Өмір зырғып ағып өтіп жатыр. Өмір-өзен ағады, әттең, өткен күн қайта оралмас. Бұл ағыста, менің жаным қай жағада қалады? Арманға жетер жол да барады алыстап. Маған берілген мүмкіндік, өмір сүруге берілген мүмкіндік ойламаған жерден бітіп қалары анық. Ойлап қарашы, кез келген сәтте бәрі де бітеді. Болды. Бітеді және қайта оралмайды, келмейді, басқа мүмкіндік берілмейді.
Астана мен Алматы 24 млрд теңгенің көлемінде әріптестік туралы құжатқа қол қойды
Алматы қаласындағы елорданың 20 жылдығына арналған Астана күндері шеңберінде 21 қыркүйекте «Аймақаралық «Астана – Алматы» әріптестігі» іскерлік форумы болып өтті. Форумды астана әкімдігінң қолдауымен «Astana Invest» ұйымдастырды.
Форум жұмысына Астана және Алматы әкімі, мемлекеттік орган мен мекеменің өкілдері мен аймақтық кәсіпкерлер палатасы, даму институттары, сонымен қатар қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер қауымдастығы мен бизнес-қауымдастық қатысты.
Астана әкімі Бақыт Сұлтанов елорданың дамудың жаңа деңгейіне ауысып жатқаны туралы айтты. Қазір Астана тез өсіп бара жатқан қала және әлемдік масштабтағы ең сәтті урбанистикалық жобаның бірі. Қала халқы 20 жыл ішінде 3,6 есеге өсті, инвестиция – 50 есеге, территория 3 есеге өсті.
«Астана әлемдік трендтің соңынан ере отырып, жаңа технологияны дамытып әрі жаһандық қалаға айналуда. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында Астана қаласын ықшам құрылыс бойынша кешенді жоспарын әзірледі, онда 2019-2023 жылдарға арналған инженерлік- транспорттық инфрақұрылымды қамтамасыз ету қарастырылған. Жоспарды іске асыру қаланың экономикасының дамуына да, елге де оң әсерін тигізеді және де бизнесті дамыту, инвестиция тартудың жаңа мүмкіндігі ашылады», — деді Б. Сұлтанов.
Шара барысында В2В диалогы жүргізілді. Бизнес, мемлекеттік органдардың және екі қаланың даму институттары іскерлік климат, қалалық орта, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту, кәсіпкерлікті қолдауды жақсартудағы тәжірибелерімен алмасты.
Қатысушылар Астананың 20 жылдағы жетістіктері көрмесінен білім, денсаулық, өнеркәсіп, инвестиция, инновация, туризм, архитектура, преспективалы жобалар мен аталған салаларды инвестициялаудың мүмкіндіктерімен танысты.
Форумда екі жаққа да тиімді құжаттарға қол қойылды. Ол Астана мен Алматы әкімдері арасындағы өзара түсіністік пен әріптестік туралы меморандум, сондай-ақ сомасы 60 млрд теңге құрайтын (165 млн доллар) бірнеше жобаны іске асыру туралы құжаттар, яғни қонақ үй кешені құрылысы, металлопластика өндірісі, МЖӘ және АЭА дамыту.
Сонымен бірге, «Кока-Кола Алматы Боттлерс» БК» ЖШС-нің Астанада алкогольсіз сусын өндіруді кеңейту жобасының келісіміне қол жеткізілді. Жоба Астана нарығында өнімнің осы түріне деген сұраныстың көп бөлігін қамти алады. Соңғы 10 жылда компания Қазақстанға 250 млн АҚШ доллар инвестиция құйды. Астанадағы зауыт 80 млн АҚШ долларын тартты, қазір мұнда 100-ден астам адам жұмыс істейді.
Форумның жұмысында Астананы дамытуда негізгі басымдықтар анықталды – инновацияны ілгерілету, іскерлік қаржы хабы ретінде астананы дамыту, туристік орталық, адамдарға қолайлы жағдай жасау үшін және мемлекеттік қызметтің сапасын жоғарылату.
Анықтама:
• Қала халқы 20 жылда 3,6 есеге өсті (1997 ж. – 287 мың, 2018 ж. – 1031 мың), қала аумағы 3 есеге өсті. Соңы жылдары қаржы тұрғын үй құрылысына, инженер және көлік инфрақұрылымына инвестицияланды.
Өткен жылы Астанада инвестиция көлемі рекордтық көрсеткішке 957 млрд теңгеге жетті (49 есеге, 1997 жылы – 19,3 млрд теңге) 3% өсті, оның 200 млрд теңгесі шетелдік инвестиция.
Осы жылы 8 айда жеке тұлға индексі инвестициясының негізгі капиталы 105,9% (598 млрд теңгені) құрады.
Өзара түсініспеншілік пен әріптестік туралы қол қойылған меморандумда:
• инвестициялық жобаны іске асыру бойынша сүйемелдеу:
«Steppe Capital Advisors» ЖШС Астана қ кешені,
• инвестициялық жобаны іске асыру бойынша сүйемелдеу: қонақ үй құрылысы
«LD Invest» ЖШС Астана қ кешені
• ЖШС-мен бірге қолданыстағы алкоголсіз сусын өндірісін кеңейту
«Кока-Кола Алматы Боттлерс» БК»,
• «Функе» ЖШС Астана қ металлопластика өндірісін кеңейту
• «Алматы» ӘКК» ҰК АҚ МЖӘ саласында,
«Astana» ӘКК» ҰК АҚ өзара әріптестік және «Алматы» ӘКК» ҰК АҚ,
• Астана, Алматы қалаларында АЭА дамытудағы өзара әріптестік, «АстанаТехнополис» АЭА УК» АҚ және «Парк Инновационных Технологий» және автономды кластерлік қоры
Астана полицейі интернет алаяқтардан қалай сақтану керектігін айтты
Астана Ішкі істер департаменті тұрғындар мен қала қонақтарына интернет алаяқ фактілеріне қатысты ескерту жасайды. Ведомстваның мәліметінше әлеуметтік желіде алаяқтықтың телефон арқылы жүргізілетін жаңа схемасы пайда болған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Полицейлер айтқандай, бүгінде iPhone мобильді телефонын заңсыз блокқа қоюға байланысты алаяқтық көбейіп кеткен және ары қарай оны ашып беру үшін ақша сұрайды. Алаяқтардың схемасы әртүрлі. Қаскүнемдер көбіне «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі тұтынушылардың аккаунтын бұзып кіріп, достар тізіміне iCloud аккаунтыңмен кір деген өтініш хабарлама таратады, яғни «жоғалған» телефонын тауып алу үшін. Содан соң, смартфон белгісіз біреудің атынан блокқа түсіп қалады.
«Алаяқтықтың тағы бір тараған түрі – алаяқтар сатып алушының кейпіне еніп, whatsАpp мессенджері арқылы интернетте айфон, айпад сату туралы хабарлама берушімен хат жазысады. Жазысу барысында алаяқ iCloud-ның барлық моделге сәйкес келмейтінін айтып, құрбандығына логин мен паролін жіберіп, өзінің аккаунтын тексеріп беруін өтінеді. Келісімнен соң зардап шегуші бөтен ақпаратты өзінің телефонына енгізеді, ары қарай алаяқ ұялы байланысты ашып беру үшін QIWI электронды төлем жүйесі арқылы ақша төлеуін ұсынады», — делінген астаналық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Астана ІІД қызметкерлері азаматтарды барынша сақ болып, әлеуметтік желі ресурстарында араласу барысында бөтен адамдарға сене бермеу керектігін ескертеді.
Демалыс күндері Ақтөбе және Түркістан облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Астанамыздың 20 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында республика аймақтарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарына сәйкес, осы жылдың 22-23 қыркүйегінде Астана қаласында Мұнайтпасов көшесі, 9 «Қазақстан» СК алаңында Ақтөбе және Түркістан облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеге Ақтөбе облысының 12 ауданы мен Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындары қатысады. Аталмыш облыстан бас қалаға келетін өнім көлемі 200 тоннадан астам.
Ал, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жәрмеңкеге жалпы сомасы 201 млн теңгені құрайтын 496 тонна өнім шығарады.
Жәрмеңкеде Астана қаласының тұрғындарына келесі өнімдер ұсынылады: еттің барлық түрі, картоп және көкөністер, сүт өнімдері, өсімдік майы, жұмыртқа, балық, бал, шұжық өнімдері, ұн және ұн өнімдері, түрлі сусындар және басқа да өнімдер ұсынылатын болады.
Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы Астана қаласы базарларының бағасынан 15-20%-ға төмен болады.
22-23 қыркүйекте Елордада кәсіпкерлер форумы өтеді

22-23 қыркүйек күндері Елордада «Астана Бастау. Территория Бизнеса» атты кәсіпкерлердің ауқымды форумы өтеді, ол еліміздегі бизнес-қауымдастықты түбегейлі жетілдіруге бастау салады.
Форумды Астана қаласы әкімдігі, «Синергия» Бизнес мектебі және «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» жобалық офисімен бірлесіп өткізілуде. «Астана Бастау. Территория Бизнеса» тегін білім беру жобасы, оның мақсаты кәсіпкерлер мен бизнесмендер арасында жаңа бизнес-мәдениет қалыптастыру.
Форумның салтанатты ашылуына Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қатысады. Іс-шараның хэдлайнері болып «Бизнес в стиле фанк» бестселлерінің авторы, көрнекті экономист — Кьелл Нордстрем сөз сөйлейді.
Форум аясында бизнесті цифрлы болашаққа трансформациялау, инвестиция тарту идеялары және бизнесті ауқымдау, тиімді сату жүйесін құру сияқты тақырыптарды қамтитын болады. Сонымен қатар, инвесторлар форум аясында жаңа жобалармен танысуға, тәжірибе алмасуға және бірлесіп іскерлік бастамалар бастауға мүмкіндік алады. Үздік сарапшылар өз пікірімен бөлісіп, бизнес ашуға қатысты жаңа бағыттарды айтады.
Семинарда спикерлер ретінде ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан екі дүркін Әлем чемпионы Серік Сәпиев, Like холдингінің негізін қалаушы және иесі Аяз Шабутдинов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат Жыланбаев және ТМД-дағы №1 нетворкинг бойынша сарапшы Гил Петерсил т.б әлемдік сарапшылар сөз сөйлейді.
Форумға кел, өз бизнесіңді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерді аш!
Іс-шара 22-23 қыркүйек «Барыс-Арена» мұз сарайында өтеді.
Кәсіпкерлерге қатысу — тегін (онлайн-тіркеу кезінде БСН/ЖСН расталған жағдайда).
Толығырақ astanaforum.info

