Уа, шешендер! Суретті түсіндіріңдерші!

Ескерту: "Әзіл әзәзілден" деп ойлайтындар бірден ALT+F4 -ті басыңдар. Сендерге қызық ештеңе жоқ бұл постта.

Ал қалған шешеңдер, тойыс шешендер менің жаңа (біздің сайтта) идеяммен танысып, қолдайтын, қолдамайтындарыңды білдіріңдер.
Бұл ой маған иммиджбордаларда демотиваторларды көріп жүрген кезде-ақ келген, бірақ иммиджбордалар көбіне лағып, ләйліп кететін оқушыларға толы болғандықтан, оған кішкене шектеу қойып, сол идея аноним емес сайттарда қолдануға да болады деп ойладым.

Идея былай.

Сайтқа кез-келген адам пост ретінде сурет қоя алады.
Жай ғана сурет емес, суреттің аса танымал болмағаны жақсы, (тіпті қаламмен салынған болса да) танымал сурет те бола береді, бірақ фишки.ру -дан ұрланған емес, неғұрлым Қазақстан жайлы, қазақстанға қатысы бар болса.


Қатысушылар не істейді? Қатысушылар, оған түсіндірме коментарий жазуы керек.
Түсіндіргенде, «менің ойымша пәлен-түген сияқты» деген мұңайған пікірлер емес,
Екі үш сөзден тұратын алдымен суреттің атауы, және бір сөйлем түсініктеме жазуы керек.

АТАУЫ
ТҮСІНДІРМЕ


  • Басқа еш шектеу жоқ. Юмор, пафос, цинизм немесе тым байсалды, патриоттық па ия әлжуаз ба, ол жағы өз талғамыңызға байланысты.
  • Бастысы тек пікір формасы «АТАУ» сосын бір ауыз «түсіндірме» түрінде болуы керек.
Қалай бастаймыз ба? Ал кеттік. Мына суретке қандай түсініктеме бересіз?

bk
Бөлісу:

38 пікір

Gastarbaiter
Бұл тек дайындық ғана. Сол үшін суретті көп іздеп жатпай, кез түскенін қоя салдым.
Сұрақтарың болса, осы жерде қойыңдар, келесі тақырыптар флудқа толмас үшін
Zilola
шешен болмасам да, чисто для прикола жаза берсем бола ма?
Gastarbaiter
Галсту тағыңдар амиголар!
Бантик тағу лузерлердің ісі.

ПС. Типо осылай
meirzhan
Түсіндіру сөздері слоган, жарнама түрінде болуы міндетті ме?
Атау ұзын болса бола ма?
Gastarbaiter
Сенің түсінігіңдегі "ұзын" деген не? 20см болса болад
Zilola
Қыз қылығымен құлағымен!
Gastarbaiter
Бир қулоғы чандық қыз
AL-ASTER
Батылсыздық.
Етегіңе намаз оқып жүре бермей, құлашты дер кезінде сермеп қалғын, әйтпесе несібеңнен құр қаласың.
AKY
Муахал:
Екі кеме құйрығын ұста жетсе бұйрығың.
Abilakim
Тәлкек
Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озды.
meirzhan
Атау: Қара түстегілердің жаны бір.
Қосылу үшін бір-біріне қарама-қарсылық болуы міндетті емес, керісінше бір форматта, бір толқында, бір талғамда, бір түсте болған әлдеқайда тиімді.
meirzhan
Өзге менталитет (саясат)
Қырғи-қабақ соғысы кезінде түсірілген сурет, ол кезде шоу-бизнес, ТВ — бәрі саясаттың құралы болды.
meirzhan
Дүние алма кезек.
Сол жағындағы джентльмен өз кезегін күтіп тұр. Қыз "қазір мынаның кезегі" деп қарап тұр.
meirzhan
Күш — ақшада!
Оң жақтағы джентльменнің костюмі (смокингі?) 97 долларға қымбатырақ.
meirzhan
Біреудің талғамына сай болу әлде индивидтігіңді сақтау: міне қайда сұрақ?
Жолы болған жігіттің алдынан жеңгесі шықпаса да, қыздың талғамына сай киініпті, қысқасы біреудің талғамына бағыныпты. Өзінің инидивидтігін, талғамын, жеке қасиеттерін құрбан ету тым қымбат баға ма?
meirzhan
Туған күніңмен!
Батыста беттен сүюдің еш сөлекеттігін жоғын ескергенде (мүмкін бізде де), бұл жігіттер қыздың бөлелері де болуы мүмкін. Қайтеміз енді, американдықтар емес пе. Тек жігіттердің көзқарастарын түсіндіру қиын болыв тұр. Бәлкім оларда «жеті ата» ұғымы мүлде болмаған да шығар.
Gastarbaiter
Миржа, көп сөйлемей, тоқ етерін айтш.
Erkekyz
Қыз — жігіттікі. шалдікі емес.))
balzaminka
Балға үймелеген аралар
Тәттіні шектен көп қолдану денсаулығыңызға қауіпті
kuniqumar
«Боққа үймелеген шыбындар»
Zilola
Жаным, сен болмасаң мен осындай болар ма ем!
satibaldi
«Жата бергім келеді, жата бергім...»
madlen
Сабрина.
Тоғысқан тағдырлар.
know_how88
Қара сыйырым қарап тұр, қызыл сыйырым жалап тұр!
Міне осылай сурет біртүсті болса да жігіттердің кәстөмдерінің шынайы түсін (олардың движникөвилігіне қарап) анықтауға болады
omarbirat
Мына вариант маған ұнады. Бірақ бұл жерде керісінше, "Қызыл сиырым қарап тұр, қара сиырым жалап тұр"
satibaldi
"@Aizhantabyn -ның фейк түсі".
omarbirat
«Маған да қалдыр е»
a63a1
Қолыңмен сипап тұра бергенше, мынау тәрізді бір сүйіп алсайш албасты
patick
Екі еркек, бір қыздың суреті керек.
qisyq
Бабочкамен ыңғайсыз ғой, өзіме галстук қолайлылау…