Астанада Павлодар мен Жамбыл облыстарының күндері өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада Павлодар мен Жамбыл облыстарының күндері өтеді
Астанада қыркүйектің 23-25 күндері ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Жамбыл облысының мәдениет күндері өтеді. «Тарихи терең Тараздан тағзым» шарасы аясында үш күн бойы астаналықтар аймақтың тарихымен, мәдениетімен және негізгі жетістіктерімен танысады.

Бұл күндері ауыл шаруашылық тауар өндірушілер жәрмеңкесі, тарихи өлкетану музейі экспонаттарының көрмесі, филармония әртістерінің қатысуымен мерекелік концерттер өткізіліп, спектакльдер мен қойылымдар қойылады.

23 қыркүйекте сағат 11.00 қала тұрғындары мен қонақтары М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында С. Маршактың «Кошкин дом» атты балаларға арналған ертегісін, ал сағат 19.00 Ш. Айтматовтың повесінің желісі бойынша дайындалған «Пегий пёc, бегущий краем моря» қойылымын тамашалайды. 24 қыркүйекте сағат 18.00 Ф. Буляковтың «Выходили бабки замуж» атты комедиясы сахналанады.

Сонымен қатар, сағат 16.00 Бейбітшілік және келісім сарайында облыс өнерпаздарының «Ұлы дала ұлысым» атты концерттік бағдарламасы да көпшілік назарына ұсынылмақ.

24 қыркүйекте сағат 18.00 «Жастар» театрында облыстық қазақ драма театрының М. Әуезовтың повесінің желісі бойынша Н. Оразалиннің «Қилы заман» тарихи драмасы, ал 25 қыркүйекте сағат 16:00 «Еңлік-Кебек» трагедиясы қойылады.

24 қыркүйекте сағат 10.00-18.00 аралығында ҚР Ұлттық музейінде Әулие ата жерінің артефактілерін, қолөнершілер мен көркемсурет туындыларын тамашалауға болады.

24-25 қыркүйекте жәрмеңкеге облыстан жалпы құны 300 млн теңгенінің 315 тонна өнім әкелінеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына сапалы, экологиялық таза және пайдалы өнімнің 30 түрі ұсынылады. Азық-түлік өнімдері базардағы бағадан 8–15% төмен сатылады. Жәрмеңке қалалық әкімдік алдындағы алаңда өтеді. «Қазақстанда жасалған» акция аясында ауыл шаруашылық және өндірістік көрме ұйымдастырылады.

Мұнымен қоса, 24-25 қыркүйекте Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары павлодарлық ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өнімдерін сатып алу мүмкіндігіне ие болады. «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жанында өтетін жәрмеңкеде 100-ден аса кәсіпкер өз тауарын ұсынбақ. Жәрмеңкеде 90 тонна ет және ет өнімдері, 300 тонна картоп, 140 тонна көкөніс және 150 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімдері сатылады.

Павлодарлық кәсіпорындар елорда тұрғындарына азық-түлік өнімдерінің мол түрін, ұлттық тағамдар ұсынады. Сондай-ақ, павлодарлық колөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылады.

Жиналған қауым облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасын тамашалайды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11387
Әрі қарай

1 қазанда «Алау» МС қысқы маусым ашылады

Астана жаңалықтары: 1 қазанда «Алау» МС қысқы маусым ашылады

1 қазанда «Алау» мұзайдыны сарайында бұқаралық коньки тебу маусымы ашылады. Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Келушілерге 400 метрлік жол, хоккей мен мәнерлеп сырғанауға арналған корттар ұсынылады. Айдындардағы мұз озық технологиялар мен жоғары сапалы материалдарды қолдана отырып құйылады.

Биылғы маусымда хоккей кортында EХPO-2017 логотипі, ал жүгіру жолында – ұлттық ою-өрнек бейнеленеді.

Мұздың жалпы ауданы — 9200 м², ол үшін 460 000 литр су қажет. Бұл ретте ауа температурасы аренада +13; +16°C, ал мұз үстіндегі температура — минус 5°C құрайды.

Еске салайық, жазғы маусымда «Алау» спорт орталығына 12 710 адам келген, соның ішінде 1500 оқушы қалалық мектептердің жанындағы лагерьлерге барған балалар. Сонымен қатар, көп балалы отбасылардан шыққан 250 бала сарайда сүйікті спорт түрлерімен айналысу мүмкіндігіне ие болды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11365
Әрі қарай

Мәскеуде Астана күндері өтіп жатыр

Астана жаңалықтары: Мәскеуде Астана күндері өтіп жатыр

Ресей астанасы Мәскеу қаласында Астананың мәдениет күндері аясында бірқатар іскерлік және мәдени шаралар өтіп жатыр. Елорда әкімі Әсет Исекешев Мәскеу мэрі Сергей Собянинмен кездесті. Сонымен қатар, қос астананың іскерлік ынтымақтастығы форумы, іскерлік топ өкілдерінің кездесулері ұйымдастырылады. Шаралар әлемдегі ең ірі экспозициялық алаң — Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде этноауылдың ашылуынан басталды. Ресми шараға елорда басшысы Әсет Исекешев пен Мәскеу Үкіметінің министрі Сергей Черемин қатысты.

Этноауыл аумағында бірнеше тақырыптық киіз үй тігілді — «Ақ Орда», «Аңшының үйі», «Шеберлердің киіз үйі», «Қолөнершілер шеберханасы» және т.б. Сонымен қатар, келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылды.

Этноауыл аумағында алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған павильон орнатылды. Экспозиция Мәскеу уақыты бойынша сағат 22.00 ашылады.

Астана күндері аясында Ресей астанасында қала тұрғындары мен қонақтарының назарына қазақ халқының мәдениетімен танысуға мүмкіндік беретін көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады, елордалық театр әртістері мен танымал қазақстандық шоу-бизнес өкілдері өз өнерлерін ортаға салады. Бүгін Мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді. Театр сүйер қауым «Томирис – Сақ патшайымы» қойылымы мен бейнелеу өнерінің «Жусан иісі» көрмесін тамашалай алады.

Бұдан басқа, шара аясында бірқатар іскерлік кездесулер өткізу, «Мәскеу қаласының бірыңғай геоақпараттық кеңістігін», Спорттық инновациялық технологиялар және құрама командалар дайындау орталығын, Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығын аралау, сондай-ақ, Мәскеу аумағында жәрмеңкелер ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысу жоспарланған.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11374
Әрі қарай

Депрессия

Сап-сары түлкілерге сай түріңіз,
Бірде толып, құлпырған ай түріңіз,
«Жалғыздары» бес адам меніменен,
«Махаббатым» жанымнан сау тұрыңыз…

«Жанымдығын» сөзіңнен тастамадың,
Білгендеймін «маңызды іс» басталарын.
Аңқаулығым осы деп сақтап қойдым,
Арулардың ашылған маскаларын…
©Ернар Сейтахмет
Әрі қарай

Елордада «ЖасStart» спорт фестивалі өтеді

Астана жаңалықтары: Елордада «ЖасStart» спорт фестивалі өтеді
Алдағы демалыс күндері «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда сағат 10-нан 18-ге дейін спорт пен салауатты өмір салты фестивалі өтеді.

Іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары, аула клубтарының тәрбиеленушілері қатысады. Олар шағын-футбол, шахмат, үстел теннисі, стритбол ойнап, кроссфит пен армрестлингке арналған алаңдарда жаттығады.

Сондай-ақ «ЖасStart» фестивалі аясында спорт тауарларының жәрмеңкесі өтеді. Мұнда спорт тауарлары мен киімдер туралы ақпарат алуға, жаттығу құралдарын сынап көріп, сатып алуға болады, елордалық спорт федерациялары жаттықтырушыларының шеберлік сыныптары өтеді. Мұнымен қоса, қатысушыларға қаладағы фитнесс-клубтар мен спорт ұйымдары туралы мәліметтер ұсынылады. Кіру тегін.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11357
Әрі қарай

Отбасы күніне арналған шараларға 155 мыңнан астам елордалық қатысты

Астана жаңалықтары: Отбасы күніне арналған шараларға 155 мыңнан астам елордалық қатысты
Отбасы күніне арналған шараларға 155 мыңнан астам елордалық қатысты. Аталған мереке Қазақстанда үш жылдан бері қыркүйектің әрбір екінші жексенбісінде тойланып келеді. Елорда әкімдігінің мерекелік жоспарына сәйкес, 30 астам шара өткізілді, оның басым бөлігі «25 ізгі іс» акциясы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық көмек көрсету мақсатында өткізілді. Соның ішінде тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балалар саябақтарға, спектакльдер мен концерттерге барды, мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, «Астана» балалар деревнясында Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерінің қатысуымен «Тату және бақытты отбасы!» спорттық-зияткерлік мерекесі ұйымдастырылды; «Мамандандырылған бала үйі» МКК 45 әлеуетті бала асыраушыға Ашық есік күні өткізілді. Елордалық үш перинаталды орталықта жаңа туған сәбилерге естелік сыйлықтар табысталды. Бұл күні 71 нәресте дүниеге келді, соның ішінде 30 ұл және 41 қыз.

«Балалар арбаларының шоуына» қатысушылар да көп болды, сондай-ақ, Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясы әртістерінің отбасылық жұптарының қатысуымен мерекелік концерт, оқушылар арасында «Әке, ана және мен» сурет байқауы және т.б. ұйымдастырылды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11353
Әрі қарай

#көруге: Жаңа планетаның туылуы

Жапонияның Ұлттық астрономия обсерваториясының (National Astronomical Observatory of Japan) ғалымдары
Жерден 176 жарық жылына тең қашықта орналасқан ТВ Гидра (TW Hydrae) жас жұлдызының шаң-тозаңды бұлттарының арасынан планетаның «туылуын» байқады.
Ал сол кезде...: #көруге: Жаңа планетаның туылуы
Ғалымдар шаң-тозаңды бұлттардың ажырап, олардың арасында планетаның пайда болуын
Чилидің Атакама жазығына орнатылған ALMA радиотелескоптар кешенінің (теңіз деңгейінен 5000 метр биіктікте) көмегімен көрген.

Төмендегі суретте планетаның туылуын көрдіңіз бе, шаң-тозаңның арасынан, сондай күшті!
Жаңа планетаның көлемі Нептунның шамасындай болуы мүмкін

Ал сол кезде...: #көруге: Жаңа планетаның туылуы
Әрі қарай

Астанада туризм бойынша халықаралық конференция өтті

Астана жаңалықтары: Астанада туризм бойынша халықаралық конференция өтті
Бүгін, 12 қыркүйекте елордада «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне келушілерді тарту мақсатында халықаралық конференция өтті. Оған Қазақстанның өңірлерінен 200 және Ресей, Қытай, Еуропа, Азия мен ТМД мемлекеттерінен 100 туроператор қатысты.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Бектұрова Малика Ерланқызы конференция қонақтарын ЭКСПО-2017 көрмесі барысында өткізу жоспарланған шаралармен таныстырды.

Сонымен қатар, конференция аясында Қазақстанның туроператорларымен көрмеге 70 мыңға жуық билет сату туралы меморандумға қол қойылды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11330
Әрі қарай

Астанада тұңғыш рет «Астана жұлдызы» республикалық турнирі өтті

Астана жаңалықтары: Астанада тұңғыш рет «Астана жұлдызы» республикалық турнирі өтті
Елорданың іргесіндегі «Қазанат» атшабарында алғаш рет «Астана жұлдызы» республикалық турнирі өтті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған дүбірлі доданы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев салтанатты түрде ашты.

Ұлттық спорт түрлерінен өткен турнирге еліміздің 14 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан командалар келді.

— Ұлттық спорт түрлері біздің терең тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Астана қаласының әкімдігі ұлттық спорт ойындарының жандануына, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Осы мақсатта жыл сайын қаламызда ұлттық ойындар мен жарыстар бойынша 200-ден аса іс-шара өткізілуде. Енді міне, тағы бір жобаны іске асырып отырмыз. Бүгінгі фестиваль дәстүрлі спорт ойындары мен ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртқан, халыққа рух берген, Тәуелсіздік мерейтойына арналған керемет шара. Елорда әкімдігі алдағы уақытта да осындай жобаларды қолдап, ұлттық спорт түрлері мен салт-дәстүрлерімізді насихаттауға көңіл бөлетін болады. Елбасымыздың бастамасымен осы «Қазанат» атшабарында жалпы көпшілікті ұлттық спорт түрлеріне баулитын арнайы Орталық ашуды жоспарлап отырмыз.

Құдай қаласа, мұнда қарапайым халыққа атқа мінуді үйренуге, аударыспақ, асық ату, тоғызқұмалақ ойнауға және өзге де ұлттық спорт түрлерін үйренуге жағдай жасалады. Президентіміз 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызын дене шынықтыру мен спортқа тарту туралы тапсырма бергенін білесіздер. Осы ретте, Астана қаласының әкімдігі алдағы екі жылда бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала бойынша 22 спорт алаңын салуды жоспарлауда, — деді елорда басшысы Әсет Исекешев.

Ат шаптырым жерде халық алдымен теңге ілу сайысын тамашалады. Одан кейін Қыз қуу көптің көңілінен шықты. Ал білектілер Аударыспақта ат үстінде алысты. Үш күнге жалғасқан турнирде көкпаршылардың ішінен Астана құрамасы мен Ақмола облысының командасы финалда сынға түсті.

Думанды шара барысында «Қазанатқа» қазақ ауылы қонды. Мұнда 13 киіз үй тігіліп, жиналған жұртқа ұлттық тағамдардан дәм ұсынылды. Сондай-ақ жастар үшін алтыбақан құрылып, балалар асық ойнап, ләңгі тепті.

Сонымен, «Алтын жұлдызы» республикалық турнирінің бас жүлдесіне Астана әкімі Әсет Исекешев автокөлік тікті. Бұл жүлденің иегері орта қашықтықтағы жүйріктер бәйгесінде анықталды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11323
Әрі қарай

Астана әкімінің бас бәйгесі Байторы сәйгүлігіне бұйырды

Астана жаңалықтары: Астана әкімінің бас бәйгесі Байторы сәйгүлігіне бұйырды
Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай алғаш рет өткен «Астана жұлдызы» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Елорда әкімі Әсет Исекешев тағайындаған бас жүлде автокөлікті Байторы сәйгүлігімен Алматы облысынан келген шабандоз Ержігіт Төлегенов иеленді.

«Қазанат» атшабарында өткен бұл турнирде орта қашықтықтағы бәйге 9 шақырымды қамтыды. 5 айналымға созылған бұл қашықтыққа 30 жүйрік шапты.

Байторы сәйгүлігінен соң мәреге екінші болып жеткен Жұматай Ақжол Триумп жүйрігімен 2-орынды, ал шабандоз Асқар Омаров Қыран атты тұлпарымен 3-орынды иеленді.

Сонымен қатар, Теңге ілу сайысында бойынша 1-орынды Берікқали Жақишев алды. Одан кейінгі жүлде – Әлихан Бәшімбаевқа, 3-орын Бақытжан Сапарбековке бұйырды.

Жамбы ату сайысына қатысушылар ат үстінде шауып келе жатып садақпен нысана көздеді. Бұл сайыста мергендігімен танылған Тілекқали Ізденбаев бәрінен үздік болды. 2-орынды Елдос Бадашев алса, 3-орынға Саят Қыстаубаев лайық болды.

Аударыспақта балуандар ат үстінде жүріп күш сынасты. Бұл сында 1-орынды Біржан Қосалиев иеленді. 2-орынның иегері Арман Сағымбаев, 3-орынның иегері Данияр Смайлов атанды.

Асау үйретуде Өмірбек Төлегенов 1-орын, Ерасыл Диханбаев 2-орын, Жанәділ Ғазизов 3-орын алды.

Ал көкпардың финалында Астана қаласының құрамасы мен Ақмола облысының командасы кездесіп, бас жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде астаналықтар қарсыластарын 6:0 есебімен жеңіп, 1-орын алды. 2-орынды Ақмола облысы, 3-орынды Қостанай облысы иеленді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11325
Әрі қарай