Республикалық ән конкурсы!

Аса көрнекті ақын Қасым Олжастың Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Жыр жазамын жүрегімнен» атты республикалық ән конкурсының шарттары.

Конкурс Қарағанды қаласында 2011 жылғы қыркүйек айының 8-9 күндері өтеді. Конкурсқа қатысу үшін облыстық, қалалық мәдениет басқармалары, оқу орындары, концерттік ұйымдар дирекциясы мен көркемдік кеңестің ұсыныстары болу қажет.

Конкурсты өткізудің тәртібі және шарттары
1) қатысушылар жасы 18-40 жас аралығы
2) әр облыстан 2 және Алматы, Астана қалаларынан 4 адамнан
3) Қарағанды облысынан алдын-ала іріктеу кезеңінен өткен орындаушылар қатысады
Әрі қарай

Премьер-министр оқулары

Кәрім Мәсімов Алаш арыстарының бірінің кітабын отандық арналардың бірінде мәнерлеп оқып жатыр екен (қандай кітап екенін айтпай-ақ қоияын). Мақамына, нақышына келтіріп оқып жатқан Мәсімовтың сазды дауысы арнайы студияда жазылып жатыр дейді осы дерекпен бөліскендер. Білетіндердің өзі оның нендей мақсатта жаздырылып жатқанынан мақұрым болып шықты. Шенеуіктер мұрнын шүйіретін әлеуметтік желіден өзіне аккаунт ашқан Үкімет басшысының бұл жаңалығы жақын уақытта жария болар анық. Сонда Мәсімов аудио кітабы (ол біреудің кәтабын оқығанда қалай айтылар екен) кімге арналмақ? Болмаса көркем сөйлеу үшін тілін жаттықтырып, машықтанып жүр ме, ол жағы бізге беймәлім қалып отыр…
Мүмкін Тұркіменбашының «Рухнамасы» секілді мектептерде әдебиет сабақтарында көрнекілік құралы бола ма? Болмаса қазақ тілін білмейтіндерге арналар… Міне қызық…
Әрі қарай

Мен сүйген қызды көргенде!

Сауырына сәуле төсеген сырғалы емендер,
Тәңіри биікте тербелгіш туған өлеңдер.
Құдіреті күннің мол сіңген әр кірпіктерін,
Найзағайлардан жарқ еткен нұрға бөлеңдер.
Әрі қарай

Контентті қорғаудың маңызы

Егер бір адам сайтында (блогында) жариялайтын жеке (бірыңғай) контенттерін қорғамаса не болады? деген сауалға жауап іздеп көрейік.

Автордың шығармашылық белсенділігі төмендейді. Бұны жыл сайын егін егетін, бірақ егінін жыл сайын шегіртке жеп қоятын шаруамен салыстыра отырып түсіндіруге болады. БІрнеше рет қатарынан немесе бір рет-ақ шегірткеге «таланған» шаруаның егін егуге деген қызығушылығы төмендеп, шаруасы тоқтайды немесе басқа гаруа көзін табады. Сол сияқты өзінің шығармашылық еңбегін (бұл жерде мақала, блогтағы жазба туралы) басқаларға ұрлатқан адамның шығармашылық белсенділігі төмендейді.
Әрі қарай