Сдаю квартиру девушкам...

Бұл оқиға баяғыда болған. Әскерден келгенімізге жыл толмаған уақыт. Қаладан жұмыс тапқанымыз қалада, даладан жұмыс тапқанымыз далада жүрген кез. Сондай күндердің бірінде бңрге оқыған біразымыздың басымыз қосылып қалды. Қызып алған жігіттердің қыз іздейтін әдеті бар ғой. "Қазір көшеге шығам, қызсыз келмейм" деп кетті бір қу бізге көнбестен. Шамалыдан соң қолында жарты парағы(бір жарты арағы және бар) бар, ыржиып келіп тұр. "Қыз таптым" дейді,«Тек, біреуің менімен еріп барыңдар» деп қояды. Сөйтсек, «сдаю квартиру девушкам» деген сынды жарнаманы жыртып алып, пәтерде тұратын қыздардың жарнамасы екен деп қалыпты.
Әрі қарай

egov.kz: Paint-те жұмыс жасай аламыз

egov.kz Интернет-ресурсының халықтың қолын ұзартып жатқанына қуаныштымын. Үйде отыр-ақ талай істі Интернет арқылы бітіріп тастайтындай мүмкіндік беріп жатыр.

Осы ресурсты жарнамалауға және халықты оның мүмкіншіліктерімен таныстыруға арналған шағын орталықтардың бірі Шымкент қаласындағы МЕГА СОО-да орналасыпты. Жақындап барып ақпараттық кітапшаларына қарадым. Ішіндегі скриншоттары кәдімгі Paint графиктік редакторында (егер редактор болса) жасалыныпты. Суреттердің сапасы өте төмен. Көзі нашар көретіндер көзілдіріктерімен де оңайшылықпен көре қоймастай екен.
Әрі қарай

Соттан қанай хабар бар?

Соттың болғанынан боладысы қызық демекші, «Соттан қанай хабар бар?» деп сұрап жатқан ағайындар көбейді.

Жауап: Әлі күнге дейін ешқандай хабар жоқ. Сотталуға сұранып тұрған газет-журналдардың үстінен арыз жазбай тұрып алдыңғы сотқа тапсырған арыздың соңы не болар екен деп отырмын. Бір ойым, бір мәселе (авторлық құқықтың бұзылуы) бойынша әр газеттің үстінен екі немесе үш жерде сотқа арыз берсем, ол соттардың әрқайсысы әр түрлі шешім шығарса, кейін оны "мына бейбақ шешімдерге қараңыз, ағайын!" деп, шулатып жіберсем бе деп қоямын.
Әрі қарай

Айбе Хинрикс: Қазақстанда балаларды қалай өлтіреді...

"Ұлттық Медициналық Холдинг (ҰМХ)"-ке бағынышты атышулы Ұлттық Ана мен Бала ғылыми орталығының жұмысындағы шикіліктер мен жауапты шенеуніктердің адам денсаулығына көз жұма қарайтындықтары туралы сол орталықтың бұрынғы басшысы Айбе Хинрикс айтқан деректерде көрсетілген. Осынау жайттар кімді де болса ойландырмай қоймайды. Бұл турасындағы мақалалар guljan.org сайтында жарияланды.
Суретте: Елжан Биртанов, ҰМХ президенті

Айбе Хинрикс о прозаседавшихся в Нацмедхолдинге. Часть I

Айбе Хинрикс. Как убивают детей в KZ. Часть II

Как плетутся интриги в Нацмедхолдинге РК. Часть III
Әрі қарай

ASBC Азия чемпионатының финалдары (видео)

Бүгін Инчхонда болған Азия чемпионатының ақтық ойындарының видеоларын салып отырмын. Еларнаны күтіп отырғандарың болса, қазірден бастап көре берсеңдер болады
Кешігіп жатсам, ренжи көрмеңдер — компьютерге жаңа келіп отырған бетім осы.
Өзіміздің қазақтардың жекпе-жектерін ғана салсам деп едім, реніш болмаса. Сонымен:

52 кг: Ілияс Сүлейменов (Қазақстан) — Чаң Йоң (Қытай)


Әрі қарай

Бір үзік сыр..

Нәби Аймұратовтың соңғы әнін тыңдай отырып, осыдан 6 жыл бұрынға қызықты күндер есіме оралды. Бөлісе отырайын…
Әрі қарай

Faceglat

Ортадоксалдық еврейлерге арналған, FaceGlat деп аталатын әлеуметтік желіні хасидизм қозғалысының мүшесі Яков Суисса жасап шығыпты. FaceGlat-та ортадоксалдық иудаизмнің барлық дәстүрлері орындалады-мыс. Жүйеге кіргеннен-ақ қолданушылар ерлер бір жаққа, әйелдер екінші жаққа болып екіге бөлінеді. Яғни, FaceGlat-ты екі желіден құралған деп айтсақ та болады.
Әрі қарай