлемдік деңгейде маңызы бар оқиғалар орын алды. Халықаралық көрме өз жұмысын аяқтаса да, соңынан қаншама жылы лебіздер мен қуанышқа толы әсерлер қалдыруда. Астаналық театрдың ұжымы ашық аспан астында бірегей қойылымдар ұсынды, атап айтқанда: Дж. Вердидің «Аида» операсы, Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы, Л. Минкустың «Дон Кихот» балеті. Астана тұрғындары мен қонақтарын Г. Малердің №8 симфониясының (қоюшы-дирижері – атақты маэстро Алан Бөрібаев) тұсаукесері керемет әсерге бөледі. Сонымен қатар қазақстандықтар тұңғыш рет Пласидо Домингоның әлемдегі ең беделді «Опералия» Халықаралық жас вокалистер байқауының куәсі болды. Маэстро опера өнерін сүйетін қауымды қуантып, Дж. Вердидің «Травиата» спектаклінде Жорж Жермон партиясын орындады…

Дж. Вердидің «Фальстаф» және Л. ван Бетховеннің №9 симфониясын ала келген Ла Скала театрының гастрольдері төртінші театр маусымының жарқын шарықтау шегіне айналды. Барлық гастрольдік өнер көрсету кезінде дирижерлік пульт басында қазіргі заманның әйгілі маэстросы Зубин Мета болды.

Алда не күтуде?

Осы маусымда көрермен үшін көптеген қызықтар әзірленген еді, ал келесі – мерейтойлық бесінші маусымда – аса қанық бағдарлама күтуде! Ол – Ж. Бизенің «Кармен» операсының премьерасы, опера және балет труппасының гастрольдік сапарлары. Бұдан өзге, театр маусым аралығында Камералық залда бірқатар қызықты концерттер ұсынбақ. Өнердің ғажайып әлемімен кездесуден қапы қалмаңыздар!