Жамбыл облысы Жуалы ауданында "Жерлестер" форумы өткізілді

Жамбыл облысы «Жуалы ауданы əкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «Жамбыл облысы „Қазақстан Студенттерінің Альянсы“ жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 4-қазан күні сағат 11:00-де Жамбыл облысы Жуалы ауданында „Жерлестер“ форумы өткізілді. Шараның басты мақсаты: Елбасының Нұрсұлтан Назарбаевтың „Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру“ мақаласы аясында „Туған жер“ бағдарламасын қолдау мақсатында туған жерге, оның мəдениеті мен салт-дəстүрлеріне айрықша іғкəрлікпен атсалысу-шынайы патриотизмді ұлықтау, Жуалы жастарын отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тəрбиелеу. Шара барысында „Жамбыл облысы “Қазақстан Студенттерінің Альянсы» ЖҚБ-ның төрағасы, Жамбыл облысы Жуалы ауданы əкімдігінің ішкі саясат бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы Жуалы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Аманбекұлы, «Бурное ірімшік» зауытының директоры Ə.Укикбайұлы, «Жас Отан» жастар қанаты Жамбыл облыстық филиалының төрағасы У.Болатбекұлы жəне т.с.с Жуалы ауданыгың белді азаматтары бой көрсетті.

«Ауылдық ақпараттық-ресурстық орталықтың жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында кездесу өткізілді.

«Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Планета ЮГ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ауылдық ақпараттық-ресурстық орталықтың жұмысын ұйымдастыру»жобасы аясында Жамбыл облысы Талас ауданында ауыл тұрғындары мен мемлекеттік қызметкерлер арасында кездесу өткізілді.
Шара барысында мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басмыдықтары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты-жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту бойынша Сакенов Нұрбек біршама мысалдар келтіріп, түсіндіріп кетті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Кез келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады», — деген болатын. Сондықтан да елімізде жастарды жалпы қоғамдық үдерістерге қосу мақсатында ынталандыру шаралары іске асырылып, олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мемлекеттік деңгейде жағдай жасалуда.
Шара соңында аталмыш бағыттағы жұмысты жандандыруға бағытталған ой-пікірлерімен бөлісіп, жиынға қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
Шараға мекеме ұжымы қатысты.

Конгресс молодёжи Казахстана по заказу Министерства общественного развития Республики Казахстан провел проект

Конгресс молодёжи Казахстана по заказу Министерства общественного развития Республики Казахстан провел проект по осуществлению мониторинга реализации государственного социального заказа в Западном регионе (Актюбинская, Атырауская, Западно-Казахстанская, Мангистауская области) и Южном регионе (Алматинская, Жамбылская, Кызылординская, Южно-Казахстанская области) на 2018 год.

✅Целью проекта стало принятие своевременных и оперативных мер по обеспечению эффективной реализации социально значимых проектов в рамках государственного социального заказа.

🗣Проведение общественного мониторинга включило в себя организацию и проведение фокус-групп, анализа полученной информации, а также проведение социологического опроса среди услугополучателей государственных программ и проектов для поддержки и занятости молодежи в регионах страны.

📑В ходе проекта была разработана методика и программа общественного мониторинга в виде 10-ти инновационных рекомендаций для двух регионов. Результатом проведенных мероприятий является участие более 200 человек в фокус-группах в Западном регионе и участие 200 человек в Южном регионе.

«Астана Операның» балет труппасы итальяндықтарға жаңажылдық ертегі сыйлады

20 желтоқсанда «Астана Опера» театры гастрольдік сапарын Карло Феличе Театры сахнасында (Италия) П.И.Чайковскийдің «Щелкунчик» балетімен ашты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиналған жұрт қазақстандық әртістердің би өнеріне, оның кербездігі мен әсемдігіне тәнті болды. Спектакльден соң көрермен қауым жаңа жылдық керемет балет қойылымы үшін өнерпаздарға алғыстарын білдірді.

«Щелкунчик» спектаклінің 6 қойылымына да билеттер гастроль басталғанға дейін сатылып кетті. Ғажап көріністі балет сан түрлі аудиторияға арналған. Залда балет өнерінің нағыз бағалаушылары да, тамаша театр әлеміне жаңа қадам басқан жас көрермендер де болды. Итальяндықтар дуаланған ханзада туралы балетті зор сүйіспеншілікпен қабыл алды.

«Осы кеште Маридің партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Бекетаева керемет орындап шықты. Щелкунчик-ханзаданың рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан шеберлікпен сомдады. Щелкунчик-қуыршақ – Әнел Есқалиева, Тышқан патшасы – Жәнібек Иманқұлов, Дроссельмейер – Ильдар Шакирзянов, Фриц, Маридің інісі – Әнел Есқалиева, Штальбаум – Рахметолла Науанов, Штальбаумның әйелі – Әсел Кенжебекова т.б. өз бейнелерін тамаша орындады», – делінген хабарламада.

Италияда труппа «Щелкунчик» балетінің тағы 5 спектаклін (дирижерлері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов және Арман Оразғалиев) ұсынады. «Астана Опера» театры гастрольдік кесте бойынша енді Испания еліне жол тартады. Қазақстандық әртістер 29 желтоқсан және 5 қаңтар аралығында София Патшайымның өнер сарайы сахнасында (Валенсия) П.Чайковскийдің «Аққу көлі» балетін қоймақ.

Гастроль «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтуде.

ТЖД: Балаларға пиротехниканы сатуға тыйым салынды

Интернет Решения (IR.KZ)
2 dakika

ТЖД Астана тұрғындарын көшелер мен базарларда пиротехника өнімдерін сатып алмауға шақырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мереке күндері отандық және шетелдік (Ресей, Қытай, Корея) фирмалар өндіретін пиротехникалық заттарды сатып алу еш қиындық тудырмайды.

ТЖД қызметкерлері пиротехникалық өнімдерді белгіленбеген жерден сатып алу және оларды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай пайдалану көптеген өрт оқиғаларының орын алуына, адамдардың жарақат алуына, тіпті адам өліміне себеп болуы мүмкін екендігін айтады.

«Өрт қауіпсіздігі ережелеріне» сәйкес, пиротехникалық өнімдерді базарларда, сауда алаңдарында, көшелерде және осы мақсаттарда жарамсыз дүкендерде сатуға тыйым салынады. Пиротехниканы 18 жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ сертификаты мен егжей-тегжейлі нұсқаулығы жоқ өнімдерді сатуға және пайдалануға тыйым салынады», – деді Астана қаласы ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын алу басқармасының басшысы Орал Әбдрахманов.

Жыл басынан жолақысын төлеуден жалтарған 7 мыңға жуық жолаушыға айыппұл салынды

Астана LRT жүргізушілерді қандай бұзушылықтары үшін жазалайтынын айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жыл басынан қоғамдық көлікте жолақы төлеуден жалтарған 7 мыңға жуық жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Салынған айыппұлдың сомасы 30 млн теңге шамасында. Сонымен бірге, 900 автобус жүргізушісі ЖҚЕ мен тасымалдау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл – 12 млн теңгені құрайды.

«Жолаушының қоғамдық көлікте жолақы төлеуге міндетті екендігі туралы «Автомобильді көлік туралы» заңымен бекітіліп, талап етілген», — деп еске салды әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында «Астана LRT» компаниясының көлік қадағалау департаментінің директоры Самат Шаймерденов.

Өз кезегінде «Астана LRT» ЖШС көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығының директоры Жеңіс Жолбыр 7 қоғамдық көлік жүргізушісінің қарама қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткені үшін жүргізуші құқынан айырылғанын жеткізді.

Меморгандар «Әзірет Сұлтан» мешітіне келушілерге кеңес берді

Заңгерлер мен психологтар елорда тұрғындарына консультациялық көмек көрсетті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жұма, 21 желтоқсанда ««NEET» жастарды әлеуметтендіру және жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында «Астана жастары» ресурстық орталығы Әзірет Сұлтан мешітінде консультациялық кездесу өткізді.

«Аталған шараны өткізудің мақсаты – бүгінгі таңда іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат беру, қала тұрғындарының жеке сұрақтары бойынша консультациялық көмек беру», — деді «Астана жастары» ресурстық орталығының директоры Үкібай Нұрпейісов.

Мешітке келушілер қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы, астаналық жұмыспен қамту орталығы, медиацияны дамыту орталығы және басқа да ұйымдардың өкілдерімен жолығып, өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша кеңес алды. Сондай-ақ, консультацияны заңгерлер мен психологтар да жүргізді.

Оқушылар жануарлар мен құстар үшін екі жүзге жуық үйшік жасады

Бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының көмегімен құстар мен мысықтар үшін үйшіктер жасады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

№79 мектеп-лицейдің «Жақсылық жаса» жобасы осымен үшінші жыл іске асырылып жатыр. Дәстүрлі түрде 1-4 сынып оқушылары жануарлар мен құстар үшін үйшіктер жасайды.

«Қазір балалар 200-ге таяу үйшік жасады. Құстарға арналған үйшіктерді Орталық саябаққа және «Жетісу» саябағына орнатамыз, ал мысықтарға арналған үйшіктерді «Ковчег» мысықтар үйіне орнатамыз. Осы жоба аясында біз қатерлі аурумен күресіп жатқан балаларға көмек көрсетеміз. Балалар олардың тез сауығып кетуін тілеп, оларға өз хаттарын жазады, сыйлықтарын дайындайды», — деді №78 мектеп-лицей директорының бастауыш сынып ісі жөніндегі орынбасары Әйгерім Айғонова.

Жобаның мақсаты – қайырымды, мейірімді, көмекке құштар жандарды тәрбиелеу.