Кофені ішер алдында ойлан...

Әрқайсымыз таңғы астан нәр, кешкі астан сергектік алғымыз келеді. Басымызға төнген проблемалардан құтылатын жол іздейміз. Шаршағанымызды 1 кесе қою шәй немесе кофе ішіп басып аламыз. Кофейн сусыны шынымен бізге күш-қуат беретіндей. Шынымен, бұл біздің ағзамызға қалайша лезде леп береді?

Кофеин ішімдік сынды қуаты мол сусын. Кофенің құрамында шәй жапырақтары ( 4% пайызға дейін), кофе тұқымдары ( 2% п.д), жаңғақ сығындысы ( 6% п.д), какао ( 4% п.д) бар. Көріп отырғанымыздай бұлар кеңінен танымал табиғи дақылдар. Олар медициналық мақсатта синтетикалық жолдармен алынып пайдаланылады.

Медицинада кофеин «классикалық психомоторлы стимулятор» болып есептеледі. Яғни, оның құрамындағы заттар жүйке жүйесіне әсер етіп, психикалық белсендікті басып, ұйқыны қашырады. Әдетте спортшыларға кофеиннің физикалық күш бермей, керісінше күш-қуатты төмендететін айта кеткен жөн.

Кофеин-жүйке жасушаларының қызметін ретке келтіреді. Яғни, қызуқандылық пен ашуды уақытша баса алады.

Біздің ғасырға дейін психикалық ауытқуы бар науқастар кофеинді көп мөлшерде ішіп келген. Орталық жүйке жүйесіне әсері мол болғандықтан болар науқастар осындай амалдармен емделген.

Кофе-қан қысымы төмен адамдарға да жақсы ем. Ол әлсіреген адамға қуат беріп, еңбекке белсенділікті арттырады.

Кофеинге жүргізілген кешенді зерттеудің нәтижесі оның зиянды жақтарын да дәлелдеп беріп отыр. Ол белсенділікті күшейткенімен, әлбетте жүректің қызметіне кері әсер береді.

Адамның ауыр демалып, жиі алқынуы салдарынан қандағы қант мөлшері төмендейді. Қан құрамындағы май қышқылдарының көбейіп кетуіне себепші.

Кофені ішуді дереу доғартқан кезде шапшаң ойлану процесі әлсіреп, өзіңді өзің басқару қасиеттерден ада қаласың. Нәтижесінде ұйқы бездері ісініп, көз іле алмайтын жағдайға душар боласың. Өзіңе деген сенімсіздік пайда болады.

Сондықтан кофені еңбекке ынталандырушы құрал ретінде күнделікті ішуді әдетке айналдырмаған дұрыс. Қысқасы таңғы ас кезінде жарты кеседен ішкен жөн. Тамақ ішер алдында 1 сағат ерте ішу қажет. Тамақпен араластыруға болмайды. Осылай ішу жүйке жүйелеріңнің оған тәуелді болмауына кепіл болады.

Дүниежүзінде кофеин сынды сусындарға тез бейімделетін адамдар артып келеді. Бұл жақсы көрсеткіш емес. Ал, тәуелділіктен арылып жатқандар тіпті жоқтың қасы.

Кофеин сынды өткір сусындардың кең таралған түрі-күнделікті шөлімізді қандырып жүрген шәй. Осыдан 5 мың жыл бұрын мерекелік шараларға ұзақ уақыт дайындық барысында Көне Қытай діндарлары жас шәй жапырақтарын ұйқыны қашыру үшін пайдаланған. Кейіннен бұл мәдениеттің бір көрінісі ретінде қалыптасып, Қытайдан Жапония мен Корея, Индонезияға тарап кеткен. Бүгінде әлем халықтары қолданатын шәйдің 2 түрі бар. Бірі Қытайдың «ча» деген өсімдігі болса, екіншісі үнділік «цейлон» шәйі.
Бұрынғы Арулар сайтынан
Бөлісу:

36 пікір

Abilakim
Кофені әрең қойып кеткен жанның бірімін. Шәй секілді 3-4 мезгіл де іше беретінмін бұрындары.
Bayan_
Жұмыста жиі ішем кофені. Сосын шағын пакеттегі «три в одном» кофелердің әсері шамалы.
asaubota
күнде таңертең сүтсіз қою кофе ішетін әдетім бар еді. соны қойып кеттім. көк шайға көшсем ба деп жүрмін. денсаулықты ойлау керек болып жүр

ал былай кофені темекімен ішкен ұнайды.
AKY
көк шайға ауысып едім, кофеден емес, қара шайдан. иммунитетке жақсы, қыс бойы грипп болғам жоқ. қысымың қалыпты болса, сол дұрыс даЧы. өткенде ауылға юарып қара шайға ауысып келгем. енді, міне, бүгін ауырып отырмын.
кофені анда-санда, әдемі ғып дайындап беретін жерлерден ішем.
Zhanara2012
Жынды екенсің ғой! Кофе мен темекі миыңды айналдыртып жіберетін шығар?
ruben
Қалай қоюға болады?
күнде таңертең сүтсіз қою кофе ішетін әдетім бар еді. соны қойып кеттім.
Әйтпесе әбден шарттанып қалыппын.
asaubota
тек сөзбен қоюға болады екен. қайтадан солай ішіп жүрмін

менің айтқанымды істе, істегенімді істеме
patick
Кофені өте сирек ішемін. Шайды күніне 3-4 рет ішемін.
aikarakoz
«Кофе теріге әжімнің кеш түсуіне де пайдалы» деген деректі оқығаным бар. Негізі ірілеу боп ұсақталған кофені денеге скраб орнына қолданған әсерлі. Целлюлитпен алысатын қыздарға көмекші бола алады.
Ал өзім кофені өте қою ғып, қантсыз, сүтсіз ішемін. Күніне 3-4 реттен ішетін шығармын. Қою керееееек
rakisheva
Ууууужас  Мен кофе ішсемде
қантсыз, сүтсіз
іше алмаймын. Еще қою қылып
Aikona
Бұрындары тек кофе ішетінмін, қазір ішпейм
ademi_alem
Кофені айына, жылына бір ішетін шығармын. ал күнделікті өмірде су ғана ішем.
Korkem
Шәйді де, кофені де танымайды екенмін))) Қонаққа барғанда ұсынғанда ғана ішемін, үй иесін сыйлағандықтан
rakisheva
Сонда күнделікті тек су ішесің ба?
Korkem
аха, солай
rakisheva
Оооо, шәйден қандай айырмашылығы бар? (жақсы жақтары, жаман жақтары) Негізі күніне бір кесе болса да шәй ішу керек деп жатады ғой. А то бас ауырады дей мааааааааааа? Ондай жоқпа сенде? )
Korkem
уоот бас ауырады, демек шәйдің өзі темекіден кем түспейді деген сөз. Адам ауырмау керек қой. Темекі шекпесе шыдай алмаған секілді шәй ішпесе бас ауырады.)) Шәймен әуелден жаумын, енді татуласа қоярым екі талай) Бас ауырмайды
Erkekyz
Кофе ұнайды, бірақ іше алмаймын. Тек адреноблокатордың дозасын көбейтіп қойсам, ішемін.Ал қара шәй ішпесем басым ауырад кемпірге ұқсап))Көк шәйға үйрене алмай жүрмін.
Adiletshu
Спирттік ішімдіктерден басқасын бәрін іше берем
Gastarbaiter
Ибай ай тіпті, тағы бір минус кетті абайсызда, соткіден бағаламайм енді құрысын.
Gastarbaiter
Хотя, жуынды құйса да ма не? Фу..." Деп ақтап алуыма болад өзімді)))
nurbergen_makym
Кофені темекімен, түнде не таңертең терезенің алдында тұрып ішкен ұнайд.
asaubota
біздің үйдегі темекі тартатын жер қандай керемет, ә?  сол жерде түнде кофемен тартып тұрам.
nurbergen_makym
Сол сіздің үйде болмаса, Астанаға келгелі, кофе ішіп жарытпадым… Күнде сыра, күнде арақ(((
bazuka
ұйқыны қашырады.
менде керсінше ұйқы шақырады, кофе ішсем ұйқым келеді.
Gulistan
Кофеге ерекше көзқарастамын. Теннгизде жұмысты 1 стакан қою американ кофесімен бастаушы едім, Атырауда Лавазза деп жүрміз.


Байқағаным — бір үйренсең, қою қиын. Иісі, дәмі сені баурайды. Бірақ, өткенде ораза кезінде ішпегендіктен, ерекше жеңілдік сезіндім. Соған қарағанда, қою керек. Бірден қою бола қоймас, дозасын азайтып ішсем де жеткілікті ме деп қалдым.
Daniar-Alan
Соған қарағанда, қою керек. Бірден қою бола қоймас, дозасын азайтып ішсем де жеткілікті ме деп қалдым.

темекіні қойып көрейін дегенімде де осылай ойлағам… 17-ші попыткадан кейін темекіні қоймаймын деп шештім.
Kipshakkyzy
Кофені жақсы көремін. Бұрындары күн сайын таңертең ішетінмін. Жүрегім жиі соғып кеткенін байқап, тоқтаттым.
Tarazkyzy
Кофеге әуес емеспін. Сосын ішіп жатсам да көбіне «три в одном» алам. Жұмыстағы бір аға кофе орнына цикорий ішуді ұсынған. Дәмі келеді кофеге, бірақ қатты емес. Оның үстіне қан қысымын қалпына келтіреді, қант диабетімен ауыратындарға жақсы, жалпы ауырмайтын, сау адамға да пайдалы деген-етін.Бағасы да кофенің бағасындай-ақ. Тек жәй дүкендерден гөрі үлкен супермаркеттерден табу оңай.
rakisheva
Осы «горячий шоколад» деген бар ғой. Соның пайдасы мен зияны туралы білетін адам бар ма?
nurbergen_makym
Google-шешей дым демей ме?
rakisheva
Адамдардың естігендерін білгім келген ғой. Гуглдан қарағандарымда
шоколад жақсы
дейді болды ))
ken
ыстық шоколад туралы естігенім болмаса, соны ішетін адамды жолықтырмаппын
Gastarbaiter
бір құрбышке Расмторға барса болды үнемі соны ішетін.
Айбый шеше, боқ сияқты.
asaubota
студент кезімде жатақханадағы бильярдтың қожайыны дос шалым еді. бірге ыстық шоколад ішуші едік. соның айтқаны — ыстық шоколад потенцияға мықты