Қымызды қалай ішу керек?

Қымызды ұлттық сусынымыз дейміз, жұрт патенттеп жатыр дейміз. Бірақ сол қымызымыз туралы қазақша нақты ақпараттар жоқ екен интернетте. Қымыз түрлері, дайындалуы, пайдасы туралы бар да, ал қымызды қалай ішу керегі туралы ешкім жазбапты. Амал жоқ Рунетті шарлауға мәжбүр болдым. Сонымен қымызды қалай ішеміз?

Бұрын қазақтар күніне 10-15 литрдей ішкен екен. Қазір әрине организміміз ондай жүкті көтере алмайды. Сондықтан арнайы графикпен ішкен дұрыс. Тәулігіне 100 миллилитрден 6 рет ішу керек. Мөлшерін көбейте отырып, бір күнгі норманы 2 жарым литрге жеткізуге болады. Қымыз ашқарынға, бөлме температурасымен аз ұрттаммен ішіледі. Таңғы және түскі астан кейін кем дегенде 1 жарым сағаттан кейін ішкен дұрыс. Ал кешкі астан кейін ішуге болмайды. Кешкі асқа дейін де 1 жарым сағат бұрын ішу керек.
Әрі қарай

Вискиді дұрыс ішу бойынша 6 кеңес

Виски — қазіргі уақыттағы танымал ішімдіктердің бірі. Бұрын бірен-саран жерлерде болса, қазір барлық жерде, неше түрі бар. Ал соны дұрыс ішуді білесіз бе?

Виски ішу біздің қоғамға фильмдер арқылы келді. Кола қосу, мұз салуды да солардан көріп үйренді. Солай дұрыс деп ойлайды көпшілік. Ал негізінде басқаша мәдениет — виски ішу.
Мұз және коланы төменгі сұрыпты вискилерге қосуға болады. Өйткені оларды ішкен кезде мақсат — виски ароматынан ләззат алу емес, мас болу ғана. Сапалы вискиді таза күйінде ішеді. Және мына 6 кеңесті оқыңыз:

1.Жағдай. Вискиді үйде достармен бірге ішкен дұрыс. Теледидарды сөндіріп, перделерді жауып, жәй музыка қойып, күнделікті мәселелерді ұмытып дегендей. Қатты ішімдік түрі болғандықтан, вискиді кешкі уақытта ішкен жөн, күндіз емес.

2. Температура. Вискиді алдын ала 18-20°C дейін салқындатып алу керек. Жылы виски спирт татиды, 18°C төмен температурада вискидің ароматын сезе алмайсыз.

3. Ыдыс. Бұл туралы 2 түрлі ой бар. Біреулер вискиді түбі қалың, кең стаканмен ішкен дұрыс дейді. Ал басқа мамандардың пікірінше шарап бокалымен ішкен кезде виски ароматы жақсы сезіледі екен. Өз таңдауыңыз бойынша осылардан бірін таңдасаңыз болады.

4. Сервис. Салқындатылған бөтелкені орамалмен дұрыстап сүртіп алу керек. Үстелде гүл немесе басқа иіс шығаратын ештеңе болмағаны дұрыс. Үй иесі өзі құйып отырғаны жөн. Виски гаммасын жақсы сезу үшін әдетте стаканның үштен біріне құйылады.

5. Дегустация. Вискиді кішкентай жұтымдармен ішу керек. Алдымен ароматын сезу керек, сосын бірнеше секунд ауызда ұстап барып жұту керек. Тәтті дәмі сонда жақсы сезіледі.
Дәстүр бойынша вискиге ештеңе қоспай ішпеді. Бірақ түрлі сұрыптағы вискидің дәмін тататын болсаңыз — әр дегустациядан кейін газдалмаған минерал суын ішкен дұрыс, ауызды тазалап отыру үшін.

6. Тіскебасар. Вискимен әдетте ештеңе жемейді. Жақсы сигарамен әдемі кетеді. Біздің қоғамдағы тіскебасар дәстүрінен шыға алмаған болсаңыз — енді өз қалауыңыз біледі оны. Виски ең бастысы адамға мастық емес, ләззат беруі тиіс.

ЕСКЕРТУ: КерекИнфо алкогольды ішімдікті насихаттамайды, алкогольдің көп мөлшерде зиян екенін ескерте отырып, материалдың танымдық мақсатта екенін мәлімдейді!

Кофені ішер алдында ойлан...

Әрқайсымыз таңғы астан нәр, кешкі астан сергектік алғымыз келеді. Басымызға төнген проблемалардан құтылатын жол іздейміз. Шаршағанымызды 1 кесе қою шәй немесе кофе ішіп басып аламыз. Кофейн сусыны шынымен бізге күш-қуат беретіндей. Шынымен, бұл біздің ағзамызға қалайша лезде леп береді?

Кофеин ішімдік сынды қуаты мол сусын. Кофенің құрамында шәй жапырақтары ( 4% пайызға дейін), кофе тұқымдары ( 2% п.д), жаңғақ сығындысы ( 6% п.д), какао ( 4% п.д) бар. Көріп отырғанымыздай бұлар кеңінен танымал табиғи дақылдар. Олар медициналық мақсатта синтетикалық жолдармен алынып пайдаланылады.
Әрі қарай

Сыраны қалай ішу керек?

Жазда салқын сыра алконавттардың сүйікті ішімдігі. Ең көп ішілетін алкогольді ішімдік түрі де осы сыра. Бірақ, сыра өте ерке мінезді ішімдік. Еркелігін көтере алмай көп жағдайда ертеңіне бас ауырып, құсып және бұттан кетіп жатады. Бұның барлығы сыраны дұрыс ішпегендіктен. Сыраны қалай ішу керек? Бірге қарап көрейік:

Дұрыс ыдыс
Сыра ішу үшін бокал, күрешкі, стакан және т.б ыдыстар жарай береді. Тек ыдыс металл және пластмассадан жасалған болмауы керек. Бұл екеуі сыраның құрамын өзгертіп жібереді. Ыдыс формасы маңызды емес, тек жандары тегіс болуы қажет сыра әдемі ағуы үшін.

Араластырма
Сыраны ешқашан басқа ішімдікпен араластырмау керек. Тіпті басқа сыра түрімен де. Құрамдары әр түрлі сыра немесе ішімдікпен организміңде конфликттер басталады. Нәтижесін өзің көрген шығарсың талай рет.
Әрі қарай