Benetton-ның біріккен түстері



Benetton жарнамалары киім сатып алуға үгіттемейді. Олар барынша қоғамдағы әлеуметтік тақырыптарды көтеруге тырысады, нәсілшілдік, бөліну, СПИД сияқты. Бұл фирма жарнамалары үлкен жанжалдар, пікірталастар туғызса да осынысымен өздеріне имидж істеп алды.

80-шы жылдардың ортасында жастарға арналған киімдер шығарып жүрген бұл фирма Оливьеро Тоскани атты фотографқа жарнама бөлімін басқаруды ұсынады. Тоскани «United Сolors of Benetton» (Бенеттонның біріккен түстері) атты слоганды ойлап табады. Сол кезден бері Бенеттонның жарнамалары — біз жарнамадан көріп үйренбеген біртүрлі фотолар.
Әрі қарай

Кофемен сурет салатын қыз


Малайзиялық Ред Хонг (Red Hong) деген қыз өте қызық суретші. Оған сурет салу үшін қылқалам мен бояу керек емес. Ол өз шығармаларын салу үшін өзі ішетін кофе мен ыдысын пайдаланады. Ыдыс қылқалам орнына, ал бояуы кофе.
Әрі қарай

Жұмыс үстеліміз қандай?

Жұмыс үстелімізді, компьютердегі жұмыс үстелімізбен қосып суретке түсіріп алып, осында қояйық.

Тек жасандылық болмасын, үстеліңіз шынымен қалай суретте де солай болсын.

Адамның үстеліне қарап та мінез-құлқы қандай екенін шығаруға болатын сияқты. Сондықтан осындай бір ойын бастап отырмын. Жеке пост емес, осы тақырыптың астына пікірлерге қосыңыздар суреттеріңізді. Мынау менің үстелім:

Суреттер сөйлейді: Жұмыс үстеліміз қандай?
Әрі қарай

Керемет бодиарт суреттер



Неміс суретші қыз Гезине Марведельдің (Gesine Marwedel) салған бодиарттары өзгерше екен. Адам денесіне пейзаждар, жануарлар немесе неше түрлі ою-өрнектер салады. Гезине бұрын Үндістанда волонтер медик болған екен. Сол кезде үнділердің «менди» деп аталатын тату түрін үйренген. Уақытша салынатын бұл тату арқылы керемет өнер туындыларын жасауды меңгеріп алған.
Әрі қарай

Ең жақсы сыйлық: өз қолымен жасаған iPad



Сүйікті қызының туған күніне iPad алып бере алмаған қытайлық студент Вэй Синьлун iPad-ты өз қолымен жасап шығарыпты. Ақшасы жетпегендіктен осылайша өз қолымен жасауына тура келіпті.
Әрі қарай

Керек-Тарих: Сурет сөйлегенде

Ескі Керектің тарихы жыр деуге тұрарлық. Бүгін «сандығымды» ақтара отырып, мына өлеңді тауып алдым, ал сурет бұрыннан бар болатын. Айтпасам да, өздеріңіз мәнін түсініп аларсыздар деген ойдамын.
Әрі қарай

КерекИнфо Атырауда. 2005 жыл.

Атырау кезінде КерекИнфоның басты қалаларының бірі еді. Ең үлкен пикник үшін де осы қалаға жиналған едік. Ол кездерде жұмыс үшін жастар Атырауға ағылатын, сондықтан ба Керекшілердің көбісі осы қалада болды. Мына пикникке 7 қаладан 22 адам болғаны есімде.

Әрі қарай