К О Н К У Р С !

«ЖАСТАР ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҮШІН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР АКЦИЯСЫНЫҢ ЛОГОТИПІН ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН САЙЫС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасының 25 жылдығы аясында өткізілетін «Жастар дәстүрлі құндылықтар үшін» Республиклық жастар акциясының логотипін дайындауға арналған сайыс.
Сайысты ұйымдастырушы – Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы.

2. САЙЫСТЫҢ МАҚСАТЫ:

Жастардың бойында жаңа қазақстандық патриотизм ұстанымдарын, дәстүрлі құндылықтарды қалыптастыру.

3. САЙЫСТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ:

— Аталмыш логотип арқылы біздің көпұлтты халықтың дәстүрлі құндылықтарының даралығын және мәнін көрсетуге қазақстандықтарды шақыру.

4. САЙЫСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ

Сайыс 2016 жылдың 6 -13 қазаны аралығында өткізіледі.
Сайыстың қорытындысы 2016 жылдың 13-17 қазаны аралығында шығады.

5. САЙЫСТЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

Сайысқа заңды және жеке тұлғалар қатыса алады:
— суретшілер, дизайнерлер;
— дизайн-студиялар;
— жарнамалық агенттіктер;
— көркем шығармашылық мектептер мен колледждер;
— құрылыс, дизайн, бейнелеу өнері және т.б. факультеттерде оқитын студенттер;
— шығармашылық одақтар мен бірлестіктер;
— барлық қызығушылық танытқан тұлғалар.

Сайысқа қатысу тегін және ашық түрде.
Әрбір қатысушы жұмысқа қойылатын барлық талаптарды сақтай отырып 1 жұмысын ұсына алады.
Жұмыстар басқа да сайыстардың қатысушысы және жарияланған бола алады.
Логотип тіркелмеген болуы тиіс.

6. САЙЫСҚА ҚАТЫСАТЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУ РЕТІ

Өтініш cmiko@inbox.ru электрондық мекен-жайында қабылданады, сонымен қатар «Instagram» әлеуметтік желісінде #Жастар_дәстүрлі_құндылықтар_үшін #Молодежь_за_традиционные_ценности хэштегімен жариялануы тиіс.
Материалдар сайысқа электрондық түрде ұсынылады және cmiko@inbox.ru өтініш беру үшін арнайы пішінде жарияланады.
Өтініш келесілерді қамтиды:
— Түрлі-түсті шешімде ұсынылатын логотип;
— Қажетті ақпаратты көрсететін қатысушы туралы ақпарат (Толық аты-жөні, ұйымның аты, тел., электрондық мекен-жайы). Аталмыш деректер көрсетілмеген жұмыс сайысқа қабылданбайды;
— Әрбір сайысқа қатысушы байланыс жасау үшін толық байланыс ақпаратын көрсетуі тиіс;
— 200 сөзден артық болмайтын ұсынылып отырған логотип дизайнінің құндылықтық-мағыналық мазмұнын сипаттай отырып еркін негізде интерпретациясын жазу.
Жұмыс 2016 жылдың 6-13 қазан аралығында Астана уақыты бойынша 23.59 сағатқа дейін қабылданады.

7. КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Әрі қарай сандық пішінге ауыстырылатын кез-келген ұсыну техникасы жіберіледі – 3D рендерден қолмен жасалған эскизге дейін. Сайыста қарастыру үшін ұсынылатын сурет JPEG және PNG пішінінде дайындалып, 700х700 px мөлшерінде және 72 dpi рұқсатымен, RGB түс моделінде болуы тиіс. Файлдың мөлшері 500 кб аспауы қажет.
Логтипті дайындау барысында N 456-1 26.07.1999 ж. «Тауар таңбалары туралы, қызмет көрсету белгілері және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңнамасында жазылған талаптарды ескеру қажет.

Бағалау критерилері:
1. Бірегейлік, ерекшелігі, ұсынылған жұмыстың орындалу сапасы.
2. Ауқымдылығы. Логотиптің негізгі графикалық элементтері кез-келген пішінде сапасын жоғалтпастан ашылуы қажет – кішірейтілгенде де және үлкейтілгенде де.
3. Бейімділігі. Логотиптің негізгі графикалық элементі көрсетілу сапасын жоғалтпастан кез-келген тасымалдаушыда (қағаз және қатты қағаз, пластик, шыны, және т.б.) және кез-келген жағуда ашылуы тиіс

8. САЙЫСТЫҢ ӨТКІЗЛУ РЕТІ

Қазіргі ереженің талаптарына сәйкес келетің, сайысқа түскен материал, Сайыстың қазыларына жіберіледі.
1,2 және 3 орын алған логотиптер анықталады.
Сайыстың қазылары ұсынылған логотиптерден жеңімпазды таңдамауға құқығы бар, сәйкесінше сыйлықтар берілмейді.
Сонымен қатар, «Instagram» әлеуметтік желісінде «Ұнату» батырмасын санау арқылы «халықтық» дауыспен жеңімпаз анықталады.

9. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

Сайысқа қатысушы сайыс үшін ұсынылған өзі туралы деректің нақыт екені жайында кепілдік береді.
Сайыстың өту барысында жұмыс авторларына Сайыстың қазылары, сарапшы кеңестің ұсынысы бойынша жіберілген логотипке өзгерту енгізу үшін қайта жіберілуі мүмкін.
Сайысқа жіберілген жұмыс Сайыстың шарттарымен және ретімен келісілгендігі және аталмыш ережемен танысқандығының дәлелі болып табылады.
Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар ұйымдастырушыларға логотипті вектрлық пішінде (ai, eps, cdr, psd) 5 жұмыс күні ішінде тапсыруы қажет.

10. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

Сайысқа аталмыш жұмысты жіберген қатысушы жұмыстың авторлық құқығының сақталуына жауапты.
Сайысқа жұмысын жіберу арқылы коммерциялық емес мақсатта жіберілген материалдарды қолдануға Сайыс Ұйымдастырушыларына автоматты түрде құқық береді (Интернетте жариялауға, баспаларда, көрме стендтарында, баннерлерде).
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ-не интеллектуалдық шығармашылық жұмыс нәтижесі ретінде логотипті қолдануға қатысты құнды және құнсыз құқығы беріледі.

11. СЫЙЛЫҚТАР МЕН МАРАППАТАР

Сайыс қорытындысы бойынша нәтижелері барлық қатысушылар электронды пошта арқылы хабарландырылады. Сайыс жеңімпаздары туралы ақпарат «Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ www.ump-krg.gov.kz сайтында жарияланады.
Жеңімпазбен орынға ие болған сайыс қатысушылары дипломмен, мадақтама қағазымен және бағалы сыйлықтармен мараппаталады.

12. БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Сайыс ұйымдастырушылары – «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқрамасы» ММ
Тел. 8 (7212) 40-21-33
E-mail: cmiko@inbox.ru

Астанада «Чемпиондар аллеясы» ашылды

Риодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері Ғашықтар саябағында ағаш отырғызды. Спорт жұлдыздарының жаңа аллеясына төртжылдықтың басты додасында олжалаған әр медальдің құрметіне 19 тянь-шань шыршасы егілді.

Шараға Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, Риодағы Олимпиаданың күміс жүлдегерлері Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левит, Гюзель Манюрова, қола жүлдегерлер Екатерина Ларионова, Дариға Шәкімова, Иван Дычко, Карина Горичева және Фархад Харки, сондай-ақ, паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, күміс жүлдегер Раушан Қойшыбаева қатысты.

— Мен жеңіске жетуді армандағам, бірақ Астанада ағаш отырғызамын деп ойламаппын, осындай аллеяның ашылғанына қуаныштымын. Бұл жерде біз Олимпиада чемпиондарымен теңбіз, — дейді Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарының чемпионы Зүлфия Ғабидуллина.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ағашты күтіп-ұстайтынын айтты.

— Қолыма күрес ұстамағалы көп болды. Міндетті түрде қарап жүремін. Өзм осы жерге жақын тұрамын. Отбасыммен демалу үшін келіп тұрамын,- деді чемпион.

Ал жазғы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит бірінші рет ағаш отырғызғанын айтты.

— Аллеяның ашылуына қатысу мен үшін құрмет. Тұрғындар бізден үлгі алып, ағаш отырғызсын, қаланы абаттандыруға, көгалдандыруға үлес қоссын, тазалық сақтасын, — дейді спортшы.

«Чемпиондар аллеясында» Серік Сәпиевтің де шыршасы бар. Былғары қолғап шебері шараға қатысуға қуана келісіп, барша қазақстандықтарды қоршаған ортаға қамқор болуға шақырды.

Айта кетейік, Ғашықтар бағына қала тұрғындары мен қонақтары жиі баратындықтан, аллея осында жасалды. Алдағы уақытта аллея кеңейтіліп, танымал қазақстандық спортшылар, өткен олимпиадалардың жеңімпаздары ағаш отырғызатын болады.
Әрі қарай

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының күндері өтеді

Астана жаңалықтары: Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының күндері өтеді
Алдағы демалыста Астанада Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Елордалықтар өңірлердің мәдениетімен етене танысады.

8-9 қазанда ШҚО ауыл шаруашылық жәрмеңкесі «Хан шатыр» сауда ойын сауық орталығының жанындағы тұрақ алаңында өтеді. Облыстың тауар өндірушілері 300 тонна өнім әкеледі, барлығы 57 сауда орны жасалады.

Қала әкімдігінің алдында өтетін Қарағанды облысының жәрмеңкесінде 840 тонна өнім өткізіледі, 60 сауда орны жасалады. Шара барысында облыстық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт және «Бауырсақ, қымыс фестивалі» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, «Шеберлер ауылы» сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ашыладып, қала тұрғындары мен қонақтары зергерлік өнер, көркем тоқымашылық және қыш-құмыра шеберлігі бойынша шебер-сыныптарына қатысады.

8 қазанда сағат 12.00 — ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында Қарағанды облысынан «Сарыарқа кітапханасы» 100 томдығын сыйға тарту салтанаты, Әлихан Бөкейханның 15 томдық шығармалар жинағының тұсаукесер-көрмесі және Қарағанды облысы суретшілерінің «Сарыарқаның сырлы бояулары» атты көрмесі өтеді.

Сағат 18.30 Оқушылар сарайында С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының У. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» спектаклінің қойылымы көрсетіледі.

9 қазанда сағат 11.00 Бейбітшілік және келісім сарайының фойесінде Қарағанды облысының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері көрмесі ашылады, «Нұр Әсем» сән үйінің ұлттық киімдер жинағы көрсетіледі. Ал сағат 16.00 Қарағанды облысы өнер майталмандарының гала-концерті көпшілік назарына ұсынылады.

8 қазанда сағат 9.00 «Көрме» орталығында ШҚО археологиялық артефактілер көрмесі, сағат 10.00 ҚР Ұлттық музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Үлкен жолдың кезеңі» фотокөрмесі өз жұмысын бастайды. Сонымен қатар, сағат 10.30 «Шығыс Қазақстанның суретшілері. Уақыт портреттерінің ерекшеліктері» атты бейнелеу өнері көрмесі ашылады.

Сағат 15.00 ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Тәуелсіздіктің жарқын жетістіктері: Шығыс Қазақстан» кітап көрмесі өтеді. Онда келушілер назарына тәуелсіздік жылдары экономиканың, әдебиеттің, мәдениет пен спорттың дамуына елеулі үлес қосқан танымал тұлғалар туралы кітаптар ұсынылады. Көрме аясында «Біздің Абай» электронды толық мәтінді кітапхана және «Қайым Мұхамеджанов» электронды библиографиялық көрсеткіші атты екі жобаның тұсаукесері өтеді. Бұдан басқа, сағат 15.00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Өскемен қаласының драма театры К. Людвигтің «Жұлдызды сәт» спектаклін қояды. Сағат 18.30 «Жастар» театрында Семей қаласының Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық театрының Ф.М.Достоевскийдің «Дядюшкин сон» спектаклі көрсетіледі. Ал жәрмеңкеге келушілер екі күн бойы Ә. Қашаубаев атындағы Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының «Шұғылалы Шығыс» атты концертін тамашалайды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11334

Астаналық полицейлер террористік тұрғыдан осал объектілерді тексеруде

Жыл басынан бері елордалық полиция қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілерді тексеру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде, 30-дан астам террористік тұрғыдан осал объектінің жетекшілері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 149-бабы 1-тармағы бойынша (өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және тиiсiнше орындамауы – 100-300 АЕК дейін айыппұл) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған және өндірілген айыппұл көлемі 7 млн теңгеден асады.

Тексеру нәтижелері көрсеткендей, террористік тұрғыдан осал объектілерде инженерлік-техникалық қадағалау, бейнебақылау жүйесі мен дабыл қондырғыларының, басқаруды бақылау жүйесі, сондай-ақ, мамандандырылған күзет бомлаған.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысында террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесі бекітілген. Объектілерді терроризмге қарсы қорғалуын бақылау және террористік тұрғыдан осал объектілерді ұйымдастыру міндеті ішкі істер органдарына жүктелген.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11323
Әрі қарай

«Мектепке жол» акциясы аясында 6 мыңнан аса бала әлеуметтік көмек алды

Астанада 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акциясы өтті. Биыл шара «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр. Акцияның мақсаты оқу жылы қарсаңында көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық және басқалай көмек көрсету, сондай-ақ, әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.

Акция аясында 6 158 аз қамтылған және көп балалы отбасыларға 72 млн 473 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді, оның ішінде 4 632 балаға 49 млн 338 мың теңге демеушілік қаржы жұмсалды.

Шара аясында Білім басқармасының өкілдері полиция қызметкерлері мен білім мекемелерінің мамандары 165 610 пәтер және жекеменшік үй, 1972 жылыжай нысаны, сонымен қатар сауда орындарындары мен көңіл көтеру орындары және тұрғын үй жертөлелелерін аралап, тексерді. Нәтижесінде білім алумен қамтылмай қалған 22 жасөспірім анықталды.

Сондай-ақ шара барысында «Жаннұр», «Евразия» сынды ірі сауда орындары мен орталық базар аумағында киім-кешек пен мектепке қажетті жабдықтарға арналған арнайы контейнерлер орнатылды.

Акция аясында қала әкімдігі алдындағы орталық алаңда мектеп жәрмеңкесі өткізіліп, оған 10 000 астам адам қатысты. Жәрмеңкеде мектеп формасы, кеңсе тауарлары мен оқу әдебиеті сатылды.

Айта кетейік, жәрмеңкеге қатысқан компаниялардың қатарында отандық өндірушілердің саны басым болған. Сонымен қатар 200-ден аса қала тұрғыны жас жеткіншектерді мектепке орналастыру, тиісті құжаттарды даярлау мен қалпына келтіру бойынша Білім басқармасы мен «Құқық» қоғамдық қорының өкілдерінен қажетті консультациялық көмек алды.

Барлық мектептерде «Бірінші сыныпқа бірінші рет» «Отбасыдан отбасыға жәрдем: баланы мектепке жинайық» және «Балаларға бірге көмектесейік» атты іс-шаралар ұйымдастырылды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11328
Әрі қарай

Хоккей жанкүйерлері үшін арнайы автобустар жүреді

3, 5, 7 қазанда «Барыс Арена» мұз сарайында Құрлықтық хоккей лигасының матчтары өтеді. Елордалық «Барыс» Нижнекамсктің «Нефтехимик», Қазанның «Ак Барс», Тольяттидің «Лада» командаларымен шеберлік байқасады. Бұл күндері хоккей жанкүйерлері аренаға арнайы автобустармен жеткізіледі.

Автобустар сағат 18.00 «Қазақстан» спорт сарайының (Қадымұқан к-сі) тұрағында және «Нұр Астана» мешітінің (шығыс жағындағы тұрақ) жанында тұрады.

Арнайы рейстік автобустармен жүру ақысы қоғамдық көліктердің жолақысының құнымен бірдей, жол жүру билеттері жарамсыз.

Матчтан кейін жанкүйерлер шаттлдарға «Барыс Арена» стадионының тұрағынан отыра алады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11316
Әрі қарай

Астанада Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының күндері өтіп жатыр

Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарының күндері өтіп жатыр.

Бүгін «Хан шатыр» сауда ойын-сауық кешенінің алаңында Ақтөбе облысының 12 ауданы мен Ақтөбе қаласының кәсіпкерлерінің қатысуымен жәрмеңке басталды. Оған Астана әкімі Әсет Исекешев пен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та ат басын тіреді.

Жергілікті ауыл шаруашылық өнім өндірушілер 100 тонна ет, 25 тонна балық, 100 тонна көкөніс, 24 тонна сүт өнімдерін, 17 тонна өсімдік майын және т.б. жалпы алғанда, 400 тоннадан астам өнім әкелген.

Жәрмеңкеге азық-түлік өнімін өндіретін 120-дан астам ауыл шаруашылық кәсіпорны қатысуда. Маңғыстау облысының тауарөндірушілері де өз өнімдерін көпшілікке ұсынуда.

Облыстардың мәдени бағдарламасы ертең де жалғасын табады. 2 қазанда сағат 11.00 ҚР Ұлттық академиялық кітапханада халық жазушысы, ҚР еңбек ері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы мен өміріне арналған «Әбіш әлемі» журналының тұсаукесері өтеді. Шара барысында облыстық кітапхананың «Аңызға айналған Абыз» атты кітап көрмесі және облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Ұлы дала Абызы» жылжымалы көрмесі ұйымдастырылады.

Сағат 18.00 М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының ұжымы Әбіш Кекілбаевтың шығармасының желісі бойынша дайындаған «Шыңырау» спектаклі көрсетіледі. Ал Конгресс-холлда Ақтөбе облысының әкімдігінің ұйымдастырумен гала-концерт өтеді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11315
Әрі қарай

Астанада жаңа көтерме-бөлшек сауда базары ашылды

Бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев жаңа «Алай базары»көтерме-бөлшек сауда базарының ашылуына қатысты.

Сауда павильонындағы өнімдердің түр-түрін өндірушілер делдалдарсыз өткізеді.

«Алай базары» Алаш тасжолында орналасқан. Жалпы ауданы 85 га жерде бірнеше зал орналасқан, мұнда ет пен ет өнімдерін, сүт өнімдерін, көкөністер мен жемістер, тұрмыстық тауарлар, ойыншықтар және т.б. төмен бағамен сатып алуға болады.

— Біз Қазақстан Республикасының аумағындағы тауар өндірушілердің бәрін шығарамыз. Бірінші кезекте, Солтүстік Қазақстанның фирмалық дүкендерін шақырамыз, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарымен ынтымақтастық орнатамыз, — дейді «Алай базарының» директоры Айгүл Отарғалиева.

Сауда павильоны аумағында 500 астам шағын бизнес субъектісі сауда жасайды, базарға көлікпен де, автобуспен де жетуге болады. Тұрақ 2 мың көлікке арналған, ал қоғамдық көлік аялдамасы базарға жақын орналасқан.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11314
Әрі қарай

Елордада әлеуметтік тақырыптағы сурет байқауы өтеді

Байқау адамдардың шығармашылығын дамытуға, сондай-ақ, қоғам назарын әлеуметтік маңызды проблемалық мәселелерге аударуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Суреттерді қазанның 1-і мен 21-і аралығында тапсыруға болады. Астаналықтар ұлттық мәдениетті қолдау; патриотизмді насихаттау; халықтың өмір сүру деңгейі; денсаулық сақтау және білім саласындағы жағдай; ұлтаралық және конфессияаралық шыдамдылық; нашақорлықтың, ойынқұмарлықтың, темекі шегу мен маскүнемдіктің және ЖИТС-тің алдын алу; қоршаған ортаны қорғау және т.б. тақырыптардағы өз еңбектерін ұсына алады.

Сонымен қатар, конкурсқа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге арналған суреттер де қабылданады.

Шығармашылық байқауға елордада тұратын, оқып жүрген немесе жұмыс істейтін азаматтар қатыса алады. Конкурста жекелеген авторлар да, ұжымдар да бағын сынайды.

Ол үшін ұйымдастырушылар ұсынған бір немесе бірнеше тақырып бойынша эскиз дайындау керек. Әр туындымен бірге белгіленген үлгідегі өтінім тіркелуі тиіс. Өтінімдерді Астана қаласының әкімдігіне 15 қазанға дейін тапсыруға болады.

Жұмыстар А3 форматында немесе графикалық нұсқада орындалуы керек.

Айта кетейік, конкурсқа қатысу тегін. Конкурстың қорытындысы 1 қарашада шығарылады және біздің сайтта жарық көреді. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады, үздік туындылар аталған тақырыптар бойынша жарнама конструкцияларын жасау кезінде пайдаланылады.

Анықтама телефондары: +7 (717 2) 55 67 14, 8 (700) 555 22 58.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11313
Әрі қарай