Пиролиздік қазандық...

Ас ішерде… деп сөге көрмеңдер. Осы қазандықтың сызбасын іздеп діңкем құрыды. Көмектесе алатын Керекші барма? Ерекшелігі: ағаш, көмір, пластик, резина деген сияқты кез келген нәрсені жағып жіберуге болады екен. Қазандықты үй жылыту және ыстық сумен қамтамасыз етуге қолайлы болатыны анық.
Әрі қарай

Теңгенің құны қандай болады

Ұлттық банк басшысы Марченко таяу уақытта теңге девалвация болмайды деп айтыпты.
Осыны естіп менде мынадай ой туып отыр. Қазір айлықты, степендияны көтеріп жатыр. Ол көтерілді екен деп баға да көтерілуде. Мемлекет жалақы мен жәрдемақыны ненің есебінен көтеріп отыр? Самұрық Қазынадан алып беріп жатыр ма? Менің білуімде инфлияция себептерінің бірі мемлекеттің ақшаны көп шығаруында еді. Одан кейін экспорттан импорт көлемі артып кететін болса да бағаның көтерілуіне алып келеді. Және мемлекет қазынасындағы қаржының көлемі өнімнің көлеміне тең болады. Бізде мысалы ақша көбейгенімен өнімнің көбейгенін төрт көзім көрер емес. Марченко мырза неге сүйеніп айтты екен жоғарыдағыны. Әлде, мұнда мен білмейтін бір нәрсе бар ма?
Әрі қарай

Бір жігіттің айтқаны

Бір байдың қыстағында жұмыс істейтін жігіт айтып еді. соны Сіздерге баяндап берейін.
Аудан көлеміне аты таныс бір малды, қалталы азамат қазақ-орысы аралас жұмысшылар ұстайды. Қаладан жинап әкеліп тегін жұмысқа салады екен. Әйтеуір тамақтарын береді, киімін кигізеді. Жергілікті тұрғындар маусым-маусымымен ақысына істейді жұмыстарын. Бірі шөп шабады, бірі егін орысады дегендей. Қақаған қыта жұмысшы орыстарының бірі өліп қалыпты.Ана бишті көмуге ерінген байдың ұлдары басқа биштеріне ананы тележканың үстіне лақтыра салуды бұйырыпты. Содан, мәйітті қарғалар шұқи берген соң орап тастаған болыпты. Көктемде әлгіні көмуге бұйрық беріліпті. Тоң аса жіби қоймаған ба әйтеуір көр қазған адам жарты метрдей ғана қазып ананы көме салса керек. Бір-екі күннен кейін мәйітті иттер жеп жатқанын көрген әлгі танысым итті атып тастапты адамға шабар деп қорқып. Айтып-айтпай не керек, аналардың іс-әрекеттерінен шошып келді ғой. Әкелері малдың санын толық біле қоймайды екен.Ұлдары өліп қалған малдарды жасырып қораның артында үйіліп жатқан қордаға көме салады дейді. Бір орыс қашқан екен мылтықпен атып отырып қуып әкеліпті.
Әрі қарай

Қайрат Байбосынов ағамыздың орындауындағы әндер

Асхат мырзаның өтініші бойынша және бойында қазақтың қаны ойнап тұрғандар да бей-жай қарамас деп қазақтың қара домбырасына кезек беруді жөн көрдім.
Гәкку. ІІ нұсқа

Гәкку.ІІІ нұсқа

Нәзік гүл
Әрі қарай