Жаман айтпапты

Он жеті жасымда келіп едім

Біздің ауылда Қабен деген қария өмір сүрді. Ескіше де, жаңаша да оқыған, сауатты, көрген-түйгені мол адам еді. Қалжыңға да шебер болатын, бір айыбы — өтірікті тым көп айтатын. Сондықтан ол айтыпты деген сөзге сырын білетін адамдар илана бермейтін.
Әрі қарай

Шайтан бар ма?

Бір жиында отырмыз. Шариғат туралы әңгіме жүріп жатыр. Арасында әзілі де аралас:
«Білім алып жүрген бір шәкірт „Осы бұрын пайғамбарларға шайтан көрініпті, шайтан үйтіпті деген мәліметтерді көп оқимыз. Қазір шайтан туралы айтылмайды. Неге?“ деп ұстазына сауал беріпті.
Ұстазы: — Қазір шайтан жоқ. Барлығы ақысыз демалысқа шығып кеткен. Шайтанның тірлігін адамдар жасап, оларға жұмыс қалмады!» анекдотқа бергісіз әңгімені айтып бір күлдіріп алды.
Жалпы шайтан Дәуіт пайғамбарға көрінген екен. Сонда екеуи сұқбаттасып, шайтан барлық адамдардың нәпсілерін тауып, әлсіз тұстарын атап көрсетіп жатыр екен. Дәуіт пайғамбар өзінің нәпсісін сұрағанда, айтыпты «сенің нәпсің қарның тоқтықта, қарның тойса ойланбайсың» деп жауап қатыпты. Соны естіген Дәуіт пайғамбар өмір бойы шайтанмен күресіп, бір күн ораза, бір күн ас ішіп өткен екен. Ең асыл ораза Дәуіт пайғамбардың ұстаған оразасы деп осыдан қалған екен.
Көптеген қызықты мәліметтер айтылды. Тыңдап отырып, рухани ізденіске жол ашылғандай әсер қалдырды. Вирус — шайтан, антивирус — иман деп қазіргі заманғы ұғынықты тілмен тамаша теңеп түсіндіре білді.
Әрі қарай

Тесік шелек


Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда екі шелектің біреуі тесік екен. Бүтін шелек өзіне кұйылған суды қожайынның үйіне сол күйі шашау шығармай жеткізеді екен де, ал тесік шелек болса, толтырып қүйылған судың үйге жеткенше жол бойы сыздықтатып отырып, әрең дегенде жартысын ғана
Әрі қарай

домбыра пати блогкэмп

Блогкэмпте түсірген видеоларым жинаулы тұр. Алдын фб-ға лақтырған едім біраз видеоларды, ішінде «мафия» ойыны да бар. Енді біртіндеп осы жаққа лақтырамын! Қазір Назгүлдің ән айтып отырған видеосын жіберемін!
Әрі қарай

Қарапайым романтика

Қара Сашок пен Меруерт бір-біріне қатты ғашық еді. Екеуі де сүйгені үшін өмірін беруге әзір болатын. Айналасындағы жұрт екеуіне қызығы да, қызғана да қарайтын.

Қара Сашоктың мінезі ұрда-жық. Райондағы мысық-күшіктерге дейін аяқтарынан тік тұрғызады. Талай рет көршілердің мысығына насыбай иіскетіп, иттерге арақ ішкізген. Кемпір-шал Қара Сашок дегенде жаны азар да, безер. Оны қойшы, менмін дейтін жігіттердің өзі оның алдында тілден айрылатын.
Әрі қарай

Нельсон Мандела: "Ұмыта алмаймын, бірақ кешіруге шамам жетеді."

Өмірбаян: Нельсон Мандела: Ұмыта алмаймын, бірақ кешіруге шамам жетеді.ОАР-ның бұрынғы президенті, 94 жаста, Йоханнесбург

Мен жайлы бір адам: «Туғанында ол Ролихлахла-«қалтылдаған ағаш» деген есімді иеленді, кейін Нельсон Манделаға айналып, әлемді солқылдатты» депті. Менен құдай-адам жасамақ болатын әрекеттерді ұнатпаймын. Мені де «өз әлсіздіктері бар Мандела» ретінде білгендерін қалаймын.
Менің елімде, алдымен түрмеге отырады, сосын президент болады.
Мен жете ұққан бір нәрсе: Ерлік — қорқыныштың шетте қалып қоюы емес, сол қорқынышты жеңу. Ерлік жасаушы-ештеңеден қорықпайтын адам емес, сол қорқынышымен күресе білетін жан.
Әрі қарай

Алғашқы пост

Оба деген аты жаман ауру бар. Түгелімен жойып жібермесе де, ауыздықтап отыруды үйрендік (адамзатты айтам). Әйтпесе, оның таралу жылдамдығының қасында құс, шошқа тұмауы деген ойыншық сияқты ғой.
Табиғи ошағы бар бұл сырқаттың негізгі таратушылары кеміргіштер мен қансорғыш жәндіктер. Менің екінші әкем (қайын атам) обамен үздіксіз күресіп, майданның алғы шебінде жүретін жандардың бірі. Мамандығы биолог. Жаңағы айтқан кеміргіштерді аулап, ауру белгілерін іздеп, таралуына жол бермеу үшін жыл он екі айдың төрттен бірінде дала кезіп жүреді.
Бірде оның іссапарлар барысында қағазға түсіріп жүрген бір-екі жазбасын оқып қалдым. Таңырқадым, сүйсіндім, қызықтым. Енді солармен бөліскім келіп отыр. Мұның ешқайсысы ойдан шығарылмаған. Көзбен көрген, өз басынан өткен оқиғалар. Оқи жүріңіз. Бұдан кейінгілерінде тек автор сөйлейді.

Түнгі оттың сыры
Әрі қарай

Аңқау студент


Әзіл, қалжың, анекдот. Әрине, бұның бәрі жанға ерекше қуаныш, күлкі сыйлайтын әңгімелер. Алайда, кейбір анекдоттар бір қарағанда жәй күлкі үшін шығарылған дүниеге ұқсағанымен, дұрыстап ойланып қарасаң, астарында философиялық ой жатады. Менің қазіргі мақалама арқау болған осындай бір анекдот.

Бір кездері өмірде қой аузынан шөп алмас ең аңқау адам болыпты. Сол адамның аңқаулығын пайдаланып жұрт оны үнемі алдап кете беретін. Жұрттың қулығынан шаршаған әлігі Аңқау іштей өшігіп «Осы жұрт мені үнемі алдап кете береді. Ендеше неге мен де оларға солай жауап қайтармаймын» деп, біреуді алдамақ болады. Сөйтеп ақыры мақсатына жетеді. Өш алып айызы қанған Аңқау үйіне оралып:

— «Мен біреуді қатырып тұрып алдадым» деп, Жолдасына мақтанбасы бар ма.

— «Кімді алдадың?» дейді, Жолдасы оған таң қалған жүзімен.

— «Таксисті алдадым» деп еңсесін көтеріп кеп айтады.

— "Қалай алдадың" десе, әлігі Аңқау байғұс:

— «Ақшасын төлеп, бірақ мінбей кеттім» депті.

Бұдан кейін, бұл Аңқаудан асқан ақымақ жоқ шығар дерсіз. Бірақ қателесеcіз. Неге, өйткені ондайлар толып жүр. Олар көп жағдайда университеттер мен колледждерде жүреді. Яғни олар — аңқау студенттер.

Иә, иә. дәл өзі. Ата-анамыз үстіне көйлек алмаса да соңғы тиын тебеніне дейін беріп бізді оқытып жатыр. Ал кейбіреуіміз ата-анамызға масыл болмай, түске дейін оқып, түстен кейін жұмыс жасап, ақша тауып, бар жалақымызды оқудың ақшасына жұмсаймыз. Бірақ көбінесе сабағына салғырт қарайтындар, осы жұмыс жасап жүргендер. Бірақ олардың артықшылығы оқу ақысын уақытылы төлеп тұрады. Тек қана олар емес, бәріміз де ақшамызды кешікпей төлеуге тырысамыз. Қарызымыздан құтылғаннан кейін үстімізден ауыр жүк түскендей болады. Бірақ, бұл жерде тағы да «Бірақ» бар. Біздер әйтеуір университетке барымызды беріп жатырмыз, (тағы да) беріп жатырмыз. Оның ішінде заңдысы да бар, заңсызы да бар. Мұғалімге жәй «сыйлық» ретінде беретініміз де бар. Алайда, өзіміз не алып жатырмыз? Жалпы, университетке біз білім алу үшін, үйрену үшін келеміз. Бірақ сол білім бойымызға сіңіп жатыр ма? Әлде сол Аңқау кейіпкерімізге ұқсап, ақшасын төлеп, бірақ оқымай бәрін қатырып жүрміз бе? Осы хақында ойланайықшы. Бәрімізге белгілі, біздер (студенттер) қазір сессия деген майданды басымыздан кешіп жатырмыз. Тағы да сол өзін айлакер көрген Аңқаудың кейпіне еніп жатырмыз.
Әрі қарай