Жұлдыздың саны қанша?

Аспан әлемін зерттеушілер жұлдыздардың нақты санын тапқан да болар кім білсін?! Менің баяндайын деп отырған әңгімем телескопты ойлап таппай тұрған кездердің әңгімесі.
Баяғыда бір айтыста өзін жеңіп бара жатқан ақын жігітті сөзден жеңбек болған қыз әлгіден аспандағы жұлдыздың дәл санын айтуын сұрапты. Жігітте тосылып қалмапты.
Әрине малдың санын баққан білер
Ел үшін ер жігіттер атқа мінер
Еркек сорлы еңкеңдеп не біледі
Жұлдызды шалқасынан жатқан білер-деп салыпты.
Әрі қарай

Қарақу (Рецензия емес)

Көптен көргім келіп жүрген. Осы аптада оған да қол жеткіздік. Фильмнің берерінен алары көп секілді. Бүкіл энергияңды алып, түсініксіз үрей туғызады. Денең тітіркеніп, сан түрлі сұрақтар туғызады.
Натали Портманға тағар кінәм жоқ. Ақ пен қараның аражігін сахнадан бұрын өмірінде ажырата алмаған адамның бейнесін тамаша сомдады.
Режиссер Даррен Аронофски тек қана, естисіздер ме, тек қана Оскар үшін түсірген бұл фильмді. Көрермені көп болса да, фильмнің идеясын толық түсінген адам шамалы, соны білем.
Бір ғана нәрсе ұқтым — ешқашан өз істеріңнің фанаты болмаңдар. Оған бүкіл өмірлеріңді арнамаңдар. Жұмысты жұмыс орныңда, үйде өз шаруаңмен айналыс. Сосын… көргеніңнің бәрі шынайы емес, ал "Қорыққанға қос көрінеді" ©.

10 е-баллдық жүйемен 5 деген баға. Бәрі де актрисаның орасан еңбегі үшін.
Әрі қарай

Жазаланса, ох, қатал жазаланса -3!

3,14...-тің, «Уоу!» дегенді — кириллица текст теріп отырып, ерінбей латыншаға көшіп, «WOW!» деп жазатын адам — аттракционда карусельден ұшып кетіп, жақын жерде өтіп бара жатқан «Беларусьтың» нақ қалақшасының тісіне қадалып қалып, жан тәсілім ететін болса, ох сүйтетін болса!!!
Әрі қарай

Махаббат мүшәйрасына қатысыңыздар!



15 сәуір Махаббат мейрамы акциясын қолдау мақсатында «Жас қазақ үні» газеті Махаббат мүшәйрасын жариялады. Конкурсқа ақындардың махаббат тақырыбындағы өлеңдері қабылданады.
Өлеңдер 2011 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады.
Бас бәйге – жеңімпаздың жеке кітабын – махаббат жырларын «Тұран» баспасы шығарып береді. Өзге де үздік жырлар «Махаббат маусымы» жинағына кіргізіліп, «Жас қазақ үні» газеті мен «Жұлдыздар құпиясы» журналында жарияланады.
Әрі қарай

Далбайбизм

-Невальнііиий (Дневальный дегені)
-Я, господин сержант!
-Суда иди… -сержант шеткіректегі кубриктегі төсекте жатыр. Камуфуляжының алдын ашып қойған. Ыстықтағаны көрініп тұр.
-Су әкел
-Құп болады-тәуліктік кезекшіліктегі жауынгер сержантқа су әкеліп беріп құтылуға асықты.
-Эй, мен сені жібердім бә?
-Жоқ, товарищ сержант…
-Товарищ Ленин кремлде жатыр (білгішін қарай гөр, сержант қой дегенменен). Бізде госпадин немсе мырза дейді.
Әрі қарай

Creative Commons туралы бір ауыз

Image representing Creative Commons as depicte...

“ Уважайте труд технички”
“ Блогтар әкелетін және әкеліп жатқан қауіптердің бірі – біреудің атын жамылған блогтардың болу мүмкіндігі” деп Ерлан Оспан “ Алтын Орда” сайтындағы мақаласында айтып өткендей, ғаламторда өзіңнің қауіпсіздігіңді қамтамасыз ету оңай емес.

Қазіргі кезде блогымыздағы жазбамыздың да өзімізге тиесілі болмай, басқа бір ақпарат құралында өзге біреудің атынан шығып жатқанының куәсі болдық.
Әрі қарай

Арулар асыл жандар (Роза Әлқожа)



Арулар — әрбір үйдің шаңырағы,
От болып әрбір үйге жағылады.
Таң болып әрбір үйге атты-дағы,
Сәуле боп әрбір үйге жамырады.

Қайырмасы:
Арулар — асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Құшақ боп ашылғандар,
Арулар, арулар — асыл жандар!
Әрі қарай

Сатыбалдының дара сөздері

«Ептібайымайдтар, сонша қарапайым әфсана екен деп сөкпеңдер нақ!» © satibaldi

«Нақ» — Сатыбалдының 1-дара сөзі.
«Ептібайымайд» — Сатыбалдының 2-дара сөзі.
«Шешес» — Сатыбалдының 3-дара сөзі.
"Әжес" — Сатыбалдының 4-дара сөзі.
«Енес» — Сатыбалдының 5-дара сөзі.
«Атас» — Сатыбалдының 6-дара сөзі.
«Малатәңә» — Сатыбалдының 7-дара сөзі.
"Қойнақ" — Сатыбалдының 8-дара сөзі.
«Кетнақ» — Сатыбалдының 9-дара сөзі.


Әрі қарай