Астанада үлестік құрылыс объектілері проблемаларын шешу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде

Астана әкімдігінде үлестік құрылыс нысандарын «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы арқылы іске асыру барысының алдын ала қорытындылары туралы айтылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінде.

Астана әкімдігі мәселесі бар үлестік қатысу құрылыс нысандарын «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы шешуді қарастыруда. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде құрылыс кәсіпорындарының жауапсыз құрылтайшылары заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Ал құрылыс объектілері «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС уәкілетті ұйымына берілген.

Қазіргі кезде «Нұрлы жер» бағдарламасына 36 нысан кіріп отыр. Сонымен қатар, 27 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

Мысалы, төрт проблемалы құрылыс нысанында құрылыс жұмыстары жүруде, «Шығыс» тұрғын-топ 3А, «Шығыс» тұрғын-топ 3Б, «Жағалау-3» блок А-Ж, «Жағалау 4», 4 полигон.

«Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС уәкілетті ұйымы «Жағалау 4» полигон 3, «Шығыс» 5 1-топ объектілері бойынша экономикалық тиімділігін бағалау бойынша жобаларды іске асыруда.

«Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС тұрғын үй-құрылыс кооперативі «Баспана Көктал» және «Мирный Дом» ТК бірқатар іс-шаралар өткізу үшін бірлескен қызмет туралы шарт жасасу құрылысын аяқтау бойынша меморандумға қол қойды.

«Азбука жилья» ЖСК компаниясының – «Гарант» және «Жеті Жол» ТК өкілдерімен бірлескен қызмет туралы шарттардың жобаларын жасау жұмыстары аяқталды. Осыған байланысты үлескерлердің 31 тамызда жалпы жиналысы өтеді.

«Тұран-Сығанақ», «Территория комфорта-1», «Арыстан», «Жағалау-4» полигон 3 және «Азбука жилья» компаниясының объектілері – «Комсомольский», «Айсанам Де Люкс», «Комфорт Успех», «Садовые Кварталы» нысандары өкілдеріне шарт жасасуға құжаттарды әзірлеу бойынша уәкілетті ұйым тиісті жұмыстар жүргізуге көмек көрсету.

Проблемалық нысандар «Алтын Бұлақ», «Мұнар-2», «Ақерке-2» ТК-нің тұрғын үй-құрылыс кооперативтері ВАК-тың ұсынымы негізінде құрылысты аяқтау үшін қажетті жер телімін анықтау жүргізуде.

Тамыз айының басында «Нұрлы жер» бағдарламасын түсіндіру барысында мәселелі «Гранитный-2» және «Хазрет Астана» ТҚК өкілдері нысандардың құрылысын аяқтауға байланысты тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуды ұйғарды.

Бұдан басқа, өкілетті органның өкілдері ВАК мүшелерімен бірлесіп тұрақты түрде проблемалы объектілерге кездесуге шығып, тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жиынына қатысып тұрады. Апта сайын бірігіп жұмыс істеу туралы келісімшартты іске асыру шеңберінде объекті алаңында жүріп жатқан құрылыстарға тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Әсет Исекешев «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына астанадағы үлестік құрылысы объектілерінің ахуалын шешу мақсатында толықтырулар енгізу туралы бастама көтерген болатын.

Осы шешімге байланысты Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысы бағдарламасына толықтырулар енгізіп, қайтарып беру принципімен проблемалы үлестік құрылыс объектілерін аяқтауды қолға алды.

Астана әкімдігі жанынан «Елорда құрылыс» ЖШС өкілетті ұйымы құрылды, оның негізгі функциясы астанадағы проблемалы объектілердің құрылысын несие есебінен қаржыландыру, үйлестіру және құрылыс барысын бақылап отыру. Ал өкілетті ұйым үшін проблемалы құрылыс объектілерін ұсынумен Астана әкімдігінің ведомствоаралық комиссиясы айналысады.

«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС бірлесіп құрылысты аяқтау туралы келісімге қол қою қажет. Ол үшін ТҚК жобалау-сметалық құжаттарын ұсынып, кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алу керек және атқарылған жұмыстың бағасы мен объектінің техникалық параметрлерін анықтау үшін техникалық аудиттің нәтижесі керек.

Құжатқа сүйеніп бос жер телімі бары туралы ақпараттарды өкілетті ұйым қаржы көлемін анықтап, құрылысты аяқтау үшін және жобаны іске асырудың экономикалық тиімділігін қарастырады. Осы экономикалық тиімділігіне қарап келісімшарт бекітіледі, құрылысты аяқтау туралы конкурс жарияланады. Егер объекті экономикалық тиімсіз болып қосымша қаржыландыру көзі жоқ болса, оны аяқтау үшін тартылған несие арқылы бітіруге жол берілмейді.

Білім басқармасы #АҚША_ЖИНАУҒА_ҚАРСЫМЫЗ акциясын ұйымдастыруда

Астана қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп «Астана-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп, елордалық білім беру ұйымдары арасында #АҚША_ЖИНАУҒА_ҚАРСЫМЫЗ акциясын ұйымдастыруда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Акцияның бірінші қадамы ретінде назарларыңызға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражат туралы ақпарат және заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы бұйрығының көшірмесі ұсынылып отыр.

Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин өзінің Фейсбук парақшасында, бұл акция мектептерде заңсыз ақша жинауға тыйым салу мақсатында қолға алынғанын айтты.

«Құрметті Астана қаласының тұрғындары! Егер сіз Астаналық білім беру мекемелерінде заңсыз әрекеттерге тап болсаңыз, мына телефон бойынша хабарласуға болады: 55-68-83, 55-68-73», деп жазды ол.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ ата-аналар төлеген қаражаттың қандай іс-шараларға бөлінетінін егжей-тегжейлі түсіндірді. «Баланы балабақшада тәрбиелеуге қаржы бюджеттен және ата-ананың төлеген ақысынан құралады. Қызметкерлердің еңбекақысы, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, шаруашылық және кеңсе тауарларын сатып алу, ойыншықтар, көрнекі және әдістемелік құралдар, дәрі-дәрмек, байланыс қызметтері, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары, сақтандыру, коммуналдық қызметтер, өрт қауіпсіздігі қызметі, банк және күзет қызметтері, апаттық қызмет, санитарлық-техникалық қызмет көрсету, құбырларды шаю және қысымды тексеру, шағын орталықтар үшін бөлмені жалға алу», деп түсіндірді ол.

Ал, ата-аналар төлемақысы балалардың ас суына бағытталады. Сонымен қатар, ол ата-аналардың балаларын тағы немен қамтамасыз ететінін айтып өтті. Ата-ана баласына кеңсе тауарларын, мысалы, ермексаз, қатырма қағаз, түрлі-түсті қағаз, түрлі бояулар, альбом және тағы басқа да заттар. Сондай-ақ, жоғары және дайындық топтарына баратын балалардың ата-аналары оқытудың негізгі түрлері үшін жұмыс дәптерлерін алып береді.

Ақылы қызметтер ішінде кезекші және демалыс күндердегі топтардың қызметі.

«ҚР МЖМБС және ҚР БҒМ үлгілік оқу жоспарынан тыс басқа да оқыту мен дамыту қызметтері ата-аналардың қалауы бойынша шарттық негізде жүргізіледі», — деп нақтылады Ә. Жанғозин.

Бюджеттен мектептерге қаражат мұғалімдердің еңбекақысын, коммуналдық қызметтерді, жетім және аз қамтылған отбасы балаларын киім-кешекпен және тамақпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ кеңсе тауарларын (табель, бор, мақтау қағаздары), жинақтауыш құрылғы (картридж, шамдар), жууға арналған сұйықтықтар, шаруашылық және спорттық тауарлар сатып алуға бөлінеді.

Білім басқармасының басшысы 28 тамыз күні «Ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы» бұйрығын шығарғанын атап өтті. Құжатта ата-аналардан сынып пен бөлмелердің тазалығын және жөндеу жұмыстарын, құрал-жабдықтарды, жиһаз сатып алуға, мекеменің аттестациясын өткізуге, педагогикалық ұжымға сыйлықтар, мерекелік іс-шараларды өткізуге және тағы басқа жағдайларға мәжбүрлеп ақша жинауға қатаң тыйым салынады.

Елордада емделетін әр бесінші пациент - басқа аймақтың тұрғыны

Ішкі медициналық туризм аясында сапалы ем қабылдау мақсатымен жыл сайын Астанаға 65 мыңға тарта адам келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

20 жыл ішінде Астанада денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер орын алды. 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығының өзінде қаланың медициналық мекемелерінде 25 мыңнан астам ем қабылдап, 4,5 мың ота жасалды. Оталардың 1700-де жоғары технологиялар қолданылды. Жедел жәрдем 190 мыңнан астам шақыртуға қызмет көрсетті. 64 мыңнан астам адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтылып, бірыңғай колл-орталыққа елорданың 217 мыңнан астам тұрғыны хабарласты.

«Денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаны табысты іске асырудың арқасында біз халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын едәуір ұлғайттық. Бүгінгі таңда аталмыш көрсеткіш 76,2 жасты құрайды. Бұл – еліміз бойынше ең жоғары көрсеткіш», — деп мәлімдеді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Сондай-ақ, ол елорданың ішкі туризмге арналған ең танымал бағыттардың бірі екендігін атап өтті.

«Астана қарқынды дамуда. Жыл сайын мұнда 30 мыңға тарта сәби дүниеге келеді. Басқа өңірлерден елордаға жыл сайын 40 мыңға жуық адам келеді. Ішкі медициналық туризм аясында жыл сайын Астанаға сапалы ем қабылдау үшін 65 мың пациент келеді. Бүгін елордада емделетін әр бесінші пациент – басқа қаланың тұрғыны», — атап өтті Ә. Рүстемова.

Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында «Вафельді» белгі пайда болды

Астана жаңалықтары: Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында «Вафельді» белгі пайда болды

Мұндай белгі бағдаршаммен реттелетін, кептелістер жиі қалыптасатын қиылыстарда қолданылады. «Вафельді» белгі жүргізушіге көлік алдында кептеліс қалыптасқан жағдайда аталмыш учаскеге өтуге тыйым салады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Астана қаласы ІІД-не сілтеме жасап.

Астана Ішкі істер департаменті 2 қыркүйектен бастап, кептелістер жиі қалыптасатын қиылыстардың бірінде (Тұран даңғылы – Сығанақ көшесі) жаңа эксперименталды жол белгісі пайда болғанын хабарлайды.
Астана жаңалықтары: Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында «Вафельді» белгі пайда болды
«Вафельді» белгі – қиылыс шегіндегі жүргін жолда салынатын сары сызықтардан тұратын тор. Ол жүргізушіге қиылыстан өту ережесінің бірін орындауға көмектеседі. Дәлірек айтқанда.
Астана жаңалықтары: Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында «Вафельді» белгі пайда болды
— Кептеліс қалыптасқан жағдайда жүргізушіні қиылыс шегінде тоқтауға мәжбүрлеп, қиылысқа немесе жүргін жолға шығуға тыйым салады. Осылайша жүргізуші көлденең бағытта келе жатқан көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіреді.
Астана жаңалықтары: Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында «Вафельді» белгі пайда болды
Қиылысудың шекаралары қиылысудың ортасына қарама-қарсы орналасқан жолдың қисықтық бастарының қарама-қарсы нүктелерін байланыстыратын ойлы сызықтармен анықталады және бұл жағдайда жолдың қиылысу сызығы көрсетіледі.
Астана жаңалықтары: Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында «Вафельді» белгі пайда болды
Жүргізуші осы шекараларды оңай анықтай алса, «вафельді» белгі оларды көрнекі түрде көруге көмектеседі.

Белгіні қандай жағдайда өтуге болады:
Астана жаңалықтары: Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында «Вафельді» белгі пайда болды
— сіз белгіге аялдамадан оң жаққа қарай жаяу жүргіншілерді өткізіп жіберу қажет болған кезде ғана бұрылып, тоқтауға және жүруге құқыңыз бар.
Астана жаңалықтары: Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында «Вафельді» белгі пайда болды
— солға бұрылар кезде сізге қарама қарсы келе жатқан көлік пен жаяу жүргіншілерге жол бересіз.
Астана жаңалықтары: Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында «Вафельді» белгі пайда болды
Астана жаңалықтары: Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында «Вафельді» белгі пайда болды
Астана жаңалықтары: Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында «Вафельді» белгі пайда болды
Астана жаңалықтары: Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында «Вафельді» белгі пайда болды
Жүргізушінің қиылыста тоқтауына мәжбүрлейтін, яғни транспорт құралдары кептеліп қалған жағдайда, белгіден жүріп өтуіне тыйым салынады.
Астана жаңалықтары: Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында «Вафельді» белгі пайда болды
Белгісі бар қиылыстан тоқтау қажеттігі туындаған кезде және қарама қарсы көлікке жол берер кезде айналым жасамау керек.
Астана жаңалықтары: Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында «Вафельді» белгі пайда болды
Қиылыстағы вафельді белгіден алған ескерту туралы жүргізушіге кейінірек сәйкесінше техникалық құралды реттеу қолданылады.

Сонымен бірге, бүгінде «вафельді» белгіні енгізу тестік режимде жүргізіліп жатыр.

Аталған қиылыста ереже бұзғандар ӘҚБтҚРК 1, 4 594 бабының талаптарын сақтамағаны үшін (қиылыстан жүріп өту немесе жүретін жолды кесіп өтіп, кептеліс тудырған, қарама қарсы бағыттағы транспорт құралдарының қозғалысына кедергі келтірген), 594 баптың 1 — ескерту немесе 3 АЕК көлемінде айыппұл, ӘҚБт ҚР 594 бап, 4 бөлігінде — бұзушылық, әкімшілік айыппұлдан кейін бір жыл ішінде тағы да бұзушылықты қайталаса — 7 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұлға тартылады.
Әрі қарай

QR код, SMS және мобильді қосымша: қоғамдық көлікте жол ақысын қалай төлеуге болады?

Астана жаңалықтары: QR код, SMS және мобильді қосымша: қоғамдық көлікте жол ақысын қалай төлеуге болады?

Қала әкімдігінде қоғамдық көлікте жүруге төлем түрлері бойынша ақпарат айтылды.

Мәселен, қоғамдық көлік пайдаланушылары жол жүру ақысын бес тәсілмен төлей алады:

1) қолма-қол ақшамен;

2) көліктік картамен;

3) SMS;

4) QR-код;

5) мобильді қосымша арқылы төлем карточкасымен.

Егер қоғамдық көлікті сирек қолданатын болсаңыз

Онда Сіз қолма-қол ақшамен төлей аласыз. Төлем электронды төлем жүйесі бойынша жүргізушіге немесе консультантқа төленеді.

Әр автобуста біржолғы билет беретін жүргізуші консолы бар. Аталмыш билет тек қана бір автобуста жүруге арналған екінші қоғамдық көлікте қолдануға жарамсыз. Жол ақысы көлік картасымен төлегеннен гөрі екі есе қымбат.

Сондай-ақ, қоғамдық көлікті сирек қолданатындар үшін 10 (он) рет жүруге арналған көлік билетін алу мүмкіндігі бар. Көлік билетін ұстаушылар үшін жол ақысы 90 теңге және бір сағат ішінде екінші автобуста тегін жүру мүмкіндігі қарастырылған.

Қоғамдық көлікті жиі қолдану барысындағы үнемділік

Қоғамдық көлікпен жиі жүрушілер «AstraPlat» көлік картасын сатып алса болады.

Көлік картасы арқылы жол ақысын төлеу үшін жүргізуші консолінде немесе автобуста орнатылған валидаторларға картаны тақауы керек.

Көлік картасын пайдаланудың артықшылықтары:

• Қалалық және экспересс-көліктерде жүру барысында – 60 минут ішінде екінші автобуста бір реттік тегін жүру мүмкіндігі бар;

• Қала маңындағы маршруттарда қалаға келгеннен кейін 60 минут ішінде екінші бір қоғамдық көлікте бір реттік жүру мүмкіндігі қарастырылған.

Көлік карталарын толтыру әдістері:

— арнайы кассаларда;

— RTVM терминалдарында;

www.transcard.kz сайтында;

— QIWI терминалдары мен сайтында;

— Касса24 сайтында, терминалдары мен мобильді қосымшасы арқылы;

— kaspi.kz және мобильді қосымшасы арқылы;

— Еуразиялық Банктің Smartbank интернет-банкингінде www.smartbank.kz;

Арнайы кассалар мен RTVM-терминалдарының мекен-жайы transcard.kz/ сайтында көрсетілген.

Смартфондар мен цифрландыруды пайдаланушылар

15 қыркүйектен бастап қоғамдық көлікті қолданушылар SMS, QR-код және банк карточкалары арқылы жол ақысын төлей алады.

«Астана LRT» ЖШС үш әдісті қолдануға ыңғайлы болу үшін SMSBus Passenger қосымшасын әзірлейді. Осылайша, әрбір автобус көлік кодымен стикерге ілулі болады. Тарифті SMS арқылы төлеу үшін 2505 нөміріне автобус нөмірімен хабарлама жіберіледі.

Мысалы, 11001. Осыдан кейін төлем сомасы, маршруттың нөмірі, уақыты және тасымалдаушысы көрсетілетін электрондық чек пайда болады. 90 теңге көлеміндегі ақша жүргізушінің балансынан алынып, 2505 нөміріне SMS жолдау ақысыз, комиссиясыз алынады. Сонымен қатар, SMS жолдама енгізілгеннен кейін, Beeline ұялы байланыс операторы жолаушыларға акция ұсынуға дайын — жолаушы 1 теңге төлейді, ал 89 теңгені Beeline өтейді. Акция қыркүйекте басталып айдың соңына дейін жалғасатын болады. Содан кейін акция 2018 жылдың аяғына дейін әр дүйсенбі жұмыс істейтін болады.

Нақты іске қосу күндері қосымша хабарланады.

Жол ақысын «SMSBus Пассажир» қосымшасы арқылы SMS жолдап жүру үшін:

1-қадам: Қосымшаны смартфонға орнатыңыз.

2-қадам: Қосымшадағы нұсқауларды орындау арқылы нөміріңізді тіркеңіз.

3-қадам: Көлік кодын енгізіңіз.

4-қадам: Төлем әдісін таңдаңыз.

5-қадам: Төлемді растау үшін, сізге QR код ретінде көрсетілетін электрондық чек келеді.

SMSBus жолаушы қосымшасын, сондай-ақ «Мой Beeline» (егер Сіз — Beeline абоненті болсаңыз), Homebank (егер Сізде Халық банкі немесе «Qazkom» бар болса) сіз QR кодын қолданып жол ақысын төлей аласыз.

Ол үшін:

1-қадам. Смартфондағы үш бағдарламаның бірін ашыңыз;

2-қадам. Автобустағы QR коды бар стикерді табыңыз;

3-қадам. QR кодты сканерлеңіз;

4-қадам. Қосымшадағы нұсқауларды орындаңыз;

5-қадам. Төлемді растаңыз;

6-қадам. Электрондық чек келетінSMS-хабарламаны күтіңіз.

Жол ақысы нөміріңіздің бірлігінен немесе банк картасынан алынатын болады. Бұл «SMSBus Passenger» қосымшасының параметріне байланысты болады.

Бұдан басқа, «SMSBus Пассажир» банк картасымен жүруге мүмкіндік береді. Ол үшін банк картасының көмегімен төлемді көрсетіңіз. Бұл қағида SMS арқылы төлеумен бірдей. Төлем банк картасынан алынатын болады. 2505 қысқа нөміріне SMS жолдау үшін комиссия алынбайды.

Екінші тәсіл: Сіздің картаңызды smsbus.kz сайтында тіркеу. Одан кейін 2505 қысқа нөміріне «автокөлік коды» деген мәтіні бар SMS жолдау қажет. Мысалы: 13221 банк. Содан кейін электронды чекпен SMS-хабарламаны күтіңіз.

P.S. Көлік картасын қайдан алуға және толтыраболады?

Көлік карталарын (RTVM-машиналарды), арнайы кассаларда, сату пункттерінде, кейбір қалалық автобустарда толтыру және сату үшін автоматты машиналар арқылы сатып алуға болады. Жақын арада барлық автобустарда карталарды сатып алуға болады.

Назар аударыңыз! Картаның құны — 400 теңге. Көлік картасында сатып алған кезде ақша болмаса, ол толтыруды қажет етеді!
Әрі қарай

Астана мектептері туралы мәлімет

Астана жаңалықтары: Астана мектептері туралы мәлімет

Бүгінде Астанада 105 орта білім мекемесі бар, оның 85-і мемлекеттік, 1-і кешкі, 15 жекеменшік, 4-і республикалық маңызы бар мектептер.

Жаңа оқу жылында Астаналық мектептерде оқушылар саны 160 мыңды құрады, оның 18 мыңы – бірінші сынып оқушысы. 1 сыныпқа қабылдау электронды және қағаз жүзінде жүріп жатыр. 1 маусымнан бастап 16 мыңнан астам өтініш тіркелді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Астанада 384 бала республикалық және халықаралық олимпиада, ғылыми жобалар және спорттық жарыстардың жүлдегері атанды.

Қалалық мектептерден 6 мыңнан астам түлек ұшып шықты.

Алдағы 5 жылда Астанада 24 мектеп пен 10 қосымша жанама құрылыс жоспарлануда, сондай-ақ 50 мың орынды қамтитын жекеменшік мектептердің ашылуы көзделген. Бұл қадам үш ауысымды мәселені шешуге көмектеседі.

Соңғы 4 жылда 22 білім білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, қалған нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы проблемаларды жою жұмыстары атқарылды. 2018 жылы — 8 нысанда жөндеу жүргізілді.

Тиімді оқытудың үздіксіз жүргізілуі оқу ғимараттарында балаларға қолайлы жағдай жасап қоюға байланысты болмақ. Сол себепті жаңа оқу жылында 42 мектепте ауыз су фонтаны мен 13 мектепте бастауыш сынып оқушылары үшін жеке шкафтар орнатумен қамтамасыз етіледі.

Мектептер робототехника кабинеттерімен, компьютерлік, интерактивті және STEM зертханаларымен жабдықталады, әрбір сыныпқа Wi-Fi желісі өткізіледі. Қағазбен байланысты жұмыстарды қысқарту мақсатында, Күнделік электронды журналдар мен күнделіктер жүйесі енгізіледі. Ата-аналар мен педагогтар үшін осы жылдан бастап ұялы қосымша жұмыс істейді.
Әрі қарай

Қоғамдық көліктердің жолаушыларды отырғызу/түсіру үшін барлық есіктері ашылатын болады

Астана жаңалықтары: Қоғамдық көліктердің жолаушыларды отырғызу/түсіру үшін барлық есіктері ашылатын болады

Осы жылдың қыркүйек айында Астанадағы қоғамдық көліктердің барлық есіктері жолаушыларды отырғызу/түсіру үшін ашылатын болады.

Бұл шара жолаушылар ағынының маусымдық артуына байланысты қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, сараланған тарифті енгізуге байланысты жолаушыларды отырғызу/түсіру тәртібі өзгертілген болатын.

Жолаушыларды тасымалдау ережесінің №1061 83-тармағына сәйкес автокөлік құралына жолаушыларды отырғызу және түсіруді мынадай тәртіппен жүреді:

1)шағын автобустарда алдымен жолаушылардытүсіру, одан кейін отырғызу жүргізіледі;

2)екі және одан да көп есікті автобустар жолаушыларды түсіргенде алдыңғы есіктен бас барлық есіктер арқылы жүргізеді ал отырғызу алдыңғы есік арқылы жүреді.

84. Артқы есік арқылы отырғызу құқығын тек мүгедектер ғана пайдаланады.

85. Кезектен тыс отырғызу құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушыларпайдалана алады.
Әрі қарай

Оқушыларға қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын қолма-қол 40 теңгеден төлеу 15 қыркүйекке дейін ұзартылды

Астана жаңалықтары: Оқушыларға қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын қолма-қол 40 теңгеден төлеу 15 қыркүйекке дейін ұзартылды

Оқушыларға қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын қолма-қол 40 теңгеден төлеу 15 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Мұндай шешім барлық оқушылар жеке көлік картасын алып үлгермеуіне байланысты ата-аналардың өтініштері бойынша жасалды.

Мектеп оқушылары үшін жол ақысын жеке көлік картасымен немесе қолма-қол ақшалай төлесе де 15 қыркүйекке дейін қалалық маршруттарда 40 теңге ал экспресс-маршруттарда 90 теңгеден болатынын Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы растады.

Оқушылар үшін қоғамдық көліктерде жүру қыркүйек айының екінші жартысынан бастап басқаша тәртіппен жүргізіледі. Яғни жол жүру құны 7 мен 15 жас аралығындағы балалар үшін әдеттегі қалалық маршруттарда қолма-қол ақшамен 90 теңге, көлік картасымен 40 теңге, экспресс-маршруттарда көлік картасымен 90 теңге, ал қолма-қол ақшамен 125 теңге болады.

Айта кету керек, 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар атаулы мектеп көлік картасын алуға құқылы. Оқушы көлік картасын өзі оқитын оқу орнынан ала алады. Картаның бастапқы шығарылымы тегін. Егер мектеп картасын жоғалтқан жағдайда қайта шығару — 400 теңге.

Мектеп көлік картасы нақты бір оқушыға беріледі және үшінші тұлға пайдалана алмайды.

Сонымен қатар, ата-аналар мектеп көлік картасын өздері ала алады. Бұл үшін Қажымұқан көшесі, 14 мекен-жайында орналасқан Орталық кассаға бару қажет. Ата-ана қолында баланың туу туралы куәлігі, бала оқитын оқу орнынан анықтама, баланың 3*4 фотосы (баланың өзі болмаған жағдайда) болуы қажет. Тегін мектеп көлік картасын алуға арналған анықтама елорданың барлық білім ұйымдарында 15 тамыздан бастап берілуде. Анықтама болмаған жағдайда оқушы картасының бағасы 400 теңге тұрады.

Сондай-ақ, жеке мектеп көлік картасын қала маңында тұратын оқушылар да ата-аналарымен бірге барып арнайы кассалардан 400 теңгеге сатып алуларына болады.

Астана қаласының әкімдігі ата-аналарды осы жылдың 15-ші қыркүйегіне дейін баланың жеке көлік картасын алуға шақырады.
Әрі қарай

«Жағалау» шағын ауданында полиция бөлімі ашылды

Астана жаңалықтары: «Жағалау» шағын ауданында полиция бөлімі ашылды

Бүгін Констуция күні мерекесіне орай қаламыздың «Есіл» ауданына қарасты «Жағалау» шағын ауданында полиция бөлімі ашылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Есіл» ауданы әкімі Төлеген Закарьянов шағын аудан тұрғындарын Конституция күні мейрамымен құттықтап және осы мереке күні ашылған полиция бөлімінің жұмысына, қызметкерлеріне сәттілік тіледі.

«Сіздерді бүгінгі Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан демократия қағидаттарын берік ұстанған, зайырлы, құқықтық мемлекет, өркениетті қоғам құру жолында өз бағытын айқындаған, берік ұстанымы бар ел. Қаламыз жылдан-жылға дамып, көркейіп келеді, ауданымыздың қала бойынша үлгілі аудан болуы сіз бен біздің тығыз байланыстағы қажырлы еңбегіміздің жемісі. «Есіл» ауданы әкімдігі тұрғындардың әр ұсынысына құлақ түріп, қолдау білдіруге дайын. Осы ашылып отырған полиция бөлімі ауданымыздағы қоғамдық тәртіпті одан әрі күшейте түседі деген ойдамын. Еңбектеріңізге табыс тілеймін», деді Т. Закарьянов.

«Жағалау» шағын ауданында ашылған полиция бөлімі Ш. Айтматов көшесі, 29а мекенжайында орналасқан. Полиция бөлімі барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілген. №26 полиция бөлімінде әзірге бес тәртіп сақшысы қызмет ететін болады.

«Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын. Бұл полиция бөлімі осы шағын аудандағы қоғамдық тәртіпті қадағалау және қылмыстың алдын алу үшін ашылып отыр. Полиция бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғандарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын болады. Зайырлы қоғамның ұстанымы құқықтық мемлекет құру, осы жолда сіздер біздің бөлімнің қызметкерлеріне жәрдемдесесіздер деген ойдамын», деді Ішкі істер департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Марат Қожаев.

Полиция бөлімі қызметкерлері шағын аудандағы үйлерді бөліп алған. Әр учаскелік инспектор өзіне бөлінген аумақтағы үйлердің кіре берістеріне, сол үйдегі дүкен, дәмхана, дәріханаларға ақпараттық стендеттер орнатып, өзі жайлы және полиция бөліміне, учаскелік инспекторға қалай хабарласуға болатыны туралы ақпараттар іледі. Және таңғы сағат 08:00-ден кешкі 23:00-ге дейін кезекші бөлім жұмыс жасайтын болады. Одан бөлек инспекторларға WhatsApp арқылы хабарласуға болады.
Әрі қарай

Ұлттық музейде «Түркістан жауһарлары» көрмесі ашылды

Астана жаңалықтары: Ұлттық музейде «Түркістан жауһарлары» көрмесі ашылды

Ұлттық музейде Астана қаласының 20 жылдығы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің 40 жылдық мерейтойына орай «Түркістан жауһарлары» атты көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, сатирик Көпен Әмірбек, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов және Ұлттық музей қызметкерлері қатысты.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі республикамыздағы іргелі музейлердің бірі. Қорық-музей ақын, ислам дінінің көрнекті жаршысы, «Түркістан пірі» атанған ғұлама Қожа Ахмет Ясауи (Әзірет Сұлтан) құрметіне арнап, ХIV ғасырдың соңында Әмір Темір салдырған кесене негізінде Түркістан қаласында 1978 жылы 30 қыркүйекте Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты музейі ретінде ашылды.

Қорында 25 мыңға жуық жәдігері бар еліміздегі іргелі қорық-музейдің елорда төрінде көрмені өткізудегі мақсаты — Түркістанның тарихи орнын, оның мәдени-рухани келбетін ашып көрсету, тарихи жәдігерлерді насихаттау, мәдени байланысты кеңейту, музейлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Көрме осы жылдың 29 тамызынан 1 қазанына дейін жалғасады.
Әрі қарай