Пиролиздік қазандық...

Ас ішерде… деп сөге көрмеңдер. Осы қазандықтың сызбасын іздеп діңкем құрыды. Көмектесе алатын Керекші барма? Ерекшелігі: ағаш, көмір, пластик, резина деген сияқты кез келген нәрсені жағып жіберуге болады екен. Қазандықты үй жылыту және ыстық сумен қамтамасыз етуге қолайлы болатыны анық.
Мына суреттегісін таптым, сызбасы жоқ алынған жері
Мына жердегілер сызбасына ақша сұрап отыр
Бөлісу:

139 пікір

omarbirat
пластик, резина
Мынадай отындардан үй ыстанып кетпей ме, Қилеке? Қазір тіпті көмірдің өзі де нашар ғой.
KILYZAMAN
Әу баста менде солай ойлайтынмын, қарастыра келе ол ойымнан айныдым…
KILYZAMAN
Ағаштың приолизі

Пиролиз — ағаш жана бастағандағы алғашқы процесс. Оттың жалындауы сол отынның өзінің жануы емес пиролиздік әрекеттен бөлініп шығатын газдың жануы себеті. Ағаштың пиролизі кезінде (450—500 °C) біраз заттар түзіледі: ағаш көмірі, метилдік спирт, сірке қышқылы, ацетон, смола және тб
Осы процесс пиролиздік қазандықтарда қолданылады толығырақ
satibaldi
біраз заттар түзіледі: ағаш көмірі, метилдік спирт, сірке қышқылы, ацетон, смола және тб
Осы жерден толығырақ… Толығырақ…
KILYZAMAN
Цианобактериялар да түзілетін шығар, жалындағанына қарағанда…
KILYZAMAN
Мен алғашқыда «пролизная камера» деп іздеуші едім, ол қате екен :-( Пиролизная камера деп көріп едім мәлімет көбейді :-)
KILYZAMAN
Дәнекерлеушілк(сварка (газ, электро) қолынан келетін Алматылық Керекші(туысы, досы) барма екен арамызда… Пиролиздік қазандық жасауды қолға алсақ… Сызбаларын табуға болады екен! Зауыдтан шыққандары тым қымбат екен. Ал біз қарапйым тұтынушыға қарапйымдатып бастаап көрелкте, кейін кеңейелік
satibaldi
Жылыжай жобасы қайда, әдірем қалып, өлім құшты ма?
KILYZAMAN
Пиролизді қазандықпен жылыжай салалас… Ал, ана Қызанақ ағаштан өнім аз болып қалды есесіне қателіктерді байқадым
satibaldi
Мынау жобаң одан да қымбатқа түсетін сияқты, бір жапырақ 2Х1 метр металлпрокат қанша тұратынын білесің бе өзің? Суға айналуға қараған миың (өзіңнің мойындауың бойынша) мен сансыраған санаң (менің ойымша) кем дегенде қажет алты прокатқа құрығанда 600 000 теңге керегін біле ме? Әлде, Батыстағы жарылқаушыларың есеп айырысып, арқа-жарқа болып, жасап отырмысың?
KILYZAMAN
Алдымен, былжыраған санаңмен саралап алсайшы… Қарапайым қазандыққа кететін прокаттан артық кетпейтінін
satibaldi
Қарапайым қазандыққа кететін прокаттан артық кетпейтінін
Христиан бауырым, сенің жану физикасынан хабарың менің есегімнің әліппеден хабары сияқты екен.
KILYZAMAN
Есегің оқытушың ау сірә…
KILYZAMAN
Металл- лист стали толщиной 4мм, длина 6м, ширина 1,5м
Труба стальная, толщина стенки 4 мм, длина 4 м
Труба профильная 10х20 мм 10 метров
Труба профильная 30х50 мм 3 метра
Прут круглый 20мм, длина 2 метра
5 пачек электродов по 3 кг
Кирпич шамотный, 8 шт
Вентилятор центробежный
Автоматика регулирования температуры
На уплотнение использовал асбестовый шнур и лист
satibaldi
Есепте, енді есептесейш, отандықхуйлибин бауырым.
KILYZAMAN
Менің есебім бойынша 150 шаршы метрге арналған қазандыққа кететін шығын 39000 теңге
KILYZAMAN
Вентилятор центробежный
Автоматика регулирования температуры
Қосылмады бұл есепке
Onlasyn
Сатыбалды санап жатыр )))
KILYZAMAN
Есегі екеуі есепке кірісіп кетті...:-)
satibaldi
Неменеге қосылмады? Наосстың орнына өзің көрікпен үрлеп тұрмақсың ба, ішпиен?
KILYZAMAN
Ашық жүйеге насостың қажеті шамалы… Ал желдеткіш пен терморегулятордың бағасын есегіңнен сұрай салшы… Қымба болмауы керек
Marationok
Вентилятор центробежный
Центробежный винтиляторы ол дымосос емес пе, Қилеке, центробежный насос деп көзге көрінді.
KILYZAMAN
Бір нүктеге ауаны жинақтап бағыттайтын желдеткіш. Ондай бар!!!
Marationok
иә иә, дымосос деген ғой, бірақ маркасында ВЦ (Вентилятор центробежный)деп беріледі, таптым, қателік менен
Marationok
әлде центровой ма?
KILYZAMAN
Жалпы, оның маркасында немесе басқасында тұрған маңызды ешнәрсе жоқ екен…
Marationok
ең бастысы тарса болды деңіз
Marationok
Жалпы, құбырдың, профильдің және басқа бұйымдардың стандарттары жазылса игі болар еді.
KILYZAMAN
Тік құбыр, басқа қай бұйымды айтып отырғаныңды түсінбедім? Бәрі тұр ғой…
Marationok
Тік екенің түсініп тұрмын, жалпы МемСт (ГОСТ) деген стандарттар бар емес пе? Соның қандайы… салмағы қанша деген сияқты.
KILYZAMAN
Әзірше технологияның өзін игеру, кейінгісі кейінірек бола жатар…
Marationok
әзірге теория деңіз, бірақ практикаға көшсеңіз ұмытып кетпеңіз дегенім ғой, біз де біле жатайық деген сияқты.
KILYZAMAN
Платцдарм бар, өзің сияқты қызығушылар аз. Ең болм ағанда, ғаламтордан ғғғғғылдап оталдырып отыратындай ;-) Дәнекерлеуші Иваным жұмысты аяқтамай ішіп кетті(көп беріп қойсам керек). Жәрдембегімнің жәрмеңкеден(күйкің тірліктен) қолы босар емес :-(
Marationok


Стирлинг қозғалтқышы да жақсы дейді, қазандық жанғанда, типі тегін тоқ алуға болады деп бір жерден оқыдым.
KILYZAMAN
Ол не? Келеке жасасаңда айғағқа жол сілтеші…
Marationok
Ол perpetuum mobile сияқты бәле дейді ғой, тағы бір профанация ма деп ойланып қалдым...
Стирлинг қозғалтқышы
Marationok
жаңадан пайда болатын энергия тақырыбына қатысты дүние
Zilola
Уопшым осы жылы үйге темір пеш жасаттық. Бір шелек көмірмен суымыз ыси бастайды, сол кезде насосты қосамыз, ол ысыған суды барлық бөлмелердегі радиаторға айдап шығады.
Бір күнге 2-3 шелек көмір норма әзірге. Қақаған аязда көрерміз не боларын.
Ал көміріміз Қарағандыныкі, бірден көмірханаға кіргізіп тастағанбыз, сөйтсек арасында газы бар ма, ылғалданды ма, қызарып, шоқтанып өртенуге сәл қалғанда көмірде далаға қайта шығарып алдық. Ал көп көршілердікі толайым жанып кетті, өрт сөндурі машиналары келіп сөндірді. Тым тез жанатыны жаман екен, қауіпті. Бірақ қызуы жақсы.
KILYZAMAN
Үйлерің неше шаршы метр? Пештеріңнің су жейдесі болғаны ғой…
Zilola
жалпы 9х10 ғо деймін, 2 қабат
Zilola
Пештеріңнің су жейдесі болғаны ғой…
Түсінбедім.
Термостат бар, түнде соны қосамыз
KILYZAMAN
Көмірлерің қызық екен…
satibaldi
Көмірлерің қызық екен…
Сен не білесің, бәдік?
Zilola
оны енді "Қарағандықаратаскөміргаз" кәсіпорнына айтасыз :)
satibaldi
Біздің ауылда сондықтан 10 тонна көмірді солайымен үйіп қоймай, бір-екі тонналық үйінділерге бөліп жинайды.
Негізі, 10 тонна көмір де өртене қоймайды. Ал 100-200 тонна енді өз салмағының қысымымен өзінен-өзі бықситыны бар. Теміржол бойындағы көмір қоймалары солай тау қылып үйеді де, бықсытып алады. Сосын күйе бастаған бөлігін халыққа сатып бітіруге асығады.
Бұл тек қана көмірге байланысты емес. Арпа, бидай да күйеді.
Zilola
бар жоғы 5 тонна еді :(
KILYZAMAN
8 тоннаны үйіп қойып жүрміз ғой е...
Теміржол бойындағы көмір қоймалары солай тау қылып үйеді де, бықсытып алады.
— сосын жүргенім, бұл не көмір деп…
omarbirat
Қилеке, бұл өз үйіңізге орнату үшін бе, әлде көптеп жасап сату үшін бе?
KILYZAMAN
Көптеп жасау үшін… ПӘК аз қазандықтардың өзі жабайы базарда 50 мыңнан жоғары тұрады екен
satibaldi
Ішіне микрофон орнатып, мемлекетттік құпияға қатысы бар шенеуніктердің үйіне тегін орнатпақ. Алыстан ойлап отырғанын қарасаңызшы.
KILYZAMAN
Есегің оқытушың болған соң, саған сын жоқ…
satibaldi
Көмектесе алатын Керекші барма?
Мынауың не, тегін қызметке араның ашылған түрі ме?
KILYZAMAN
Мұны енді өзіңнің сасық санаңның өнімі деп білерсің…
VKM
@KILYZAMAN аға,үй салып біттіңіз бе?
@Zilola, ана cен сызған үйлеріңдегі беседканың чертежын бір жерден көрген едім, осы жерге қойшы.Ана жолы папама айтқанмын,істеп көруге болады деген.
KILYZAMAN
Әлі бітіре алмай жатырмын… :-(
VKM
біз биыл кірдік
KILYZAMAN
Білемін, жазған сияқты едің ғой… Интернетті қалай қостыңдар?
satibaldi
Ақыры қоспағасын, Аццсотоноға кетқалған.
VKM
хехе, сіз де осындасыз ғой.Halloweenде кездесейік, мен Томаттың костюмын киіп келемін :))))
VKM
Мегалайнға техникалық жағдай жоқ деді, сосын 3G қойғанбыз Өскеменде,6-7000 шамасында төлейді екен.
satibaldi
Өскеменде,6-7000 шамасында төлейді екен.
Кісі тонау ғой мынауың!!!
VKM
4300 абоненттік төлем. Сосын ол жетпейді екен де,қосымша төлеп отырады екен)
satibaldi
Мынауың құлиеленушілік дәуірдегілердің өзі "қанаушылық" деп күлетін баға ғой?! Ох, Уськамань!!!
VKM
аудармасаңыз, түсініксіз))))
satibaldi
В общем, даже Спартак и его кореши-рабы издевались бы, тыкая пальцем на Усьькаманца:«Смотрите, отсталые рабовладельцы идут!!!».
Zilola
рабовладелица дейді саған :)
satibaldi
Өйдеген жоқпын, тақыр вә зухра.
Zilola
сол сөзді ғана аудара алады екенмін, сондықтан Равшан ва Жәмиля
AKY
Біздікілер де жақында газ кіргізді жаңа үйге. Енді көшеді. Қоныс тойына үйге барам, уряяя:)))
Zilola
сіздікі тек әрлеу жұмыстары емес пе?
Әрлеуге көп қаржы мен жақсы мамандар керек :(
KILYZAMAN
Иә, сол қаржы жағы сәл… Жылу жүйесіне де енді кірісіп жатырмын, ең үнемді және қолайлы түрлерін қарастырудамын. Егер шешімін дұрыс тапсам сол бағытта кіші гірім өндірісті қолға алсам деген ойымда жоқ емес :-)
Zilola
біз осы жылы гаражымызды жөндеп басқа мақсатта перепланировка жасадық. Қазір гараждың орнында топка, санузелдер, т.б қосалқы бөлмелер. Сол бір гараждың өзіне миллионнан аса қаржы кетті. Бір жақсысы үй кеңейіп қалды :)
boztorgai
жылытылатын еден қарастыруды ұмытпаңдар
KILYZAMAN
Әк(известняк) пен көмірді бірге қолданса пиролиз күшейе түсетін болса керек…
KILYZAMAN
@satibaldi не ойлайсың? Мүмкін білерсің… Көмірдің жанғыштық қасиеті ме ұлғаятыны әлде жылу беру қуатыма?
satibaldi
@KILYZAMAN — жану физикасына бас жіпсіз жіберілген хайуан.
KILYZAMAN
Тізгінделген есек емесіңді дәлелдеуді тегің тектемесе, түсіндіріп көр…
satibaldi
Не дейін енді? Пиролиз деген пәлеңді өмірімде осымен екінші рет естіп тұрмын, жоқ бірінші рет: алғашқы естігенім осыған ұқсаса «Pirelli» деген шинаның атауы екен. Ал жел диірменге найзамен жүгіруді ұнатады екенсің, ендеше жұртты да соған итермесейші. Химия оқыған жоқпыз, суға спирт араластырғаннан қиын химиялық реакция жүргізіп көргем жоқ; бар білетінім — сперманы сүйыұ азотта сақтайды, оны да кинодан көргенмін.
Мазамды алмашы, ішпиен.
KILYZAMAN
Ондай болса ауыздығыңмен алпарыспағаның дұрыс шығар. Тізгініңді де шайнауға жарамадың… Бәсе, неге бақыра береді деп жүрсем
satibaldi
Жерден, малдан қашықтап кеткен қазаққа бұл мысқылың түсінікті бола қоймас. Меніңше сенің санаң 1960 жылдарда қалып қойған.
KILYZAMAN
Бәдікетене бастаған жоқсыңба деген күдігім бар… Атып алдыңба екенсің жынды суыңнан?
satibaldi
Ішсем — өз суым, таң ата тезек аттым вә бөтелке тапсырдым; Батыстағы жарылқаушыларыңнан алған қоралы ақшаны астыңа басып кірпік қақпай дірілдеп шығатын сенен бақыттылау сияқтымын бірақ.
KILYZAMAN
Қатып алғаннан саумысың өзің?
satibaldi
Қатсам да, әйтеуір сен сәлемдемеге салып жіберген шөп емес.
KILYZAMAN
Қызық мәлімет... — қай жағынан келсем екен :-(
dark_nazgul
Бүгін хабардың жеті күнінде жаман көмірді жақсы жандыру туралы сюжет көрсетеміз дейді ғой.
Анонста "әк" деген сөзді естіп қалдым, осы жерден "әк, көмір" дегенді оқығаным есіме түсті. Қарап көрсеңші.
KILYZAMAN
КТК да инннофацияға арналған бөлімінде де көрсетіпті...Өзім көре алмай қалдым, баламның айтуы бойынша бір кісі осы әдістемені жылыжайды жылытуға қолданыпты… Толық технологияны айтпаса керек :-( Енді, жетікүнге телміріп отырмын.
KILYZAMAN
Сайттарынан осы ақпаратты қайталап қарау мүмкіншілігін таппай отырмын :-(
dark_nazgul
қызық. мына жерде бар бірдеңе www.ktk.kz/ru/archive/2011/10/8, бірақ «нұқысаң» қара квадрат шығады.
KILYZAMAN
An Error Was Encountered
The URI you submitted has disallowed characters.
— менде осылай шығып тұр.
KILYZAMAN
Жаңа терезеден ашылады екен… Соңғы үтірді алып тастағанда(РАХМЕТ)
dark_nazgul
Ас болсын!
Айтқандай, Хабар не дейд?
KILYZAMAN
Ол жерде татымды мәлімет айтылмады…
KILYZAMAN
Осы ақпаратты қазақшалауды игергендер болып, кірісіп кетсе ғой шіркін… Керек! Керек! Керек!
KILYZAMAN
Известняк, известь, гашенный извест — дегендердіің арасын ажыратып беріңдерші білетіндерші… Менің су миым біржақты саралап әлек болудамын :-(
KILYZAMAN
Извет алу үшін известнякты күйдіретінін түсіндім… Ал, известняк дегеніміз не болды сонда?
KILYZAMAN
Ренжи көреңдер қолым тигенде аударармын, қазірше сұрағымның туындауына себеп.
… Тезірек аудармалап тастайтындар болса, игілігімзге қолдануға үлкен септігін тигізер еді.
KILYZAMAN
Ауламда керекке жарамай жатырған Ракушечник бар еді, соны бытша-бытшасын шығарып жағып жатырмын(Известняк емеспе өзі?), әзірше сөндірілмеген әк алатын шығармын деген үміт(Қызуы жаман емес)…
ПыСы; Актау, Актоөбе...???
KILYZAMAN
Міне қызық: күндегі ағаш отынның мөлшері айтарлықтай кеміді. Былтырдан қалған(моншаға деп өзінше ескерілмей жатқан қалдық) көмірім үшқұдықтық жүйеде айтарлықтай жұлқынды. Әктің ауылы әзірше өрінбеседе ескі көмірге жаңа ынта бергендей…
qisyq
87 пікірдің 42-сін аффтор өзі жазыпты.
Abilakim
80 жыл өмірінің 40ын түрмеде өткізген Қажығұмар ақсақал секілді екен…
KILYZAMAN
Қажығұмар ақасақалды кекетуінің себеін өзің түсінемісің?
Abilakim
Ол кісіні емес Сізді әзілге негіз еттім
KILYZAMAN
:-), Н.Храмовтың игі ісіне беріп отырған сілтемем — сіңіре білсек, жілігіміздің майлануына жасалып жатқан ұтымды қдамдардың нұсқасы лайық шығар деген ойымды дымдай отыршы Әбеке!
KILYZAMAN
Бәріміз боққапыз(Абай) — уақыт өте тас болатынымызға күмәнің болмасын(бола білсек) — қозғалып қойғанға не жетсін?
KILYZAMAN
87 пікірдің 42-сін аффтор өзі жазыпты.
— :-) Жылу алуды оңай деп кім айтыпты… Жаза бермекпін(жаға бермекпін)
KILYZAMAN
@satibaldi- деген «пірлеріңнің»(әзіл) пікіре ше, мыңға татымайма?
KILYZAMAN
Тақырыпқа қатысты аударма:

1. жану камерасы
2. үстеме ауа беру
3. сумен суытылған күлелек(колосник/решетка/)
4. отын салатын есік
5. тазалауға арналған есік
6. алғашқы ауа беріу және реттеу есігі воздуха
7. қазандықты тазалайтын есік
8. күл жиналатын жер
9. түтіндік
10. қазандыққа су клетін жер
11. ыстық суды бағыттағыш
12. қазандықтың жылулық қаптамасы
13. сыртқы қаптама
14. көк түс — қазандықтағы су
15. суытылған контур
satibaldi
Құрыған жоба. дімкәс инженерлік шешімдер. Ішқұса пкірталас.
KILYZAMAN
Мына Тузик тағы шешіліп кеткенбе? Кет әй орныңа, пеште нең бар сенің?
aikarakoz
Айебееееей! Сатыбалды, мен шыдамас ем деп шағыстырып отсаң, ия
KILYZAMAN
Тузик неге шынжырды үзіп кетті десем, сен жүрме едің? Қазандыққа жоламаңдаршы
Marationok
қашаннан бері отқа май құятын болғансыз?
aikarakoz
Ой, елдің бәрі құйып жүр ғо… Қаламын ба мен де
Marationok
елдің бәрі емес, жалпы ол ұят болады дегенім ғой.
aikarakoz
ұят екенін білмеппін… Қап-ай, а!
Marationok
енді, өзіңіз білесіз, мен тек өзімнің ойымды айттым.
KILYZAMAN
Үнемді де ыңғайлы қазандық екен. Қуанышымда шек жоқ. Әйтеуір табылды ау елімізден
де азаматтар. Менен айырмашылықтары, қиялдың емес — істің адамдары екенін дәлелдей алатын. Көре сала бағасынан шошымастан сатып алдым. Үйлестіру мәселесін еш маман іздеместен өзім кірістім де бір аптадай ысталып(ысқа қақалып жүріп) қыр сырын ұғуға тырыстым… Нәтиже — екі бақыр көмір 6-8 сағаттай жанады, түрткілеп қазандықтың мазасын алудың еш қажеті жоқ. Бұрын 20-23 тонна көмір кететін еді. Ендігі жерде сегіз тонна көмірмен(Шубаркөлдік -күлі аз шығады) қыстан шығармын деген Үміт+Сенім бар :-)
edige

Мынау қарапайым қазандық… Сіздің қазандығыңыздан айырмашылыған тек сипатында ғана байқап тұрған сыңайлымын… Мұнда да ағаш жағуға болады, көмір де, резина да…
Көлемі мен сиымдылығы, күлдің түсуінен басқа қандай үнем екен… Судың отқа тиетін жерінің көптігінде ма?.. Ол үшін ішіне трубадан көптеп кою да мүмкіншілігі бар… Оттың кедергімен өтіп ПӘКін толық пайдалану үшін бұрма саламыз біз…
KILYZAMAN
Бұл қазандықтың ыңғайсыз жерлері:
1.Трубалардың арасы ылғи күлмен кептеліп қалады
2.Сапасы төмен көмір болса — нағыз азап
3.Үнемді жанбайды
4. Көмірді салу ыңғайсыз
5. ПӘК-і төмендеу — деп кете береді тізе берсек Соның ішіндегі ең маңызды нәрсе — жану камерасының бөлек еместігінде
VKM
Біздің үйде бұрын бір ресейлік пеш тұрған. Ал жазда папам басқа пеш қойғызды, ресейдікі,«Барин» деген. Бункері үлкен, автомат,2-3 тәулік өзі жана береді.Жарты миллиондай тұрады, бірақ үйде мақтап отырған.Көлемі үлкен әйтеуір.
KILYZAMAN
Ұзақ уақыт жанатын қазандық(Котел длительного горения).Сипаттамасы таныс. Қалта көтерсе қапы қалдырмайтын қазандықтар ғой олар шіркін.
KILYZAMAN
Пиролиздік эффектке әлі алыстау, бір қадам болса да жақын. Екі камерасы бар, біріншісі отын салатын бөлігі екіншісі жану камерасыЖалпы түрі осындай. Қуатына байланысты көлемі де ұлғая түседі. Пирлиздік түрге жатпаса да, ұзақ жанатын қазандықтардың қарапайым түрі. Автоматикасы жоқ.
altinbekpin
Мен биыл сатып алып қойдым "Ұзақ уақыт жанатын" пешті. 14-16 шелек көмір екі күн үздіксіз жанып тұрды Қарағандыда тұрамын, Қарағандының көмірі тез жанып кететіндіктен болар деп ойлаймын әйтпесе кемінде 4 күн жанады деп гарантия беріп еді өндірушілер. пеш жертөледе орналасқандықтан барлығы 200 кв.метр. ауданды жылы ұстап түрды. Оның үстіне Сарыарқаның суығын білесіздер. Егер Ақтөбеде болса мүлдем ұзақ жануы мүмкін. Биыл сапасыз таскөмір жақпақ ойдамын, мүмкін қазіргіден де ұзақ жанар деген @satybaldy есегінің дәмесімен
Соңғы түзету:
Sashok
Әлі көмір жағып жүрсіңдер ма?
burkitshi
жоқ көмір жағып жүрміз
KILYZAMAN
Ракета — қи мен тезектің қызуын алуға келгенде ана ғұрлым тиімділігі жоғары болатын сияқты ауылдағы ағайындарға…
satibaldi
Маңдайыңа қаратігіліпті, ішпиен
KILYZAMAN
Өнертапқыштардың арасында Ракета деп аталып кеткен бұл қазандықты жасау әлдеқайда жеңіл екен…