"Шаруа" амиголар

Тәренді кездестірдім Ақтөбенің шешемебельді қонақ үйінен. Нақтың.
Әңгіме айтып жарытпадық. Бірдеңені бастай бере, "қазір бес минут" деп, телефонын алады да: «лібә, бензинді местный рынокта реализовать ете берейік, мына жақта транспортировкаға қымбат сұрап отыр»,«складтың артқы жағына түсіріп кете беріңдер, кешкісін рабочийлар өздері разбираться етед». Очм, шаруа нақ күйіп бара жатқан. Мен екі чекушка ішіп қойғанмын әлдеқашан, ол әлі бір стақанды да ұрттаған жоқ. Пида, жоқ — дүрдараз адам боп кеткен екен, шешесстің. Лібә, ақыры отырып-отырып, осы пяншіктің көз алдымда қалай көтерілгені есіме түсті.
Әрі қарай

Қол жетпеген махаббат немесе гаршок


Б ұ л ы ң ғ ы ы ы ы р.
Көптен күткен Аcтана-Алматы пойызы тоқтады. Дыбыс шығарғыштан «Сақ болыңыздар...» деген сөздер екі тілде қайталанып жатыр. Шыдамым бітіп барады… Қашан түседі екен...Қай вагоннан түседі екен… «Бойыма юбка жараспайды» деп киетін қара шалбары, ала қоңыр ала футболкасы ұзақтан көзге басылып вагоннан түсіп жатыр. Жүрек ұрысы пойыздың жүргендегі дауысынан жылдам істеп алқымға тығылды… Құшақтап алдым… Аймалап жатырмын… Ол «К-а-п-ы-ы-ы-ы-ы-ы-р, адамдар қарап тұр, ұят болады» деп өзін алып қашуда.
Қас қағым сәтте «Жатақханадан» бір ақ шықтық. Ол заттарын қояр қоймас артынан құшақтап:
— Сені қатты сағындым…
— Сені де сағындым, жаным. Он жылдан бері қайда жүрсін. Күтіп жүрмін ғой…
— .../сөйлеуга шама жоқ, аймалау ғана/
— Гүлің керемет екен. /Бірден сол гүл пайда бола салды/
— …
— Суға салмаса солып қалады. Гаршок қайда. Гаршок… Гаршок… Гаршок…
Әрі қарай

Қазақ блоггерлері. Олар кімдер? - "Таразы" бағдарламасы ("Хабар" арнасы, 25.03.11-23:25)

ЕСКЕРТУ: САПАСЫ НАШАР.



Сөз соңында
Сапасы үшін кешірім сұраймын, қолда бар аналог-тюнермен, "әйтеуір жоқтан жақсы ғой" деген пәлсапамен жазуға тура келді. Радиотолқындардың коллизияларынан Өркен екеу, Еркімбай төртеу боп көрінуі мүмкін (ал бесеу немесе одан көп болса — Сізде «белая горячка» :) ) Бәлкім, ертең сапалы жазбасын шығарып қояр өздері. Оған дейін талғажу болсын деген ой да.
Жалпы, «Хабар» агенттігінің уеб-саясатын түсінбей жүрм. Стрим-серверлері мынау екен: rtmp://212.154.153.109:1935 Бірақ ол хост сөніп тұрған сияқты. Флэш-сервер үшін тек лицензиялық төлемдердің өзі жылына төрт-бес мың АҚШ доллары тұрады менің есебімше. Канал мен сервер алғандары тағы бар. Оған да пәленбай мыңды тағы қосыңыз. Менің есебім бойынша, стрим-серверді басқару сияқты тозақтың жұмысына ешкім 800 доллардан кем ақыға келіспейді. Очм, осыншама ресурсқа соншама ақша шашып, ештеңесіз қалған жаман екен де. Қашан біз «каналдың сайтынан қарап алармын» деп, сеніп жүре беретін жайбарақат өмірге жетер екенбіз осы?
Әрі қарай

Жұмамұрат Саймон. «Анонс»

Менде бір керемет сюжет бар...: Жұмамұрат Саймон. «Анонс»

***
Ол өз әйелінің күйеуі болатын. Ал әйелі – сәйкесінше әйелі әрі қайынағасының қарындасы еді. Мамыражай бейбіт өмірді Бейбітшілік көшесінен шыға келген көлік қалайша өзгертті? Сенбі күні арнамыздан «Бампер» мелодрамасын тамашалаңыздар.
Әрі қарай

Стамғазы Рубрук. «Рақат өмір»

«Ақзеренің аватары күшті, үйленем ғыӘ,» ©СаянҮш

Менде бір керемет сюжет бар...: Стамғазы Рубрук. «Рақат өмір» — Бүгін шайды немен бересіз? – деді ол лакейге.
— О! Таң ата нақ Марсельдің өзінен тамаша крюасандар келіп жетті! Балдай татиды!
Лакейдің тамсануынан өзінің де жегісі келіп тұрғаны байқалатындай.
Әрі қарай

Құлақтағы жамбас (үйрек қалпында)

«Ішетін дым жоқ» ©Ақзере

«Қалай ғана білмегем? Қалай ғана білмегем… Жауабы — мұрнымның алдына тұрғанда, қалай ғана иісі де келмеген? Әбіл-ай!!!». Жұмамұрат Саймон ауыр күрсінді. Абақтының керуетін сықыр еткізіп, нешінші рет аунап түсті…

Бәрі, бәрі жақсы басталып еді ғой нақ! Кент канцеляриясынан «Антуан Шәріп хан кентіміздегі ең мықты шаруа қожалығын көргісі келеді» деді. Әп сәтте күйлі шаруа қожалықтарының тізімі жасалды. Таңдау – тезек басып сатудан
Әрі қарай

Бір үзім романтика



Бүгін маған жазылған құттықтау каменттерін оқып отырып, Нұрғисаның бір жайтты еске түсіріп жіберді. Сіздермен бөлісейін дедім:

Шамамен 2003 жыл болуы керек. Ол кезде де КерекИнфо админімін. Түркияда студент кезім. Гүлчин деген түрік қызым болды. Сол қызбен бір ренжісіп қалған кездерім болуы керек (негізі қыздармен 1000 рет ренжісіп, 1000 рет татуласатынмын). Бір ой келді Гүлчинге сюрприз жасайын дедім. Керекинфо форумындағы қолданушыларға өтініш тастадым, Гүлчиннің номеріне «Arshat seni seviyor» (Аршат сені сүйеді) деп SMS жіберіңдерші дедім. Қазақстан, Ресей, Түркия, Қытай, Америка, Корея, Моңғолия сияқты неше түрлі елден SMS барыпты Гүлчиннің номеріне. бір мәз болып қалып еді.

Ол кезде флешмоб деген түсінік жоқ, идея қарайтын Google жоқ. Бәрі оригинал еді, ойлай алатын едік, ойланатын едік. Романтика бар еді. Қазір білмеймін, заман өзгеріп келе ме бұрынғыдай ой, бұрынғыдай романтика жоқ сияқты. Әлде мен байқамаймын ба қазіргі жастардан?..

Сіздер де өткен жылдардағы романтикалық сәттеріңізді бөлісе отырыңыздар.
Әрі қарай