Ең жақсы сыйлық: өз қолымен жасаған iPad
Сүйікті қызының туған күніне iPad алып бере алмаған қытайлық студент Вэй Синьлун iPad-ты өз қолымен жасап шығарыпты. Ақшасы жетпегендіктен осылайша өз қолымен жасауына тура келіпті.
Жасау үшін 10 күн және 199 доллар кетіпті. Студент алдымен Ebay-дан 78 долларға ескі ноутбук сатып алған, батарейка мен ценсорлы экран үшін 50 доллардай кеткен. Сосын ұсақ-түйек нәрселер үшін де аздаған шығын шыққан. Нәтижесінде өз қолымен «iPad» істеп шыққан.
«Бұл менің өмірімдегі ең керемет сыйлық болды» дейді Вэйдың қызы Сунь Шаша.
Мыхты кен не болса да, андағыдай умелец
А так таблет маған арналған нәрсе емес сияқты, әлде үйрену керек пекен, оны қолыма ұстап отырған өзінде ақ шаршап кетем