Мемлекет Басшысының Жарлығымен Бақыт Сұлтанов Астана қаласының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

1971 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Инженер-электрик, экономист.

1994–1997 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші экономисі, мемлекеттік бағалы қағаздар басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы.

1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасы бастығының орынбасары.

1997–1998 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры.

1998–1999 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының орынбасары.

1999–2002 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары, директоры.

2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат департаментінің директоры.

2003–2006 жж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары.

2006–2007 жж. – Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары.

2007–2010 жж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

Мемлекет басшысының 2010 жылғы наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2012 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

6 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Премьер-Министрдің Орынбасары — ҚР Қаржы министрі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталған.

Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.

astana.gov.kz/kz/news/news/15136

Қалалық қызметтер орталығы ондаған коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік құрылымдарды алмастырады

Болашақта қала тұрғындары түрлі анықтама мен құжаттарды алу немесе толтыру үшін мемлекеттік немесе коммуналдық кәсіпорындарды аралап жүрмейді, деп жазады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда қалада 17 әкімдік басқарма, тұтынушыларға қызмет көрсететін 10-нан астам коммуналдық кәсіпорын бар. Олар қаланың әр аймағында орналасқан және тұрғындарға қолайсыздық тудыруда. Сол себепті әкімдікте қалалық қызметтер орталығы, ондаған коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік құрылымдардың басын біріктіретін ортақ алаң құруды ойластырды.

Астанада алғаш рет «Астана қаласы әкімдігінің қалалық жедел әрекет және мониторинг орталығы» (iKomek) базасында түрлі қызметтердің басын қоспақ. Бұл орталықта Астана қаласының тұрғындары кез келген қызметті, жергілікті мемлекеттік органдардың, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің, коммуналдық қызметтердің және даму институттарының кез келген қызметін ала алады.

Орталық шамамен 17 қалалық қоғамдық және коммуналдық мекемелердің 40-қа тарта қызметін біріктіреді. Атап айтқанда, Қала орталығында, мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру жоспарланған:

— газ беру техникалық шарттары; сумен жабдықтау және су бұру, жылу және электр желілері;

— сәулет және жер қатынастары саласында қызмет көрсету және консультация алуға рұқсат құжаттарын, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, жер учаскесіне берілген мемлекеттік актіні қайта рәсімдеу, сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу;

— консалтингтік қызметтер көрсету, мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес, қаржы институттарының қаржыландыру шарттары, бухгалтерия мәселелері бойынша;

— «Көше саудасы» бағдарламасы бойынша;

— визалық мәселелер бойынша консультациялар, бизнес және инвесторлық санат визалары, инвестициялық келісімшарттар бойынша;

— тұлғаларды тіркеу, жұмыс іздеушілер, шетелдік жұмыс күшіне Қазақстанда болу мерзімін ұзарту және оларды тартуға рұқсат беру, тұрғын үй бойынша есепке алу және кезекке қою.

Орталық «бір терезе» қағидатымен жұмыс жасайды. Орталық бірнеше мекен-жайда орналасатын болады. Бұл қала тұрғындарының ыңғайлығы үшін арнайы мекеме қарастырылған алғашқы жоба.

Орталықтың ашылуы әкімшілік кедергілерді төмендетуге, кәсіпкерлерді қолдаудың тиімді жүйесін дамытуға, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығына әкеледі.

Көзі нашар көретіндер үшін арнайы бағдар бөлінеді

Астана жаңалықтары: Көзі нашар көретіндер үшін арнайы бағдар бөлінеді

Астанада қолданыстағы № 1 маршруттың базасынан 8 қыркүйектен бастап № 1А модификациялық маршруты іске қосылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «Астана LRT» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа бағдар «Шұбар» мөлтекауданы, 78 көше, 7 мекенжайындағы «Қазақ зағиптар қоғамдастығы» ҚБ мен «Аль-Ғани» мешітін көлікпен қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

№ 1А маршруты қолданыстағы № 1 бағдардың базасында дайындалды. № 1 А бағдарының жүру кестесі:

– «Кирпичный т/а» аялдамасынан бастап «Бараева көшесі» аялдамасына дейін № 1 маршруттың кестесімен сәйкес қозғалады, ары қарай Қабанбай батыр даңғылынан тікелей жүріп өтіп, солға Космонавтов – оңға қарай Арай көшесі – соңғы аялдама «Шұбар» мөлтекауданы.

Кері бағытта Арай көшесі, ары қарай оңға Сарайшық көшесі – оңға Қабанбай батыр даңғылы – ары қарай кестеге сәйкес қозғалады.

«Астана LRT» бұл шараны тұрғындардың өздері жасаған өтінішінен кейін қабылданғанын айтты.

«Мұның алдын көзі нашар көретіндер алыста орналасқан аялдамаға келуге мәжбүр болатын, ал қазір автобус «Шұбар» мөлтекауданында орналасқан «Қазақ зағиптар қоғамдастығы» ҚБ орналасқан жерге дейін жақындатылды.

Аталған автобус күніне 10 реттен қатынайды, аралығы 40 – 55 минуттан. Уақыты: сағат таңғы 06.30 – 20:57-ге дейін.

Жеңілдік картасы туралы нені білу қажет?

Астана жаңалықтары: Жеңілдік картасы туралы нені білу қажет?

Астанада өз атына жазылған өткен жылғы көліктік карталарды беруді бастады. Қазіргі таңда оны 73 мың адам пайдалануда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Атына жазылған жеңілдік картасын Астана бойынша МЗТО есебінде тұратын және келесі санатқа жататын азаматтар алады:

1) жасына жеткен және қызмет өткерген жылдары үшін зейнеткерлер және де зейнет жасына жеткен, асыраушысынан айрылған жағдайда және жасы жеткені бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар;

2) көпбалалы аналар;

3) көпбалалы отбасылар;

4) мүгедектер;

5) 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар; оның ішінде бір ата-анасы (заңды өкілі)

6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және соған теңестірілген тұлғалар.

Атына жазылған жеңілдік көліктік картасын қалай алады

Жеңілдік көлік картасы астаналық МЗТО есебінде тұрған азаматтарға ғана беріледі.

ВӘТЕО базасындағы өзің туралы мәліметті тексеру үшін 109 номері бойынша байланыс орталығына өзіңіздің ЖСН-ді операторға айтуыңыз қажет.

Егер сіз туралы мәлімет базада бар болса, сіз картаны алудың екі тәсіліне өтініш бере аласыз.

1 нұсқа

www.alrt.kz немесе www.transcard.kz сайтына онлайн-тапсырыс қалдырыңыз.

5 жұмыс күні ішінде сізге электронды поштаңызға өтініштің статусы туралы жауап хат келеді.

Дайын болған жеңілдік көлік картасын алу үшін Орталық кассаға баруыңыз керек.

2 нұсқа

Орталық кассаға барыңыз және сауалнаманы толтырыңыз.

Өзіңізбен бірге төлқұжаттың түпнұсқасын және зейнетақы құжатын ала баруыңыз қажет.

Орталық кассаның мекен-жайы: Қажымұқан к, 14. Кассаның жұмыс уақыты: ДС-ЖМ сағат 9.00-ден 18.00-дейін үзіліссіз.

Атына жазылған жеңілдік картасын қалай пайдаланады

Қалалық және экспресс маршрутта жүру үшін жеңілдік көлік картасын толтыру қажет емес және жүрудің санына шектеу қойылмаған. Жеңілдік санатына жататын азаматтар жолақыны төлемесе де және картада ақша болмаса да олар автобустың салонына кірген кезде валидация жасауы қажет.

Міндетті тіркеу мыналар үшін қажет:

А) Субсидияны дұрыс есептеу үшін. Тасымалдаушылардың (автопарктер) жеңілдік санатындағы азаматтарды тасымалдауға кететін шығынының жартысын қала әкімдігі төлейді. ЭЖТЖ жүйесі және валидатордың арқасында тасымалдаушылардың немесе басқа автопарктердің қанша жолаушы тасымалдағаны туралы нақты есебі қолжетімді болады. Осы жолаушылардың нақты санына қарап есептеп, әкімдік автопарктерге қаржы аударады.

Б) Міндетті валидация жолаушылар ағынына нақты талдау жасауға көмектеседі. Осы талдаудың негізінде маршруттық желі жақсара түседі: сұранысы көп маршруттардың жүктемесін жеңілдетуге бағытталған жаңа маршруттар өзгеріп, қосылады, жұмыс жүргізіледі.

Өлең-жыр байқауын жариялаймыз

2018 жылдың 05 қыркүйегі мен 2019 жылдың 25 қаңтары аралығында өтетін өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз.

Ұйымдастыру комитеті сайысқа қатысушылардың өлеңдерін үстіміздегі жылдың 25 қаңтарына дейін қабылдайды. Қабылданған шығармалар 1 айдың (25 қаңтар — 25 ақпан) көлемінде іріктеуден өтіп, жеңімпаздар анықталады.

Толығырақ

Астаналық шенеуніктер неліктен таксиге көшті?

Астана қаласы әкімдігінің шенеуніктері қызметтік көліктерінен бас тартып такси қызметіне жүгінетін болды. Әкімдік қызметкерлерінің болжамынша, мұндай қадам жыл сайын бірнеше миллион теңге үнемдеуге әкеледі.

Тиімді тәсіл

Қалалық әкімдіктің автопаркін осылай жаңғыртуы қалалық бюджет шығынын айтарлықтай азайту үшін мүмкіндік береді. Такси қызметі шенеунік жиналыста немесе тағы бір іс-шара отырғанда оны күтіп тұрмайды, басқа тапсырыстарды орындай береді. Қызметтік көлік сияқты жайдан жай күтіп тұрмайды.

Такси қызметіне көшу бес жыл ішінде миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді (2,7 миллион доллар). Босаған 64 автокөлікті әлеуметтік сала мекемелеріне, оның ішінде мектептер мен ауруханаларға береді. Өз кезегінде үнемделген қаражат, әлеуметтік жобаларға, бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандырудың, ұйымдастыру үшін бөлу, мектеп бітірушілер үшін гранттар, студенттер үшін жатақханалардағы орын жетіспеушілігін және басқа мәселелерді шешуге бағытталады.

Астана қаласы әкімдігі мұндай қадамға, қалалық көлік паркі белсенді пайдаланбаған соң, ал оны күтіп ұстауға бюджеттен қаражат бөлінетінін ескергендіктен барып отыр. Негізі бюджетті үнемдеу бірнеше бағыт бойынша жүреді.

Атап айтқанда, жаңа көлік сатып алуға және автопаркті ұстауға, жанар-жағармай, сервис, жөндеу, жүргізушілер штатына кететін шығынды қысқартады.

Бизнесті нақты қолдау

Шенеуніктер такси қызметіне көшіп шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың нақты үлгісін көрсетті. Қазірдің өзінде бірнеше таксомоторлы компаниялар елордалық шенеуніктерді қалаған жеріне жеткізуге ниет білдірді. Бұл үшін қосымша жұмыс орындары ашылып, таксомоторлы компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі артып сервистік қызметі жақсарады деп күтілуде.

Жақсы жақтары...

Әзірге астаналық басшылар таксомоторлы компаниялар ұсынған сервиске риза, қызметтік көлік пен такси қызметі көліктерінің арасында айтарлықтай айырма жоқ.

Астана жаңалықтары: Астаналық шенеуніктер неліктен таксиге көшті?

Әкімдік аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттердің оқуына 58 млн теңге бөлді

Астана жаңалықтары: Әкімдік аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттердің оқуына 58 млн теңге бөлді

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы комиссиясының шешімі бойынша Астана әкімінің грантына 47 түлек ие болды, оның ішінде жетім балалар, балалар үйінің тәрбиеленушісі, бала кезінен мүгедектер, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасыдан шыққан балалар бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әкімнің білім алу гранты сұранысы көп мамандықтарды оқыту үшін бөлінді. Әсіресе техникалық, педагогикалық және медициналық бағыттарға басымдық берілді. Астана қаласы әкімдігінің жанындағы комиссия шешімінің қорытындысы бойынша 47 түлек грант иесі атанды. Оның ішінде жалпы білім беретін мектептегі жетім балалар, балалар үйінің тәрбиеленушісі, бала кезінен мүгедектер, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасыдан шыққан балалар.

«Біз үшін сіздер барлығыңыз жеңімпазсыздар. Сіздердің грант иегері атануларыңыздың өзі ерік-жігерлеріңіз бен мақсатшыл екендеріңізді көрсетіп тұр, сіздер арманға қол жеткізу үшін бірінші үлкен қадамды жасадыңыздар. Бұл тек бірінші жеңіс, қалғаны алда күтіп тұрғанына сенімдімін. Әрдайым күшті, белсенді, өмірде де көшбасшы болыңыздар. Күні ертең сіздер тек өздеріңізге ғана жол салмайсыздар, елге де септігін тигізесіздер. Бүгінде сіздердің технология, ғылым тағы басқа да саланы дамытуға керемет мүмкіндіктеріңіз бар. Сіздерге жоспарларыңыз бен идеяларыңызды іске асыруға тілектеспін», — деді Әсет Исекешев.

Қорытынды бойынша 17 адам С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде оқитын болды, 7 адам – «Астана» медицина университетінде, 1 түлек Тұран Астана университетінде, 14 адам Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде, 4 түлек Қазақ технология университетінде және Еуразия гуманитарлық институтында жоғары білім алады.

«Мен көпбалалы отбасында өстім. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің электроэнергетика факультетіне түстім. Бұл мамандықты кездейсоқ таңдаған жоқпын, жасыл энергетика саласында көмірді алмастыратын балама тапқым келеді. Бүгін әкімнің әрбір студентке көңіл бөлгеніне риза болып қалдық. Оның қолдауы мен мотивациясын сезініп тұрмыз», — деді Астана әкімі грантының иегері Әмір Ермағамбет.

Айта кетейік, осы оқу жылы бірінші рет ЖОО-ларда жаңа мамандық пайда болды, ол құрылыста 3D таңбасын жобалаушы, компьютерлік жүйенің талдаушысы және әзірлеуші (разработчик), web- дизайнер және ландшафт дизайнері.

Жалпы білім беру мектебіндегі жетім балалар, балалар үйінің тәрбиеленушісі, бала кезінен мүгедектер, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасыдан шыққан балалардың оқу ақысына көрсетілетін әлеуметтік көмекті Астана қаласындағы жоғары оқу орындарына әкімдік жыл сайын ұсынып отырады.

Осы мақсатта биыл 58,8 млн теңге қарастырылды. Бүгінге дейін әкімнің жалпы білім беру грантымен 125 студент оқиды.