Еуропа Лигасының 3-ші раунд жеребесі өтті



Жаңа ғана Еуропа Лигасының келесі раундының жеребесі өтті. Егер осы раундтан біздің командалар аман өтсе, келесі раундтағы қарсыластары мына командалар:

Алания (Ресей) — Ақтөбе
Карпаты (Украина) — Шахтер
Ертіс — Ренн (Франция)
Әрі қарай

Кеше Ыстамбұлға Роналду келді.

Кеше Бешікташтың президенті Йылдырым Демірөреннің алдыруымен Ыстамбұлға Роналду келді. Таксим орталығында жаңадан ашылған сауда орталығының лентасын қиюға келген жұлдызды көруге келгендердің қарасында қисап жоқ-ты. Сағат төртте келуге тиіс болған жұлдыз ұшағындағы ақаудың себебімен алты жарымда бір-ақ келді.
Әрі қарай

Суға кеткен тиындар

Сүт сатумен айналысатын шаһар тұрғыны соңғы кездері сүтке су қосып сатуды ойлап шығарыпты. Күндердің күнінде, әлгі сатушы көрші қаланың базарынан табыспен үйіне кемеде қайтып келе жатады. Жолда көзі ілініп кеткен саудагер ояна келсе, тиын салатын әмияны орнында жоқ. Іздей бастаса, әмияны желкенге шығып алған мақұлық маймылдың қолында екен. Маймылға жалына кеткен саудагер қолын созып әмиянын сұрайды, бірақ маймылдың берер түрі жоқ. Ішінен тиындарды шаша бастайды: мақұлық бірін саудагерге лақтырса, бірін суға лақтырып ойнайды. Құдды бір табыстың тең жартысы суға тиесілі екендігінен хабардар еткен сияқты.
Әрі қарай

Қайғыра көңіл айтамыз...

Қарағанды облысының әкімдігі облыс халқының атынан «Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлеріне кешегі өткен кездесуде сүйікті командаларының 1 доп айырмасымен жеңіліп қалғанына қайғыра көңіл айтады…

Әрі қарай

1 шілдеден бастап көлікті кеденде рәсімдеу 5 есеге қымбаттайды

Қазір көлік алғысы келгендердің аузынан 1 шілдеден соң кеденде көлікті рәсімдеу қанша болады деген сұрақты естисің. Кеше де жазбамда осы мәселеге тоқталған едім. Бүгін осы туралы арнайы баспасөз мәслихаты өтті. Сонда естіген ақпаратым. 2007 жылы
Әрі қарай

Матеметиканы оқып үйренудің жаңа технологиясы, тек ол ғана емес...

Талғат бауырымыз әлемге танымал технологияны қазақшалапты. Бұл әдістеменің үйренуге, білуге талпынған жастарға берері көппе деймін. Тек, үйренем деушілерге ғана емес үйретем деушілерге де өте тамаша құрал. Интерактивтік әдістемесі мен бейнеролик
Әрі қарай

Донецк. Танысу

Өліп-талып кешкі 8-де Донецкіге де жеттік. 3 сағат айырмашылықты ескерсек, түнгі 12 десе де болады. Рейстің 2 сағатқа кешігетінін білгенде, Киевті аралай тұратын едік.
Профессор Шелепов өзінің «Тавриясымен» күтіп алып, университет қонақүйіне алып келді. Тынығып, қаланы аралауға 1 күн мұрсат берді, сосын мұрын қанағанша жұмыс істейсіңдер деп)))
Енді суреттерге сөз берейік:

Рейс кешігуде
Әрі қарай

МАИ-щникке мораль оқыдым)))

Бүгін рейд па,қала іші толған маищниктер.Жалпы жол жүру ережелерін бұзбаймын.Барлық жұмыстарымды бітіріп,үйдің қасындағы 4 тармақ жолдан өткелі жатсам… фуф… таяғымен ана жерге тоқта деді.Менен басқа да 5-6 машина тұр екен, бәрі бір жерге асыққан
Әрі қарай