Керекке кірмей кеткен себебім...
Шамамен 3 күндей «Керекинфоның» есігін ашпаппын, ашсамда жәй сығалап қана үлгерген болармын.Әйтеуір, құмардан қанғанша оқи алмағаным анық. Себебі де жоқ емес. Себебін мына ұзын сонар жазбамнан оқып алыңыздар.
Күй құшағында өткен күндер
Қарағанды өңірінде ұлттық өнерімізді насихаттайтын конкурстар мен фестивалдар жыл сайын өз кезегімен өтіп тұрады. Бұған қала тұрғындары да бой үйретіп алған. Өз бастауын сонау 2001 жылдан алатын республикалық Тәттімбет атындағы орындаушылар конкурсы төртінші мәрте қазан айының 26-29 аралығында жоғары дәрежеде өтті. Облыс әкімінің қолдауымен, мәдениет басқармасының және Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен бұл байқауға бақ сынауға Қарағанды қаласынан бөлек, еліміздің түкпір-түкпірінен атап айтсақ, Орал қаласынан, Атыраудан, Қызылордадан, Көкшетаудан, Семейден, Жезқазғаннан, Астанадан, Алматы қалаларынан келген ұзын саны 32 халық аспаптарында орындаушылар келіп жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды өзара анықтасты.
26-шы қазан күні кешкілік «Шалқыма» концерт залында ашылу салтанаты өткен бұл байқау, ертесіне үш жерде өз жалғасын тапты. Атап айтар болсақ, домбыра аспабы бойынша кезеңдік сынақтан өтушілер «Шалқыма» концерт залында, қыл қобызшылар №1 қалалық музыка мектебінде, прима қобызшылар облыстық музыка мектебінде іріктеуден өтті. Тәттімбет атындағы IV орындаушылардың республикалық конкурсының алдыңғы конкурстардан және елімізде өтіп жүрген басқа да орындаушылар байқауларынан бір ерекшелігі прима қобызшыларымен қыл қобызшыларды екіге бөліп екі номинация бойынша үлделер тағайындауында. Бұның өзі қазақтың дәстүрлі қыл қобызына деген қызығушылықтың артқандығын көрсетсе керек. Музыкадан хабары бар адам прима қобыз бен қыл қобыздың шығаратын дыбыстарының екі түрлілігін білетін болар.
Сонымен, мықтыларды анықтайтын күнде келіп жетті. Республика жұртшылығына олардың атын паш етуге септігін тигізген әділ қазылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Құрманғазы атындағы ҚҰК доценті, қазылар алқасының төрағасы Қошқарбек Тасбергенов, ҚР мәдениет қайраткері Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры Біләл Ысқақов, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры Меруерт Қаленбаева, Тәттімбет атындағы Академиялық оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі Ерлан Бақтыгерей, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Полатхан Тәшімов, ҚР еңбек сіңірген артистері Жексембек Нұржауов пен Тұрар Әліпбаев және мәдениет қайраткері Құрманбай Ғабделов, ҚР еңбек сіңірген артисі Ғайни Болтаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рымкүл Бимендина және Қазақстанның мәдениет қайраткері Сәбира Құсайынова сынды өнер майталмандарынан құралды.
Қыл қобыз номинациясы бойынша ҚҰӨУ студенті, астаналық Тоқтар Ағыраев бірінші орынды, екінші орынды Құрманбек Олжас (Алматы қ. К.Бәйсейітова ат.мектеп) пен Оралбаева Фариза (Қрманғазы ат.ҚҰК) өзара бөлісті.Үшінші орынға лайықтылар деп Альмишев Санджай (Жезқазған музыка колледжі), Абаева Сәбина (ҚҰӨУ) және Жетпісбаева Аяулым (Қарағанды музыка мектебі) танылды.
Прима қобызшылар арасында бірінші орынды Жүнісова Балжан(Алматы қ. Құрманғазы атындағы ҚҰК магистранты) мен Рақымжан Әсел (Алматы қ. Құрманғазы ат. ҚҰК) бөлісті. Екінші орында Әзиза Бейсенгүлова (Астана, ҚҰӨУ) жәнеМүсірепов Үміт (Құрманғазы ат. ҚҰК), ал үшінші орынды Несіпқазықызы Сымбат (Алматы қ. А.Жұбанов атындағы мектеп) пен Әзиза Қаленовалар (Қарағанды музыка мектебі) өзара бөлісті.
Домбыра аспабы бойынша үшінші орынды Сүлейменов Мадияр (ҚҰӨУ), Омарбеков Айдар (ҚҰӨУ) және Бакижанов Ұлан (ҚҰӨУ) иемденді.
Екінші орынға лайықтылар деп Жанымханов Төлеген (Семей музыка колледжі) және Самарханова Назерке (Құрманғазы ат. ҚҰК) танылды. Бірінші орынды Алина Әсел ((Құрманғазы ат. ҚҰК ) мен Төлеубекқызы Нұрсара (П.Чайковский атындағы музыка колледжі) бөлісіп алса, Бас жүлдені Тәттімбет атындағы Академиялық оркестрінің домбырашысы, қарағандылық Таңатар Назгүл иемденді. Жеңімпаздардың барлығы ақшалай сыйлықтармен, сый кәделермен марапатталды.
Сөз кезегінде айта кету керек жергілікті арналардың ешқайсысы осынау байқаудың ашылу салтанаты мен жабылу салтанатын ең болмағанда жаңалықтар топтамасынан көрсетуге түсіруге келген жоқ. Әшейінде қалаға цирк келгенінде жарнамалатып, қала берді жаңалақтырдан жылт еткізетін облыстық «Қазақстан-Қарағанды» арнасының басшысы Дүйсетаев Берік мырза Тәттімбет бабамыздың атын ұлықтауды артық жұмыс деп тапса керек. Байқауды толықтай түсірі үшін арнайы хаттар жазылып, жіберілетінін бәрімізде білеміз.Тек, жаңалық ретінде көрсетуге жарамай қалатындай халқымыздың өнері қаламыздың әр бұрышында күнде болып жатқан жоқ.

— :-(