Таныс болыңыздар: Erkekyz

Erkekyz — Әкімбаева Райхан. 1988 жылдың 27 қарашасында ОҚО, Мақтарал ауданы, Асықата ауылында дүниеге келді. Сонда туып-өсіп, жақында Шымкент қаласына қоныстанды.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Мен бұрынғы Солайде сайтынан бері келе жатқан қолданушымын. Кейін кездесу.комда да болдым. Сол жақтан Дабай.кз туралы оқып, «келіп-кетіп» жүрдім. Кейін АКУ Дабайдан блог аштым деген соң, қызығушылығым одан сайын артып, осында тіркелдім.

— Күніне неше рет кіресің?
— Өзім күніне интернетке 3-4 сағатымды ғана арнаймын. Сол уақыттың бәрінде Керекинфо ашық тұрады. Шартты рефлекс болып қалыптасып кеткені, браузерді ашқанымда автоматты түрде керекинфоны ашып жіберемін.

— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Барлығы дерлік ұнайды. Бәрін үлгергенімше оқып шығамын. Соңғы кезде осы Эстафеталардағы таныстыру тақырыптары қатты ұнап жүр. Адамды жақыннан тани түсуге жақсы мүмкіндік. Десекте, ең жақсы көретін тақырыптар «Жұма күнгі бояндар» мен "Қолөнер", «Біз таныған Азия» қауымдастықтарында жазылған тақырыптар.

— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Көпшілігінің пікірін сүйсініп оқимын. Әр пікірдің өз «изюминкасы» бар. Тек тақырыптап ауытқып, шимақталып, флудталып кеткен кез-келгеннің пікірін аттап кетемін.

— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Тек бір әпкем оқиды. Астанада сіздермен кездесуге баратын кезде түсіндіріп, мақтағанмын. Содан бері ол Керекинфоның тұрақты оқырманы. Тағы бір досыма да айтқан болатынмын, бірақ оның нақты оқитынын, оқымайтынын білмедім.

— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Әзірге бәрі көңілге сай.
Бөлісу:

124 пікір

VKM
Оооо, біздің Райхан да келіп қалыпты. Ол суретті керемет салады, неше түрлі заттар тоқиды деп айтып кетпесем)))
PiaoLiang
Асықатанын бұрынғы атауы не?
Erkekyz
Киров қой. Білесіз?
Abilakim
Мен білетін «Еркекүз» деген блог бар еді.Сол сенікі ме? Әлде Еркеқыз ба?
AKY
Иии, айналайын-ай))
Бүгінгі күнге дейінгі тоқыған бұйымдарыңның ең қиыны?
Erkekyz
Ммм… спицамен тоқыған кеудешем қиынға түскен. Көшіп-қонып жүріп, қайда қалғаны белгісіз. Сосын көршімнің 1-сынып оқитын қызына Наурызға арнап әппақ көйлегін тоқығанда қиналғанмын.
manshukn
Тоқымалықпен қай кезден айналысасыз және кімнен үйрендіңіз?
Erkekyz
Мектеп кезінде спицамен тоқып үйрендім. Кейінірек (2004-05 жылдары) «Валя-Валентина» журнал арқылы крючокпен тоқуды үйреніп алдым. Крючокпен тоқып үйренемін дегендерге жақсы журнал.
Nurgisa
Ертеңгі туылған күніңмен, біздің ерке Райхан!
Erkekyz
Үлкен рахмет, аға!
Delhi
Еркеқыз соңғы кездері тоқымаларынды көрмей жүрміз ғой?
Erkekyz
Тоқып жүрмін, бірақ процесс баяу жүруде)).Өйткені сериал қарамай қойдым. Содан тоқымаға уақыт аз бөлінуде.
Janasil
Мақтаның ішінен шыққын гүл екенсіз ғой!!!
Мақта тергенсіз ба?
Бір күнде қанша келіге дейін тердіңіз?
monti
со мақта теру қиын дид ғо, және лас киімен кірсең ішіне, тап/таза етед дид сол рас әнек пе?
Erkekyz
Аха, мақта тердік кой. Үйдегілер көп шығартпайтын, өзім қашып жүріп шығатынмын. Рекордты 30-дан асыра алмадым мақтаның ішінде жүрсемде)).
e_zhalgas
танысқаныма қуаныштымын! өзіңді ел мақтап жатыр ғой
Nurgisa
Керекинфо жылы ұямыз
Әдеп, иба сақтаңыз.
Әрбіріміз нұр құямыз
Содан да оның аты аңыз.
Қолөнердің шеберіне
Бар біз ашқан папкамыз
Тапсырыспен дайын болды
Жемпіріміз, шапкамыз.
Тігіншіміз, еркеміз де
Атын айтсақ жатқа біз:
Ол біздің Еркеқыз, ол біздің Мақта қыз
sigma
„Үйімізде, төрімізде
Портретте тұрған кім„-деген сияқты болып кетті ғо
Erkekyz
Рахмет, мен де қуаныштымын!
Armanjan
ешкім алып қашқан жоқ па кен әлі?
VKM
Осы Арманджан,как черт с табакерки, шыға қалады екен
Armanjan
БыКы, хехехехехе деп күлушіед
Dinara
Танысқаныма қуаныштымын, тоқитын қыз екенсің ғой
Erkekyz
Мен де, Динара! Алдыңғы сіздің сұхбатыңызды сүйсіне оқыдым
Zere
Өзім сияқты корей сериалдарын сүйетін қызға корей сериалдары жайлы сұрақ қоймай кетпесем болмас. Соңғы көрген корей сериалын? Жалпы ең сүйіктісі қайсы? Жақсы көретін актер/актриса?
monti
менің де сұрағым, Кореялық сериал көргенде, қанша уақыт кетіресің?, болды ма көп уақыт жұмсап азартқа кіріп көргенің?
Erkekyz
Ия, «Ты прекрасен»ді көргенде түнгі 4-ке дейін отырғам. Ал, «Мэрия» деген сериалда таң атқанша отырдым көріп. Ал, былай бір жылдай тоқтаусыз сериал алып көріп тұрдым. Даже қандай сериалдар көргендерім есімде жоқ.
Erkekyz
соңғы смайл невтему.
Erkekyz
Соңғысы «Хабардан» көрген «Тасжүректің тағдыры»(Bad Boy). Кейін «Еларнадан» «Style»ды көріп жүрмін. Қанша корей сериалын көріп жүрмін, бірақ ешбірін «Жемчужина дворца» сияқты бірінші орынға қоя алмадым. Осы сериал кезінде жақсы әсер қалдырды. Басты рөлдегі актриса менің сүйікті актрисаларымның бірі.
Ал қазіргі жастардан ең сүйікті әрі таланты үшін сыйлайтын кәріс актрисам -Мын Гын Ён.
Сосын Ким Те Хидің ерекше сұлулығы үшін жақсы көремін.
Ал актер-Ким Нам Гиль. Жоғарыда айтқан «Тасжүректің тағдыры» сериалында басты рөлде ойнады. Ал негізі оған деген махаббатым "Ұлы Ханша СонДок«тан бастау алып еді.
Сенің ше, фавориттерің кімдер?
Zere
Маған да Мун Гын Йоң ұнайды. Жақсы көрем сол актрисаны. Ең алғаш «Осень в моем сердце» деген сериалда көріп, содан бері сол сериал да, актриса да жақсы. Сон Хе Ге де жақсы, бірақ қазір дорамаға көп түспейді және жалықтырып жіберген сияқты адамдарды. Қыздардан Пак Мин Йон әдемілігімен ұнайды. Жігіттерден Чжан Хёктің ойыны («Спасибо» сериалындағы), JYJ-дегі Пак Ючхон жалпы ұнайды ))) Соңғы көрген «Шпионка Мёң Вольдағы» Эрик те жаман емес ))
Erkekyz
Соңғы көрген «Шпионка Мёң Вольдағы» Эрик те жаман емес ))
Шпионка Мең Уольды көрдім. Эрик-красавчег! Бірақ щі, маған екінші пландағы актер ұнады. Джан Гын Суктан кейінгі шатыр қатты ұшқан актер осы болып тұр .
Zere
Мдаа, талғам деген осы. Көбіне сол актер ұнапты. Ал маған керісінше )) Айтпақшы, қазір «Запах женщины» көріп жүрмін. Тағы бір наркотик табылды )))
Erkekyz
Сол Эрикті айтам, бұрын «Фениксте» онша еместін(мүмкін ол кезде жас болғандықтан шығар), қазір әдемі, сымбатты болып кетіпті.
Ал мен «The greatest love»-ты бастадым, екі сериясын көрдім, че то тартпай жатыр. Алда «Райское рончо» мен «Город романтиков» күтіп тұр.)
Erkekyz
ранчо
Zere
Сол Эрикті айтам, бұрын «Фениксте» онша еместін(мүмкін ол кезде жас болғандықтан шығар), қазір әдемі, сымбатты болып кетіпті.
Пластиканың әсері болар. )) Мына сериалдарда айдолдар көп. Мен керісінше бір салмақты сериалдар көргім келіп жүр.
19852407
Бәрекелді, томпиған қыз екенсің
Қоян жылғы қыс қатты болады дейді. Қысқа дайындығың қалай, түйенің жүнінен төрт сыңар ұйық тоқып үлгірдің бе?
Erkekyz
Күлмеңізші, бірақ ұйық деген не?
Ал былай қысқа арнап кішкентайларға шұлықтар, шапка тоқыдым.
19852407
Күлгенде бетіңді шымшееп-шымшеееп алатын қыз екенсің дегенім ғой

«Шұлығым кеуіп кетті нақ» @satibaldi
Дәл өзі, бізде ұйық дейді
ushkin
Еркеқыз, сіз қолы алтын қыз емессіз бе? )
patick
Еркелігіңізді білмедім, бірақ әдемілігіңіз тайға таңба басқандай
monti
уайййй й, нау қандай жақсы, эстафет  суреттерін көргім келген мүшелерді көріп жатырмыз

1.тоқымадан басқа, қандай хоббиің бар?
2.қай сала бойынша универ бітірдің?(интим сұрақ десең жауап бермеуге болады, проста жазылмапты дачы)
3.үшінші сұрағым жоқ, ФАЙТІҢ, әйбат боп жүре бер!!!
patick
суреттерін көргім келген мүшелерді көріп жатырмыз

ма-ма!
monti
а чө жаман сөз мес го патик
Erkekyz
Рахмет, Монти!
1. Сурет салу, глянц журналдар оқу(үйге келгенде журналдарды көріп, бәрі «ойбааай» дегеннен басқа эпитет айта алмай қалады), өздігімнен тілдер үйрену(сондағысы ағылшын мен кәріс, болашақта басқа да тілдер үйрену ойда бар). Осы-ақ қой деймін.
2.Ия, сол жауапсыз тұра берсінші, аха?
Монти
Aikona
Сіңілің екеуің қатты ұқсайды екенсіңдер . Қолғаптарың үшін көп рахмет! Елдің бәріне мақтандым ғой қолғаптарыммен
patick
шұлық үшін де рахмет қайда?
Aikona
қап, шұлық тоқытпадым ше
madlen
Қолғап па? Қолғап емес қой, басы ашық қой. Орысшасы митенки.
Aikona
сол қазақшасын ұмытып қалыппын ваще қазақша аты бар ма?
Zilola
men ony shulyk dep jurippin )))
esinde me koktemde sagan dep berip jibergende, Raidan suraganmyn shulyk pa dep )))
Erkekyz
Оқасы жоқ.
Сол бәрі екеуімізді қатты ұқсататын. Ол шашын сарыға бояғалы ел ажырататын болды. Былай екеуміз екітүрліміз.
madlen
Еркеқыз осындағы қыздарға неше түрлі заттар тоқып берген. Қолы алтын қыз бұл!
Сұрақтар:
1. Шымкентте не жаңалық?
2. Неге мирда суреттерің вобще жоқ?
Erkekyz
1. Шымда жаңбыр, жаңбыр, бүгін қойды.))
2. Мирға көп кірмей қойдым, сосын басқа папкаға тығып тастағанмын суреттерді. Бірақ, достар үшін ашық сияқты еді.
madlen
Біз қыздар суреттерді сала береміз, сала береміз… Ал осы на показ суретерін қоймайтын қыздарға таң қалам, жарайсың!
balzaminka
мәәә, мен қалып қойыппын ғо*(
Aizhantabyn
Динозавр екенсің ғой))))
AKY
Ия, акулалар жолда қалып кетті
Aizhantabyn
айтпа дим)))))))))))))))
araika
Мамандығыңыз айтылмапты, білсек бола ма? Және қызметіңіз?
meirzhan
Бұрынғы солай-де кезіндегі форумхана мен қазіргі блогосфераның айырмашылықтары қандай?
Erkekyz
Пәлендей айырмашылық көрмедім. Керекинфо бұрынғы солайденің форумханасына қатты ұқсайды. Тек бұрынғыдан аудитория (оқырман да, жазарман да) көбейген. Қуантады деп жауапты қысқа қайыра кетейін.
sammita
АКУ Дабайдан блог аштым деген соң
АКУ осыны әжептәуір қып айттың ба н

Танысқанымызға қуаныштымын Еркеқыз)
AKY
Әрине, блог емей немене?
a63a1
Мәсссаған ерке десе ерке өзі
a63a1
албыраған жүзіңнен, күлімдеген көзіңнен айналдым
a63a1
Сұрақ: неге?
meirzhan
КВН-ге ұқсап кетіпті. Ширату сайысы
Erke
Еркекыз салем! Сизге 1 сурак! Неге кыздар суретке мандайымен туседи!
Erkekyz
Көздері үлкееен болып көрінсін деп.
Zhan
 Шымкенттің қысы күз сияқты жаңбыр жауып тұрса таң қалуға болмайды. Жаңа жылда қар жауса қуанатын едік. Сұрақ: 1. Қандай арманың бар?
2. АҚШ, 2. Англия, 3 Франция. Осы үш елдің бірінде Жаңа жылды қарсы алу мүмкіндігі туса қайсысын таңдар едің?
Erkekyz
Ия, қыстың аты болғанымен, заты жоқ.
1. Армандарым көп ше негізі. Бастысы өмірде еш ауырмасам деймін және ұзақ, мәнді ғұмыр жасасам деймін.
Сосын тағы үлкен арманым дүние жүзін аралап шықсам, үлкен саяхатқа шықсам.
Жақсы шетел универлерінің бірінде оқысам.
Голливудқа барып актриса болсам, Оскар алсам, николькидмандарыңдсс 
Сосын өмірде Джеки Чанмен бір кездескім келеді.
Тағы… Кореяға бару- басты армандарымның бірі.
2.Үш мемлекеттен АҚШты таңдар едім жаңа жыл қарсаңына.
araika
өмірде Джеки Чанмен бір кездескім келеді
киноларын көп көргендіктен, фанаткасы боп кеткенсіз-ау?
Erkekyz
Несін айтасың, мен үшін ол кісі-аңыз.)
araika
Кездесіп жатсаңыз, байқаңызшы бірнеше әдіс-тәсілдерін көрсетем деп жүрсе
Maya
Уау, Рай, қалайсың жаным? Көрмегелі көп болды. Рай  қыз ғой, тфәй тфәй…
Erkekyz
Рахмет, Мая әпке, бәрі орынды. Өзіңіз қалайсыз?
balzaminka
Райхан десе, әрқашан да жақындарыңның, өзіңнің денсаулықтарың мықты болсын!

Барша қызға тоқып бергенде, неге мен ұмыт қалғанмын?
Erkekyz
Рахмет, Бальз, саған да соны тіледім !

Әбизок тоқимын, тек мынаны тоқы десең, мен дайын
balzaminka
Рахмет, қолыңа дерт бермесін
Erlan
салем Рай достым келе жатқан туған күнің құтты болсын!
Adiletshu
Еркеқыз, екеуміз бір жылда, бір күнде туылыппыз. Туған күніңде не істейін деп жатырсың
Erkekyz
Әкешім екеуміз бір күнде туылғанбыз, сол үшін үйде, отбасыммен бірге тойлаймын. Кейін 29-ына бұрынғы солайделік Шымкенттің қыздарымен мини-отырыс жасаймыз деп жоспарлап отырмын.
Айтпақшы, Шымдық керекшілер болса туылған күніме шақырамын. Келіңіздер!
AKA
Ух ты, сізді көргеніме қуаныштымын! Мен rakisheva екеуіңіз бір деп ойлаппын  Тоқымаларыңызға қатты қызығамын, неше жастан тоқи бастадыңыз? Тағы бір сұрағым, ең қатты қуанған сәтіңіз? Шым қаланың ерке қызын келе жатқан туылған күнімен құттықтаймын!
Erkekyz
Басында Рақышевамен шатастырғадар көп болды .
Сол 10 сынып оқып жүргенімде үйрендім ғой)
Қуанған сәттерім көп-ақ, шүкір. Бірақ ең қатты қуанған кездімді айтайын. Мен 2 жарым жылдай төсек тартып жатқанмын. Жәймеңдеп жүріп бастап, ел қатарлы жүргенімдегі қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес.
Ал, құттықтауға үлкеен рахмет, сіңлітай!
balzaminka
оһһ, денсаулығың мықты болсын!!!
meirzhan
Фэйсбуктағы Rai деген сенсің бе? Erkerai.wordpress.com сенікі?
Erkekyz
Аха, Рай деген мен.
erkerai1.wordpress қой дұрысы.
bazuka
Салют! Райханмен солайдеден бастап таныспыз, солай ма? сюретті жақсы салатынын білем және тоқыма тоқиды.
direct
Saludo!
Біздің ауданнанда бар екенғой «керек»ші қыздар деп ырза боп отырмын!)
@Erkekyz — бұл ник нэймді Кездесу.сом заманынан бері білсемде, бір өңірден екенімізді білмеппін)
Мен Асықатадан сәл әрідегі Пянсовхоз, тойыс Винсовхозда тұрам, қазіргі Абай ауыл округі. Жетісай қаласында еден жуушы болып жұмыс істеймін)
Әкешім екеуміз бір күнде туылғанбыз
Ал мен апам екеуміз бір күнде тулығанбыз)
Erkekyz
Ал мен Едіге екуіңіздің Жетісайдан екеніңізді білетінмін.
Винсовхоз дейсіз бе? Ол жақта папамның екі қарындасы тұрады.
VKM
Рай, туған күніңмен! Армандарың орындалып, бақытты бол!
balzaminka
сенің құттықтауыңа ортақтассам бола ма? Гүлің әдемі екен
VKM
Әрине, Бальзамин
balzaminka
рахмет!

Райхан, туылған күніңмен!!! Армандарыңның жүзеге асуына тілекшімін, бақытты бол!
saken
Туылған күніңмен Еркеқыз!!!
Zilola
Rai tuylgan kuninmen!
Endi Shymga barsam senimen mindetti turde kezdesemin
dark_nazgul
Туған күнің құтты болсын! Армандай беретін, бірақ арманда қалмайтын ғұмыр жазсын саған!
ken
туған күніңмен, Райхан!
бақытты бол!
Erkekyz
Венера, Бальз, Зизи, Сәкен, Назгүл, Кен, құттықтауға үлкен рахмет! Тронутамын
madlen
Рай, туған күніңмен! Аяулы арман, баянды бақыт тілеймін! Денің сау, жүзің әрқашан жарық болсын! Жаныңнан жақындарың әркез табыла берсін!
bazuka
Туған күніңмен Райкоша! Бар жақсылықты тілеймін! Алға қойған мақсаттарын орындала берсін!
satibaldi
Уа, Erkekyz , екі бетің алмадай тым жақсы бала екенсің былай…
Мынау қаззақтардың ежелгі салтымен сынай отырсам деймін. Торғауыттан шыққан торы қыз бар дейді — тілі тас жаратын. Оймауыттан шыққан және бір қыз бар дейді — қылығы бас жаратын. Солардың қайсысы боласың?
Шешеңе жете тудың ба, шешеңнен өте тудың ба, әлде кері кете тудың ба? (құлақтан кетті біржола нақ)))) )
Zere
Еркеқыз, туған күніңмен! Корей сериалдарындағыдай әдемі, ертегідей өмір, құлай сүйіп, арқасында көтеріп жүретіндей жігіт тілеймін! ))
Esmeralda
Құттықтаймын. Армандарыңыз орындалсын!
Erkekyz
Мадлен, Ерлан, Базик, Сатыпалды, Зере, Есма рахмет сендерге !
Gulistan
Өтіп кеткен туған күнің құтты болсын! Алар асуың тек алда деп ойлаймын.Бақытты бол!
Erkekyz
Рахмет, Анар әпке!
KILYZAMAN
Өмір еркелетпейді — ал сен еркелей біл. Керек емес нәрселер керек жерде мысыңды басып жіберетінін түсінетініңе сенімім мол: Тек нигіңе байланысты нәрсе деп түсінерсің. Райхан — жерәлемнің бәрінде Райхан!!!
Erkekyz
Ұқтым аға, рахмет!