Г.Головкиннің қанды моншасы немесе алпауыт жұдырықтары

Алдымен Геннадий Головкиннің бокстағы қысқа тарихы, атап айтқанда өмірбаяны жайлы баяндағым келіп тұр.
1982 жылы, еліміздің көмірлі, кеңді астанасы – Қарағанды қаласында дүниеге келген. Жалпы бұл қаланың бокс мектебі сонау советттер кезеңінен бастап, мықты болып саналады. Елімізге талай мықты боксшыларды тәрбиелеп, қазақ батырларын әлемге паш етті. Соның бірі – Геннадий Головкин.
2003 жыл Әлем Чемпионы, 2004 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген бокс шебері, 7-дүркін ел Чемпионы. Сонымен қатар, өзге де халықаралық сайыстардың жеңімпазы мен чемпионы. Атап айтқанда, жастар арасындағы 2000 жылы Әлем Чемпионы, Қ.Р-ғы алғашқы І Спартакиаданың чемпионы, 2001 жылы мұңайлы мемлекеттер арасындағы Әлем Кубогының иегері, ІІІ Шығыс-Азиялық ойындардың чемпионы. Сонымен қатар, тізімдеп жетістіктерін жаза берсем, өте көп. Бұл менің ойымша ең негізгілері деп санаймын. 2006 жылдан бастап кәсіпқой боксқа өтеді.
Әрі қарай

Ақша табудың құйтырқы амалы һәм кивидің қателігі

Біраз күн болды киви деген электронды әмиянда қателіктер болып жатыр, киви арқылы табыс тауып жүргендер біраз абдырап қалды, себебі әмияндағы ақшаны банктік картошкаға аудару жағы уақытша тоқтатылды. КИВИ банк өкілдерінің айтыунша серверде қателік болып жатыр екен мыс. олар осылай табыс тауып қалмақшы, бұдан киви клиенттерінің ұтылар тұсы: сіз ақшаңызды теңгеңізді банктік карточкаға аударған кезде аударған ақшаңыз рубелге автоматты түрде ауысады, сонымен сізде бар теңгеңіз өздігінен азайып негізгі шоттың жанына қосымшща шот пайда болады, ол рублді алу үшін сіз киви арқылы тағыда өз ішінде аударма жасайсыз жаңағы қосымша шоттағы рублді теңгеге аудару үшін, бұл кезде сізден комиссия ұсталады, жоғардағы айтқан карточкаға аудару барысында кеткен қателік кезінде яғни аударылмай қалған ақшаңыз теңгеден рублге ауысқанда тағыда комиссия ұсталады, сонымен киви екі жеп биге шығады, ал қарапайым клиент ұтылады, банктің ұтар түсы да осы бір аударма үшін сіз үш рет комиссия төлейсіз, банктің жасаған құйтырқылығы ашық білініп қалмау үшін олар қарапайым ғана құпия сөзге де смс келу жағын уақытша қиындатып қойған,
бұл неге банктен кемшілік іздеп отыр демеңіз бұл қателік бұрындары да қайталанған көрінеді, сонымен шулатып банктің қолдау орталығына қабарлассақ олар жауап беруден абсолютті түрде бас тартуда яғни үнсіз, сонымен тағы да тыныш жатпай кивидің алматыдағы терминал сататын орталығына қоңырау шалдық олар айтады осындай қоңырау көбейіп кеткесін, Рессейдегі киви банкке қоңырау шалдық дейді, олардың жауабы мынадай болған көрінеді серверде қателік болуда жуырда төрт бес күнде қалыпна келтіріледі деп жауап беріпті.
қысқасы вертуалды әлемде қиналып жүріп тапқан табысыңызды банктегілер қиналмай қымқыруда, ал серверде қателік болса неге уақытша тоқтата тұрмайды, әрине тоқтатпайды тоқтатса жаңағы қаншама аударым кезіндегі комиссия өз қалталарына түспей қалады.
сонымен олардың өзіне сеніп сабыр етіп төрт бес күн күте тұрайық…
Әрі қарай

Бұлар Шәмші мен Мұқағали емес...

Ия, бұл жігіттер қаншама туындыны өмірге бірлесіп әкелген Шәмші мен Мұқағали емес. Бірақ, бірер жыл бұрын жастардың ұялы телефондарынан түспеген, түнгі клубтар мен би алаңдарын армансыз «жыртқан» Alors on danse әнінің қалай жазылғанын көздеріңізбен көріңіздер.

Орыс тіліндегі нұсқасы
Әрі қарай

Қарашаның қары жатса...

Біздің ата-бабаларымыздың басты күн көрісі мал шаруашылығы болғандығы белгілі. Бұл тіпті өмір сүру салттарына терең еніп, уақыт өлшемдерін, қашықтық өлшемдерін де сол арқылы көрсете білген. Мысалы, "Қозы көш жер", «Сүт пісірім уақыт». Біздердің «Тұман қалың екен ә» немесе «Боран күшейіп кетті» деген тіркестерімізді «Ат құлағы көрінбес» деп үш сөзбен жеткізе салған.
Жаз жайлауда, қыс қыстауда күн кешкен бабаларымыз ауа райын да өзінше болжап отырғын. Мысалы, күздің кезінде қотанға(қораға) кірген қой аузына шөп тістей кірсе қыс қаты болатынын болжаған. Ескіше жыл басы, яғни, наурыздың 14-і күні таңертеңгілің қар бетіне қойған қойдың құмалағы түс ауа қарға түсіп кетсе, көктемнің шығуына аз қалғанын, қыс аяғы созылмайтынын болжаған.
Енді, тақырып атауына тоқтала кетсек. Биылғы жылы Арқада қыс ерте орнады. Қараша айында түскен қар еріместен жатып қалды. Бабаларымыз "Қарашаның қары жатса бір тоқтылық қыс болар" деп айтып кеткен екен. «Бір тоқтылық» сөзіне тоқтала кетсек. Тоқты- алты айлық қой. «Перехадной возрост» кезеңіне жеткен қой малы. Бабаларымыздың болжамына сүйенсек биыл арқа өңірінде алты ай қыс болуы тиіс.
Әрі қарай

Жылқы кісінескенше...

«Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше» деген екен бізден бұрынғы қазақтар. Ия, жан-жануарларда сөйлейді. Бір-бірімен қалжыңдаса да алатын шығар бәлкім.
Ауылда өскен бала болған соң әр малдың жүріс-тұрысын аңдап өскенбіз. Жүні қалың қойларға қарап «Осылар ыстықтамай ма екен?» деп бала кезімде талай ойланушы едім. «Денелері қышымайды ма?» деген сауалда миымның бір бөлшегінде жатушы еді. Біз, адамдар бір жауырынымыз не болмаса басқа да қол жетпейтін жерлеріміз қышыса бауырымызға, баламызға, келіншегімізге айта аламыз. «Жауырынымды қасып жіберші. Е, е, осылай, сәл төменірек» дегендей.
Әрі қарай

Солақай әнші

«Солақай болса не болыпты?»деп сөге көрмеңіздер. Қарағандыда қазан айында болып өткен Ж.Елебеков конкурсы кезінде көрерменнің ыстық ықыласына бөленген әншілердің бірі. Орындайтын әні де керемет. Қарқылдап күліп алады арасында. әміренің Парижде орындаған «Ағаш аяғын» орындап арасында жылайтын жерінде жылап та алды бұл жігіт. Ол әннің видеосы жоқ екен бірақ. Айтпақшы сапасына кешірім сұраймын. Жүктеуге жеңіл болсын деген әрекетімнің нәтижесі еді. Сонымен ,
Еркебұлан Қасымов
Домбырасын асынып
Келе жатыр томпаңдап
Ән салуға асығып-қабыл алыңыздар!
www.youtube.com/watch?v=E5BQOOfH2Y0&feature=plcp
Әрі қарай