#QazzaqDepression. Сәмбіқара Пелевин. "Веденьяпин - мал!"(1)
Күзетшімін.
Қызық көрсетейін қазір сендерге. Компьютердегі журналыма қараңдар.
09:14 — Стратегиялық жоспарлау бөлімінің бастығы Саят кірген.
09:17 — Бас маман Зүбәйра кірген.
09:18 — Бухгалтер Есенгүл кірген.
09:20 — Дизайнер Ким кірген.
09:22 — Веденьяпин кірген, мамандығын білмеймін, бізге айтпайды, өздерімен өздері ғой бастықтар. Сукалар.
09:34 — Менеджер Бағлан кірген.
Енді қараңдар. Қазір. Міне. Шығу ретін қараңдар:
19:02 — Стратегиялық жоспарлау бөлімінің бастығы Саят кеткен.
19:06 — Бас маман Зүбәйра кеткен.
19:10 — Бухгалтер Есенгүл кеткен.
19:18 — Дизайнер Ким кеткен.
19:31 — Менеджер Бағлан кеткен.
19:33 — Веденьяпин кеткен… Ой лібәәә, күшті боп келе жатыр еді, келу ретімен кетіп, Веденьяпин бәрін құртып жіберді нақ! Шын айтам, қандай ретпен кіреді, сол ретпен шығып жүріп күнде, қараңдаршы суканы! Мал! Веденьяпин — мал!!!..
1 пікір