Жасы үлкен қыз
Үміттенген көздеріңе қараймын,
Менен, сірә, күтесіз-ау жылы сөз
Кейде сізбен кездесуді қалаймын,
Көргім келген арманымның бірі сіз.
Бірі емессіз кезектегі он қыздың,
Бөлектенді байқадыңыз жол біздің
Құмарымыз қанбаса да сол кеште,
Жақсы болды басылғаны тормыздың
Салынбадық уақытпен ерегеске,
Біздер жүрген қараңғы ел емес пе?!
«Қарамайды махаббат жасқа» десе,
Сыңғырлаған күлкіңіз келеді еске…
***
Хабары оның кеп тұрады, неліктен?
Кездеспекке, бәлкім, сылтау іздейді
Әңгімеміз суыса да еліткен,
Жасы үлкен қыз үмітін бір үзбейді
Әрі қарай
Менен, сірә, күтесіз-ау жылы сөз
Кейде сізбен кездесуді қалаймын,
Көргім келген арманымның бірі сіз.
Бірі емессіз кезектегі он қыздың,
Бөлектенді байқадыңыз жол біздің
Құмарымыз қанбаса да сол кеште,
Жақсы болды басылғаны тормыздың
Салынбадық уақытпен ерегеске,
Біздер жүрген қараңғы ел емес пе?!
«Қарамайды махаббат жасқа» десе,
Сыңғырлаған күлкіңіз келеді еске…
***
Хабары оның кеп тұрады, неліктен?
Кездеспекке, бәлкім, сылтау іздейді
Әңгімеміз суыса да еліткен,
Жасы үлкен қыз үмітін бір үзбейді



1. Суретте – National Geographic пікірі бойынша ең үздік фотосуреттердің бірі болып танылған түрік фотографы туындысы. Арулар көз алмай қарап тұрған Модильянидің картинасында бейнеленгенді екі сөзбен атап көріңіз.
3. Таныс болыңыздар, бұл — Индиана Джонс пен детектив Магнумның суреті. Бұлардың образдарының негізінде сценаристтер Алан Заслов пен Тэд Стоунс тағы екі кейіпкерді қалыптастырған деседі. Ол кейіпкерлер 1989-1990 жылдары алғаш көрсетілді. Кейіпкерлердің бірі беллетристика оқиды, және оқыған кітаптарындағы сүйікті қаһарманы – Шерлок Джонс (қандай екі кейіпкерден туғанын ұқтыңыздар).
5. Шахматшылар (және тек олар ғана емес) арасындағы таралған әзіл бойынша, осы халық шахматты суреттегідей ойнайды екен. Кімдер?
8. Суреттегі ескерткіш Леонардо Боллға арналған. Бұл кісі несімен есте қалды дейсіз бе? Ескерткіштің жазбасын толықтырыңыз.






























