Бір қыздар бар...

Бес саусақ бірдей емес әрине. Мына жазбаны оқып біздің қыздардың бәрі осындай дей алмаймыз, сондай-ақ ер жігіттіктен ада жігіттеріміз бар екенін де жасырмаймын. Дегенмен менің ұнатпайтын, баяғыдан ұнатпаған қыздардың сыртқы
Әрі қарай

Сайттағы жаңа "фишкалар": Қолданушыны пікірталасқа шақыру және Автокат


Қанша жерден айтсақ та, FAQ жазсақ та қолданушылардың көбісі жазбаларын қиюды үйренбеді, нәтижесінде ұзын жазба болып, орын алып тұрады. Бұдан кейін cut тегін қоймайтындардың жазбалары автоматты түрде 250 символдан кейін қиылады.

Тағы бір
Әрі қарай

Айттым ғой, ішуді қойғам...


Күн жексенбі. Барлық тірлікті тындырып тастауға әдеттенген пенделік ғұмыр. «Сол, бармай ақ қояйықшы» деп қиылған жұбайыңның сөзіне шүйлігіп «қанша жылдан бері көрмеген Бекболдың қуанышын бөлісуім парыз, көптен көрмеген досым бір қуанып қалсын.
Әрі қарай

Авторлық кинодан табыс табуға бола ма?

Әдетте кино өнерін екіге жіктеп жатамыз – бұқаралық және авторлық. Бұқаралық фильмдер өндірісі бизнес жоба ретінде қарастырылады, сәйкесінше, бұндай өнімдердің басты мақсаттарының бірі – табыс табу. Авторлық киномен әуестенетіндер үшін жағдай сәл басқашалау – олар жұмыстарына қаржыны өз қалтасынан, не болмаса, тынымсыз шапқылап, қалталы азаматтардың табалдырығын тоздырып жүріп жинаған демеушілік көмектен табады. Әдетте авторлық кино табыс әкелмейді, түрлі фестивальдар аралап, конкурстық ғұмырмен шектеледі.

Бірақ фестивальдарға да белсене қатысып, жалпы қауымға да кеңінен тарай алатын фильмдер бар, сондай өнімдерді жасай алатын әмбебап, интеллектуал шеберлер кездеседі. Көп емес, әрине. Бірақ бар.

Киностан: Авторлық кинодан табыс табуға бола ма?
«The Hollywood Reporter: Russian Edition» (THR) басылымы ағайынды Коэндердің және солар түсірген «Цезарь жасасын!» фильмінің мысалында тәуелсіз және авторлық киноның коммерциялық қырлары туралы баяндапты. Мақала авторы Владимир Захаров, жазбасында артхаус тек жүлделер жинап қоймай, кассалық жетістіктерге де жете алатыны жайында айтыпты. Сол материалдың еркін тәржімәсін назарларыңызға ұсынамыз.

Ағайынды Коэндер бизнес-тәртіпке және жауапкершілікке өздерінің алғашқы жобалары — «Жай ғана қан» («Blood Simple») фильмін түсіру кезінде-ақ үйренген. Картинаны қаржыландыру үшін олар «Зұлым өліктерді» («Evil Dead») түсірген Сэм Рэймидің жолын таңдапты: Джоэл мен Итан оператор Барри Зонненфельдпен бірге екі минуттық трейлер түсіріп, оны болашақ инвесторларға көрсетеді.

Жас Джоэл Коэн қолына трейлер мен 16 мм-лік проекторды ұстап алып, дантистердің, архитекторлардың, сұлулық салон басшыларының, Миннесотаның басқа да белгілі кәсіпкерлерінің табалдырығын тоздырады. Жиырма шақты кездесудің ішінен біреуі қаржы бөлуге келіскен, сөйтіп ол 750 мың долларды жинауға бір жылға жуық уақытын жұмсапты.

Киностан: Авторлық кинодан табыс табуға бола ма?
«Жай ғана қан» жобасында 60 шақты инвестор болған, олардың басым бөлігі өндіріске 5-10 мың доллар көлемінде қаржы салғандар. Бір қызығы – ағайындылар осы алғашқы фильмдерінен кейін өз өнімдеріне ешқашан қаржы іздемеген екен. «Жай ғана қан» «Санденс» фестивалінің бас жүлдесін иемденеді және кинотеатрлардан көрсетіледі. Осыдан кейін режиссерлерге ақша ұсынатын ниеттілер өздері табылатын болған.

Тәуелсіз кино әдетте алдын-ала сатылым арқылы қаржыландырылады. Дайын сценариймен және қатысуға келісім берген жұлдыздармен продюсер немесе режиссер болашақ прокатшысын іздейді. Өз өніміңе серіктестер іздеуге Канн кинофестивалі секілді ірі форумдар аясында өтетін кинонарықтар арқылы қол жеткізуге болады. Сатушы бұндайда бірден ақша алмайды, тек жобаның дамуына ықпал ететін уәде-келісімдерге қол жеткізеді. Осындай уәделердің арқасында инвестиция мен кредит тартуға мүмкіндік туады.

Қазір ағайынды Коэндерге инвесторлардың өздері кезекке тұратын көрінеді. Бұған «Бартон Финктің» («Barton Fink») Канндағы жетістіктері, екеуінің алғашқы «Оскарлары» көп септігін тигізіпті. «Цезарь жасасын!» және тағы бірқатар фильмдерді олар британдық Working Title киностудиясымен бірге істеді, «Льюин Дэвистің ішкі әлемін» француздардың Studio Canal компаниясы қаржыландырды, ал «Нағыз мәрттік» («True Grit») әдетте боевиктер түсіретін Skydance есебінен қаржыландырылды.

Киностан: Авторлық кинодан табыс табуға бола ма?
Кім қаржы құйса да, ағайынды Коэндер шығармашылық еркіндікті және ақырғы монтаж құқығын қашан да өздеріне қалдырады. Сөйте тұра олар ақшалай табысқа да қол жеткізіп жүр. Джоэл мен Итанның карьерасында бір ғана күйреу болды: олардың алғашқы голливудтық тәжірибесі — «Хадсакердің өкілі» («The Hudsucker Proxy»). Warner Bros. студиясы өндірген жоба 40 млн долларлық бюджетпен 3 миллиондай ғана тапты.

Осыдан кейін ағайындылар шағын бюджетті жобаларға қайтып оралып, 7 миллионға «Фаргоны» түсірді. Олардың қаржылық стратегиясы да осылай қалыптасты: күмәнді жобалар шағын бюджетке түсіріліп, шектеулі прокатпен шығады, ал елеп-екшелген, бұқараға түсінікті фильмдер ірі өндірістік шығындармен, атақты жұлдыздармен жасалады және барынша көп кинотеатрларды қамтуға тырысады.

Жобаның ауқымына қарамастан, киножүлделер мен фестивальдар жарнама мен маркетинг үшін маңызды болып қала береді. Коэндер өнімдерін Каннға да, Венецияға да әкелуге тырысады, сондай-ақ марапаттар маусымы – қыркүйек-желтоқсан аралығында оларды прокатқа да жіберуге ұмтылады. Мысалы «Нағыз мәрттік» 2010 жылы Рождество қарсаңында жарық көрді және келесі жылдың сәуір айының соңына да дейін Америкада экраннан түскен жоқ. Бұндай жетістікке марапаттар маусымы әсер еткені анық, фильмнің марапатталғаны туралы әрбір жаңалық оның кинотеатрдағы көрсетілім кезеңін ұзарта түсті.

Бірақ олардың соңғы туындылары «Цезарь жасасынның» жағдайы сәл басқашалау. Фильм «Оскар» номинанттары жарияланғаннан кейін көрсетіле бастады. Марапаттар маусымына сәйкес келмеуі оның кассалық түсіміне кері әсерін тигізуі де мүмкін еді. Алайда, фильм Берлин фестивалінде таныстырылғанын да ұмытпау керек. Түрлі қатерге қарамастан картина шығынын екі есе ақтап алды.

АҒАЙЫНДЫ КОЭНДЕРДІҢ ЕҢ КАССАЛЫ ФИЛЬМДЕРІ
Киностан: Авторлық кинодан табыс табуға бола ма?
Әрі қарай

Керек-Ринг ойынан фотобаян

Астаналық фотограф Саламат Аязбай түсірген суреттер.

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Ойын басталды

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Жүргізуші Мерей Ермұхановқа командалардың жауабы ұнап жатыр

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Бақсы командасы қарсыластарының жауабына риза

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Түрлі ұлт өкілдерінен құралған Интер командасы сұрақты талқылауда

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Қыздардан құралған команда соңына дейін таласты 1-орынға

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Ерлан Оспанның командасы қызу талқыда

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Ая мен Райымбек қиын сұраққа шешім іздеуде

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Қатаң ұйымдастырушылар

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Бақсы командасы — жеңімпаз!

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Интернационал!

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Ойын күні танысып, команда құрған жаңа достар

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Админ

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Достық жеңді әлбетте! ;)
Әрі қарай

Иосиф Бродский. "Натюрморт"

Verra la morte e avra i tuoi occhi
C. Pavese

Ажал келер, онда
сенің көзің болар
Ч. Павезе


1
Айналадағы адам,
заттар көзге ауыр.
Бұдан гөрі маған
түнек өмір тәуір.

Орындықта, саябақта
отырмын қарай қалып
отбасы өткен жаққа.
Зықымды алды жарық.

Күнтізбе қыс түсті деп
тұр. Қаңтар ай ғой мынау.
Жалықтырса түнек,
cонда сайраймын-ау.

2
Болды. Бір көрейін
бірдеңені сынап.
Жақсы, үндемейін.
Сөйлеген жөн бірақ.

Не жайлы? Күн? Түн?
Жөн бе түк демесім?
Заттар жайлы, мүмкін?
Заттар, адам емесі

анық. Олар өлмек.
Бәрі. Өлем мен де.
Бұл еш мәнсіз еңбек.
Жазғандай желге.

3
Қаным суық сондай.
Түбіне дейін қатқан
өзеннен де зордай.
Адам қайбір жаққан?

Оңбай қалған түр.
Бетте фәниден
қалай да әйтеуір
кетпеспін деген рең.

Жүздерінен сен де
бір кілтипан аңғар.
Әйтеуір біреуге
жағымпазданғандар.

4
Заттар жағад. Көрсең –
бір жаман, не күшті
емес. Егер енсең –
ағзасы бар ішкі.

Іші толы шаңға.
Ағаш құрты. Тозаң.
Қу көбелек – жарда.
Ұстауға жоқ мазам.

Шаң. Тек шаңды ғана
нұрға бөлер жарық.
Болса да ол зат ауа
кірмейтіндей жабық.

5
Ескі буфет сырты
және ішінің, әрине,
ұқсап тұр ғой тұрқы
Нотр Дам де Париге.

Қойнауы қараңғы.
Швабра, епитрохилің
сүрте алмайды-ау шаңды.
Затқа тіпті мейлің,

Қиналмайды жаны
кете ме деп шаңы.
Себебі, шаң – тәні
уақыттың; тәні һәм қаны.

6
Соңғы кезде жүрмін
тапа тал түсте қалғып.
Шамасы, ажал құрбым
сынаумен жүр аңдып.

Айнаға дем алдым.
Жүрмін қалай шыдап –
жалғанда осы бармын,
өмірде жоқпын бірақ?

Қимылсызбын. Соры –
мұздай қос жамбас.
Көктамырдың көгі
құдды мәрмәр тас.

7
Тосын дүние – зат қой,
сан қыры арқылы.
Сөздердің оған жат қой
әлемдік тәртібі.

Тыншымас өріс қып,
не қозғалмас мүлдем.
Жалған. Ол – кеңістік,
онсыз дүние – бір кем.

Құлат, қират, сындыр,
лақтыр, өртеп күл ет.
Сөкпейді ол: «Құрғыр,
тап әкеңді!»-деп.

8
Ағаш. Көлеңке. Ағаш
тамырын жапқан топырақ.
Вензельдердей қораш.
Саз. Тастақ атырап.

Тамыр. Шырмалған.
Тастың зор салмағы,
кәдік бұл бұғаудан
босатып алмағы.

Қозғалтып көр. Шамаң
келмес оған анық.
Көлеңке. Ондағы адам — *
тордағы бір балық.

9
Зат. Затта қоңыр рең.
Сұлба өшіп жатыр дөп.
Ымырт. Жоқ көрінген
дәнеңе. Натюрморт.

Ажал дәл келер де
жылтыр тән табылып.
Келгені денеңде
әйелдей шағылып.

Шалғы. Бас сүйек. Қаңқа.
Абсурд, жалған олар.
Ажал келер, онда
сенің көзің болар.

10
Шешесі айтты Христке:
— Ұлсың ба, әлде маған
Хақсың ба? Қақты-ау крестке.
Үйге қайтіп барам?

Қалайша кіре алдым
есіктен ұқпай оны:
ұлымсың ба, әлде Раббым?
Тірісің бе, әлде өлі?

Жауап берді ол: — Мұның
дауы жоқ. Өлі-тірі,
Құдайың, әлде ұлың,
сенікімін ғой түбі.


Әрі қарай

"Пхаха" тайм-менеджменті немесе Мәуліт мерекесі мүбәрак болсын!

Менде бір керемет сюжет бар...: Пхаха тайм-менеджменті немесе Мәуліт мерекесі мүбәрак болсын!
Пхаха! Бұл жазбаны бастау үшін мен не істемедім десеңші! Әлеуметтік желіден шыға алмай қалдым ғой. Пхаха! Фейсбук желісіне хабарлама келді ме екен деген оймен кіргем. Жай ғана. Пхаха! Аш жүрген студенттен екі жерде жұмыс істейтін бес баланың анасына дейін күн-түн демей пост жазады-ай, шіркіннің!
Әрі қарай

Фильм: "Десима жүрегінде"

Футбол, тек қана футбол!: Фильм: Десима жүрегінде
2013-2014 маусымы Мадридтің Реалы үшін сәтті аяқталды деуге болады. Требл жасап тірелмесек те, 24 мамырда көптен күткен Десимаға, яғни Чемпиондар Лигасының оныншы кубогына қол жеткіздік. Одан басқа да жеңістер болды.
Әрі қарай

"Біз таза қала үшін" сенбілікке қатысып келдік

Расында да Астанаға екі жыл бұрын келсем де, толыққанды астаналық ретінде сезінбеппін) Бүгінгі сенбілікке қатысып, нағыз астаналық екенімізге көзім жеткендей болып қайттық-ау) Жанасыл екеумізді айтам да. Біздің үлесімізге Әзірет Сұлтан мешітінің маңы бұйырды. Бардық...

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАстана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдік
Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікҚұдай-ау… Не деген қамқорлық десеңші?!) Қаз-қатар тізілген жап-жаңа, бояуы кеппеген шелек, күрек, зембіл (носилька), қоларбаларды көргенде, кезіндегі мектепте ұйымдастырылған сенбіліктер есіме түсіп, көңілім босап кетті) Қалжың ғой. Ойын ойынымен, ол кездегі сенбіліктерге не күрек жетпей, не зембіл жетпей, кезек күтіп тұратын едік. Қашып кетуге көзіңді баққан жетекші) Ең қызығы үйі мектепке жақын балалардың үйінен күрек, шелек тасып жүргендері ше))

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдік
Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікРасымен де ұйымдастыру мықты. Құралдардан бөлек арнайы палатка тігіп, сенбілікке келгендерге кофебрейк те ұйымдастырған екен. Әне жерде, самаурын да қайнап тұр. Керемет емес пе?!

Қош, қолға күрек алып, топыраққа тигізе бергенде, айналамызда жүргендердің апыр-топыры шықты да қалды. Сүйтсек, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков келіп жатыр екен. Айналасындағылар жұмыс жасап жүргендерден көп екенін көріп, қосымша күш келді деп қуанып кеткенімді несіне жасырайын?!)

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАйтқандай әкім шалқайып тұрмады, «Бүгінгі сенбіліктің маңызы бөлек, бұл «Біз – таза қала үшін» жалпы қалалық сенбілігі болғанмен, жан-жақтан келіп қоныстанған барша астаналықтарды біріктіретін,өзін астаналық ретінде сезіндіретін шара деп қысқаша түсіндіре кетті де (көрдіңіз бе, менің ойыммен дәл келіп тұрған жоқ па?!), іске кірісіп-ақ кетті.

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАл біз жұмыс істеудің орнына шарт та шұрт суретке тартумен әлекпіз. Қайтейік, қара жұмыс жасаған әкімді сирек көреміз. Таңсық қой.

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікБіраз талдың түбін қопсытып, топырақ салған соң, әкім мырза сақылдап қайнап тұрған самаурыннан екі кесе шәй ішті де, қасындағы топ адамды ертіп ап, келесі бір жақтағы сенбілікші қауымға аттанып кетті. Оларға да дух беретін тойыс оларды да бір желпіндіріп алса, соның өзі қанша көмек…

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАл Жанасыл екеуміз осы желпінген күйі біраз іс атқардық та, әлгі шәйден ауыз тиіп, табанды жалтыраттық. Бірақ расымен де, астаналық ретінде Елордамыздың көркеюіне аз да болса үлес қосқаныма өз-өзіме риза болып қалдым. Дәл мен сияқты қаншама адамға сондай ой келген шығар. Демек сенбілік өз мақсатына жеткен сияқты.

Айтпақшы сол жерде сенбілікке 100 мың адам қатысты деген ақпарат та айтылып қалды. Аз сан емес…
Әрі қарай