ия арақ адамды аздырады деген осы, ана жолы да сол арақтың кесірінен емес пе Фатмагүлдің өміріне дақ салғаны.
Мукадесті ой айтпаңыз, тым құмар кісінің өміріне араласуға))
Өйтпегенде ше. Адам өз кінәсін мойнымен көтеріп, түрмеге жатудан жалтармады. Енді өзінің заңды келіншегіне тарпа бас салуға құқы жоқ емес деп қалайша айтуға болады? Ұрпақ жалғастыру керек қой енді )))
Әр сериясы сайын ұнап барады. Қайтем енді.
Керимнің мас кезіндегі теріс әрекеті үшін іштей жаны сыздайды. Ашиды. Тағы да араққа бой ұрып, қыртысын жазғысы келеді. Әкесі де сырттай бұған тілектес, бұрынғы жұмыс орнындағы бастығына барып, сұранып, Керимді жұмысқа қайта алуына себептесті.
Ал Яшарандардың әулетінде қиын күндердің тізбегі жалғасуда. Мелтем Фатмагүлдің тараптары болуымен бірге, Яшарандардың өз әкесінің өліміне себепкер болғаны үшін кек алуға ниеттенді. Адвоткатқа көмектесетін болды.
Мұстафа мен Хаджер АҚШқа қашпақ. Хаджердың аяғы ауыр, айтпайды. Мұстафа болса басымдағы іс бітпейінше балалы болғанымызға жол жоқ деп шарт қоюда. Хаджер аяғының ауырлағанын әлі білдірткен жоқ.
Керим ойлана келе Фатмагүлмен ресми айрылысуға бел буады. Тіпті онысын айтады да. Фатмагүлдің бірақ басқа жоспары бар екен. Екеуінің отандасқандарына дәл бір жыл толған, соған орайластырып торт пісірген… Айрылмайықшы деп жанұшыра сұрайды. Қос мұңлықтың жүректері қарс айрылуда… Оқиғаның өрбуін келесі сериядан күтіңіз…
Мен кешегі демалыстарда көріп шықтым. 1978 жылғы кино екен. Ютубке eski türk filmleri деп жазып едім, арасында осы кино да шығыпты. Бірақ мен ол киноның осы екенін білмедім. Грузовиктің жанына қыз келгенде "өте бер" дейтін жерінің сол повесте барын білуші едім, оны оқымасам да, сонысы арқылы білдім.
келесі бөлімі қызық болатын сияқты. Ф мен К барлық мәселелерден қашып, қала сыртына бір жерге кетіп қалған кездерінде қатты жаңбыр жауып, жолдар жабылып қалған. енді амалсыз бір бөлмеде қонулары керек
Жаңбыр жауғанның бір қиын жері, қыз баланың үстіндегісі денесіне жабысып, қиын қылады. Керим байғұс небір сынақтан өткелі тұр екен ғой. Арысым-ай, арысым-ай…
Нұрғиса сценарист боп неше түрлі болжам жасап тастапсыздар :). Бүгінгі сериясы ұнады. Біраз романтика (мен күткендей ақ: Ердоған тарапынан), біраз интрига да болды. Келесі сериясын кешке дейін күтіп қарайм ғой :))
Мукаддес нетер екен, соңғы кезде "қатты ұнап жүр" Араласпайтын жерге араласып, мұрнын тықпыштап...)))
Мукадесті ой айтпаңыз, тым құмар кісінің өміріне араласуға))
сондай әйелдер бар ғо, иә өмірде?
Керимнің мас кезіндегі теріс әрекеті үшін іштей жаны сыздайды. Ашиды. Тағы да араққа бой ұрып, қыртысын жазғысы келеді. Әкесі де сырттай бұған тілектес, бұрынғы жұмыс орнындағы бастығына барып, сұранып, Керимді жұмысқа қайта алуына себептесті.
Ал Яшарандардың әулетінде қиын күндердің тізбегі жалғасуда. Мелтем Фатмагүлдің тараптары болуымен бірге, Яшарандардың өз әкесінің өліміне себепкер болғаны үшін кек алуға ниеттенді. Адвоткатқа көмектесетін болды.
Мұстафа мен Хаджер АҚШқа қашпақ. Хаджердың аяғы ауыр, айтпайды. Мұстафа болса басымдағы іс бітпейінше балалы болғанымызға жол жоқ деп шарт қоюда. Хаджер аяғының ауырлағанын әлі білдірткен жоқ.
Керим ойлана келе Фатмагүлмен ресми айрылысуға бел буады. Тіпті онысын айтады да. Фатмагүлдің бірақ басқа жоспары бар екен. Екеуінің отандасқандарына дәл бір жыл толған, соған орайластырып торт пісірген… Айрылмайықшы деп жанұшыра сұрайды. Қос мұңлықтың жүректері қарс айрылуда… Оқиғаның өрбуін келесі сериядан күтіңіз…
Алдыңғы серияларын көрмеп едім.
келесі бөлімі қызық болатын сияқты. Ф мен К барлық мәселелерден қашып, қала сыртына бір жерге кетіп қалған кездерінде қатты жаңбыр жауып, жолдар жабылып қалған. енді амалсыз бір бөлмеде қонулары керек
Орыс сериалдарын көретіндер болса хабарласыңдар)