Керекке кірмей кеткен себебім...

Шамамен 3 күндей «Керекинфоның» есігін ашпаппын, ашсамда жәй сығалап қана үлгерген болармын.Әйтеуір, құмардан қанғанша оқи алмағаным анық. Себебі де жоқ емес. Себебін мына ұзын сонар жазбамнан оқып алыңыздар.
Әрі қарай

Уа, шешендер! Суретті түсіндіріңдерші!

Ескерту: "Әзіл әзәзілден" деп ойлайтындар бірден ALT+F4 -ті басыңдар. Сендерге қызық ештеңе жоқ бұл постта.

Ал қалған шешеңдер, тойыс шешендер менің жаңа (біздің сайтта) идеяммен танысып, қолдайтын, қолдамайтындарыңды білдіріңдер.
Бұл ой маған иммиджбордаларда демотиваторларды көріп жүрген кезде-ақ келген, бірақ иммиджбордалар көбіне лағып, ләйліп кететін оқушыларға толы болғандықтан, оған кішкене шектеу қойып, сол идея аноним емес сайттарда қолдануға да болады деп ойладым.
Әрі қарай

Сопылардың бәрі сотталып кетті

Кеше Алматының мамандандырылған ауданаралық сотында қазақ сопыларының жетекшілері саналған тоғыз адамға үкім шығарылды. Оларға экстремизмді, конфессияаралық алауыздықты қоздырды деген айып тағылды. Бір жылға созылған тергеу ісінен кейін жабық жағдайда өткен сотта судья Қасым Қалмағанбетов ешкімді де аямады. Адвокаттар сотталғандардың барлығының дерлік айыптары дәлелденген жоқ деп шыр-пыр етеді.
Әрі қарай

Наклейка

Сөз етпейтінді сөз етті дерсіздер.Бірақ, осы наклейканың елімізде модыға енген жылдары бар. 1984-88 жылдар аралығында наклейка дегендерің қат дүние болатын. Баласы Германияда, Венгрияда әскери борыштарын өтеп жүрген үйлердің шкафтарының қақпақтарында, сервантарының бұрыштарында сары шашты бұйрабас қыздардың, басқада қыздардың немесе қалалардың көрінісі бар наклейкаларын жиі көріп қалуға болатын еді.Бұл наклейкаларды жабыстырудың өзіндің ләззаты мен машақаты бар еді. Жылы суға салып ерітіп, одан кейін әлгі наклейкаңның езіліп кетпеуін қадағалап асқан дәлдікпен жабыстырудың өзі өнер болатын. Кейін келе ғой наклейка жарықтықтар сағыздың ішінен шыға бастап, не боса соған жапсырылғандары.
Әрі қарай

Толған ай мен жарты қызыл крест

Мен түсті сирек көретін адамдардың қатарынан едім. Мына түсім қызық енді былай… Түсімде бір ұйым құрыппын және сол ұйымның басшысы екенмін. Ұйым қайырымдылық шараларымен айналысатын секілді.Нақты білмейм,әйтеуір эмблемамызда толған ай мен жарты қызыл кресттің суреті бар екен. Жиналысты бастай бере оянып кеттім. Ұйымның мақсаты не, не үшін жиналыс жасап жатқанымызды білмейц оянып кеттім.
Әрі қарай

Лайк-Дислайк немесе Еріккен ойлар жалғасы

Осында sammita -ның таяғы әркімнің басына бір тиіп жүргенін көріп едім. Өзіме тимей тұрғанда ұнайтын, ұнамайтын нәрселерді жаза кетейін.
Ұнайды:Қазақстан, қазақ, қиялдау, кітап оқу, кино көру, Ламборжини Галлардо, ата-анамның сенімінен шығу, VKM ,madlen , қыздар, әзілдесу, өтірік ақымақ болу, біреудің алдағанын біліп тұрсаң да сездірмеу, Акон, Фанта, керекинфоға кіру, футбол ойнау, достармен жиналу, ән тыңдау, манты, Форд Мустанг, Манише, Мексиканкалар, біреуге көмектесу, Месси, Кеша, Риананың дауысы, Барселона, шын көңілден берілген сыйлық, Айдана адалдық, сөзінде тұру, атқа міну, серуендеу, таза ауа, құрт, бастың миын алу, шаршап келіп тынығу, қызық емес фильмнің аяқталуы, мышық
Ұнамайды: blackbeard , өтірікшілер, темекі шегетін қыздар, аузынан перегар ұрып тұратындар да, сылқым жігіттер, Манчестер Юнайтед, Реал Мадрид, шу, дискотекадағы қыздардың шыңғыруы, той, ұйықтау, өзіне қарамайтын қыздар, мұрты бар қыздар, борщ, доңыз, біреудің ұрысуы, мақтаншақтар, еріну, айнаға көп қарау, өзге ұлттар, піскен сәбіз
Әрі қарай

Ата-ана №1, ата-ана №2...



Британияда екі аптадан соң «жыныстық азшылықтардың» жанайқайына құлақ түрген атқамінерлер балалардың туылуы туралы куәліктерінде "әкесі", «шешесі» деген тармақтарды «ата-ана №1» және «ата-ана №2» етіп өзгертуді ұйғарды. АҚШ-та да бұл мәселе көтеріле
Әрі қарай

Сыйлыққа альбом...

Ол жылдардың кеткеніне де көп бола қойған жоқ. Бірақ, әлі есімде. Біздер студент атанар жылдары, оның шамалы алдында 2000-2001, 2002 лерде сотосалондарда қызық дәстүрлер болатын. Бір фотосалоннан пленка алсан, сол жерде проявкалату тегін.Басқа жерге апарсаң 100 теңге болды-ау деймін шамасы.Қазір тиын тәрізді көрінетін 100 теңгенің сол кезде құны әжептеуір болған-ау деймін. Жұрттар жаңағындай акцияларға жақсы қатысатын. Пленканың қағаз қорабын жоғалтпауға тырысып жүруші еді. Әйтеуір, әпкем осындай жеңілдіктерді байқастап жүретін. Тағы бір акцияның түрі, 36 кадрында бір десме шығарсаң 25 беттік альбомды сыйлық ретінде алу. Сол кездегі ол альбомның құнының қанша кеніне мән бермеппін.
Сілтеме суретке
Әрі қарай