Таныс болыңыздар: Erkekyz
Erkekyz — Әкімбаева Райхан. 1988 жылдың 27 қарашасында ОҚО, Мақтарал ауданы, Асықата ауылында дүниеге келді. Сонда туып-өсіп, жақында Шымкент қаласына қоныстанды. — КерекИнфоға қалай келдің?
— Мен бұрынғы Солайде сайтынан бері келе жатқан қолданушымын. Кейін кездесу.комда да болдым. Сол жақтан Дабай.кз туралы оқып, «келіп-кетіп» жүрдім. Кейін АКУ Дабайдан блог аштым деген соң, қызығушылығым одан сайын артып, осында тіркелдім.



Экономика — гректің «oikonomos» — «жеке шаруашылықты/үй шаруашылығын басқаратын тұлға» деген сөзінен шыққан(«one who manages a household» дегенді аударған түрім). Бір қарағанда экономика мен хаусхолд екеуі байланысты секілді көрінбеуі мүмкін. Дегенмен күнделікті нанды кім пісіреді, отты кім жағады деген нәрселер үй иесінің назарында болуы секілді қоғам әрбір нәрсе үшін шешім қабылдауы керек.


