Астана әкімдігінде ең қажетті азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру мәселесі талқыланды

Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен өткен калалық әкімдіктің кезекті жиынында ең бірінші қажетті деген азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды елорда әкімдігнің ресми сайты. 


Жиын барысында Астана қаласының Инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқарма басшысы Әлішер Абдықадыров пен «Астана ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов көтеріліп отырған мәселе бойынша қаладағы қабылданған шаралар туралы баяндады.


Соңғы төрт жылда астанада инфляцияның орташа және өсім динамикасы тұрақты, 7,5 % құрағаны айтылды.  


«Біз аймақтар арасында баға деңгейінің өсуі бойынша 3 орында тұрмыз. Бұл жақсы көрсеткіш», — деп мәлімдеді Ә. Абдықадыров.


Оның пікірінше, астанадағы жақсы көрсеткіш «Астана ӘКК» АҚ 2016 жылы іске асырған сауда желілерін жеңілдікпен несиелеу бағдарламасының арқасында жетіп отыр.


«Біз желілерге пайызсыз займ ұсынамыз, олар ақшаны өздерінің қажеттілігіне қарай алады және бағаны белгілейді, яғни біз олардың бағаны өсірмеу тәуекелін өтейміз. Бұл өзінің тиімділігін көрсеткен нарықтық механизм», — деді ол. 


Бүгінге дейін «Астықжан» супермаркеті мен «КенМарт» гипермаркетімен әріптестік туралы шартқа қол қойылды. Қойылған шартқа сәйкес, желілер 25 тауар позициясына баға белгіледі. Олар: макарон, май, ұн, сүт, қаймақ, тұз, ірімшік, жұмыртқа, тауық нан және т.б.


 «Осы жүйенің арқасында біз бүгінде өзге аймақтар арасында баға өсімі бойынша 8-ші позицияда тұрмыз. Енді осы бағдарламаны кеңейтіп, тізімде белгіленген тауарлар санын көбейткіміз келеді. Әрине бұған басқа да сауда желілерін тартамыз», — деді Н. Жақыпов. 


Айта кетейік, мониторинг бойынша бүгінде қаладағы сауда үйлерінде күріштің бағасы 240-тан 300 теңге аралығында түрленіп тұр. Ең төменгі баға күріштің бір килосы «Шапағат» базарында 240 теңге болып бекітілді. Қарақұмықтың бағасы («Шапағат» ЖШС 110 теңге, «Артем» СҮ 180 теңге, «Әсем» СҮ 150 теңге), макарон өнімдері («Шапағат» ЖШС бір келісі 270 теңге, «Артем» СҮ 320 теңге, «Әлем» СҮ 330 теңге), ұн («Шапағатта» килосы 210 теңге, «Артем» СҮ 360 теңге, «Әлем» СҮ 350 теңге  және «Әсем» СҮ бір килосы 280-300 теңгеден). Одан басқа, шай, қант, тұз және күнбағыс майын осы жерден арзан бағаға сатып алуға болады. Мысалы, шай арзан, бағасы шамамен 200 теңге. Бұл жерден сондай-ақ бір кило ет пен ет өнімдерін және де сүт пен сүттен жасалған өнімдерді 150-200 теңгеге дейін арзан сатып алуға болады.


«Мысалы, әрбір бесінші килограмм ет қаладағы «Шапағат» базарында сатылады екен. Себебі, онда қала бойынша ең төменгі баға – килосы 1350 теңгеден сатылады. Ал қала бойынша орта есептегі баға 1680 теңгені құрайды», — деді Ә. Абдықадыров.


«Астанаға тарту» жас ақындар мүшәйрасы жарияланды

Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мен елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана — жастар жүрегінде», «Астана — жиырмадағы жас қала» және «Еркін тақырыпта» жас ақындар мүшәйрасын жариялайды.


Мүшәйраға 16-28 жас аралығындағы барлық жас ақындар қатыса алады. Жеңімпаз ақындарға бағалы сыйлықтар қарастырылған:  1 орын — 1 адам — 300 000 теңге, 2 орын — 2 адам — 200 000 теңге, 3 орын — 3 адам — 100 000 теңге, «Ең үздік 4 жас ақындар»  50 000 теңге.


Ең үздік 30 ақынның өлеңдері жинақталып кітап ретінде шығарылады және жоба соңында қорытынды марапаттау концерті өтеді.


Мүшәйраға қатысуға өтінімдер мен өлеңдерді 2018 жылдың 14 қазанына дейінгі аралықта http://jasaqyn.kz сайтына тіркеліп, (jasaqyn.kz@mail.ru) және (jasaqyn.kz@gmail.com)  электрондық пошталарының біріне өлеңдерді жіберу қажет.


Қосымша ақпаратты (Instagram (@jasagyn.kz) және (Facebook (jasagyn.kz), (VK (jasagynkz), парақшаларынан алуға болады.


Астанада қатты отынның жалпы қоры 8 тоннадан астам

26-27 кыркүйек күндері Елордаға 97 вагон немесе 6746 тонна көмір әкелінді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


27 қыркүйектегі жағдай бойынша «көмір сатылатын жерде» көмірдің жалпы қоры 8337,45 тоннаны құрайды. Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды.


  — 31 вагон немесе 2159 тонна «Шұбаркөл»;


— 41 вагон немесе 2842 тонна «Майкөбе»;


— 17 вагон немесе 1186 тонна «Қаражыра»;


— 8 вагон немесе 559 тонна «Кузнецкий»;


 Көмір бағасы:

«Шұбаркөл» — тоннасына 13500-14500 теңге


«Қаражыра» — тоннасына 14000 теңге


«Майкөбе» — тоннасына 12000-12500 теңге


«Богатырь көмірі» — тоннасына 8500-9500 теңге


«Кузнецкий» – тоннасына 12000-12500 теңге


Өткен жылдың тамыз және қыркүйектің 20 күні аралығында 24 мың тонна көмір жеткізілді. 2018 жылдың осы кезеңінде 56 мың тонна жеткізілді, бұл 133% -ке (немесе 2,3 есеге) артық.


Астана қаласы әкімдігі көмір нарығындағы жағдай күн сайын бақылауда және үнемі қадағаланады. «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.


Демалыс күндері «Red Bus» автобустарымен тегін экскурсиялар болады

29 және 30  қыркүйек күндері елорда тұрғындары мен қонақтары сол жағалау бойынша тегін экскурсияға қатыса алады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  


«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында және Халықаралық туризм күніне орай, 29 және 30 қыркүйек күндері Астана тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен Астананың сол жағалауымен тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады.


Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және ҚР Ұлттық мұражайынан басталады.


Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс — қазақ тілінде, екінші рейс — орыс тілінде, ауысу арқылы). 


Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.


Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады:


+7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz.


«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:


— сағ. 10.00 (қазақ тілінде);


— сағ. 12.05 (орыс тілінде);


— сағ. 14.45 (қазақ тілінде);


— сағ. 16.50 (орыс тілінде);


— сағ. 18.55 (қазақ тілінде).


Ары қарай келесі аялдамалар болады: «Хан Шатыр» СОСО,  «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Hilton Astana», Ұлттық мұражай,  «Астана Бәйтерек» монументі және «AiLand» (океанариум).


Ұлттық Мұражай аялдамасынан қозғалу уақыты:


— сағ. 10.00 (қазақ тілінде);


— сағ. 12.05 (орыс тілінде);


— сағ. 14.45 (қазақ тілінде);


— сағ. 16.50 (орыс тілінде);


— сағ. 18.55 (қазақ тілінде).


Ары қарай келесі аялдамалар болады: «Астана Бәйтерек» монументі, «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Hilton Astana» және Ұлттық мұражай.


«Жүз жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне өтініш қабылдау басталды

«Жүз жаңа есім» жобасының мақсаты – табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихын үлгі ете отырып насихаттау.

Қызмет саласы бойынша ұйымдар тобының кеңінен таныстырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтық бастамаларды насихаттау мақсатында, жобаның жаңа үміткерлерін таңдау институционал әдістермен жүргізіледі.

Әр қоғамдық ұйым, бірлестік ерекше тарихы мен кәсіби жетістіктері бар үміткерлерін ұсына алады. Сонымен бірге, үміткерлер өзін ұсынуға мүмкіндігі бар.
Үміткерлерді таңдау критерилері:

  • үміткердің кәмелет жасқа толған болуы (18);
  • қызмет саласында елдің жағымды имиджін қалыптастыруға үлес қосқан айрықша жетістіктерінің, қатысушы имиджін дамытуға ықпал ететін тұлғалық қасиеттерінің болуы;
  • үлгі алуға лайық, жастарды патриоттық және туған жерге адалдық рухында тәрбиелеуге, еңбек культін қалыптастыруға ықпал ететін қоғамдық-саяси және еңбек қызметінің болуы;
  • Қазіргі Қазақстанның дамуына қосқан нақты үлесінің болуы.
  • Қазіргі Қазақстанның, оның табыстары мен түрлі саладағы жетістіктерінің жарқын үлгісі бола алатын тұлға;



Өтініш беру үшін мына жерді басыңыз

Астананың әрбір екінші тұрғыны бизнеспен айналысады

Астана кәсіпкерлер қаласына айналып келеді. Қала экономикасының жартысынан астамы шағын және орта бизнестің (ШОБ) есебінен қалыптасуда. Бұл туралы брифингте инвестиция және кәсіпкерлерді қолдау басқармасының басшысы Әлішер Абдықадыров айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


«Бүгінде Астана кәсіпкерлер қаласына айналды деп сенімді түрде айтуға болады. Мұнда экономиканың жартысынан көбісі бірінші кезекте шағын және орта бизнес есебінен қалыптасуда, яғни астананың аймақтық жалпы ішкі өнімінде оның үлесі 54,4 %. Бұл еліміз бойынша үлкен көрсеткіш. Соңғы сегіз жылда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны бес есеге өсті», — деді Ә. Абдықадыров.


Спикердің айтуынша, бүгінде әрбір екінші астаналық ШОБ саласында жүр. Мұның өзі Астананың Қазақстандағы ең басты жұмыс беруші қалаға айналғанын білдіреді. Халықтың үштен екі бөлігі экономикада белсенді, ал бұл 65 % тұрғынның — бизнеспен айналысатынын көрсетеді.


Айта кетейік, 2017 жылы Астана бизнесті оңай жүргізу бойынша рейтингте бірінші орынға шыққан болатын.


«Бизнесті барынша кең қолдауды қамтамасыз ету үшін біз тұрғындар мен кәсіпкерлерге, инвесторларға «бір терезе» қағидасы бойынша қайтарымсыз негізде барлығы бір жерге шоғырландырылған Қалалық қызмет көрсету орталығын құрмақшымыз. Біз бұл шараның қалада бизнесті  одан ары  оңтайлы етуге септігін тигізеді деп күтіп отырмыз», — деп сендірді Ә. Абдықадыров. 


Бүгінде қалада 111 мыңнан аса кәсіпкер субъектісі тіркелген болса, олардың басым көпшілігі шағын және орта бизнестің өкілдері.


«Нұрлы жер» бойынша құжаттарды қабылдау 3 қазанда басталады

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар тіркеуіндегі кезектілер үшін құжаттарды қабылдауды жариялайды.


         Халықтың қалың жігін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілген.


         Осы Бағдарлама шеңберінде «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының тұрғын үйі» (бұдан әрі – «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі), халықтың барлық санаттарына арналған «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының тұрғын үйі (бұдан әрі – «ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үйі») бағыттары бойынша тұрғын үйлерді жүзеге асыру қарастырылған.


         «ҚИК» ИҰ «АҚ» бағыты бойынша 80 пәтерді сатып алу мүмкіндігімен жалға беру іске асыру жоспарлануда. Тұрғын үйді сатып алу құқығын 20 жылға дейінгі мерзімге жалға беру ұсынылмақ.Астана қаласы, Лепсі көшесі мекенжайы бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын кешенінде жалға берілетін тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 838 теңгені құрайды, оның ішінде:


         25 – 39,34-тен – 41,51-ге дейін ш.м бір бөлмелі пәтер;


         41 – 54,71-ден – 67,37-ге дейін ш.м екі бөлмелі пәтер;


         14 – 76,88-ден – 77,69-ға дейін ш.м үш бөлмелі пәтер.


         «ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша бағдарлама шарттарына сәйкес Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар (кезектегілер) келесі санаттар бойынша қабылдай алады: көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 1 және 2-топтағы мүгедектер.


         Осы бағыттағы қатысушыларды қалыптастыру мына кіші топтар мен өлшемдерге сәйкес жүргізілетін болады:


         1-кіші топ – жоғарыда көрсетілген санаттағы кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы отыз бес жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баланы) жасы отыз беске толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған «толық емес отбасылар»;


         2-кіші топ – 1-кіші топқа енгізілмеген, жоғарыда көрсетілген санаттағы кезекте тұрғандар.


          «ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үйі» бағдары бойынша Астана қаласының әкімдігі мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚТҚЖБ» АҚ) арасында Астана қаласында №№ 23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А98 (жобалық атаулар) көшелері қиылысы ауданында көппәтерлі тұрғын үй кешенінде орналасқан 4 класты жайлылықты, тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 120 теңге болатын 21 пәтерді сату бойынша 2016 жылғы 26 шілдеде Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Оның ішінде:


         3 – 39,4-тен – 42,48-ге дейін ш.м бір бөлмелі пәтер;


         15 – 57,59-дан – 58,43-ке дейін ш.м екі бөлмелі пәтер;


         3 – 76,97-ден – 78,06-ға дейін ш.м үш бөлмелі пәтер.


         Тұрғын үй өз қаражаты немесе тұрғын үй құрылыс жинағынан, несие есебінен тікелей сатып алу арқылы жеке меншікке беріледі. Төлем қабілеттігі расталмаған жағдайда тұрғын үй 8 жылдан аспайтын мерзімге сатып алумен жалға беріледі.


         «ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша бағдарлама шарттарына сәйкес Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар (кезектегілер) мына санаттар бойынша қатыса алады: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына теңестірілген тұлғалар, жасына қарай зейнеткерлер, оралмандар, толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.


         Құжаттарды қабылдау өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын қолданумен, e.astana.kz веб-порталы арқылы ғана жүзеге асырылады, «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» жүйесінде — 2018 жыл 3-5 қазан аралықтарында (қоса алғанда), «ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үйі» жүйесінде — 2018 жылғы 10 — 12 қазан аралықтарында (қоса алғанда). Порталдың жұмыс істеу уақыты – тәулік бойы.


         Тұрғын үйді алуға үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:


         1) Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесінің болуы;


         2) өтініш берген күнге соңғы екі және одан да көп жыл Астана қаласында тұрақты тіркеуде болуы;


         3) Бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына кіретін және өтініште көрсетілген отбасының өзге де мүшелерінің:


         әрбір отбасы мүшесіне пайдалы алаңы 15 шаршы метрден кем болатын жатақханадағы бөлменің болуы;


         осы тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын құлау (қирау) қаупі бар авариялық жағдайдағы балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйлерді қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында (ортақ бірлескен меншігі, осы тармақшада көрсетілген тұрғын үй бірлігі ретінде өзге отбасы мүшелерімен ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлесі);


         4) Бағдарламаға қатысуменен және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына кіретін және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 (бес) жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы;


         5) сатып алу құқығымен және сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үйді іске асыру шарттары бойынша тиісті кірістерімен міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растау (төлем қабілеттілігін бағалау).


         Бағдарлама шеңберінде құжаттарды қабылдау мерзімі ішінде өтініш тек бір рет берілуі мүмкін.


         Өтініш коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған кезектегі адамдар беруі тиіс.


         Егер, өтініш беруші кезектегілер тізімінде болмаса, өтініш жойылады. Өтінішті портал арқылы толтырмас бұрын, өтінішті беру нұсқаулығымен танысу қажет.


         Тұрғын үйлерді алуға үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:


         1) белгілі бір пәтер түріне арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш);


         2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;


         3) өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;


         4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;


         5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алумен жалдамалы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;


         6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;


         7) өтініш берушінің басқа адамдарын отбасы мүшелері ретінде тану туралы сот шешімі;


         8) жалақы туралы анықтама;


         9) жұмыс орнынан анықтама;


         10) кезектілік нөмірін немесе бірегей нөмірді көрсете отырып тұрғын үйге мұқтаждар (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) есебіне қою туралы мәліметтер;


         11) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабында айқындалған санаттарға өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар.


         Қажет болған жағдайда, азаматтар «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен қосымша құжаттар ұсыну немесе өтініш иесімен берілген мәліметтерді анықтау үшін шақырылуы мүмкін.


         Отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны) талап етілген пәтердің алаңына әсер етпейді, үміткерлер өз қалауы бойынша пәтер түрін көрсетеді.


         Өтініш берушілер арасында алдын ала іріктеу Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Тұрғын үй комиссиясымен (бұдан әрі – Комиссия) «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйге мұқтаждыларды есепке қою тізімдеріне және сол кезекке тұрған күніне сәйкес жүргізіледі.


         Өтініш берушілердің төлем қабілеттіліктеріне іріктелген бағалау жүргізгеннен кейін Комиссия Астана қаласы әкімдігінің интернет- ресурстарында жарияланатын Бағдарлама қатысушылардың түпкілікті тізімін бекітеді.


         Бағдарлама шеңберінде Бағдарламаның барлық бағыттары және Қазақстан Республикасының барлық өңірлері бойынша 1 бірліктен аспайтын тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуға немесе сатып алу мүмкіндігімен жалға беруге болады.


Кішілігім бар,кісілігіңіз қайда?

Мен қазақпын үлкенді сыйлап, алдына шықпаған, сөз қайтармай сыйлаған, құрметтеген. Бірақ, кейде сол норманы бұзуға тура келетін тұстары да болады екен. Жақында басымнан өткен оқиғамен бөліскім келіп отыр. Кімдікі дұрыс оқып өздеріңіз саралаңыздар.
Күнделікті дағдым бойынша сабақтан кейін қоғамдық көлікпен үйге бет алдым.Барар жолым алыс болғандықтан артқы жағындағы бос орынның біріне барып жайғастым. Адам өте көп емес, бірен-саран ғана түсіп — мініп жатқан адамдар. Бес-алты аялдама өткеннен кейін жасы шамамен қырықтан асқан, толықтау келген, аласа бойлы, қара торы тәте кірді. Арт жақтаң ең соңғы терезе тұсындағы орын ғана бос болатын. Отырғысы келмеді ме, әлде көрмеді ме әйтеуір бері қарай жақындамады. Артқы орынның алдындағы қатарда отырған тәте артқы жақа екі рет қарап алды да сөзін бастады. Сондағы нысанға іліккен бос орынның дәл қасында отырған мен. Тұрған тәтеге қарап:
-Барсаңызшы, анау бедірейіп отырған қыз жылжыйтын шығар, шешесі бар шығар оның да. Жоқ асппаннан солайынан салбырап түсіпті ма? Қайдам бірақ бедірейіп шешесіндей адам тұрып тұрғанына мыңқ деми отырғанына қарағанда шешесі тәрбие бермеген ау! Жастарда ұят жоқ,-деді. Анама тіл тигізгеніне шыдай алмағаныммен жай дауыспен:
-Бос орын бар ғой бері жақындаса жылжитын едім ғой тәте, келіңіз отырыңыз,-деп жылжып тұрған тәтеге қарадым. Ол кісі де соны күткендей келіп орынға жайғасты. Ал алдыңғы қатарда отырған тәте сонда да қояр емес.
-Осылай айтып орын алып алмасаңыз бұларда ұят жоқ, отыра береді наушниктерімен құлақтарын бітеп алып. Не әкеден, не шешеден тәрбие көрмеген тәрбиесіздер ғой,-деді маған қарап. Мен наушникпен отырғаным болмаса бәрін естіп отырғанмын. Естісін деп әтейі айтқанда шығар. Құлағымнан наушнигімді алып:
-Тәте, артық кетпеңіз, бос орын болғасын тұрмадым деп айттым ғой. Әке-шешемде неңіз бар, тәрбие көргем шүкір. Олай ол кісілер туралы жаман айтуға хақыңыз жоқ. Мәдинет сақтайық,-дедім.
-Бесіктен белің шықпай жатып маған мәдениетті сен үйретпе, мәдениетті болсаң маған солай сөз қайтарасың ба? Үй тексіз, отырып алып маған мінезін көрсетеді ғой. Сендилерді қандай ана табади,- деп ашуланып айхайлай жөнелді. Ең намысыма тиетіні ата-анам мен тегіме тисіп тексіз дитіндер еді, бағанағы сабырлықты сақтай алмадым:
-Сізге мен нестедім, үндемеген сайын аузыңызға келгеніңізді айттыңыз ғой. Сіз-ақ тәрбиелі болып балаңызды жақсы тәрбиелеп алыңыз.Менде шаруаңыз қанша?,-дедім да тұрып есік жақа жақындадым. Түсетін аялдамам болмаса да түсіп қалайыншы сөз таластырмай-ақ құрсын деп.
Өз баласына тискенім шамына тиді ма, тәтең автобуста айхай шығарды.
-Менің балаларым тәрбиелі шүкір. Қарашы мұны үндеми қоя салса болады ғой. Жоқ, жауап беріп беттен алуы керек...- тағысын тағы сөздер. Менің орныма алдында отырған үлкен апа жауап берді. Маған қарап:
— Қызым қайтесің жүйкесі жұқарған қатынды. Ей қой болды. Өзің ғана отырған жоқсын ғой. Басты ауыртып жібердің ғой тіпті. Байқұс қызды өзің түртпектедің ғой. Нең бар ода,-деді. Мен үндеми түсіп қалдым.
Түскен жерімнен үйге дейін жаяу бардым. Ойымда бір ой кімдікті дұрыс, бетінен алғаным қателік болды ма екен, үндемеуім керек пе еді, алде кешірім сұрай салуым керек пе еді. Жоқ менікі дұрыс па? Білерім бір нәрсе ашулымын. Неге көбі «жастар тәрбие көрмеген» деп жар салады да, өздері аузына келгенін айтып отырады. Жастар сол кісілерден үлгі алады емес па? Қоғамдық көлікте «ей орын берш» деп келетін кісілер сыймен келсе сыйлаған адам береді емес пе? Жассың деп басынатын адамдар менмендікпен емес кісілікпен жоғары тұрса кішілік танытатын едім. Кішілігім бар, кісілігіңіз қайда?

Ақылды бағдаршам өткізу қабілетін 40 % дейін ұлғайтады

2019 жылдың соңына дейін жабдықталған ITS объектілері 207 бағдаршамға дейін көбейеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Интеллектуалды транспорт жүйесі (ITS) автоматты режимде транспорт құралдарын есептеуге мүмкіндік береді және осы мәліметтің негізінде құрылғы кептеліс көп аймақтағы бағыттың өткізуін жеңілдететін шешімді автоматты түрде қабылдайды.


Соңғы үш жылда ITS жүйесі 443 бағдаршамның 93 объектісін қамтыды. Бұл туралы транспорт жүйесін модернизациялау бойынша өткен брифинг барысында «Астана ЛРТ» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Бейбіт Есжанов мәлімдеді.


«ITS пайдаланудың есебінен шектеулі аймақтағы көлік ағынының жылдамдығын 18 % дейін ұлғайтып, өткізу қабілетін 40 %, ал жолда орташа уақыт 20 % төмендеді» — деді Б. Есжанов.


Алдағы 5 жылда Астанада 3 көпір салынады

Астана әкімдігі қаланы барынша жинақы салудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарын түзді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Астана қаласының әкімдігі, қаланың көлік жүйесін жаңғырту шеңберінде ең алдымен әлеуметтік бағыттағы бағдарлама әзірлеген. Бұл туралы брифингте көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқарма басшысының орынбасары Әлихан Куатбеков айтты. Оның айтуынша, алдағы жылдары Астанада жаңадан үш көпір салынады. 


— Алдағы 5 жылда 121 шақырымды құрайтын жол салу және 3 көпір мен 2 жолайрық салу жоспарланып отыр.  Оның бірі жол өтпе, бірі тоннель.  Бұл магистральдық көшелердің толық көліктік мүмкіндігін береді, — деді А.Қуатбеков.


Сонымен қатар ол, өткен 3 жылда қаламызда 110 шақырымдық жаңа жол салынғанын, 102 шақырымдық жол жөнделгенін  айтып өтті. Жыл соңына дейін 28 шақырымдық жаңа жолдың құрылысы аяқталады.


Қазір қаламызда 1102 шақырымды құрайтын 1039 көше бар және 8 көлік айрығы, 17 автожол көпірі, 7 жер асты және 4 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі, 9 жол өтпесі, 1 тоннель бар.