Астанада Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған гала-концерт өтеді

Ертең, 1 сәуірде Конгресс-холлда қазақ елінің біртуар перзенті, халқымыздың мәдениеті, музыка өнерінде композитор, дирижер ретінде өшпес із қалдырған, күйші, Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Нұр аға» гала-концерті өтеді.
Нұрғиса Тілендиев көзінің тірісінде-ақ қазақ музыкасының сайыпқыраны атанған еді. Оның талай сазы тыңдарманның жүрегінен орын тауып, қазақ киносын әсем әуенмен әрлеген болатын. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындының авторы. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Көш керуен», «Махамбет», «Саржайлау» сияқты әндері мен күйлері халқының сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған.
Нұрғиса Тілендиевке арналған концерттің ерекшелігі – автордың халық ұжымдарына арнап жазған шығармаларын Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрінің орындайтынында. Дирижері — Ернар Нұртазин және Берік Батырхан.
Ән-жыр кешіне КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, ҚР халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов пен Майра Мұхамедқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Үлкенбаева, Алтынай Жорабаева, Айгүл Қосанова, Азамат Жылтыркөзов, Бибігүл Жанұзақ, Қазақстанның жастар сыйлығының иегері Нұрғали Тұрлыбеков, сондай-ақ, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Айзада Капонова, Нұрбол Балапанов, Шахризада Тыныштық қатысады.
Гала-концерттің басталуы сағат 19.00.
astana.gov.kz/kk/modules/material/10231








Астана қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтарына тергеу жүргізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
ҚР Ұлттық музейінде наурыздың 30-ы күні сағат 12.00-де «National Geographic Қазақстан» журналының жарық көруіне орай Қазақстан және АҚШ ғалымдарының қатысуымен кездесу өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
Астанада «Өнеркәсіпқұрылыс — Астана» және «ЭкспоЖылжымайтын мүлік — 2016» атты құрылыс саласындағы екі халықаралық көрме ашылды. Көрмеге қатысу үшін Қазақстанға 10 елдің компаниялары келді.
Елорда әкімдігінде апта сайынғы аппарат отырысы ҚР Парламенті Мәжілісі мен Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауды ұйымдастыру жұмыстарының, сондай-ақ, Наурыз мейрамына арналған іс-шараларды өткізудің қорытындысын шығарудан басталды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
2015 жылы Астана қаласына 130 мың мигрант келген. Бұлардың 70-80 пайызы заңсыз жұмыс істеген. Яғни, елордамызға қонақ ретінде немесе турист ретінде тіркеліп, заңсыз еңбек еткен. Бұл туралы бүгін Астанада еңбек миграциясы жəне адам саудасына қарсы мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өзара əрекеті тақырыбында өтіп жатқан жиын барысында Астана қаласы бойынша еңбек мигранттарын оқыту жəне қолдау орталығының жетекшісі Қанат Мырқайдаров мəлім етті.
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астана әуежайында «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағына қатысты оқиғаға байланысты кеңес өткізді, деп хабарлады ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.