Далбайбизм

-Невальнііиий (Дневальный дегені)
-Я, господин сержант!
-Суда иди… -сержант шеткіректегі кубриктегі төсекте жатыр. Камуфуляжының алдын ашып қойған. Ыстықтағаны көрініп тұр.
-Су әкел
-Құп болады-тәуліктік кезекшіліктегі жауынгер сержантқа су әкеліп беріп құтылуға асықты.
-Эй, мен сені жібердім бә?
-Жоқ, товарищ сержант…
-Товарищ Ленин кремлде жатыр (білгішін қарай гөр, сержант қой дегенменен). Бізде госпадин немсе мырза дейді.
-Кешіріңіз сержант мырза.
-Бар кет, суық су әкел. Бір, екі, үш се бал са
-Стой! Хругом!
Жауынгер шалт бұрылды.
-Себалса дегендегі стойканы ұмытып қалдың ба не?
-Жоқ…
-Се (жауынгер алдыңға қарай сәл еңкейді) бал (сол қолын кеуде тұсына, оң қолын сәл артқа ұстады) са (са десімен жауынгер жоқ болып кетті). Сержант мәз. Өзінің уақытын тамаша өткізгеніне мәз! Кезінде өздері де осылай жүгірген.Бұлар да уақыты келгенде жүгіртер жас жауынгерлерді.
-Рұқсат етіңіз сержант мырза!
-Рұқсат!
-Міне, су...-Сежант фляжкадағы судан ұрттап әуелі аузын шайып алды. Содан соң қылқылдата жұтты. Қалғанын басына құя салды.
-Осы сенің атың кім ед?
-Мәулен (мысал үшін алынды)
-Тәк, Мәулен батыр соғыс болса соғысасың ба?
-Әрине соғысамын.
-Онда соғыстамын деп ойла. Міне, мынау граната-Сержант өз сөзіне өзі сенгендей оң қолына фляжканы көтере ұстап алды.-Осы граната сенің және достарыңның жанына түсті делік. Сен соны денеңмен жабуың керек. Ал, түсті граната…
Әрірек домалай түскен фляжканың үстіне жас жауынгер көз ілеспес жылдамдықпен секіріп барып жата қалды.
-Бабах!-сержанттың осы дауысын күтіп жатқан жауынгердің денесін граната аударып түсірді…

Сурет мына жерден алынды
Бөлісу:

10 пікір

sammita
ойдан құрастырылған ба? Осының видеосы бар еді (ұқсайтын).
Abilakim
Әскерден құрастырылған
sammita
тапсам ертең салам видеосын.
Janasil
Бір ағамыз /кеңес үкіметінің кезінде/ үйіндегі тауғының санына дейін жаттатып, бауырларының аттары мен туылған күндерін күніге айтқызатын болған екен.
konvict
Сенің басың бас ақ Әбіләкім
Abilakim
«Себалса» деген бұйрық " бегом марштан" үш есе тез орындалуы керек армияда))))
sammita
не сөз ұқпадым әлі. (Кешегі видеоны жекемен жіберем, жариялау ұяттау).
Abilakim
Ол видеоныда осындай әскери жүйеде қызмет еткендер түсірген болар. Бұндай оқиғалар көбін шекара әскерлерінде(заставаларда) болады. Себебі, ол жерде бақылау аздау басқа бөлімдермен салыстырғанда. Қазіргі әскер дәл осындай емес бірақта. Ал, шындығында әлімжеттікті ешкімде алып тастай алмайды әскери өмірден.