Ауылдың айтқыштарының аузында жүрген әңгімелер

Ауылда Нұраш деген қалжыңбас біреу болыпты. Сол Нұраштың Қалдыбай деген құрдасы бар екен жұрт оны Мысық деп атайтын көрінеді. Бір тойда той басталмас бұрын еркектер жағы үйдің алдында жиналып қалып әр нәрсені әңгіме қылып темекілерін будақтатып тұрады ішінде Нұраш пен Қалекеңде бар. Сол сәтте бір мысық мияулап әр кімнің аяғына бір оратылып әлгі жерден кетпей жүреді. Ештеңені құр жібермейтін Нұраш ағамыз Қалекеңе қарап мысықты көрсетіп: Қалеке падрушкаң келіп тұрғой депті.

Бірде Нұраш ағамыздың кемпірі етігінің өкшесін жөндетейін деп етікшіге апарады. Етікшіде ағамыздың құрдасы екен. Ауылда құрдастар бірінің кемпіріне бірі кемпірім деп айта бередіғой. Содан етікші етікті қолына алып қарап тұрып әй кемпірім-ау етігіңнің өкшесі оңбай бүлініпті мен саған оны жезбен жамап берейін. Сосын жүресің жез өкше болып депті.

Бұл әңгімені мен бір досымнан естідім. Ауылға ұзақ уақыт бойы ат ізін салмай кеткен жігіт келеді қаладан. Сағынып көріскен достары, туысқандарымен кездесіп мауқын басқаннан кейін 2-3 күн өткесінбе білмейм әйтеуір бақилық болған жақындарына құран оқытам деп ауыл молдасын ертіп мазаратқа бет алады.Молда мен бірге иті де еріп жүрген оған бастапқыда ешкім мән бермейді. Барғасын молда құран оқып бастай бергенде иті келіп бетін жалай берсе керек қолымен жасқаса қайта келеді екен. Содан шыдай алмаған молдекең оқып отырған құранын тоқтатып итіне кет ептібайымайт деп жекігенде отырған жұрт не күлерін не жыларын білмей абдырап қалған дейді.

Ал мына әңгімені өз құлағыммен естідім. 9 сыныпта оқитын кезім. Ауылдың шетіндегі құдыққа суға барып тұрмын. Қыс кезі болатын. Адам көп екен кезекке тұрдық. Құдыққа мал суаруға келген шалдар әр нәрсені әңгіме қылып тұрдыда соңында әңгіме бір шалдың аяғындағы су жаңа резеңке етікке ауысты сұрап жатыр қайдан алдың? Қаншаға алдың деген сияқтыны. Содан не керек бұрын мұндайға екінің бірінің қолы жете бермейтін ал қазір бәрі мәгәзінде толып тұр тек ақшаң болса болды, осыны шығарып жатқан қытайларға да рахмет дей бергенінде тағы бір шал иә қытайлар бәрімізді қамтамасыз етіп болдығой тіпті рәзіңке қатынға дейін жасап береді екен дегенде сол жерде тұрғандар бұттан кеткенше күлдік.
Бөлісу:

2 пікір

torgai
 соңғы екеуі жынды екен)))
Abilakim
)))ауылда небір айтқыштар бар ғой