Сақташтар «сақтап» отырған жерін тарата бастады

Ауылшаруашылығы министрлігі шүлен таратып жатыр. Шүлен болғанда анау мынау емес — Жер! Қазақтың жерін. Осыдан екі жыл бұрынғы қазақы қоғамның айқайын құйрығына да қыстырмастан билік Қытайға жер беруді бастады. Шығыс Қазақстан облысының аумағы мен Алматы облысының құйқалы өңірінен.
Былтыр Израиль барған сапарында Терещенко дейтін асыранды алпауытымыз «Оңтүстік Қазақстан облысынан жер беремін, келіңдер де кесіп алыңдар» деп ебірей жұртын жарылқап қайтқаны есте. Ебірейдің қазақ жеріне «түрен салғаны» туралы әзірге нақты дерек жоқ, ал енді орыс пен белорыстың кедендік одақ аясында қойын қоншымызға қол жүгіртетіні аныққа айналды. Бұл турасында Ауылшаруашылығы вице-министрі Сақташ Қасенов дейтін «мырза» жария етуде (дерек көзі:Bnews агенттігі).

Сақташтың орыс пен белорысқа «сақтап отырған жері» 10 жылға жалға берілмек көрінеді. 10 жылдың ширегінде жалгерлер ауылшаруашылығына тиімді жерлерді игеріп, кәсіп көздерін ашуға тиіс екен. Оның үстіне, қандай да бір біріккен кәсіпорын ашыла қалса, бақылау пакеті қазақтың (дәл осыған күмәніміз күшті) қолында болады-мыс. «Әгәрәки, жалгерлер жерді мақсатсыз пайдаланса, қайтарып аламыз» деп қоқиланып қояды вицеміз.

Естеріңізде шығар, Қазақстан азаматына жер 49 жылға жалға беріледі. «Біз шетелдіктерге де жерді 10 жылға жалға беруге қақылымыз» дейді Сақташ Қасенов. Сақташтың түсіндіруіне құлақ ассақ, орысқа ауылшаруашылығы жерлерін жалға беру деген мемлекетіміздің азық-түлік қорын қамтамасыз етуге саятын қауіпсіздік шарасына ұқсайды. Қайтейік енді, далиып жатқан даламыздан қорек тауып жеуге қауқарсыз ел болсақ, құрсағымыз шұрқырағанда құмырсқаның дәнін көтеруге құлшынысымыз жетпесе, жерді жалға байлап тастап шалқалап жатқанымыз жөн-ақ қой. Былай да қазақ жерсіз. Жер алпауыттары қазақта Ромин Мадинов, Сергей Кулагин, Сергей Терещенко дейтін кісілер. Оларды ойдай әспеттеп «латифундистер» дейміз. Қазақы «латифундистеріміз» — Амангелді Ермегияев дейтін қарынбайлардың қатарында. Олардың иелігіндегі жерлер Жетісудың Іле Алатауы баурайында; Нарынқол, Кеген жайлаулары деседі құрық сүйреткен жұрт. Біздің қарынбайлар қазақ егін ексін, малөнімдерін өңдейтін зауыт салсын, ауылшаруашылығына жаңа технологиялар енсін деп жүрген жоқ. Қарқ-қарқ күліп, танауды тарқ-тарқ тартып: ет жеп қымыз ішкенге, құмар ойнап, құлқын толтырғанға мәз. Ал, тоғайлы, нулы-сулы жердің тежеусіз қожасына айналған шешендер (Маловодное ауылында болған оқиғаны еске түсіріңіз) мұздай қаруланып алып иелігіне аңдаусыз аяқ басқан қазақты да, қазақтың малын да қаңғыбас ит құрлы көрместен атып тастайды. Алматы сияқты халқы мол қалаға таяу маңдағы көкөністі, дақылды жерлер кәріс пен ұйғырдікі. Атырау, Қызылорда жағындағы құмды жерлерге өзбектер қызанақ пен қарбыз егуде. Солтүстіктегі шығымды жерлердің дені орыс диаспорасының меншігінде.

Соя дейтін ғажап өсімдік туралы естуіңіз бар ма? Соя қара топырақты, құнарлы жерде өседі. Соядан май алынады. Соядан… ет жасалады. Қазекең қаужаңдап жегенді жақсы көретін кәдімгі ет! Сол сояның «сырын» қытай мамандары сығырая зерттеп жүргенін ақпарт көздерінен оқып қалатынбыз. Алматының төрінде есінеп қана отырған Ахметжан Есімов Ауылшаруашылығы министрі болып тұрған кезінде сояны тамырынан сорғалатқан күйі қытайлардың қолына ұстата салды. Міне, азамат! Азаматымыздың Атымтай Жомарттығының «нәтижесінде» соя салып тоя тамақ іше бастаған Алматы облысының дихандары нәпақасынан қағылып, қазір көздерінен сорасы ағып жылап отыр. Өйткені, сояны қазақ жеріне қытай салатын болыпты.

Қазір қырдағы қазақ азын-аулақ малға, мал қазаққа қарап тұр. Биылғы кәрлі қыстан қазақ құр сүлдері шықты. Төл кем. Малдың аналық, аталық басын жұт жұтты. Оны есептеп, қаперге алып отырған үкімет жоқ. Есесіне, Үкіметіміз қазақтың қарауындағы қарайған жерді тартып алудың қамына кірісуде. Бүгін Үкімет отырысында Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков «қазақ қызық, бес бас асырайды да мың гектар жерге иелік етеді, Еурпода мысалы, бір ірі қара бір гектар жерге ғана жайылады. Біз де сөйтуіміз керек. Жерді дұрыс пайдаланудың жолы осы» деп бір-ақ қайырды. Біздің министрлер айтпайды, айтса істейді. Әсіресе, қазақ бейшараны қан қақсататын шаруаға келгенде қатты қимылдап бет қаратпайды. Қысқасы, 1990 жылдардағы жаппай жекешелендіру науқанымен қазақтың пайдасына шешіліп кете жаздаған жер мәселесіне біздің үкіметіміз қытайдың, орыстың, тағы басқа сыртқы күштердің қысымына шыдай алмай қайрылып соғуда. Қазақты бар байлығы, ең соңғы тірегі, ұлттық әм тарихи бітім қайнарының тамыры — ата баба жерінен мәңгі айыру үшін.

Қазақтың тайғанақ жадысын тағы бір жаңғырта өтейік: осыдан екі жыл бұрын ҚР Ауылшаруашылғы министрлігі арабатар мен үнділерге де жерді жалға бермек болған. Демек, қазақтың байтақ өлкесі аз жылдардан соң сәлделі араб пен жартылай жалаңаш үндіге, т.б. көз көріп құлақ естімеген өзге де «кетпенбас» халыққа кенелмекші. Олармен бірге көпұлтты Қазақстан жаңа дәстүр мен әдет-ғұрып, жол-жоралғы, ырым-сырымға да байи түсері анық.
Дерек көз
Әжесстің, өткенде Алматыға барғанда көрдім, әпкем бір бөлмелі қуықтай үйде тұрады екен. Мынаны оқыған соң айтарға сөзім жоқ

Қораздар сайысы! @Ahi vs @Ojdan

Тақырыпқа қарап Ахи мен Ождан төбелесіп қалды деп ойлап қалмаңызда. Дұрысы мен қызық болсын, жұрта назар аударсын деп жаза салдым. Қысқасы былай, күлен талды білетін шығарсыздар. Сол талдың ұрығы ма білмедім қораз қылып ойнайтын бір жапырағы бар. Оны
Әрі қарай

ШЫМКЕНТТІКТЕР ТУРАЛЫ...


Серік АБАС-ШАХ

Иә, олар туралы алып-қашпа сөз көп. Бұл, осы аттас қаланың тұрғындарына ғана қатысты әңгіме емес. Өйткені, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы ресми атауы (90-шы жылдардың басына дейін) Шымкент облысы болып айтылғандықтан
Әрі қарай

Кім қалай өледі?

Жаңа мирда қызық приложенияны көріп қалдым. Қызығы сол адамның қашан өлетінін анықтай екен. Біраз блогшыларды тексеріп тастадым.

Сонымен…

Бұл менің соңым.

Әбіләкім байқұс көп ішіп кетеді екен.

Гаста качектің өмірі осылай тәмәм болады
Әрі қарай

Махаббат элегиясы-3

Өтірік көрмегенсіп Махаббаттың өлеңді тыңдап жатқан сәтіндегі қимылының бірін де назарымнан тыс қалдырмай қырағы сақшыдай бақылап отырмын. Ботадай жәудіреген көздерінен маған деген бұрынғыдан да күшті ынтызарлықтың ұшқынын байқап қалдым. Мұқағали
Әрі қарай

Хош бол, МӘҢГІЛІК!!!

Мен оған қош бол дедім! Қайта көргім келмейді дедім. Сен тормозсың дедім. Қойшы әйтеуір айтапаған сөз қалмады. Ал, ол індемеді. Бетіме мелшие қарап тұр. Бір түкірдім де кетіп қалдым. Оған не болғаны бір құдайға ғана аян.
… Біздің таныстығымыз
Әрі қарай

Тағы да Тараз!

Жамбылдық ұйымдасқан қылмыстық топтар (ҰҚТ) Тараздың орта мектептерінде орын алып отырған қорқытып ақша жинауға ешқандай қатысы жоқ, деп облыс прокурорының аға көмекшісі Еркін Қуанышев мәлім етті.

«Қолдағы бар оперативтік мәліметтер бойынша,
Әрі қарай

Махаббат элегиясы-2

Мектеп жайына қалып, сабақтан қашып енді екеуміз жиі-жиі киноға баратын болдық. Екі айдан соң Махаббаттың әке-шешесі «Қазақстан» кинотеатрына жақын жерден үй алып, көшіп кетті. Енді бұрынғыдай күнде болмаса да, әр жексенбіде кездесіп тұруға уағдаластық. Екеуміз де аптаның соңын тағатымыз таусылып күтуші едік. Сирек кездесу бір-бірімізге деген ынтызарлығымызды одан сайын арттыра түсті. Сәл кешігіп қалсам Махаббат бұртиып, маған өкпелеп қалатын. Бұртиғанда бетінде болмашы бір шұңқыр пайда болып, онысы бет-әлпетіне әдемі көрік беретін.
Жексенбі сайын Махаббаттың үйінің жанындағы «Қазақстан» кинотеатрына киноға бару үйреншікті әдетімізге айналды. Және қандай кино екені екеумізге де бәрібір еді. Үнді киносы ма, Батыстың киносы ма.., талғамаймыз. Кино тек сылтау ғана. Шындығында бір-бірімізді көру үшін ғана оған кіріп жүргенімізді екеуміз де үнсіз түсінеміз. «Қазақстан» кинотеатрында болатын фильмдердің билеті де аса қымбат емес. Бар-жоғы 20 тиын. Екі сериялы киноға кірсек Махаббат екеумізге 80 тиын ғана кетеді. Оның үстіне сол жылдары мен Торғай облысы, Жангелдин ауданының «Жаңа өмір» газетіне әңгіме жіберіп тұратынмын. Газеттен кейде маған 10-15 сомдай қаламақы келеді. Мұндай ақша Махаббатты қалай қыдыртсам да емін-еркін жетеді. Не деп бара жатырмын мен, дәл осындай бақыт құшағында жүргенімде, тиын-тебен деген де тәйірі сөз болып па.
Кинодан шыққан соң Пастер (бүгінгі Мақатаев) көшесіне жақын жердегі саябаққа барып, қыдырып, күн батқанша әңгіме соғамыз. Әңгімеміз де таусылмаушы еді-ау! Махаббат орыс мектебінде оқығанымен қазақшаны да жетік біледі екен.
Әрі қарай