Алдағы 5 жылда Астанада 3 көпір салынады

Астана әкімдігі қаланы барынша жинақы салудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарын түзді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Астана қаласының әкімдігі, қаланың көлік жүйесін жаңғырту шеңберінде ең алдымен әлеуметтік бағыттағы бағдарлама әзірлеген. Бұл туралы брифингте көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқарма басшысының орынбасары Әлихан Куатбеков айтты. Оның айтуынша, алдағы жылдары Астанада жаңадан үш көпір салынады. 


— Алдағы 5 жылда 121 шақырымды құрайтын жол салу және 3 көпір мен 2 жолайрық салу жоспарланып отыр.  Оның бірі жол өтпе, бірі тоннель.  Бұл магистральдық көшелердің толық көліктік мүмкіндігін береді, — деді А.Қуатбеков.


Сонымен қатар ол, өткен 3 жылда қаламызда 110 шақырымдық жаңа жол салынғанын, 102 шақырымдық жол жөнделгенін  айтып өтті. Жыл соңына дейін 28 шақырымдық жаңа жолдың құрылысы аяқталады.


Қазір қаламызда 1102 шақырымды құрайтын 1039 көше бар және 8 көлік айрығы, 17 автожол көпірі, 7 жер асты және 4 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі, 9 жол өтпесі, 1 тоннель бар.


Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше