Астанада аудан әкімдері жолдың жағдайы туралы толық фото-есеп жасады
Елорда әкімдігінде апта сайынғы аппарат отырысында қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту мәселелері де қаралды. Астана аудандарының әкімдері жол төсемінің жағдайы туралы толық фото-есеп ұсынды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.Автомобиль жолдары басқармасына бір айдың ішінде жолдарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын барынша жүргізу тапсырылды. Аталған мәселе қалалық қызметтердің назарында болуы тиіс, деп атап өтілді отырыс барысында.
Елорда әкімінің айтуынша, күннің жылынуына орай қала тұрғындары мен қонақтары саябақтарға, гүлбақтарға және Есілдің жағалауына жиі баратын болады. Сондықтан бұл жерлерді абаттандыруды қолға алу керек. Аудан әкімдіктері мен профильді қалалық қызметтер бір аптаның ішінде саябақтар мен аумақтарда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуі керек.
Бұл ретте бизнес өкілдері өз объектілерінің сырт көрінісіне мұқият болып, қаланы абаттандыруға белсенді қатысуы тиіс. Сонымен қатар, алдағы уақытта ұйымдастырылатын абаттандыру айлығы аясында теміржол маңындағы аумақтарда санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу қажет.
Қала басшысы көшеде сауда жасау үшін 1000 орын бөлуге де ерекше назар аударды. Ә. Жақсыбеков бұл процестің кәсіпкерлер үшін ең аз бюрократиялық продуралармен және барынша айқын өткізілуі тиіс екендігін атап өтті. Бұл ретте ұйымдастырылған көше саудасының артықшылықтары биылғы жазда қала тұрғындары мен ШОБ өкілдері үшін сезілуі керек.
ҚазАқпарат


Бүгін 31 наурызда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы әрі көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жасқа толған мерейтойына байланысты «Әлихан Бөкейханов және ұлт руханияты» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты азамат Д-ның төрт азаматқа және «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ-на, «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қорғаншылық және қамқоршылық органына қатысты жекешелендіру шартын және сату-сатып алу шартын заңсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.




